Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі102 Kb.
#6484
түріДиссертация



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 31 наурыз №126 Астана қаласы
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.

2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә.Бектемесов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

2011 жылғы «31» наурыздағы

№126 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

1. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2139 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 840-бап).

2. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14

бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 796 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2617 болып тіркелген).

3. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 126 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3552 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 73-бап).

4. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 486 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашада «Заң» газетінің № 184 (1213) жарияланған).

5. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 446 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі «Егемен Қазақстан» газетінің № 382-385 (26228) жарияланған).

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «31» наурыздағы

№126 бұйрығымен бекітілген
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже
1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы органдар (бұдан әрі – диссертациялық кеңестер).

3. Диссертациялық кеңестер докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО) құрылады.

4. Осы Үлгі ережеге сәйкес ЖОО-лар диссертациялық кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітеді.

5. Диссертациялық кеңес кеңестің төрағасынан, ғалым хатшыдан және кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңестің құрамына кемінде 5 (бес) адам кіреді.

6. Диссертациялық кеңес құрылған ЖОО басшысы, Комитеттің қызметкерлері мен сараптамалық кеңесінің мүшелері диссертациялық кеңестің мүшесі бола алмайды.

7. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар кемінде 3 (үш) маман қосылады. Осы ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдерінен, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми ұйымдардың өкілдерінен болуы тиіс.

8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен 1 (бір) күнтізбелік жылға бекітіледі.

9. Диссертациялық кеңес өзінің қызметі туралы ақпаратты ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырады.

10. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес Комитетке осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарған жұмыстары туралы статистикалық есеп береді.

11. ЖОО диссертацияның кафедра мүшелерінің 2/3-інің (екіден үші), ғылыми кеңесшілер және тиісті мамандық бойынша кемінде 2 (екі) маманның қатысуымен диссертация орындалған кафедраның (кафедралардың) мәжілісінде талқылануын қамтамасыз етеді. Докторант даярлықтан өткен ЖОО диссертациялық кеңеске мынадай құжаттарды ұсынады:

1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін, отандық кеңесшінің пікірі);

2) кафедраның оң қорытындысы;

3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;

4) еңбектерінің тізімі мен жарияланымдарының көшірмелері.

Құжаттарды диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы қабылдайды.

12. Докторант оқыған ЖОО-да оның мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істемейтін жағдайда осы ЖОО докторанттың осы Үлгінің 15-тармағында көрсетілген құжаттарын басқа ЖОО-да тиісті мамандық бойынша құрылған диссертациялық кеңеске жіберуді қамтамасыз етеді.

13. Құжаттар қабылданғаннан бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес қорғау күнін белгілейді және тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар екі рецензентті тағайындайды, олардың біреуі осы ЖОО-ның немесе докторант оқыған ЖОО-ның қызметкері болмауы тиіс. Осы ретте докторанттардың құжаттарының түсу кезегі ескеріледі.

14. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады. Мыналар рецензент бола алмайды:

1) Комитет қызметкерлері;

2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторы;

3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ЖОО бөлімшелерінің немесе ғылыми ұйымдардың қызметкерлері;

4) диссертациялық кеңестің мүшелері.

15. Мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама Комитеттің және диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ЖОО-ның интернет-ресурстарында диссертацияны, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша аннотацияны және хабарландыру мәтінін орналастыра отырып, белгіленген қорғау күнінен бір ай бұрын жүзеге асырылады. Сонымен қатар диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дерек көзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жібереді.



Мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар және олардың қорғалуы туралы хабарлама интернет-ресурстарда орналастырылмайды.

Диссертацияның қағаз және электрондық тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі.

16. Рецензент диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда аталған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар мен ұсынымдар негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.

Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді рецензентке қосымша қарауға қайтарады немесе рецензентті ауыстырады.

Рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауынан кем дегенде 10 (он) күн бұрын беріледі.

17. Диссертациялық кеңестің төрағасы мен ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда олар диссертацияны қарастыру кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Олардың міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен Комитеттің келісімі бойынша кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

Төраға мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.

Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға түсірілуін және стенограммамен рәсімделуін қамтамасыз етеді.



18. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

Отырыста рецензенттердің 1 (біреуі) жоқ болған жағдайда диссертацияны қорғау өткізілмейді. Рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.

19. Диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

1) оң шешім қабылданған жағдайда – докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы Комитетке ұсыныс жасау;

2) теріс шешім қабылданған жағдайда – докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.

Диссертациялық кеңестің шешімі егер оған отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі) дауыс бергенде қабылданды деп саналады.

20. Диссертация қорғау бойынша оң шешім қабылданған жағдайда ғалым хатшы докторанттың аттестаттау ісін мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес жинақтайды:

1) диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ілеспе қолдаухаты;

2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;

3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;

4) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;

5) диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғанына тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы;

6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;

7) 2 (екі) рецензентің пікірі;

8) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

9) төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы;

10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);

11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі.

Диссертациялық кеңес

туралы үлгі ережеге

1-қосымша


Диссертациялық кеңестің 20 __ жылғы жұмысы туралы
ЕСЕБІ

_________________________________________________________________

(ұйымның атауы)

жанындағы диссертациялық кеңес

__________________________________________________________________________________

(кеңестің шифры)

Диссертациялвқ кеңестің төрағасы ___________________________________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 20 __ ж. «___» _______________ № ________ бұйрығымен бекітілген.

Диссертациялық кеңеске

____________________________________________ мамандығы бойынша;

____________________________________________ мамандығы бойынша;

____________________________________________ мамандығы бойынша;

____________________________________________ мамандығы бойынша диссертация қорғауды қабылдауға рұқсат берілген.
Есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:

1. Өткізілген отырыстың саны туралы деректер.

2. Өткізілген отырыс санының жартысынан кеміне қатысқан кеңес мүшелерінің тегі (фамилиясы).

3. Оқу орны көрсетілген докторанттар тізімі.

4. Мынадай бөлімдері белгіленіп көрсетілген, есепті жыл ағымында кеңесте қаралған диссертацияларға қысқаша талдау:

- қаралған жұмыстар тақырыптарына талдау;

- диссертация тақырыбының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сондай-ақ республикалық мақсатты және өңірлік ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалармен байланысы;

- қаралған жұмыстардың ғылыми нәтижелерінің пайдалану деңгейіне, нақты жұмыстар нәтижелерін кеңінен енгізу жөніндегі ұсыныстарға талдау.

5. Рецензенттердің жұмысына талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді мысалға ала отырып).

6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесіне ізденушілердің қаралған диссертациялары туралы деректер.






Мамандық

Мамандық

Мамандық

Қараудан алынып тасталған диссертациялар










Оның ішінде диссертациялық кеңестің алып тастағандары










Рецензенттердің теріс пікірін алған диссертациялар










Қорғау қорытындысы бойынша оң нәтиже алғандары










Оның ішінде басқа оқу орындарынан










Қорғау қорытындысы бойынша теріс шешім алғандары










Оның ішінде басқа оқу орындарынан










Қорғалған диссертациялардың жалпы саны










Оның ішінде басқа оқу орындарынан










Диссертациялық кеңестің

төрағасы ___________________________

(Т.А.Ә.)

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы ___________________________

(Т.А.Ә.)


Мөр

Күні, айы, жылы


Диссертациялық кеңес

туралы үлгі ережеге

2-қосымша



ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ

Тегі, аты, әкесінің аты (толық)


Туылған жылы


Азаматтығы

Ұлты

Аттестациялық істің №

Диссертациялық кеңес

Шешім қабылданған күні, айы, жылы

Шешімнің №

Диссертация қорғалған ЖОО-ның атауы


Ғылыми дәрежені ізденуші


Мамандық атауы

Ғылыми дәреже берілді


Дипломның №

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор





Ескерту:

1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада басылады.

2. «Аттестациялық істің №» және «Ғылыми дәреже берілді» деген бағандар Комитетте толтырылады.

3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады.

Диссертациялық кеңес

туралы үлгі ережеге

3-қосымша

___________________________________ диссертациялық кеңесі мүшелерінің

________________________________________________ мамандығы бойынша докторант _____________________________________ диссертациясын қорғау

(тегі, аты, әкесінің аты)

жөніндегі _________________________________________________ кеңес

(хаттаманың күні, айы, жылы және нөмірі)

отырысына

келу парағы



Тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми дәрежесі

Отырысқа қатысуы (қолы)

1

2

3

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы ___________________________

(Т.А.Ә.)
Ескерту:

1. «Тегі, аты, әкесінің аты» бағанында диссертациялық кеңестің барлық мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6929 болып енгізілді.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет