Темір жолшылар дың озат еңбектері



Дата13.03.2024
өлшемі32.51 Kb.
#495297
Алдоңғар Жансаят кітап


Темір жолшылар дың озат еңбектері:

Аягөз темір жол станциясындағы паровов депосының коллективі социалистік жарысты кең өрістете отырып, жаңа жылды елеулі табыстармен қарсы алды. Паровоз депосының коллективі еңбек өнімділігін белгіленген жоспар бойынша 185 процент орындаумен, паровозды тазартып, баптап, жүргізу шапшаңдығы жөніндегі жылдық тапсырманы толығынан іске асырды. Сонымен қатар коллектив 11 айда 856 мың сом ақша үнемдеді.

Соғыстан кейінгі жаңа бес жылдық жоспарды төрт жылда орындау үшін, кең өрістеген социалистік жарыстың арқасында, өнерлі еңбек озаттарының қатары барған сайын көбейе түсті. Мәселен, аға ма- шинист партия мүшесі Чуркин жолдас, қарауындағы паровозын баптап ұстап, тапсырманы асыра үлгілі орындаумен, 80 тонна отын үнемдеп, зор атаққа ие болды. Сол сияқты паровоз машинасын меңгеріп жүргізушілер Антонов, Маулимберлин, Рузавин жолдастар да топтан озған істерімен құрметтілер саналады.

Сүйікті туған елдің темір жол транспортын өркендету жолынан күш, жігер, білім тәжірибесін аямаған слесарьлар- Немченко, Пославский, Сатенов жолдастар, жаңа бесжылдықтың үш жылының өзінде 7-9 жылдық жұмыс нормаларын орындады. Сол сияқты токарьлар Краснянский,Щетенин, Инакин, Хамитов жолдастар, 8-11 жылдық жұмыс нормаларын орындады. Темір пісіруші Жетпіспаев, Мойсоенко жолдастар 9 жылдың жұмыс нормаларын 3 жылда орындап жетісті.

Паровоз депосының коллективі жаңа жылда жаңа табыстарға жету үшін талмай күресіп, бес жылдық жоспарды төрт жылда орындау жолындағы социалистік жарысты кең өрістете береді.

БОРОДАЕВ.

Паровоз депосы жанындағы пар тия ұйымының секретары.

Қалалық партия активінің жыйылысы

Жакында калалык партия активтерінін жыйылысы болып өтті. Жыйылыста Жоғарғы Бас Қолбасшы Советтер Одағының Маршалы Сталин жолдастың осы жыл ғы 6-7 ноябрьдегі баяндамасы мен бұйрығына байланысты қалалық партия ұйымдарының міндеттері туралы КК(б)П аудандық комитетінін секретарі Песочинский жолдас баяндама жасады.

Песочинский жолдас көсемнін баяндамасы мен бұйрығын ауданымыздың колхозшылары, Совхоз МТС өндіріс кәсіп орындарында темір жол жумысшылары арасында кең талқыланып, олардың жаңадан міндеттеме алып, көсемнін шақыруына сай, еңбек өнімін арттырумен жауап берудегі істеріне тоқталды. Mұнымен қатар ауданымыздың кәсіп орындарымен темір жолшылары октябрь мерекесІ алдындағы социалистік жарыста көрнекті табыстарға ие болды деді. Мысалы, Турксіб темір жолының Аякөздегі бөлімшесі октябрь айында Қазакстан К(б)П Орталык Комитетімен Қазақтан Халық Комиссары советінің көшпелі Кызыл туын алғандығын айтты.

Сол сиякты өндіріс жоспарын орындаған аудандық өндіріс комбинаты деді. Мұнымен қатар ауыл шаруа шылығындағы колхоз, совхоздарымыз мемлекет алдындағы тапсырмалардың жоспарын орындап, Қызыл-Армия қорына жоспардан тыс 42-мың пұт астық тапсырды. Бұдан кейін Песочинский жолдас ноябрь-декабрь айларының ішінде өндіріс кәсіп орындарындағы болған елеулі кемшілік жұмыстарға тоқталып қатты сынады. Жарыс сөзде вагон жөндеу учаскасының жанындағы партия ұйымынын секретарі Шегембаев жолдас, көсеміміз Сталин жолдастын баяндамасы мен бұйрығын темір жолшылар арасында талкылап, үйрену мен қатар оны іс жүзінде орындауды айтты.
Аякөздегі темір жол бөлімшесінің жанындағы мемлекеттік қауіпсіздік Халық комиссарларының начальнигі Бучнев жолдас жол бойын және станциямен депо басшылары октябрь мерекесі алдындағы социалистік жарыстың табысына мастанып, кейінгі күндерде жұмысты ақсатып отыр. Депо ноябрь декабрьде паравоз жөндеу жоспарын орындамады. Станцияның басшылары график бойынша күнделікті поездарды жүргізбей ұстап, кешіктіру фактілеріне тоқталды. Мұнымен қатар шаруашылық орындардың басшылары мен партия, комсомол ұйымдары өндірістегі және кадрлерді тәрбиелеп оларды дұрыс пайдаланып, өнімді жұмыс істеулеріне толық жағдай жасалмай келгендігін айтты.

Жарыс сөзде көмір складының жанындағы партия ұйымының секретарi: Ахметкалиев, Шамарин аудандық соғыс бөлімінің комиссары, аудандық банкінің меңгерушісі Жақсылықов, қалалык Совет атқару комитетінің председателі Байсов, аудандық партия комитетінің үгіт-пропаганда бөлімінің бастығы Асенов жолдастар партия саяси - үгіт көпшілік жұмыстары мен өндіріс жұмыстарындағы кемшіліктерre тоқталды. Сол сияқты жарыс сөзге 16 адам шығып сөз сөйледі.


Қалалық партия активінің жиналысы Песочинсий жолдастың баяндамасы бойынша нақтылы қаулы алды.

Халық Комиссарлары Советінің Риддер қоғамы кәсіпорындарын национализациялау туралы Қаулысы:

11 май, 1918 жыл.
Халық Комиссарларының Советі Риддер қоғамының барлық кәсіпорындарын (Риддер рудниктерін, Риддер темір жолын және басқаларын) национализациялауға қаулы етті.

Халық Комиссарлары Советінің председателі В. Ульянов (Ленин). Халық Комиссарлары Советінің іс басқарушысы


В. Бонч-Бруевич Совет секретары
Н. Горбунов.

Москва.
Владимир Ильич бүкіл ел өмірін, ел тынысын ұлы жүрегімен ұғынып, терең біліп отыратын. Риддер кәсіпорындарын ұлы көсем жоғары бағалап, халық шаруашылығын дамытудағы оның ролін ерекше атап көрсетті. Оның кәсіпорындарын қалпына келтіруді өзінің аялы қамқорлығына алды. Риддер жұмысшылары Совет өкіметінің өзіне көрсеткен сенімін ақтау үшін рудниктерді қалпына келтіруге құлшына кірісті. Олар енді жұмысшы бақылауымен, концессионерлерге талап қоюмен шектелмейтін болды. Халық қолына берілген совет кәсіпорындарына өздері иелік ете бастады. «Енді бұл өзіміздікі», - дейтін еді жұмысшылар. Кеншілер білектерін сыбанып тастап, шахтаға түсті. Концессионерлер бүлдірген өндірісті қайта жандандыруды кеншілер мықтап қолға алды.

1918 жылы күзде ақгвардияшылардың Сібірді, Алтай өңірін басып алуы Риддер рудниктерін қалпына келтіруге көп кесірін тигізді. Колчакшылардың тиянақтап тұра алмайтынына көздері жеткен ағылшын концессионерлері Риддер кәсіпорындарын ойларына келгенше құрта берді. Шахталарға су қаптатқанымен қоймай, Быструха гидростанциясының бу және су турбиналарын тонап алып, шетелдерге тасыды. 1919 жылғы 10 декабрьде қызыл партизандар отрядтары Риддерден колчакшыларды қуып шыққанда рудниктер мен заводтардың халі өте нашар еді, жұмысшылар аш-жалаңаш болатын. Шетелдіктер рудниктерді бүлдіріп істен шығарды, жабдықтарды қиратып, құндысын олжалап әкетті. Риддер өңірінде алғашқы большевиктік ұйым құрған Андрей Антонович Корпусенко және бел- гілі жазушы Павел Петрович Бажов жергілікті пролетариаттың қиыншылыққа қарсы қажырлы күресін бастады. 1920 жылғы 12 январьда Өскемен ревкомы Риддер руднигінің ауыр жағдайы туралы мәселе қарап, халық комиссарлары Советіне Риддер кәсіпорнының жайына талдау жасалған баяндама жіберді. Қиыншылықтан шығудың нақтылы шаралары белгіленді.

Айналасы үш айдың ішінде Быструха электр станциясы қалпына келтірілді, шахтадан су екінші горизонтқа дейін сыртқа төгілді. Сокольный руднигі жұмыс істей бастады. Риддер жұмысшылары В.И.Ленин- нің атына жіберген телеграммада Риддердің барлық рудниктерін, фабрикалары мен заводтарын қалпына келтіруге ант етті.

1920 жылғы декабрьдің бас кезінде Риддер жұмысшылары рудком председателі, 1903 жылдан КПСС мүшесі А. А. Корпусенконы Советтердің бүкіл Россиялық VIII съезіне делегат етіп сайлады. Съезден соң В. И. Ленин бүкіл Омск делегациясын және кенші қо- нақтарды қабылдады. Оның құрамында А. Корпусенко, П. Жуков, К.Қарсақбаев та бар еді. Делегация В. И. Ленин қабылдауында бір сағаттан аса уақыт болған.
Қазіргі Лениногорға жол түсіп бара қалсаңыз, кеншілердің мәдениет сарайының төрінде бүкіл қабырғаны алып тұрған «В. И. Лениннің Риддер делегаттарын қабылдауы» картинасын көресіз. Шебер суретшінің қыл қаламынан шыққан ғажайып картинадағы Ұлы Ленин мен оның қабылдауында болған Риддер кеншілерінің бейнесінен көз алғысыз. Олардың ішінде алдыңғы пландағы үш адамның бірі сом денелі, қазақ кеншісі. Делегаттар естеліктерінде В. И. Лениннің кенді Алтай болашағына орасан зор маңыз бергені айтылады.

Миллионер Лесли Уркварт Риддер рудниктерінен айырылып қалғанына іші удай ашып, жанталасты. Дүние құмар капиталист қаншама байлықтың қолынан шығып бара жатқанына өкініп, шиыршық атты. Басқа капиталисттер сияқты Лесли Уркварт та Совет өкіметін тануға мәжбүр болып, революцияға дейін қол астына қараған заводтар мен фабрикаларды, рудниктерді жалға беруге өтініш етті.

1921 жылғы июльдің 13 күні Сыртқы сауда Халық комиссары Красин Горкада жатқан В. И. Ленинге келіп, Уркварттың Риддер және басқа кәсіпорындарды концессияға сұрайтынын мәлім етті.
- Ал, өзіңіз қалай шешілуі тиіс деп ойлайсыз, - деген сұрақ қойды В. И. Ленин Красиннің бетіне тура қарап. Красин сәл күмілжіп барып:

-Алдын ала келісім жобасын зерттеу керек шығар,- деді. Бұл Уркварт қойған шарттарға оның сәл де болса мойынсұнып тұрғанын байқатты.

-Бұл тал түсте тонау ғой, Красин жолдас, - деп Владимир Ильич пікірін ашық айтты. Бірақ ол бұл мәселені үлкен басшыға тән байсалды шешуді қолға алды.

Бұл жылдары жас Совет республикасы капиталға қарсы тура, тікелей соққы беруден бас тартып, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруда еді. Уркварттың ескі рудниктерді жалдап, ақы төлеп отырып пайдалануға тілек білдіруі партияның назарын аударды. Л.Б.Красинмен кездескеннен кейін В.И.Ленин Риддер өндірісі туралы материалдарды сұрастырып, оларды мейлінше терең зерттейді. Оны концессияға беру, бермеу мәселесі көсемді көп толғандырған еді. Дәл осы мәселеге байланысты В. И. Ленин шығармаларының толық жинағында 70-ке таяу документ бар. Ол Урквартпен келісім жобасын қарауға мемлекеттік жоспарлау органдарынан іскер және білгір үш адам қосады. 1921 жылғы 12 сентябрьде В. И. Ленин Риддер руднигінің басқарушысы Елисей Фролович Домненконы шақырып алып, мән-жайды сұрап, әңгіме өткізеді. Әңгіменің барысында мынадай деректерге көңіл бөліп, блокнотына жазып алады:

Ағылшындар рудниктерге су қаптатты.
Кейбір маңызды бөлшектерді алып кетті. Біз судың едәуірін сыртқа шығардық.
Плотина салдық және (100.00) аттық күші бар электр станциясын бітіре аламыз.
2 қуатты өзен Ульба мен Громатуха.
4 айда 500 000 пұт руда,
7 процент мыс,
16 процент қорғасын,
10 процент мырыш өндірдію.

Телеграф адресі: Өскемен, Риддер руднигі,

Елисей Фролович Домненко - Риддер рудниктері- нің басқарушысы. Инженер. Бредихин Иван Кузьмич, электролит заводының меңгерушісі. Сөйтіп, концессия туралы мәселені шешпес бұрын

В. И. Ленин Риддердегі жағдаймен жан-жақты таныса- ды. Бұл мәселе жөніндегі Бүкіл одақтық Халық шаруа- шылығы Советіндегі барлық документтерді тексереді. В. И. Ленин Риддер кеншілерінің мұқтажын терең тү- сінді. Л. Б. Красиннің Берлинде Урквартпен Урал және Қазақстанда иелік еткен бұрынғы жерлерінің едәуірін концессияға беру туралы алдын ала жасаған келісімін бекітпеуді талап етті. Шынында да Уркварт Риддер шахталарын суға тоғытып кеткен кінәсын мойында- мады, оны қалпына келтіруге совет мемлекетінен қаржы алмақ. Ал уәде еткен «жеңілдігі» белгісіз бір мезгіл. Ол империалист жыртқыштың ұзын құрығы, Хайла-шарғысы екенін В. И. Ленин данышпандығы көре- Мгендікпен болжап білді. Империалистер үрей ұшыру шараларын да қолданып көрді. Бұрынғы Риддер - Екі- бастұз концессиялары үшін 150 мың фунт стерлинг ақшалай немесе 20 миллион сом алтындай ақы төлеу, сөйтіп национализациялау шығынын жауып беру ту- ралы наразылық хат түсірді. Тіпті тәжірибелі дипло- мат, Сыртқы істер Халық Комиссары Н. П. Чичерин де империалистік алдау тұзағына түсе жаздады. Н. П. Чичерин өзінің қате пікірінше, халықаралық жағдайды нашарлатпау үшін В. И. Ленинге келіп, Урквартпен алдын ала келісімді мойындауды, тіпті Коминтерн атқару комитеті құрамынан шығуды ұсын- ды. Осындай әуре-сарсаң жағдайда кемеңгер Ленин ең дұрыс жолды тауып, өз шешімін орындауды байсал- дылықпен талап етті. Ол цККИ-ден шығу туралы сөз болуы мүмкін емес, ал ағылшын-француздар бізді то- нағысы келеді, деп тура жауап берді.

Осы кезде консерваторлар мен лейбористердің га- зет-журналдарында неше түрлі жала жабушылық ма- қалаларда жалған жанашырлық білдіріліп, ағылшын қоғамының мұндай бетбұрысты күтпегенін, емексітіп алдау амалын да қыбын тауып қолданып бақты. Мұн- дай психологиялық шабуыл екпіні Красин мен Чиче- ринді де аздап шарпып өтті. Чичерин В. И. Ленинге тағы да құлаққағыс жасауын, ескертулерін тиған жоқ. Чичерин үкімет атынан мәлімдеме жасап, ақиқат жай- ды жариялауды ұсынды. В. И. Ленин өсек-аяң мен шындықтың арасындағы неше түрлі бұралаң айла-әре- кеттерді мүлт кетірмей айыра білетін. Шым-шытырық мәселелерді мейлінше айқын шешіп дағдыланған В. И. Ленин бұл жолы да ұстамдылық үлгісін көрсет- ті. Ол мұндай сорақы өсекті үкімет атынан жоққа шығару қажет еместігін, бұл Уркварт пен Керзондар- дың ісі екенін асқан салмақтылықпен түсіндіреді.

В. И. Ленин 15 сентябрьде Риддер кәсіпорындарын тікелей зерттеп, қайту үшін арнайы комиссия құрды. Бұрынғы концессияда болған жерлерге «Шаров пен Михайлов барады» деп жазды В. И. Ленин 1 октябрьде комиссия құрамына электротехник, жалпы жоспарлау комиссиясының мүшесі М. А. Шателенді қосады. Ко- миссия басшысы И. К. Михайловқа барлық жерде жан-жақты көмек көрсетілуі тиіс деген кең праволы өкілдігі бар мандат береді.

Сақтықта қорлық жоқ. Бәрі де халық мүддесі үшін атқарылып жатқан істер. В. И. Ленин Михайлов ко- миссиясы Риддерден оралғаннан кейін оның әрбір мүшесімен жеке-жеке әңгімелесуді қамтамасыз ететін шараларды ерте бастан әзірлеп қояды. Халық Комис- сарлары Советінің секретары Н. Горбуновқа арнайы нұсқау-қағаз жазып, комиссия мүшелерінің келген бет- те бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп қоймауы үшін өзіне бөлек-бөлек жолықтыру жолдарын анықтап бе- реді. Бәрімен де телефон арқылы тілдесіп, қай уақыт- та бос болатындарын біліп алуды ұсынады. Концессия туралы біріне бірін сөйлестірмей, пікірлерін жазбаша жеткізу жайында бұйырады. Пікір программасын жа- сап, жеке сұрақтар тізбегін даяр етеді. Онда рудниктер концессиясыз-ақ қалпына келтіріле ме, Уркварт шарт- тарына келісуге бола ма? Бас тартамыз ба? Осындай сауалға жауап іздеген Ильич білгісі келген сұрақтар- ды тәптіштеп анықтап жазып берген. Михайлов бас- таған комиссия жұмысының қорытындысын В. И. Ле- нин осындай әдіспен анықтаған еді.

Риддер жұмысшылары В. И. Ленинге өз делегация- сын жіберіп, рудниктерді концессияға бермеуді сұра- ды. Риддер жұмысшыларының өндірісті қалпына кел- тіру жолындағы қаһармандық еңбегін ескермеуге болмайтын еді. В. И. Ленин Риддер рудниктері концессияга берілмейтінін мәлімдеді. 1921 жылғы 14 сен- тябрьде Владимир Ильич (Риддер, Екібастұз және басқалардың) заводтарынан және рудниктерінен мем- лекеттік трест құру туралы қаулыларының жобасын жазды. Сол күні жоба партияның Орталық Комитеті Саяси бюросында қабылданды. Бұл шешім Риддер коммунистеріне, жұмысшыларына көрсетілген ұлы се- нім еді. Сенім ақталды. Риддер коммунистері бүкіл коллективтің күш-жігерін рудниктерді қалпына келтіруге жұмылдыра білді.

В. И. Лениннің нұсқауы бойынша Риддер жұмыс- шыларына көмекке Москвадан, Петроградтан инже- нерлер, техниктер және жұмысшылар жіберілді. В. И. Лениннің көмек беруі арқасында Риддер жұ-

мысшылары өздерінің халықтық кәсіпорнын қалпы- на келтіруге тағы да білек сыбана кірісті. 1921 жылы Риддер руднигі алғашқы руданы шығарды. Кеншілер, байытушылар және металлургтер Ильичке берген уә- делерінен шықты, ескі өндірісті қалпына келтірумен тынбай, шетел капиталистерінсіз-ақ, техникалық про- грестің даңғыл жолына түсті. Совет елі ірі өндірісті өз күшімен өрге бастыра алатыны сол кезде «Лена- Гольдфилс» концессиясының қарамағында болған көр- шілерге Зырян кен кәсіпорындарымен жарыста айқын дәлелденді. 1927 жылы Совет өкіметінің он жылдығы қарсаңында Қазақстанның тұңғыш қорғасыны Риддер- де құйылып шықты. Осының арқасында Риддер қор- ғасын қорыту жөнінде Совет Одағында ең бірінші орынға көтерілді. Ал Зыряндағы концессионерлер мол пайда қуып, жаңа техника енгізумен шұғылданбады, сөйтіп бір тонна да металл бере алмады. «Лена-Гольд филс» концессиясы Ертіс кәсіпорындарының бас инже- нері Дэви Риддерде болғаннан кейін оның қарқынды дамуын мойындады: «Бұл қарқын бұдан былай сақ- талса, Риддер Европадағы ғана емес, Америкадағы кен өнеркәсібінің осы саладағы ең таңдаулы кәсіпорында- рындай болатынына көзіміз жетті», - деп жазуға мәж- бүр болды.

1928 жылы Риддер кәсіпорындарының құрылысшы- лары Совет үкіметінің зор көмегі арқасында Риддер комбинатын пайдалануға тапсырды.

Екінші бесжылдық тапсырмасын мерзімінен бұрын орындау жөнінде көтеріңкі міндеттеме қабылдаған Риддер комбинатының ұйымшыл коллективі уәдесінде тұрды. Міндеттеме асыра орындалды. 1940 жылдың өзінде комбинат 7,5 миллион сомның металын өндір- ді. Бұл ұлы Ленин идеяларының жүзеге асқандығы- ның айқын бір айғағы еді.

В. И. Лениннің Риддерді дамытуға тікелей қатысқа- ны ескеріліп, Риддер еңбекшілерінің социалистік құрылыстағы зор табыстары үшін 1941 жылғы фев- ральдың 6 күні Риддер қаласына ұлы Ленин есімі бе- рілді. Сол уақыттан бері бұл қала Лениногор деп аталады. Ленин есімі кеншілер мен металлургтергre, құрылысшылар мен байытушыларға, қаланың барлық еңбекшілеріне жаңа рух қосып, тың серпін тудырып, алға, коммунизмнің жарқын шыңдарына қарай шап- шаң ілгері бастырды.

Кенді Алтай еңбекшілері ұлы Лениннің аялы қамқорлығын мәңгі ұмытпайды. Ұлы Ленин идеяла- рын іске асыру үшін бойда бар күш-жігерін, ақыл- ойын аямай жұмсап, еселеген қарқынмен еңбек етеді. Олардың ой-арманы - әрдайым ұлы Ленин есіміне сай дәрежеде болу.

ИЛЬИЧКЕ ДЕГЕН ЫСТЫҚ СҮЙІСПЕНШІЛІК

Қазақстанның күн шығысындағы шыңдары көгіл- дір аспанмен таласқан, беткейлері сыңсыған бал қарағай, ну тоғай, сай-саласында кәусар суы сылдырлап аққан, қойны інжу-маржанды, асыл қазы- налы өркеш-өркеш таулар сілемі Кенді Алтай. Оның мөлдір аспаны көк торғындай төгілген, бөктері мен төскейі жеті қабат жерінің астына дейін екпіндеген еңбек күйіне бөленген. Бұл - Кенді Алтайдың жүрегі Лениногор қаласы еңбекшілерінің еңбек гимні. Ол то- ғызыншы бесжылдықты табысты қорытындылауға әзірленіп жатқан кеншілердің, байытушылардың, ме- таллургтердің, құрылысшылардың еңбек тынысы. Кен- ді Алтай жүрегінің лүпілі. Тоғызыншы бесжылдықтың соңғы жылын үздік жетістіктермен аяқтау жолында- ғы социалистік жарысты кең өрістеткен Лениногор полиметалл комбинатының коллективі бұл күндері шарықтаған шабытты жұмыс үстінде. Ленин қаласы қазір күндіз-түні еңбек вахтасында тұр.



Шын пейілмен, ынта-ықыласпен, шабытпен еңбек ету зор табысқа жеткізетіні сөзсіз. Тоғызыншы бес- жылдықтың басында қабылданған социалистік міндет-

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет