Диссертациялық жұмысты алдын ала талқылау бойынша ғылыми семинар



бет1/2
Дата02.08.2022
өлшемі86.57 Kb.
#459871
түріДиссертация
  1   2
ғылыми семинар 2022

Диссертациялық жұмысты алдын ала талқылау бойынша ғылыми семинар

Дайындаған:Филология факультеті 8D02306001Филология мамандығының

3 курс докторанты

Ш.А.Хамитова

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор А.С. Адилова

Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын сөздіктердегі түркі тектес сөздерді нақтылап, түркі сөздерінің мағыналық және дыбыстық тұрғыдан өзгеру себептерін қарастыру, олардың диахронды және синхронды түрде қолданылуын көрсету диссертацияның өзекті мәселесі болып саналады. Диссертацияны жазу барысында Мәскеу қаласында Ленин атындағы мемлекеттік кітапханада көптеген авторефераттар және кандидаттық, докторлық диссертациялар, әдебиеттер, монографиялар, мерзімді басылым материалдары қарастырылды. . Атап айтатын болсам, А.М. Щербак «Введение в сравнительное изучение тюркских языков», Н.И. Конрад «Запад и Восток» мақалалар жинағы, Л.П. Крысин «Русское слово свое и чужое» заманауи орыс тілі бойынша жинақталған социолингвистикалық зерттеулер жинағы, И.Т. Федоровская(1988) «Полесские тюркизмы в лексико-семантических системах в восточнославянских языков», Мухаметдинов Р.Ф.(1996) «Формирование


идеологии тюркизма», Юналеева Р.А.(2014) «Тюркизмы в русской фразеологии», Бурганова Л.С.(1989) «Тюркизмы в памятниках русской деловой письменности XVII века», Тадинова Р.А.(2005) «Глагольные тюркизмы в кавказских языках», Откупщиков Ю.В.(2001) «Очерки по этимологии», Джумабаев Т.Б. (2018) «Персидское замствование во французком языке», W.William (1915) «A concise etymological dictionary of the English language» , John Walker «Pronouncing dictionary of the English language» тағы да басқа ғылыми еңбектер қарастырылды.
Біздің бұл диссертациялық жұмысымыз XІX ғасыр мен XXI ғасырдағы ағылшын тіліндегі түркизмдердің мағынасы мен мәнін салыстырмалы лексикологияда сөздер мен сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің лексикалық семантикалық ерекшеліктерін (лексикографиялық деректер негізінде) анықтауға және сипаттауға арналады.
Тарихи, ғылыми деректерге қарасақ, тек бір ғана ұлттың сөздерінен құралған бір де бір таза тіл жоқ екені байқалады. Түрлі объективті себептерге байланысты тіл сол жаратылған қалпында сақталып қалмайды, ол үнемі дамып, заман, қолданыс талабына сай азды-көпті өзгерістен тыс қала алмайды. Ел мен елдің арасында болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени байланыстардың арқасында тілдер арасында алмасу, араласу басталады.
Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Соның арқасында әр түрлі тілдер этимологиясы нақтылы сөздер мен сөз тіркестерімен толыға бастайды және бұл сөздердің тарихына деген тіл ғалымдарының ықыласы арта түсуде.
Түркизмдер-түркі тілдерінен алынған кез келген тілдегі сөз.Түркі тілдері-әзірбайжандар, балқарлар, башқұрттар, гагауздар, қазақтар, карайымдар, қарақалпақтар, қарашай, тува, құмықтар, татарлар, түріктер, түрікмендер, өзбектер, чуваштар, ноғай, қырымтатарлары және басқалар сияқты тығыз байланысты халықтардың тілдері. Жалпы түркі халықтарының саны 40 - тан асады. Түркілердің жалпы саны 150 миллионға жуық.
Түркизмдер ағылшын тілінде де кездеседі, қазіргі уақытта 400-ден астам түркизмдер бары анықталды. Тіпті, түркизм сөздерді көп қолданған ғұлама жазушылар бар: Кристофер Марло, Шекспир, Байрон,Скотт. Қазіргі уақытта біз білетін классик ғалымдардың еңбектері Шығыс Еуропа тілдерінің сөздіктеріндегі түркизмдердің зерттелуіне арналған. Мұндай еңбектерді жазған ғалымдар қатарында: В.Д. Аракин, Н.А. Баскаков, Ж.А. Әбуов, Н.Ж. Шаймерденов, О.О. Сүлейменов т.б. бар.
Ағылшын тілін қолданушылардың түркі тілдері өкілдерімен өзара байланыста болғанын осы тілде кездесетін түркизмдер дәлел болып саналады.
Осы зерттеу аясында алынған түркизмдер, лексикалық бірліктер тікелей түркі тілдерінен немесе делдал тілдердің көмегімен ағылшын тіліне араласып кеткенінін байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет