Баланы түтығудан алдын-ала сақтандыру. Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық /болдармау шаралары/ жұмыстар жүргізілуі қажет. Баланың ерте жасынан-ақ үлкентер /ересектердің/ сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анқы және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Онық ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін. Тұтығу еліктеуден де пайда болуы мұмкін. Сондықтан тұтығатын адамдардан аулақ ұстауға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |