Диссертация 2009 жылы күні сағат



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#131817
түріДиссертация
  1   2
ӘОК 373.1.02:37.035.6 Қолжазба құқығында

ҚҰРСАБАЕВ МҰХАМЕДРАХИМ ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ


Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары

13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2008
Жұмыс Көкшетау университетінің этнопедагогика және этнопсихология ғылыми-зерттеу орталығында орындалды

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қалиев С.Қ.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,


профессор Жұматаева Е.Ө.
педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Сырымбетова Л.С.


Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университеті


Диссертация 2009 жылы __________________ күні сағат _____

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14. 50. 05 бірлескен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, Бас корпус, 1 кеңейтілген дәрісхана)


Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2008 жылдың « ____» _________________ таратылды


Біріккен диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы Н.Ә.Мыңжанов
Кіріспе


Зерттеудің өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.

Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “..Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.

Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.

Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:

- тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж.Б., Болдырев Н.И., Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А.Х., Подласый И.П., Сейталиев К);

- қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ., Әбiлова З.Ә., Сарыбеков Н.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай Ж.Ж., Қожахметова К.Ж., Жұматаева Е.Ө., Дүйсембiнова Р.Қ., Қабдыразақұлы Қ., Мұхамбетова С.К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т.Ә);

- ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А);

- оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В.М, Сабитова Г.В, Ходоровская З.А);

- ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М.Д., Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В);

- оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К);

- оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р);

- балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., Искандирова Т.Н);

- халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С);

- жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б.З., Фришман И.И);

Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р.К., Иманбаева С.Т., Әбдiғаппарова У.М., Әбдiлдина С.Қ., Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А., Хасанова Ж.С., Жетпiсбаева К.Б., Сырымбетова Л.С., Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ., Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С., Сыдықов М.Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.

Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын сипаттауға арналған Иржанова Р.Д., Құнантаева К.Қ., Татаурова Н.Л., Байназаров Р., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Кузьмина М.Н., Бекмағанбетова Р.К., Қасенов Е.Р. т.б зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi партиялық идеология тұрғысынан зерттеліп, бұл еңбектердің өз кезінде педагогикалық маңызды рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың толық қарастырылмағаны байқалды. Оның негізгі себептерінің бірі – оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және авторитарлық-педагогикалық саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен туындаған еді.

Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы «социокинетика» ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты.

Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып диссертациялық жұмыс тақырыбын “Мектепте оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары” деп атауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық демократиялық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін құру және оған қажетті педагогикалық шарттарды айқындап, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.

Зерттеу объектісі: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жүйесi.

Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.

Зерттеудің мiндеттерi:

1 Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;

2 Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау;

3 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында “Атамекен” бағдарламасын құрастырып оны қолданудың кешенін жасау;

4 “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданудың әдістемелік кешенін іс-тәжірибеден өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бүгінгі өркениет пен ұлттық мәдениет үлгілерін кіріктіре отырып, демократиялық халықтық мәдени мұра негізінде оқушылар ұйымын қайта құрып, сол арқылы ұлттық сана-сезімі оянған, жан-жақты жетілген ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне философия, мәдениеттану, этнология, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнопедагогика және этнопсихология саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; адамгершілік, көркемдік-эстетикалық және экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар.

Зерттеу көздерi: Педагогика тарихы мен теориясы, философия, психология, этнопедагогика мен этнопсихология саласындағы ғылыми еңбектер, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған мемлекеттiк және авторлық жобалар, бiлiм мен тәрбие жүйесiне арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi құжаттары.

Зерттеу кезеңдерi:

бiрiншi кезеңде (1985-1990 ж.ж) арнайы педагогикалық әдебиеттер нәтижелері негiзiнде тәрбие теориясына қатысты ғылыми-әдiстемелiк еңбектер сараланып, нәтижесінде диссертация жұмысына тiкелей қатысы бар “Атамекен” бағдарламасының алғашқы жобасы жасалды;

екiншi кезеңде (1990-2000 ж.ж) тақырыпқа сай зерттеу жұмысының жалпы бағытының жоспары жасалды. Оқушылар ұйымының ұлттық тәрбиеге негізделген моделі құрастырылып оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды мектеп практикасына ендіруге бағытталған эксперименттік жұмыстар қолға алынды. Жинақталған тәжiрибелер оқу-тәрбие жүйесінде пайдаланылып, конференция, семинар жұмыстарында баяндалды;

үшiншi кезеңде (2001-2008 ж.ж) эксперимент нәтижелерi мен теориялық бiлiмдердi пысықтау, жинақталған материалдарды талдау мен сараптау негiзiнде диссертациялық жұмыс бір жүйеге келтіріліп, ғылыми талап пен ережелерге сай диссертацияның жалпы мазмұны айқындалып, жобасы түзілді;

Зерттеу базасы: Зерттеу жұмысына №59 (Алматы), №58 (Астана), М.Ғабдуллин атындағы №3 Көкшетау мектеп-кешені, С.Сауытбеков атындағы Балуан орта мектебі (Солтүстiк Қазақстан), І.Жақсыбеков атындағы Қарақол орта мектебі (Шығыс Қазақстан), Көкшетау қазақ лицейiнiң ұстаз-тәлiмгерлерi мен оқушылары тартылды. Эксперимент жұмысына 450 оқушы, 60 мұғалім қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- оқушылар (балалар) ұйымының қалыптасу тарихы сараланып және оның ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыдан зерделенді;

- бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

- «Атамекен» бағдарламасы тәжірибеден өткізілді;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін “Атамекен” бағдарламасы әзірленіп, тәжірибелік сынақтан өткізілді;

- жаңа заманғы мектеп оқушыларының қоғамдық-демократиялық ұйымының қалыптасуының жаңа мүмкіндіктері ашылды;

- жалпықазақстандық патриотизм идеясын жүзеге асыру мақсатында ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесінің моделі жасалды;

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздері;

- оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі мен педагогикалық шарттары;

- оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің “Атамекен” бағдарламасы мен оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік кешені;

Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi: зерттеу объектiсiндегi негiзгi тұжырымдардың әдiснамалық тұрғыда дәйектi дәлелденуiмен, зерделеу назарына iлiккен теориялық материалдарды объективтi тұрғыда талдаумен, алға қойған мақсаттарға сай пайдалануымен және зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлдi.

Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерiн сынақтан өткізу:

Зерттеу нәтижелері диссертанттың авторлық жобалары мен практикалық тәжірибелері арқылы жүзеге асырылды. Оның негізгі идеялары халықаралық (Алматы, 2005 ж., Бішкек, 2007 ж., Астана, 2008 ж., Көкшетау, 2005 ж) және республикалық (Алматы, 1991 ж., Астана, 2005 ж., Бурабай, 2007 ж., Атырау, 2008 ж) ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, «Қазақстан мектебі» (1991, 1994), «Ұлт тағылымы» (2005), «Қар МУ хабаршысы» (2005), «Білім берудегі менеджмент» (2005) ғылыми журналдарда жарияланды.

Диссертацияның құрылымы.

Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.

Кiрiспеде зерттеудiң өзектiлiгi, мақсаты мен мiндеттерi, зерттеу объектісі мен пәнi, болжам, жетекші идея, практикалық мәндiлiгi, зерттеу кезеңдері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар, қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылып сипатталады.

Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негiздерi” атты бiрiншi бөлімде оқушылар ұйымының қалыптасуы мен дамуы және сол мәселелер бойынша зерттеу жүргiзген ғалымдардың теориялық еңбектерiне талдау жасалып, тәуелсiз Қазақстандағы оқушылар ұйымының ұлттық тәрбиеге негізделген моделі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалады. Оқушылар ұйымының дамуы мен қалыптасуына тарихи-педагогикалық тұрғыда сипаттама беріледі. Аталмыш ұйымның бүгінгі жаңа заман жағдайында қандай педагогикалық шарттарға негізделе отырып, ұлттық тәрбие жұмыстарын кешенді қолданудың жолдарын іздестіру мәселелері терең зерделенеді. Тәрбие теориясына байланысты ағартушылар мен ғалымдар пікірлері салыстырмалы тұрғыда сарапталынып, ондағы құнды пікірлер мен тәжірибелерге терең назар аудару мәселелері баяндалады.

Оқушылар ұйымында ұлттық тәлiм-тәрбие жүйесiн кешендi пайдаланудың жолдары” атты екiншi бөлімде оқушылар ұйымында ұлттық тәлiм-тәрбие құндылықтарын пайдалану мақсатында “Атамекен” бағдарламасының негiзгi мiндеттерi сипатталады. Бағдарлама моделi негiзiнде мектеп оқушыларына халық педагогикасының озық дәстүрлері бойынша ұлттық тәрбие беру жұмыстарының түрi, әдiс-тәсiлдер және ұйымдастыру жолдары көрсетiлдi. Ұлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын оқушылар ұйымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы негізінде ұйымдастыруға ұйытқы болатын қосымша материал ретінде Қазақстан оқушылар Ассамблеясы мен Қазақстан балалар ұйымдары Одағы оқушылар ұйымының жаңа үлгісі ұсынылды. Тәрбие моделі негізінде жалпықазақстандық патриотизм идеясын жүзеге асыруда ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы мектептегі оқушы балалар ұйымдарында ұлттық тәрбие жұмысын іске асырудың нақты жолдары көрсетіледі.



Қорытынды бөлiмiнде тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер мен практикалық нәтижелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.

Қосымшада зерттеу жұмысы барысында жинақталған маңызды материалдар туралы мағлұматтар беріледі.
Негізгі бөлім
Оқушылар ұйымы – балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Ондағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәніне Луначарский А.В., Крупская Н.К., Макаренко А.С., Сухомлинский В.А., Блонский П.П., Лебединский В.В., Бабанский Ю.К., Болдырев Н.И. т.б тоқталып өткен.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің негізін салушы американдық педагог Э.Джилль болды. Бұл жөнінде ол өзінің “Мектеп республикасы – Republic of shcool” (1897) атты еңбегінде баян етеді. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған “скауттар” атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады.

1907 жылы Британия Корольдiгiнiң қолдауымен, Лондон қаласында тұңғыш скауттар ұйымының Құрылтайы өтедi. 1921 жылы Дүниежүзiлiк скауттар ұйымы құрылды. Оған 63 мемлекеттiң (Патшалы Ресей, Америка, Германия, Италия, Франция, Швеция, Индия т.б) өкiлдерi мүше болды.

Патшалы Ресейде Царское Село (Пушкин қаласы) қаласында 1909 жылы тұңғыш Скауттар ұйымы тұсауын кестi. 1914 жылы Ресей Императоры Николай II “Русский скаут” атты қоғамдық ұйымды құру жөнiндегi Патша Жарлығына қол қойды.



Кеңес үкіметі және социалистік даму бағытын ұстанған мемлекеттерде (Болгария, Куба, Германия, Венгрия, Вьетнам т.б.) балалар мен оқушылардың ұжымдық топтасуларының аса белсенді көріністері – пионер ұйымының құрылуына негіз болды.

Пионер ұйымы туралы Үлкен Кеңес Энциклопедиясында: “...Бүкілодақтық В.И.Ленин атындағы пионер ұйымы балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі басқаратын, бұқаралық коммунистік қоғамдық бірлестік болып табылады..”делінген. 1945 жылдары “тимуршылар” атты мектеп оқушыларының қайырымдылық қозғалысы бүкiл одақты шарпыды.. Пионер көсемдері мен белсенділерiн дайындау барысында бүкiлодақтық “Артек” пионерлер лагерiнiң маңызы өте зор болды.

Мектептегi оқушылар ұжымының негiзгi қалыптастырушы күшi – оқушы балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас, мектеп оқушылар қауымының қоғамдық пiкiрiн қалыптастырады. Оқушылардың өмiрге және мектептегi педагогикалық ықпалдарға деген көзқарастары олардың жас ерекшелiктерiне қарай әр түрлi сипатта дамиды.

Ғұлама бабамыз Әл Фараби жас ұрпаққа тәрбиесіз білім беруге болмайтынын ескертті. Я.А.Коменскийдiң ойынша ұйымдық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар қауымдастықтары – ата-баба тағылымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп санаған.

И. Песталоцци ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік құндылықтардың басты орын алуын меңзеген. Ж.Ж. Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi – ата салтында деп санаған. Дж. Лоокк бала тәрбиесі тек қоғамдық, я болмаса әулеттік қажеттілік қана емес, ол адамзаттың өркениеттік қозғаушы күші ретінде ғылыми тұрғыда арнайы қарастыруды қажет санады.

К.Д. Ушинский тәрбие мәселесін ауқымды ғылым саласы ретінде қарастырады. Оның ойынша, жас ұрпақтың санасына адами қасиеттер мен ізгілік тағылымдарын қалыптастыру біріншіден - ғылыми зерттеу жетістіктеріне негізделсе, екіншіден – халықтың тәлім-тәрбиелік құндылықтарына сүйенуі керек деп, тәрбиенің “халықтық принципін” ерекше атауына мән беруді қуаттады.



С.Т.Шацкий мектептегі оқушылар ұйымын – балалардың қоғамдық бірлестіктері деп санады. Оның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстары баланың танымдық ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне, денсаулығы мен физиологиялық дамуына және эстетикалық талғамына байланысты жүзеге асырылу керек деді.

В.Лебединский зерттеуінде пионер, яғни оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселесін педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырған. Оның ойынша оқушылар арасындағы өзін-өзі басқару жүйесінің мектеп қажеттілігіне айналуы – демократиялық қағидаларға негізделе отырып жүзеге асырылуында дейді. Н.И Болдырев өз еңбегінде оқушылар ұйымының негізгі көрсеткіші – жалпыидеялық ортақ әрекет, оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас, жалпыға ортақ басқару жүйесі, көпшілікке ортақ жауапкершілік пен ұжымның әр мүшесіне қойылатын ортақ талаптар болмақ.

Балалар ұйымының жаңа формациядағы жағдайы жөнінде Л.В.Алиеваның докторлық диссертациясында бірқатар маңызды мәселелер көтеріледі. Зерттеуші А.В.Волохов Л.В.Алиеваның тұжырымдарын одан ары дамыта келе, балалар әлемі үшін ешқандай шекара жоқ екенін растай түсіп «социокинетика» ғылымының қажет екені жөнінде маңызды ұсыныс жасайды.



Р.Д. Иржанова өз еңбегінде мектепте пионер мен комсомол жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшiсiнiң шешушi рөл атқаратынын атап өтедi. Б.Ы. Мұқанова Қазақстандағы пионер ұйымының әлеуметтік мәселелеріне арналған үкімет пен басқару органдарының қаулы-құжаттары және басқа маңызды іс-шаралар жөнінде баяндап өтеді. Р.Байназаров оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын көпшілік қауыммен бірлесе отырып жүргізу керектігін атап өтеді. Оның ойынша бұл істі әулет пен отбасы дәстүрі, туыстық қарым-қатынас, сондай-ақ педагогтар мен ата-аналар қауымдастықтары арқылы ұйымдастыру оқушы санасында көпшіл, ұйымшыл, шығармашыл және басқа ерекше қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді деп санайды. Н.Б. Абаеваның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын жандандырудың педагогикалық жолы – ұжымдық топтардың жоғарғы органы пионер жиыны болып табылады.

Ұзақ жылдар бойы Кеңес үкiметiнің мектептегi пионер жұмысының жалпы үрдiсiн қатаң қадағалап, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда коммунистiк идеологияға негiзделген саяси бағыт ұстанғаны – мектептегi жалпы оқу-тәрбие жұмыстарының саясаттануына әкелiп соқтырды. Сол себепті мектептегі тәрбие жұмыстарында ұлттық тәрбие жұмыстарын жүргізу қажеттігі туды деп санаймыз.

Ұлттық тәлім-тәрбие бастаулары тарихи дәуірлер көшінде заман талаптары мен құбылыстарының өзгерістеріне қарай өзінің даму мен қалыптасу генезисінің ерекшеліктерімен сипатталып отырды.

М. Қашқаридың: “..Ұлым, менің өсиетіммен жанды аузыңа қаратқын. Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын..”,- деген тағылымдық өсиеттер арқылы, жас ұрпақтың тағдыры мен болашағына деген алаңдаушылығын білдіреді.

Ал, халық тәлiмгерi атанған Қайқауыстың “Кодекс куманикус” атты еңбегінде: “...ей перзентiм...дүниедегi басқа заттарды өз өрнегiң сияқты танып түсiне бiл. Аллаһ тағала, адамзатты жаратты. Оған өмiр сүруге қажеттi өнер, бiлiм, саясат ағымдарын жаратты. Сенi жан-дiлiңмен жақсы көрiп, тәрбиялап жүрген ата-анаңның көңiлiн қалдырма. Бiлiм – ақылдың ажар көркi. Аңдасаң – ақыл деген қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, отқа жанып, суға ақпайды..”,- деген астарлы ұғымдары арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие тамырларының тереңде жатқанын пайымдайды.

А. Йассауи өз өсиетін шын мәнінде шәкірттерге аманат қылу дәстүрін ұстанады. Аталмыш қағидалардың жоғарыда айтып кеткендей адамның танымдық қабілеттерінің жас ерекшеліктеріне негізделе отырып баяндалғаны байқалады.



Асанқайғыдан бастап Абайға дейінгі алып тағылым кеңістігіндегі қазақ ғұламаларының тәлімдік идеялары – қазақи қанымыз бен ұлттық намысымызға сіңген мәңгілік рухани құндылықтар ошағы болып қала бермек. Дала абызы Асанқайғының ой әпсаналарында табиғат, адам және кеңістік дүниелері орын алады. Мұндағы шартты түрде қабылдап отырған асыл тас – табиғат ортасы, асыл сөз – адамзат парасаты, жел мен ой толқыны – тылсым кеңістіктің таңғажайып құпиясы болса керек. Абыз бабамыз аталмыш ой маржандарын ұрпақ санасына жұмбақ зерде жүйесі арқылы жеткізуді мақсұт еткені байқалады.

Ұлы ағартушы, Ы. Алтынсариннің қазақ баласының болашағы үшін бойындағы бар күш-жігерін арнағанын қоғамдық қатынастардағы шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өте жоғары бағалап, оның оқу-тәрбие жұмыстарында іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғанын көреміз.

ХХ ғасырдағы әлемдегі өркениетке - Ұлы Абай мұралары философиялық ойлар мен танымдық-тағылымдық ғибратттар қазынасын басқа қырынан көрсетті. Қазақтың ұлттық таным мен тағылым тарихнамасын Абайға дейінгі кезең және Абайдан кейінгі кезең деп атауымызға болады. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды.



Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қазақтың ұлттық тәрбиесi жөнiнде арнайы ғылыми еңбек жазуға мемлекет тарапынан мүмкіндік болмағаны белгiлi. Оған кеңес заманында жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау барысында көз жеткіздік. Халық педагогикасы, немесе ұлттық тәрбие мәселесі арнайы ғылыми-зерттеу немесе пән оқулығы ретінде қарастырылмай, негізінен ғылыми мақала, тезис, қосымша мағлұматтар негізінде Т.Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Х.Арғынбаев, М.Әлімбаев, С.Сауытбеков т.б еңбектерде көрініс тапқан.

Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулерге А.Х. Мұқамбаева, И. Оршыбеков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ. Сейсембаевтың еңбектері жатады.



Сейтен Сауытбековтың “Тағылым тегi” кiтабы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде тамаша әдiстемелiк-дидактикалық нұсқау болды. Ұлттық тәрбие атауын өз еңбектерінде Қ. Бөлеев, Ш.К.Беркімбаева және К. Оразбекова енгiзiп, өзектi мәселе ретiнде қарастыру қажет екенiн дәлелдедi.

Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайында – республика мектептері мен қосымша білім мен тәрбие беретін мекемелерде, басқа тәрбие ошақтарында жоғарыда аталған ғылыми еңбектердi талдай және оған негiздей отырып, бiз мектептегi оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие құндылықтарын әлемдік өркениетті озық мәдениетпен кіріктіре іске асырудың жолдарын қарастыратын оқушылар ұйымының жаңа моделі қажет деп санаймыз (1 сурет).


1 сурет - Оқушылар ұйымын ұлттық тәрбие жүйесі негізінде құрудың

педагогикалық моделі


Бұл модельдің өзіндік ерекшелігіне тоқталсақ: біріншіден оқушылар ұйымының төменнен жоғарыға дейін жеті демократиялық принципке негізделген құрылымының қалыптасып, нәтижесінде педагогикалық шарттың ұйытқысы болғанын айғақтаймыз. Аталмыш демократиялық принциптің педагогикалық шарттарына:

- ұжым мүшелерінің тең құқылығы;

- ұжымның басқару органының төменнен жоғарыға дейін сайлануы;

- басқару органдарының өзін сайлаушылар алдында есеп беріп отыруы;

- ұжымға мүше болудың еріктілігі мен бір-біріне тәуелділігі;

- ұжым мүшелерінің ұжым жұмысын жақсартуға ұсыныс беруге құқықтылығы;

- қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап отыруға құқықтылығы және басқа алғышарттар жатады.

Оқушылар ұйымының моделінде ұйымдастыру жұмыстарының түрлері мен оны іске асырудың әдіс-тәсілдері де көрініс тапқан. Мәселен бастауыш ұйымның жұмысы оқушылар жиыны (конференция, құрылтай, слет т.б) және дәстүрлі ұйымдастыру формалары және техникалық-коммуникациялық құралдардың көмегімен өткізілетін кешенді іс шаралар арқылы жүргізіледі. Оқушылар ұйымының бастауыш ұйымтоптары Қазақстан балалар ұйымдары Одағының І Республикалық Слеті шешімімен қабылданған «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының бағыттары бойынша қызмет етеді (2 сурет)


2 сурет - Жалпыадамзаттық құндылықтар және ұлттық мәдениет негізінде «Атамекен» бағдарламасы арқылы жүргізілетін оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмысының моделі

«Атамекен» бағдарламасында оқушылардың ақыл-ойын, еріктік-сезімдік ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және халықтық тәрбие түрлерінің кіріктірілген 11 Бағыты бойынша жас ұрпақтың бойына сіңірілу көзделеді.

Біз көтеріп отырған педагогикалық проблемаға жақын зерттеулер жүргізген (Байсарина С.С., Сайдахметов Б.С., Пенева Л.Д., Сыздықов М,Е., Дүйсенбаев А.Қ.) ғалымдардың еңбектеріне жүргізілген талдау біздің алға қойған мақсатымыздың дұрыс бағытта өрбігенін растайды. Аталған ғалымдар тәрбие үрдісінің белгілі ортада қалыптасуы, жоспарлануы, қабылдануы және жүзеге асырылуы педагогикалық шарттарға негізделуі керек деп санайды. Аталған тұжырымдар біздің алдағы уақытта өз зерттеу жұмысымыздығы ғылыми бағытты анықтауға мүмкіндік берді.



Осыған орай біз алдымен мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажеттігін қамтамасыз ететін және оның оқушылардың қоғамдық пікірлері арқылы қалыптасатын педагогикалық атмосфераның болуы; қоғамдық пікір негізінде пайда болған құнды тәлім-тәрбиелік идеялар қорын жинақтау және аталмыш жүйенің толыққанды жүзеге асырылуының педагогикалық шарттарын айқындау сияқты міндеттемелерге қол жеткіздік. Ол мәселелерді шешу барысында алдымен зерттеу объектісіне педагогикалық диагностика жасалды. Диагностикалық бақылау барысында төмендегідей міндеттемелерді орындау қажеттігін анықтадық. Оларға:

- оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие жұмыстарын жүргізудің жоспарын құру:

- ұлттық тәрбие жөніндегі ғылыми зерттеулерге талдау жүргізу:

- эксперименттік топтарды анықтау және оларға аталмыш тақырыпқа қатысы бар тапсырмалар жобасын құрастыру;

- эксперименттік жұмыстардың нәтижесін анықтау;

- қол жеткізген нәтижелер негізінде оқушылар ұйымы арқылы әлемдік мәдениет пен ұлттық тәрбие мұраларын кіріктіре отырып жүзеге асыруға бағытталған моделін жасау;

- зерттеу жұмысының міндет-мақсаттары мен педагогикалық алғышарттарын айқындау;

- педагогикалық шарттардың мотивациялық, танымдық, шығармашылық критерийлеріне мән беру;



Бұдан біз мектептегі оқушылар ұйымының іс-әрекеттеріне бақылау жасау арқылы бірқатар педагогикалық шарттарды анықтауға жол аштық. Сол себепті балалар арасындағы ұжымдық қарым-қатынастың дамуы үшін бірнеше педагогикалық алғышарттар қажет деп санадық. Олар мыналар:

1 Мотивациялық

- ұжымда (ұжымтопта) оңтайлы педагогикалық көңіл-күйдің (атмосфераның) орнауы;

- жеке тұлғаның қоғам талаптарына сай әлеуметтенуі;

- ұжымның алдында тұрған ортақ мақсатты дұрыс белгілеу; соған сай атқарылатын іс-шараларды дұрыс жоспарлау;

- жоспарланған міндеттердің әркімнің іскерлік қабілетіне қарай дұрыс бөлініп берілуі;

2 Тұлғалық

- іс-әрекетті ұйымдастыру кезінде ұжым мүшелері мен топ көсемдері (лидерлері) мен жетекшілері арасында ортақ іс пен мүддеге деген бірыңғай ынтымақтастық көңіл-күйдің орнауы;

- іс-әрекетті ұйымдастыру кезінде ұйымның жеке мүшелері қиындыққа кездескен кезде басқа топ мүшелерінің немесе топ жетекшілерінің көмекке келуі;

- істі атқару кезінде ұжымдағы тәртіптің қатаң сақталуы, азшылықтың (топтың жеке мүшелерінің) көпшілікке бағынуы; олардың пікіріне құлақ асуы;

3 Шығармашылық

- істі көпшілік болып бірлесе атқару;

- топ жетекшісінің ұжым мүшелерінің іс-әрекетін бақылап-басқаруы, ерекше еңбексүйгіштігімен көзге түскен топ мүшесінің әрекетін бағалап-марапаттауы;

- атқарылған істі қорытындылау, ұжымның қолы жеткен табыстарға көпшілік болып қуана білу;

Кеңестік тоталитарлық саяси жүйеде көпұлтты халықтардың да өзара теңдігі мен дербестігі де бұрмаланып келді. Осындай қасіреттен арылу үшiн және рухы мен намысы биiк ұрпақты сақтап қалу үшiн – қазақи бағыттағы ұлттық тәрбие жүйесi керек екенiн бұқара халық iштей сезiндi.

Ұлттық тәрбиенiң ұрпақ тағдырын шешетiн ұлы қазынамыздың бiрi екенiн айтуға, талап етуге және дәлелдеуге тырысқан ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың ұсыныс-пікірлері мен әдістемелік бағдарламалары мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің құралына айнала алмай келді Айтылған мәселенің шешімін табуда республика көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Республикалық «Ұлан» газетінде жарияланған «Атамекен» бағдарламасы (18.03.1990) Қазақстанда Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің құрылуына себепші болды. 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматыда «Атамекен» балалар ұйымының І Құрылтайы өтті.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұсынысы бойынша дайындалған «Балалар мен жастар ұйымдары туралы жинақ» атты құжаттағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстандағы 300-ден астам балалар ұйымдарының 142 жуығы «Атамекен» бағдарламасымен жұмыс істейтіні белгілі болып отыр.

Сондықтан, оқушылар ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарлама моделiн бiз “Атамекен” деп алдық.

Бағдарламаның мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі бірнеше кезеңдерді қамтыды. Оларға мыналар жатады:

- оқушыларға жан-жақты тәрбие беру ісіне арналған педагогикалық оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулармен танысу барысында “Атамекен” бағдарламасының 5 Бағыттан тұратын жобасы жасалды;

- мектеп оқушыларының республикалық Слеті мен мұғалім-тәрбиешілердің педагогикалық конференцияларында, семинар жұмыстарына Бағдарламаның негізгі Бағыттары ұсынылды;

- бағдарламаны тарату торабын құру мақсатында республикалық “Ұлан” газетінің жанынан “Алау” оқушылар әдістемелік-шығармашылық штабы құрылды;

- бағдарламаның негізгі Бағыттары (оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлердің ұсынысы бойынша) 27 Бағытпен толықтырылды;

- жоғарғы және арнаулы педагогикалық оқу орындарында “Атамекен” бағдарламасы бойынша дәріс және арнайы курстар оқылды;

- бағдарламаның негізгі Бағыттары бүкіләлемдік Интернет жүйесіне енгізілді (http // www.Atameken. narod.ru);

Осы уақытқа дейін Бағдарламаның 41 Бағыты оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты мынадай ретпен құрылған болатын. Енді Бағдарлама бағыттарын интеграциялау негізінде оның моделі мынадай жүйе бойынша сипатталды:

1 Мәдениеттану Бағыты (Ою-өрнек, Салт-дәстүр, Шаһар, Асыл мұра, Дін тарихы, Қасиет);


  1. Сөнбес жұлдыздар Бағыты (Ардагер, Ғұмыр мен ғалам, Зерде, Тұран-Түркістан);

3 Руханият Бағыты (Әлем діндері тарихы, Шариғат-Құран, Толғау, Бабалар өсиеті);

4 Ұлттық өнер Бағыты (Көкпар, Бейнелер сыры, Ас, Зергер, Дулыға, Құсбегі);



  1. Ата кәсіп Бағыты (Төрт түлік, Сауда, Асыл мұра);

  2. Ұлттық ойындар Бағыты (Көкпар, Жас қыран);

  3. Этномәдениет Бағыты (Қыз бен жігіт, Достық,Ана тілі, Ата-ана);

  4. Имандылық-Ізгілік Бағыты (Наурыз, Алыстағы бауырлар, Тәңір-нама, Қайырымдылық);

  5. Ұлттық дүниетаным Бағыты (Жақсылық пен Жамандық, Қасиет);

  6. Табиғат тылсымы Бағыты (Заман-ай, Тұран күнтізбегі, Жібек жолы);

  7. Сыр мен сымбат Бағыты (Қыз бен жігіт, Сәби, Домбыра-Дастан);

Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне сүйеніп құрылған, интеграцияланған «Атамекен» бағдарламасы ғылыми педагогикада марапатталатын тәрбиенің 9 түрін (еңбек, дене, ақыл-ой, адамгершілік, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие) түгелдей қамту көзделді.

Бағдарламаның жүзеге асырылу жүйесi төмендегі педагогикалық шарттарға негізделеді:

- мектепте педагогикалық қауым мен оқушылар ұйымордасы Кеңесiнiң бiрлескен бағдарламаны жүзеге асыратын ғылыми-әдiстемелiк орталығы құрылады;

- бағдарлама бастауыш және жоғарғы сыныптағы оқушылар ұйымдарында, белгiлеген педагогикалық талаптар негiзiнде жүргiзiледi;

- жұмыс барысында оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлуi тиiс;

- бағдарламаның әр бағыты бойынша тәрбие сағаттарының жоспарлары мен жинақтары жасалады;

- оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретiнде “Қазақстаным-атамекенім” атты танымдық-этнографиялық ойын-сайыс өткiзiледi;

- ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында әр оқушының ұлттық тәлімді меңгеру дәрежесін айқындайтын педагогикалық-психологиялық диагностикасы жасалады;

- әр ай сайын сынып жетекшiлерi – сынып ұжымындағы микротоптар лидерлерi және оқушылардың бiлік дағдылары жөнiнде социограммалық бақылау жүргiзiп отырады;

- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында әр баланың оқу үлгерiмiнiң динамикасы бақылауға алынып, оны жақсартудың шаралары қарастырылады;

Бағдарламаны мектепте жүзеге асырушы “Атамекен” балалар ұйымы халық педагогикасының асыл мұралары негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды. Атамекеншілдердің бұл бастамалары республика көлеміне кең таралып, ҮІІ Республикалық пионерлер слетінің (5 қараша 1990 жыл) шешімімен қабылданды. 1992 жылы өткен кезектен тыс ҮІІІ Республикалық пионерлер слеті – мектептегі оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған “Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Жұлдыз” бағдарламаларын қабылдады.

2008 жылдың 29 шілде мен 1 тамыз аралығында өткен ІІ Республикалық балалар ұйымдарының Слетінде республикамыздағы балалар ұйымдарының саны 300-ге жеткені, сондай-ақ бірқатар балалар ұйымы «СМиД» (Ақтөбе), «Нұр тамшы» (Атырау), «Жас ұрпақ» (Қызылорда) және Қазақстан скауттар ұйымы (Павлодар) «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс атқаратындары жөнінде хабарлама жасады.

Бұл орайда «атамекеншілер» тарапынан Қазақстан балалар Одағы ұйымының қарарына бірқатар ұсыныстар берді. “Атамекен” бағдарламасын іске асырудың бір тиімді жолы – оқушылар ұйымындағы өзін-өзі басқару жұмыс жүйесі болмақ. Оқушылар ұйымының ең жоғарғы органы – бүкiлмектептiк оқушылар Құрылтайы болып табылады. Ұйымның негiзгi Ордасы 3-5 оқушыдан өз ерiктерiмен бiрiккен бастауыш ұжымдық тобы болып табылады. Оқушылар мен ұстаз-тәрбиешілер Интернет-сайт материалдары арқылы өз мектептерінде «Атамекен» бағдарламасы бойынша көптеген электронды ақпараттармен алмасып отырады.

Ғылыми эксперимент жұмысына 5–8 сынып оқушылары мен ұстаз-тәлiмгерлерi қатысты. Эксперименттік топтардағы оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеу мен сақтау жөніндегі ерешеліктері де ескерілді. Осы көрсеткіш арқылы эксперименттік жұмысымыздың негізгі критерийі айқындалды. (1 кесте).


1 кесте -Эксперименттік жұмыстардың негізгі критерийлері


Білім, дағды және басқа көрсеткіштер тақырыптары

Төменгі көрсеткіш

Орташа көрсеткіш

Жоғарғы көрсеткіш

Қосымша мағлұматтар

1

2

3

4

5

Мақал-мәтелдер туралы білім дағдылары

-халық мақалдары туралы аз білетін;

-ауыз әдебиеті туралы бейхабар;

-мақал-мәтелдер туралы оқып-тануға уақыттың жетіспеушілігі;

-оқу үрдісінде мүмкіндіктің шектеулігі;

-ересек адамдар тарапынан мағлұматтар мен талаптардың аздығы;

-мақал-мәтелдер туралы білгісі келмейтін селқостық танытқандар;



-мақал-мәтелдер туралы білімдері жеткіліксіз;

-мақал-мәтелдер жөнінде мағлұмат алуға онша қызықпайтын;

-мақал-мәтелдер жөнінде білгісі келетін шағын топтар;


-мақал-мәтелдер туралы қызығушылық

тары мол;

-мақал-мәтелдердің түрлерін ажырата алатын топтар;

-халық ауыз әдебиеті туралы оқулықтар және басқа көрнекі құралдар арқылы білуге құштар;

-ата-ана және ұстаз қауымдары арқылы біілетін топтар;

-түрлі ойын-сайыстар мен тәрбиелік іс-шаралар арқылы толық хабардар ұжымтоптар;



Қазақтың мақал-мәтелдері бойынша әдебиеттерді пайдалану



Қазақтың тыйым сөздері хақындағы білім, білік көрсеткіштері

-тыйым сөздер жөнінде мүлде естімеген;

-тыйым мен ырым сөздерге мән бермейтін топтар;

-тыйым сөздер мен халық ырымдары жөнінде мағлұматтардың жоқтығы;


-тыйым сөздер жөнінде айтуға қиналатын;

-тыйым сөдер жөнінде мағлұматтары аз;

-оқу және тәрбие үрдісінде тыйым сөздер жөніндегі мағлұматтар

дың аздығы;



-қазақтың тыйым сөздері туралы толық түсініктері бар;

-тыйым сөздердің мән-мағыналарын ажырата алатын;

-халық ырым-сырым жөнінде хабардар;

-тыйым сөздер мен халық ырымдарын үлкен адамдар арқылы сұрап-білетін топтар;



Қазақтың тыйым және ырым сөздері жөніндегі материалдар

1 кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

Қазақ халқының ертегілері, аңыздары, жұмбақтар мен жаңылтпаштары жөніндегі білім, білік дағдылары

-халық ауыз әдебиеті жөнінде мардымсыз мағлұматтары бар топтар;

-халық ертегілері туралы бірен-саран білетін топтар;

-жұмақтар туралы өте аз білетін;

-жаңылтпаштар айтуға қиналатын топтар;



-ертегілер мен аңыздар жөнінде жалпы түсінігі бар топтар;

-жұмбақ пен жаңылтпаштар туралы оқып-тануға қызығушылықтары бар, бірақ оны тұрмыста қолдана білмейтін;

-халық ауыз әдебиеті материалдары жөнінде білім дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктері

нің шектеулігі;



-халық ауыз әдебиеті жөнінде мол мағлұматтар білетін топтар;

-ертегілердің тақырыптары мен мазмұнын біледі;

-халық жұмбақтары мен жаңылтпаштарын көбінесе жатқа айтатын топтар;

-халық ауыз әдебиеті мұраларының ұлттық тәрбие құралы екенін түсінетін топтар;



Халық ертігілері мен жұмбақтар. Мультиплика

циялық материалдар



Ұлттық ойындар жөнінде білім, дағды көрсеткіштері

-ұлттық ойындарды ойнауды ұнататын топтар;

-ойын түрлері жөнінде мардымсыз білетін;

-оқу процессі кезінде ойын элементтеріне, әсіресе дене-қимыл ойындарына көбірек уақыт арналса;


-ұлттық ойындарды оның ішінде әлем халықтарының ойындары ұдайы ұйымдастыры

лып тұрса;

-ойындардың түрлері жөнінде білгісі келетін топтар;

-ойындардың адам денсаулығына тигізетін пайдасын түсінетін топтар;




-ұлттық ойындар жөнінде мол мағлұматтары бар топтар;

-ұлттық ойындардың түрлері және оның тәрбиелік маңызына мән береді;

-халық ойындарының ішінде ой-ақыл және басқа танымдық элементтері жөнінде көп білуге құштар топтар;


Қазақ халқының ұлттық ойындары жөніндегі әдебиеттер

1 кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

Бесік жыры, сәбиге ат қою жөніндегі білім көрсеткіштері

-Бесік жыры туралы ән-жырларды мүлде естімеген топтар;

-Сәбиге ат қою жөніндегі діни дәстүрді білмейтін;

-Баланы бесікке бөлеу дәстүріне қызығушылық танытатын;

-аталмыш салт-дәстүр жөнінде мағлұматтар беруге қиналатын топтар;



-Бесік жыры туралы еміс-еміс естіген;

-Баланы бесікке бөлеу дәстүріне деген қызығушылықтың бары;

-Халық педагогикасындағы сәбиге ат қою рәсімі жөнінде мардымсыз хабардар екені;

-аталған дәстүрлер жөнінде білгісі келетін топтар;



-Бесік жырларының бірнеше нұсқасын жатқа айтатын;

-Бесік жыры туралы көбірек мағлұмат алғысы келетін;

-Халық тұрмысындағы балаға ат қою дәстүрін құрметтейтін;

-Аталған салт-дәстүрлердің тәрбие жұмыстарында кеңінен пайдаланудың қажеттігін білдірген топтар;



Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагоги

касы»


Тоқымқағар, ашамай және тілашар дәстүрлері хақында білім, дағды көрсеткіштері

-Тоқымқағар дәстүрі жөнінде білмейтін;

-Ашамай дәстүрі туралы айтуға қиналатын;

-Тілашар дәстүрін той салтанаты ретінде қабылдайтын;

-Аталған дәстүрлер жөнінде білгісі келетін топтар;



-Тоқымқағар дәстүрі туралы ауылды жерлердегі қариялардың аузынан естіген;

-Ашамай дәстүрі туралы жылпы мағлұматтар бар;

-Аталмыш дәстүрлер жөнінде білгісі келетін;

-Тілашар тойы өміріндегі ең қызықты сәттердің бірі екенін іштей сезінетін топтар;



-Тоқымқағар мен ашамай туралы дәстүрлер жөнінде жеткілікті мағлұматтар білетін;

-Аталған дәстүрлер бойынша тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу

ын қалайтын топтар;

-Тілашар тойының тек салтанат қана емес, сонымен қатар отбасы дәстүрі екенін сезінетін топтар;





Оқушыларға қойылған сауалдың тақырыбы “Ұлттық тәлiм-тәрбие туралы не бiлесiң?” деген атаумен ұсынылды. Эксперименттік топтар арасында жүргізген сауалдаманың алғашқы қорытындысы мынадай көрсеткіштермен анықталды (2 кесте).


2 кесте -“Ұлттық тәлiм-тәрбие туралы не бiлесiң” тақырыбы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын анықтаудың деңгейлік көрсеткіштері

Эксперименттiк топтар



Қатысушылар саны

Төменгі


деңгей

Орташа


деңгей

Жоғарғы


деңгей

Эксперименттік топ

135

54,5 %

31,8 %

13,7 %

Бақылаушы топ

115

51,2 %

33,4 %

15,4 %

Бақылау тобындағы ауыл оқушыларының деңгейлік көрсеткіштерінің жас жеткіншектердің ұлттық тәрбие жөнінде біршама білетіндігін айғақтайды Эксперимент нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою мақсатында, біз жыл бойына мұғалімдердің көмегімен оқушылармен шығармашылық-педагогикалық жұмыс бағыттарын жүргізу қолға алынды. Аталған тұжырымымыздың растығына көз жеткiзу үшiн төмендегi кестелерге назар аударайық (3 кесте).


3 кесте -“Ұлттық тәлiм-тәрбие туралы не бiлесiң” тақырыбы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын анықтаудың деңгейлік көрсеткіштері

Эксперименттiк топтар



Қатысушылар саны

Төменгі


деңгей

Орташа


деңгей

Жоғарғы


деңгей

Эксперименттік топ

135

44,3 %

29,5 %

26,2 %

Бақылаушы топ

115

47,6 %

31,2 %

21,2 %



Эксперимент барысында жоғарғы деңгей көрсеткіштерінің айтарлықтай арта түскені – оқушылар ұжымы арасында кейбір балалардың ұлттық тәрбиеге деген ерекше ықыластарының белең алуы, екіншіден олардың санасында мұндай жақсы қасиеттердің орын тебуі – алдын-ала жоспарланып жүргізілген жұмыстар мен ата-аналар мен көпшілік қауымның әсерлерінен болды деп болжадық. Жыл бойына жүргізілген шығармашылық-педагогикалық жұмыстардың нәтижесінде эксперименттік топтардағы оқушылар арасында оң өзгерістер байқалды. Ол өзгерістерді мынадай тізбектеме бойынша баяндаймыз:

- балалардың белгілі бір ортақ іске жұмыла кірісу, сынып жетекшісіне қолқабыс тигізуге деген азаматтық көзқарасы (позициясы) қалыптасты;

- мектепке, сыныпқа және өзі өмір сүріп жатқан ортаға пайдалы еңбек етуге және жеке үлесін тигізуге деген сезімдері қалыптасты;

- оқушылар ұйымының қоғамдық маңыздылығына көз жеткізді;

- көпшіл, жауапкершіл, ұйымшыл және қанағатшыл болуға деген парасаттық сезімдерінің қалыптасуына ұйытқы болды;

- халықтың тарихи-мәдени, діни-рухани мұраларын оқып-тануға, үйренуге деген ынтасы қалыптасты;

- халықтың жазба және бейнелеу өнері, этномузыкалық және фольклорлық, ауызекі-поэтикалық құндылықтарын тануға деген ықыластары қалыптасты;
Қорытынды
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер бойынша төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:

1 Оқушылар ұйымын қалыптасу мен даму генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау жалпы балалар ұйымдарының өткені мен болашағы жөнінде, оның әлеуметтік құбылыс негізінде педагогика тарихында өзіндік орны бар дүние екенін көрсетеді; балалардың қоғамдық ұйымдары мектептегі (мектептен тыс жерлердегі) оқушылардың шығармашылық-ұжымдық қарым-қатынастарын үйлестіруші, реттеуші және ұйымдастырушы орталыққа айналды; ұйымның әрекетіне шектен тыс қатаң педагогикалық бақылау жүргізу ондағы демократиялық құндылықтардың кемуіне (саясаттануына) әкеліп соғады;

2 Оқушы балалардың өз еріктерімен құрылған және педагог-тәрбиешілердің қолдауына ие болған ұжыптоп пен ұжымордалардың жоспарлы, мақсатты түрде қоғамға пайдалы әрекет жасауы – жалпы оқушылар ұйымының кешенді тәлім-тәрбие кеңістігін қалыптастырғанын көрсетеді.

3 Мектептегі оқушылар ұйымының тарихи-педагогикалық тұрғыдан терең зерттеу жаңа заман жағдайындағы балалар мен жастар ұйымдарындағы тәрбие мәселелеріне жаңаша және оңтайлы педагогикалық көзқарас қалыптастырады;

4 Жас ұрпақтың бойында өз отанын сүйетін, ұлттық дәстүрлерді сақтайтын, татулық пен ынтымақтастық қасиетін қастерлейтін, қоғамға пайдалы еңбек ететін жоғары мәдениетті, парасатты, толерантты және білімді тұлға болып қалыптасуына балалардың қоғамдық ұйымдарының атқаратын маңызы зор; сол себепті ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ұлттық тәрбие жүйесінің моделі жасалып, оның педагогикалық шарттары айқындалды;

5 Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие жұмыстарын мектеп практикасында жүзеге мақсатында «Атамекен» бағдарламасының жобасы жасалды; аталмыш бағдарлама бойынша Қазақстан мектептерінде әрекет етіп жатқан балалар мен оқушылар ұйымдарындағы тәжірибелер болашақта аталған зерттеу жұмыстарын ауқымды жүргізу қажеттігін алға тартады;



Аталған ой-пiкiрлер мен тұжырымдар төмендегiдей ұсыныс жасауға мүмкіндік берді:

- арнаулы педагогикалық орта және жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие жүйесіне тәрбие теориясымен қоса мектептегі оқушылар ұйымының жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік курсы пәнін енгізу;

- Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі жастар саясаты және тәрбие жұмысы департаменті жанынан балалар ұйымдарымен жұмыс істейтін орталық құру; Облыстық және аудандық білім басқармалары жанынан аталмыш орталықтың тәрбие ісімен тікелей айналысатын секторлар құру;

- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы тәрбие институты жанынан оқу-ағарту мекемелерінің оқушы, студент жастар тәрбиесіндегі озат тәжірибелерді қорытып жинақтау, тарату және зерделеу мақсатында ғылыми-зерттеу орталығын ашу; Қазақстан балалар Одағы ұйымдарының дамуы мен қалыптасуын социокинетика ғылымы тұрғысынан зерттеу;

- жоғарғы және арнаулы оқу орындарында оқытылатын «Педагогика», «Педагогика тарихы» және басқа оқулықтарда жаңа заман жағдайындағы балалар ұйымдарының даму тенденциясын ашып көрсететін тың мағлұматтар мен нұсқаулар қайта қаралып, толықтырылсын;

- Қазақстан және халықаралық заңнамалық құжаттар негізінде балалар мен оқушылардың конституциялық құқықтарының, олардың сапалы білім және саналы тәрбие алу мүмкіндіктерінің заң жүзінде қорғалуын қамтамасыз ететін іс-шараларды жергілікті әкімшілік, заң орындары, жастар, спорт және туризм орталықтарымен бірлесе отырып атқару; Қазақстандағы балалар ұйымдарына кешенді қолдау көрсету жөнінде Заң жобасын құрастыру және қабылдау;

- оқушылар ұйымдарының іс-тәжірибелерін тарату, өрістету және жандандыруға арналған оқу-әдістемелік құралдар, фото-видео және слайд материалдары, компьютерлік жобалар мен ғылыми-әдістемелік кинофильмдер мен мультфильмдер шығару;
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1 Пионер ұйымына - ұлттық ерекшеліктер // Қазақстан мектебі. – 1991. –

№ 5. – Б.38-41.

2 Самоуправление в пионерской дружине // Тезисы докл. посвящ. 40-годичной научной конференции профессорско-преподавательского состава и аспирантов Каз ПИ им.Абая (14-20 марта 1989 г) / Каз ГПИ им Абая. – Алматы: Изд-во Каз ГПИ. – 1989. – С. 6. (Б.Ы.Мұқановамен авторлық бірлестікте).

3 Ыбырай Алтынсарин және халықтың салт-дәстүрі //Тезисы докладов и сообщений на республиканской научно-практической конференции к 150-летию со дня рождения И. Алтынсарина (16-18 октября 1991 г). – Костанай, 1991. – С.34-35.

4 Знакомить с историей и культурой народа // Русский язык и литература в казахской школе. – 1992. – № 4. – С.22.

5 Ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген «Атамекен» бағдарламасының педагогикалық мұралары // «Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (19-20 мамыр 1992 ж ) / Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА. – Алматы: ҚБА баспасы. –1992. – Б. 14-17.

6 «Атамекен» бағдарламасы және «Атамекен» қозғалысы туралы ой // Қазақстан мектебі. – 1994. – № 7-8. – Б. 32-36.

7 Қазақ этномәдени мұраларын «Атамекен» бағдарламасы арқылы мектеп тәжірибесіне ендіру // «Білім жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика», Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің 35-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (13-14 қараша 2000 ж) .– Жетісай, 2000. – Б.116-121.

8 Ғаламдық жаһандану кеңістігі һәм ұлттық тәрбие // Современные тенденции управления развитием человеческих ресурсов в системе образования. Мат.научно-практ.конференции (12-13 апреля 2005 г). – Алматы, 2005. – ІІ часть, С.353-358.

9 «Атамекен» бағдарламасына методикалық нұсқау. Әдістемелік құрал. – Жамбыл: Тар ПИ баспасы, 1993. – Б.85 (Қ.Бөлеевпен авторлық бірлестікте).

10 «Атамекен» тәрбие бағдарламасына әдістемелік ұсыныстар. Әдістеме жинақтары. – Алматы: Абай ат. АлМУ баспасы, 1997. – Б.123. (Р.Қ Дүйсембінова мен К.Мұхамеджановамен авторлық бірлестікте).

11 Ұлттық тәлім-тәрбиенің тарихи кезеңдері // Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспективы. Сб.материалов республиканской научно-практической конференции (21-22 апреля 2005 г) / ЕАГИ. – Астана: Изд-во ЕАГИ, 2005. – С. 291.

12 Жаһандану кеңістігіндегі ұлттық тәрбие және неопедагогика һәм неопсихология ғибратнамасы // Халықаралық «Шоқан тағылымы-10» ғылыми-практикалық конференция материалдары (13-15 сәуір 2005) / Ш.Уәлиханов ат. КМУ. – Көкшетау: КМУ баспасы, 2005. – т 2А, Б.282.

13 Қазақ-нама. Шығармалар жинағы. – Астана, 2008. – Б. 530.

14 Проблемы этнопедагогических наук в условиях всеобщей глобализации // Вестник Кыргызского Национального университета им.Ж.Баласагына. – Бишкек: Изд-во КНУ им. Баласагына, 2004. – С. 111-116. (Ж.Ж.Касыммен авторлық бірлестікте).

15 Оқушылар ұйымының тарихы: Скаутизмнен пионеризмге дейін // Білім берудегі менеджмент. – 2005. – № 2 (37). – С.56-63 б.

16 Основные направления научно-этнопедагогической программы «Атамекен» // Поиск. – 2005. – № 4. – Б.44-47.

17 Ұлттық тәрбиенің тағдыры һәм болашағы // Қазақстан мектебі. – 2006. – № 1. – Б. 24-27.

18 Асанқайғыдан Абайға дейінгі этнотағылым кеңістігі // Қазақстан жоғарғы мектебі. – 2006. – № . – Б.188-92.

19 Ғұламалар ғибраты және ұлттық тәрбие // Ұлт тағылымы. –2005. – № 4. – Б.28-31.

20 Оқушылар ұжымының пайда болу генезисі // Бастауыш мектеп. – 2005. – № 7. – Б.18-20 б.

21 Мектептегі оқушылар ұйымының тәрбиелік моделі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. – 2005. – №6. – Б. 62-64.

22 Оқушылар ұйымында ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін кешенді пайдаланудың жолдары // Вестник университета «Қайнар». – 2005 . – № 4/1. – Б. 34-45.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет