Диссертациялық кеңеске келесі мамандықтар бойынша диссертацияларды қорғауға рұқсат берілген



Дата17.06.2016
өлшемі247.34 Kb.
#141814
түріДиссертация
Диссертациялық кеңестің 2009 жылғы жұмысы туралы

ЕСЕП БЕРУ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университет қарамағындағы Д 14.61.25 диссертациялық кеңесі Білім Министрлігі мен ҚР-ның ғылымын және білім беру саласын бақылау Комитетінің 2008 жылғы 12 - ақпандағы № 224 бұйрығымен бекітілген.

Диссертациялық кеңеске келесі мамандықтар бойынша диссертацияларды қорғауға рұқсат берілген:

05.23.04 «Сумен жабдықтау, канализация, Су ресурстарын қорғаудың құрылыстық жүйелері»;

05.26.01 «Еңбекті қорғау»;

05.26.02 «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік».
1. 2009 жылдың 6-қаңтарынан бастап Д 14.61.25 диссертациялық кеңесі 21 мәжіліс өткізді, онда 11 кандидаттық және 3 докторлық диссертациялар қорғалды.

1. Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 06.01.2009 жылғы №16 хаттамасымен Р.К. Яфязованың және К.Р. Тулебаевтың докторлық диссертациясын кеңейтілген семинарда қарастыру.

2. Н. Қыпшықбаевтың диссертациялық жұмысын қорғауға қабылдау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 06.01.2009 №16 хаттамасы.

3. Д.С. Кимнің кандидаттық диссертациясын кеңейтілген семинарда қарастыру және Р.К. Яфязова мен К.Р. Тулебаевтың докторлық диссертациясын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 12.02.2009 жылғы №17 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

4. Н. Қыпшықбаев пен Д. Халиковтың кандидаттық дисертацияларын қорғау және К.К. Алимова мен Д.С. Кимнің кандидаттық диссертацияларын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 24.02.2009 жылғы №18 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

5. К.К. Алимова мен Д.С. Кимнің кандидаттық диссертацияларын және Р.К. Яфязова мен К.Р. Тулебаевтың докторлық диссертацияларын Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 12.03.2009 жылғы №19 хаттамасыман қорғауға қабылдау.

6. Д.С. Кимнің кандидаттық диссертациясын қорғау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 30.04.2009 жылғы №20 хаттамасы.

7. К.К. Алимованың кандидаттық диссертациясын қорғау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 22.05.2009 жылғы №21 хаттамасы.

8. Д.В. Чернобайдың кандидаттық диссертациясын кеңейтілген семинарда қарастыру, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 01.06.2009 жылғы №22 хаттамасы.

9. Р.Б. Нурумованың диссертациялық жұмысын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 18.06.2009 жылғы №23 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

10. Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 26.06.2009 №24 хаттамасымен А.А. Ауланбергеновтың докторлық диссертациясын кеңейтілген семинарда қарастыру.

11. Т.А. Балтабаеваның кандидаттық диссертациясын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 26.06.2009 жылғы №24 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

12. Р.Б. Нурумова мен Д.В. Чернобайдың кандидаттық диссертацияларын қорғауға қабылдау және Р.К. Яфязованың докторлық диссертациясын қорғау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 30.06.2009 жылғы №25 хаттамасы.

13. К.Р. Тулебаевтың докторлық диссертациясын қорғау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 01.07.2009 жылғы №26 хаттамасы.

14. А.А. Ауланбергеновтың докторлық диссертациясын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 09.07.2009 жылғы №27 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

15.Р.Б.Нурумова мен Д.В.Чернобайдың кандидаттық диссертацияларын қорғау, А.А. Ауланбергеновтың докторлық диссертациясын және Т.А. Балтабаеваның кандидаттық диссертациясын қорғауға қабылдау және Г.Б.Тыналина мен У.Ш.Нургабылованың кандидаттық диссертацияларын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 25.09.2009 жылғы №28 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

16.Г.Б.Тыналина мен У.Ш.Нургабылованың кандидаттық диссертацияларын қорғауға қабылдау және Т.А. Балтабаеваның кандидаттық диссертациясын қорғау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 29.10.2009 жылғы №29 хаттамасы.

17. А.А. Ауланбергеновтың докторлық диссертациясын қорғау және Л.М.Утепбергенова мен М.А.Жаканның кандидаттық диссертацияларын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 30.10.2009 жылғы №30 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

18.Л.М.Утепбергенова мен М.А.Жаканның кандидаттық диссертацияларын қорғауға қабылдау және Р.С.Омирбайдың докторлық диссертациясын сараптау үшін Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 10.11.2009 жылғы №31 хаттамасымен комиссия мүшелерін тағайындау.

19. Р.С.Омирбайдың докторлық диссертациясын қорғауға қабылдау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 20.11.2009 жылғы №32 хаттамасы.

20. Г.Б.Тыналина мен У.Ш.Нургабылованың кандидаттық диссертацияларын қорғау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 30.11.2009 жылғы №33 хаттамасы.

21. Л.М.Утепбергенова мен М.А.Жаканның кандидаттық диссертацияларын қорғау және Б.С. Ботантаева мен Е.К. Ботахановтың кандидаттың диссертацияларын қорғауға қабылдау, Д 14.61.25 диссертациялық кеңесінің 26.12.2009 жылғы №34 хаттамасы.



2. Кеңес мүшелерінің барлығы мәжілістің жартысынан көбіне қатысты.
3. Есеп беру жылындағы кеңес қарастырған диссетрацияларды қысқаша талдау:

3.1 Д.К. Халиковтың «Сел қаупі төнген кездегі логистикалық хабарлау жүйесінің құрылымы.» тақырыбына жазған диссертациясының ғылыми жаңалығы келесіде:

Селдік қауіптің туындауы мен қауіпі кезіндегі түрлі категорияларды хабарландыру керек барысындағы оның әсер ету үрдісі мен хабарлау жүйесінің құрылымдық сапасын бағалауға логистикалық әрекет ережелері мен теориясы өңделген,сонымен қатар селдік ағын туындағандағы хабарлау жүйесінің тиімдігі жүйесі анықталған және негізделген.

Қорғауға шығарылатын ғылыми ережелер мен нәтижелер:

Қауіпті аймақтарды анықтауға және талдау жүргізуге мүмкіндік беретін селдік қауіп туындаған кездегі ақпараттық ағындардың логистикалық тәуелділігі және оның негізінде хабарлау жүйесін жетілдіруге арналған бағыттарды анықтау.

Логистикалық талдау әдістемесі, АҚ және ТЖ хабарлау жүйелерін жетілдіру мен бағалау.

Селдік қауіп төнгенде және туындаған кездегі әр-түрлі сатылардың мекендік хабарландыруын қамтамасыз ететін, мүмкін ұялы байланысты пайдалануына негізделген хабарлау жүйесінің жаңа түрін жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Диссертациялық жұмыстың нәтижелері Қазақстан Республикасының ТЖ Министірлігінің (ҚР ТЖМ) әр-түрлі ұйымдастырушылық ақпараттық жүйелерінің құрылымын тұрғызу сапасын бағалауға және олардың әрекет ету жеделдігін бағалауға, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеуге мүмкіндік береді.

Селдік ағын қауіпі туындағанда және пайда болған кезде хабарлауды логистикалық автоматтандырылған басқару жүйесінің (ЛАБЖ) әсер ету алгоритмі өңделген.

Алматы қаласының ТЖ бойынша Департаментінің ғылыми-техникалық кеңесімен расталған ТЖ жою және ескертудің логистикалық ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша ұсыныстарды өңдеу барысында зерттеулер нәтижелері қолданылған және ҚР ТЖМ-нің техникалық ғимаратындағы тренажерлік қондырғыларда «Жерсілкінісін имитациялаушы» және техникалық ғимараттың ұялы байланыс операторында көрсетілген.

3.2 Н. Қыпшақбаевтың «Сырдарияның төменгі ағысында су ресурстарын ықпалдасып басқару негізінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына жазған диссертациясында өңделген гидротехникалық жарақтар жиыны Сырдария өңіріндегі көлдік жүйелерде су ресурстарын интегралды басқаруға мүмкіндік береді және экологиялық дағдарыстың пайда болу қауіпін едәуір төмендетеді.

Ұсынылған шаралар Сырдария өңіріндегі табиғатты сақтауды және қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Зерттеу нәтижелері күрделі экологиялық дағдарысты шешу үшін Қазақстан Республикасының басқа да өзендік бассейндерінде ұтымды пайдаланылуы мүмкін.

3.3 Д.С. Кимнің «Аралас отынды реактордың апаты жанында құтқаратын жұмыстардың қауіпсіздігін бағалау және болжамдау» тақырыбына жазған диссертациясының ғылыми жаңалығы келесіде: ауадағы оттегімен және тамшылар түзіп көміртегі тотығымен әрекеттесін және келтірілген қарқындылығы жоғары қоршаған ортадағы үлкен көлемді натрии болып табылатын натриилі жылутасымалдағыш реактордың қарқынды аймағындағы апаттың шынайы белгілерін анықтауда, бір-ақ адамға жүктелетін апаты мөлшерді анықтау барысында оның тірі ағзаға сәулеленуін қарыстармауға болатын.

Тірі ағзаның плутониимен іштей сәулеленумөлшерін анықтау барысында, берілген элементтің негізгі шоғырлану орнынан (қаннан, бауырдан және жұлын қабатынан) экскрециялау жылдамдығы төмендігімен байланысты оның биологиялық шығарылуын 0-ге тең деп қабылдаған жөн.

3.4 К.К.Алимованың «Өндірістік сарқынды суларды тазалау және отқа төзімді бұйымдарды шығаратын туннельді пештің газ жүйелерін зерттеу» тақырыбына жазған диссертациясында келесілер өңделген: өндіріситік және жасанды-дайындалған суларды экперименталды физика-химиялық зерттеулер келесіні қондыруға мүмкіндік береді:

- 45-50 г/л өлшенген заттардың жоғарыглиноземды бұйым цехындағы ағын сулардың коагуляция үрдісі тиімді деп табылатын 500-700 мг/л шамасында СаО қосу арқылы тиімді іске асырылады;

- шамотты цехтың және магнезиалды бұйым цехтарының ағын сулары үшін реагенттер мөлшері сәйкесінше 300 және 480 мг/л темір қаңқаны, 80 және 60 мг/л әкті құрады.

Қажетті күйдіру температурасына 1700 0С жету үшін туннельдік пеш позициялары бойынша газды отынды таратудың тиімді өлшемдері белгіленген, ол жылу агрегатының орталық бөлігіне отынның максималды мөлшері берілетіндігімен ерекшеленеді, ал дәстүрлі түрде отынды тарату күйдіру аймағының соңғы позицияларында оны төмендетумен сипатталады, ол жылу агрегатының жұмыс кеңістігіндегі температура деңгейін (1500 0С дейін) төмендетеді.

Материалды жылумен өңдеу кезінде жұмыс кеңістігінде біркелкі температураны түзуге үлес қосатын жану өнімдерін рецеркуляциялау бойынша тиімді шарттар анықталған.

3.5 Р.К. Яфязованың «Сел белсенділігін бағалау және оның климаттың ғаламдық жылыну жағдайында өзгеруін болжау» атты диссертациясының тәжірибелік маңыздылығы келесіде көрінеді: қолданылатын селден қорғау құралдарының Іле-Алатаудың солтүстік шатқалдарындағы казіргі климаттық жағдайдағы селге, сай келмейтіндігі қорытындыланды. Қазіргі уақыттағы іске асырылатын селден қорғану стратегиясын түпкілікті қайта қарастыру қажеттілігі берілген. Сел қоймасын түзетін дара платиналар көмегімен сельден қорғану тек экономикалық тиімді емес, сонымен қатар қауіпті, өйткені толған сель қоймасы қорғалған объектіге жақын орналасқан сельдің түзілу көзі болып табылады.

Сельге қарсы іс-шараларды жүргізу барысындағы бастысы сельдерді алдын алу керек. Селге қарсы іс-шаралар жиыны ұсынылған, оны уақытылы іске асыру глобальды жылу жағдайында да қорғауға мүмкіндік береді. Мәншүк Маметова мұздығындағы №6 көл арнасынан асқан кездегі Алматы қаласы үшін қауіп бағасы берілген және осы көлді қауіпсіз суалдыру әдістемесі ұсынылған.

3.6 К.Р. Тулебаевтың «Жолдарды қорғайтын ғимараттардың конструкцияларынесептеудің теориялық негіздері және таудағы табиғат құбылыстарының апаттарын болжаммен бағалау» атты диссертациясының ғылыми жаңалығы келесіде тұжырымдалған:

- қоршаған орта мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сәйкесінше қорғаныс үймеретін таңдауға мүмкіндік беретін, аймақтың катастрофалығын мүмкіндік бағаларынан қорғаныс шаралары өңделген және жүйелендірілген;

- аймақтың сейсмикалығын ескере отырып сырғымалы потенциал негізінде сырғымалардың басталуын жобалау әдісі жетілдірілген;

- құрылымына қатаңдық ядросын енгізумен қайта жоаланған және пайдаланылатын қорғаныс үймереттерін қалыптастыру және күшейту әдістері қарастырылған және сәйкесінше аналитикалық және сандық есептеу әдістері өңделген.

3.7 Д.В.Чернобайдың «Өнеркәсіптік кәсіпорында өрт сөндіруді басқарудың желісіз біріктірілген жүйені әзірлеу» тақырыбындағы диссертацисында шаң мен газ бойынша қауіпті көмір шахталарындағы автоматты өртке қарсы қорғанысын (АӨҚҚ) есептеу үшін қолданылатын өнеркәсіптік объектіні АӨҚҚ жүйесі үшін мүмкін болатын өртті модельдеу әдісі өңделген; ендіруге дайын компоненттері бар кез-келген тауқазу кәсіпорындарында қолданылатын шахтерлерді құтқарудың инновациялы чекпионтты жүйесіне негізделген автоматты басқару жүйесінің шахталық жүйе сұлбасы құрылған; шаң мен газ бойынша қауіпті көмір шахталары үшін үйреншікті, шахтерлерді құтқарудың чекпионтты жүйе сұлбасы құрылған.

3.8 Р.Б.Нурумовтың «Құрылыстық қоршау конструкцияларының шудан қорғау қасиеттерін болжау» таырыпты дисссертациясының ғылыми жаналығы келесіден тұрады:

- бір қабатты және көп қабатты қалың және екі қабатты жұқа дыбыс оқшаулағышты анықтаудың, нормаланған жиілікті диапазондағы жұқа плиталы қалың конструкцияларындағы ауа шуына аналитикалық тәуелділігінің жаңа формуласы алынды;

- алғашқы тәуелділіктер белгіленген және конструкцияларда кеңістікті – жиілікті резонанстармен шартталған шекаралық жиілігінен жоғары диапазондағы жұқа беттік материалдардан бір қабатты және көп қабатты дыбыс оқшаулағыштардың жиіліктік сипатын төмендететін формулалар анықталған;

- оқшаулау конструкцияларының ауа шуынан жиынды дыбыс оқшаулағышын есептеудің нәтижелі ұқсас формуласын түзету жолымен ғимараттардың бірігуі мен түйіндері арқылы берілу әсерін ескеретін конструкцияның дыбыс оқшаулағыш сипатын түзету формуласы алынды және біріккен конструкциялардың құрылыстық өлшемдерінің құрылымдық шуының берілуіне әсер ету тәуелділігі белгіленген;

- бір қабатты және көп қабатты оқшаулағыш конструкциялардың дыбыс оқшаулағыш қасиеттерін есептеу әдістері өңделген.

3.9 Т.С.Болатбаеваның «Акустикалық комфорт жасай отырып жұмыс орындарда еңбек шарттарын жақсарту» тақырыбындағы диссертациясының ғылыми жаңалығы келесі тапсырмаларды көрсетілген:

- хромды болатты легирлеуші элементтердің тиімді құрамы белгіленді (0.40 %С; 1.35%Si; 1.45% Cr; 0.45% Ni; 0.16%Y; қалғаны - темір), ол соқтығысу кезіндегі шуды төмендетуді қамтамасыз етеді сонысымен жұмыс орнында акустикалық комфортты түзеді;

- жоғарғы қыздыруда 650 0С ширату (9000С май), шу деңгейін 4-10дБА төмендететін хромды болаттың диссипативті қасиетін жоғарылатады;

- жалпы қалыңдығы 2*10-7м 20нм бойынша қабаттап наноқабаттан кейінгі механикалық шуды төмендету белгіленген.

3.10 А.А.Ауланбергеновтың «Мал шаруашылығы нысандарын сумен жабдықтау, садыра ағындысын тасымалдау және өңдеу технологияларын жақсарту» тақырыпты диссертациясының негізгі нәтижелері келесіде: «Су жинау құбыры – су көтергіш қондырғы» жүйесін құм түсуден және тозудан қорғау мақсатында жақсарту кезінде суды тазартудың гидроциклонды әдісі қабылданды. Зерттеулер көрсеткендей диаметрі 186мм гидроциклонмен жабдықталған ЭЦВ 8-40-60 сорабының өнімділігі 38,7-39,4м3/ч теңейді, сораптар, басты сорапқа қарағанда 4-5% төмен, ал энергияның артық шығыны 0,11-0,12кВт/ч дейін төмендеді. Ұсынылған жерді гидрошаятын пульпаның көтерілу сұлбада гидроэлеватор шығыны 7,39-8,75 м3/ч құрады, технологиялық қызмет көрсету коэффициенті 0,893 тең, ал үрдіс сенімділігі -0,972.

3.11 У.Ш.Нургабыловтың  «Ашық кен орнының автомобильдің ішкі жолдарынан шаңның шығуын төмендету тиімділігін арттыру» диссертациялық жұмысының ғылыми жаңалығы: кг/с-пен өлшенетін шаңның шығу ұғымын қолданумен карьерде автомобиль жолдарындағы атмосфералық ауа жағдайы бағаланды; пайдалы қазбаларды өндіру барысында карьердегі ауаны ластайтын жылжымалы шаң көздері үшін шаңның шығу қарқындылығы анықталды; карьер жолдары бойынша автокөлік қозғалысы кезіндегі шаңның шығуының теориялық негізі зерттелді;карьердегі автомобиль жолдарының төсемдерінде шаңды біріктіру үшін қоладынлатын ерітінділер шығынының бір бөлігі анықталды.

3.12 Г.Б. Тыналинаның «Алматы қаласының құрылыс өнеркәсіптерінде сәтсіз жағдайлардың алдын алу және болжау» диссертациясының негізгі мәні келесіде: құрылыс саласы жұмыс процестрін тікелей орындаушыларға қатысты аса үлкен қауіппен сипатталтын өндіріс салаларына жатқызылатыны белгілі. Оның үлесіне Қазақстан өнеркәсіптерінің 35пайызы тиесілі. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп отыр, сондай-ақ сәтсіз жағдайлар жайлы бірқатар мәліметтер ресми мағлұматтардың сыртында қалып отыр. Мұндай жағдай бір жағынан құрылыс саласында еңбекті қорғау шаралары тиімділігінің төмендігінде болса, екінші жағынан жұмыс күшінің аздығы, еңбек шарттарымен сәкес келмейтін біліктіліктері түрлі дәрежелі жұмыскерлердің болуымен де байланысты. Аталған жағдайлар құрылыс саласы жетекшілерінің, оның ішінде кішігірім, яғни жөндеу-құрылыс фирмалары, бір топ бригадалар жетекшілерінің жұмыскерлер біліктілігін арттыруға, оқытуға, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге және басқа да қорғаныс құралдарына жеткіліксіз қаражат бөлуімен сипатталады. Ресми статистикаға жүгінетін болсақ соңғы 5 жыл ішінде өндірістерде өліммен сипатталатын сәтсіз жағдайдардың жиілік коэффициенті 1000 жұмыскерге шаққанда, оның ішінде құрылыс саласында 13,4 пайызға ұлғайып отыр және ол 0,32 ге тең, яғни ол Қазақстан экономика салаларының орташа көрсеткішінен 2 есеге артып отыр. Құрылыс саласындағы сәтсіз жағдайлар деңгейлерінің жоғарылығы еңбек қорғау бойынша заңдық және нормативтік құқықтық актілердің қатаң түрде бұзылатынын көрсетіп отыр.Бұл мәселелер қазіргі кезде аса өзекті, және еңбек қорғау сұрақтырын шешуде аса маңызды ғылыми және тәжірибелік маңызы бар мәселе болып саналады. 

Алынған нәтижелер бойынша келесілерді атап айтуға болады: еңбектерге шолу және сәтсіз жағдайларды болжау тәжірибесі осы уақытқа дейін сәтсіз жағдайларды зерттеу және болжау мәселелері толықтай зерттелмегендігін көрсетті, одан басқа белгілі әдістер сәтсіз жағдайлар деңгейлерін анықтауда шынайы мәлімет бермейді.  Алматы қаласының құрылыс өнеркәсіптерінде болған сәтсіз жағдайлар бойынша жиналған материалдар сәтсіз жағдайдың көп факторлы құбылыс екендігіне көз жеткізеді, және оларды болжау және бағалау жұмыстарын ықтималдық теориясы мен  математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып шешу қажет.  Сәтсіз жағдайлардың орташа деңгейлерін анықтауда, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындарда болған сәтсіз жағдайлар себептерді анықтауда статистикалық әдістермен алынған мәліметтер нақты орташа нәтижелер алуда қателіктер туғызады, себебі сәтсіз жағдайлар бойынша бірқатар орташа мәліметтер аз уақыт аралығында жүргізіледі. Қарастырылған эргодикалылықпен сипатталатын кездейсоқ шамалар зерттеулері, және оның сәтсіз жағдайлармен байланысы ұзақ уақыт аралықтарында және сәтсіз жағдайлар бойынша көп мөлшердегі мәліметтердің бар болуы жағдайларында шынайы мәліметтер алуға мүмкіндік туғызады.  Ұсынылып отырған әдістермен сәтсіз жағдайларды зерттеу және болжау Алматы қаласы бойынша Еңбек және Әлеуметтік қорғау Департаментінде қолданыс тапқан. Ұсынылып отырған сәтсіз жағдайларды зерттеу және болжау әдістерінің негізгі конструктивті,  технологиялық және  техникалық-эксплуатациялық  мінездемелері: сәтсіз жағдайларды зерттеу және болжау әдісі бойынша негізгі мінездемелер болып сәтсіз жағдайлар бойынша алынған көп мөлшердегі мәліметтер және зерттеу жүргізудегі ұзақ уақыт аралығы.

3.13 М.А Жаканның « Төтенше жағдайда логистикалық ұйымдасқан шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жасау» диссертациясының зерттеу әдістері: ғылыми-техникалық ақпараттарды талдау және жалпылау; төтенше жағдай кезіндегі адамдар ағымының логистикалық талдануы; жүйенің құрылымын модельдеу; жүйелік (құрылымдық, қызметтік, ақпараттық) талдау; зертханалық және тәжірибелі-санақтық талдау. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары және ол бойынша ұсыныстары төмендегідей: жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ТЖ аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгенде шұғыл психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін ТЖ логистикасының әдістері мен прициптерін қолданудың тиімділігі анықталды. Мәселенің логистикалық анализі өткізіліп және оның шеңберінде шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесі, сонымен бірге оның әр элементтерінің бөлшектенуі құрылымдық, қызметтік және ақпараттық сүйреттеуден өтті. Шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесінің және оның құтқару және басқа күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қызмет ету процесінің логистикалық ұстанымының теориясы мен қағидалары жасалды. ТЖ кезінде зардап шегушілерге шұғыл психологиялық көмек көрсетуге арналған күш шараларын санауды негіздеуге мүмкіндік беретін, қиратпалы жер сілкінісі кезіндегі шығындарды анықтау бойынша тәуелділіктерді және психологиялық құрамалардың қажеттіліктерінің оперативті-тактикалық нормативтері алынды.

3.14 Л.М.Утепбергенованың «Мырғалымсай кен орны жер асты (шахта) суын шаруашылық - ауыз суы ретінде пайдаланудың тиімді тазарту технологиясын өңдеу» диссертациялық жұмысының өзекітілігі Кентау, Түркістан қалалары ауыз суы тапшылығын тартып отырғандықтан және Кентау-Түркістан аталатын топтық су құбыры арқылы сумен жабдықталатындықтан 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз суы» салалық бағдарламасына енгізілді. Көп жыл бойы реттеліп отыратын су қоймаларын тұрғызу жолымен жер үсті суларын қолдану жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Себебі, бау-бақша суару қажеттілігіне нұқсан келетін болды. Барлау нәтижесінде 60 - 70 шақырым шамасында ауыз суға жарамды жер асты суларының қоры кездеспеді. Қолдануға ең тиімді жер асты суының қоры болып Мырғалымсай кен орны болып саналады. Рудниктерді консервацияға жабу себебінен жер асты суы көтеріліп, тасқынға апарып соқты. Бірақ, бұл сулардың химиялық құрамы ауыз су ретінде пайдалануға жарамай отыр, ШРК-дан асатын тұздардың кермектігі >10мг-экв/л, Pb, Ni, Mo, Co ауыр металдар иондарының секірісі байқалады, яғни ҚР 3.01.067-97 жылғы «Ауыз суы. Ауыз сумен жабдықтаудағы орталықтандырылған жүйедегі судың сапасына гигиеналық талап. Сапаны бақылау» СанЕж/еН талаптарына сай емес. Бұл диссертациялық жұмыс Мырғалымсай кен орны жер асты суын Кентау мен Түркістан қалаларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау мақсатында технологиялар дайындауға арналған. Диссертациялық жұмыс Халықаралық инженерлік және ҚР Ұлттық инженерлік академияларының академигі М. Мырзахметов жетекшілік ететін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-тің «Құрылыс инженерлік жүйелері» кафедрасының көп жылғы ғылыми-зерттеу еңбектері болып саналады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: диссертацияда алынған зерттеулерге негізделе отырып Мырғалымсай кен орны жер асты суын баптау мен тазартудың тиімді технологиялық жүйесі ұсынылды және ол жұмыс жобасының негізі болып қабылданды; қойылған талаптарға сәйкес сүзгілерді қолдану мен сүзудің ұтымды тәртіптері мен көрсеткіштері анықталды; жер асты суын тазартудың цеолиттік сүзгі арқылы сүзу әдісі мен баптау процесі, суы кермекті және құрамында ауыр металдары бар аймақтарда өз қолданысын табады. Жер асты суларын тазалау тәсілін пайдалану үшін Қазақстан Республикасы, Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы Комитетінің патент ведомоствасының №60473 авторлық куәлігі 2009 жылдың 15 маусымында және жер асты суларын ауыр металдар иондарынан тазарту тәсілін пайдалану үшін Қазақстан Республикасы, Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы Комитетінің патент ведомоствасының №60835 авторлық куәлігі 2009 жылдың 15 шілдесінде берілді.
4. Ресми оппоненттердің жұмысы және жетекші ұйымдардың пікірлерін талдау

4.1 Д.К.Халиковтың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Игбаев Т.М., т.ғ.к. Акимбаев Е.Ж.

Жетекші ұйым – Алматы энергетика және байланыс институты.

4.2 Н. Кыпшақпаевтың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. мырзахметов М.М., т.ғ.к. Кумар Д.Б.

Жетекші ұйым – М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы.

4.3 Д.С. Кимнің диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Омаров С.С., т.ғ.к. Казина И.В.

Жетекші ұйым – Қарағанды мемлекеттік техникалық университет.

4.4 К.К.Алимованың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Соатов У.А., т.ғ.к. Боранбаев Э.К.

Жетекші ұйым – М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы.

4.5 Р.К.Яфязованың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Қасымбеков Ж.К., т.ғ.д., проф. Кошумбаев М.Б., т.ғ.д., проф. Исаенко Э.П.

Жетекші ұйым – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты.

4.6 К.Р.Тулебаевтың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. ҚалыбековТ., т.ғ.д., проф. Кошумбаев М.Б., т.ғ.д., проф. Абаканов Т..

Жетекші ұйым – Алматы энергетика және байланыс институты.

4.7 Р.Б.Нурумовтың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Долгов П.В., т.ғ.к. Сыздыкова А.Н..

Жетекші ұйым – Алматы энергетика және байланыс институты.

4.8 Д.В.Чернобайдың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Акмолаев К.А., т.ғ.к. Сыздыкова А.Н..

Жетекші ұйым – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты.

4.9 Т.А. Болатбаеваның диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Даулетбаков Т.С., т.ғ.к. Касенов К.М..

Жетекші ұйым – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты.

4.10 А.А.Ауланбергеновтың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. И.Абдурасулов, т.ғ.д., проф.Абилжанулы Т., т.ғ.д., проф. Баймиров М.

Жетекші ұйым – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекттік университеті.

4.11 У.Ш.Нургабыловтың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Даулетбаков Т.С., т.ғ.к. Құттыбаев С.К..

Жетекші ұйым – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты.

4.12 Г.Б.Тыналинаның диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Акмолаев К.А., т.ғ.к. Касенов К.М..

Жетекші ұйым – Алматы энергетика және байланыс институты.

4.13 М.А.Жаканның диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Игбаев Т.М., т.ғ.к. Қыпшақбаев Н.

Жетекші ұйым – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты.

4.14 Л.М. Утепбергенованың диссертациясы бойынша ресми оппоненттері: т.ғ.д., проф. Кожаспаев Н.К., т.ғ.к. Чекаев М.Г..

Жетекші ұйым – М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы.

Ресми оппоненттердің және жетекші ұйымдардың барлық пікірлері оң және ҚР ғылым мен білім саласы бойынша бақыла Комитетінің ережелеріне сәйкес жазылған.




р/с

Жетекші ұйым

Ізденушінің аты жөні

Саны

1

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекттік университеті

Ауланбергенов А.А.

1

2

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы

Қыпшақбаев Н.

Алимова К.К.

Утепбергенова Л.М.


3

3

Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты

Яфязова Р.К.

Чернобай Д.В.

Болатбаева Т.А.

Жакан М.А.

Нургабылов У.Ш.


5

4

Алматы энергетика және байланыс институты

Нурумов Р.Б.

Тулебаев К.Р.

Халиков Д.К.

Тыналина Г.Б.



4

5

Қарағанды мемлекеттік техникалық университет

Ким Д.С.

1


№ р/с

Оппоненттің ата жөні

Ізденушінің аты жөні

Оппонирлеу саны

1

Игбаев Т.М.

Халиков Д.К.

Жакан М.А.



2

2

Степанов Б.С.

Қыпшақбаев Н.

1

3

Омаров С.С.

Ким Д.С.

1

4

Соатов У.А.

Алимова К.К.

1

5

Касымбеков Ж.К.

Яфязова Р.К.

1

6

Калыбеков Т.

Тулебаев К.Р.

1

7

Долгов П.В.

Нурумов Р.Б.

1

8

Акмолаев К.А.

Чернобай Д.В. Тыналина Г.Б.

2

9

Даулетбаков Т.С.

Болатбаева Т.А.

Нургабылов У.Ш



2

10

Абдурасулов И.

Ауланбергенов А.А.

1

11

Кошумбаев М.Б.

Яфязова Р.К.

Тулебаев К.Р.



2

12

Исаенко Э.П.

Яфязова Р.К.

1

13

Абаканов Т.

Тулебаев К.Р.

1

14

Кожаспаев Н.К.

Утепбергенова Л.М.

1

15

Абилжанулы Т.

Ауланбергенов А.А.

1

16

Баймиров М.

Ауланбергенов А.А.

1

17

Акимбаев Е.Ж.

Халиков Д.К.

1

18

Кумар Д.Б.

Қыпшақбаев Н.

1

19

Казина И.В.

Ким Д.С.

1

20

Боранбаев Э.К.

Алимова К.К.

1

21

Сыздыкова А.Н.

Нурумов Р.Б.

Чернобай Д.В.



2

22

Касенов К.М.

Болатбаева Т.А.

Тыналина Г.Б.



2

23

Куттыбаев С.К.

Нургабылов У.Ш

1

24

Қыпшақбаев Н.

Жакан М.А.

1

25

Чекаев М.Г.

Утепбергенова Л.М.

1


5. Аттестациял жүйесін келешекте жетілдіруге арналған ұсыныстар.


  1. Ғылым докторларын, басқа ұйымға жұмыс ауыстырғандары жайында ҚР білім мен ғылым саласын бақылау Комитетіне хабарлауды міндеттеу.

  2. Жетекші ұйымдардың, мамандықтарына сәйкесінше екі профильді ғылым докторларымен аралық басылымнан өткізіп отыру қажет (немесе кеңесті хабардар ету керек), өйткені Кеңес ғылым докторларының жұмысы бойынша басқа ұйымға ауысқаны жайында мәліметтерді білмейді.

  3. Еңбегі бойынша мамандықтарды ұсынуға құқылы диссертациялық Кеңесмүшелеріне берілген мамандығы бойынша диссертациялық жұмыстарды оппонирлеу құқығын ресми рұқсат ету.

Диссертациялық кеңеске бұрын болғандай, оппоненттерді қосымша мамандық бойынша тағайындауды рұқсат ету.

  1. Дисссертацияға берілетін құжаттар саны мен көлемін азайту қажет. Мысалы, үштік қорытындысын алу, өйткені профильді кафедра мен зертхана қорытындысы жеткілікті. Автореферат шифры сай келетін оппоненттнрдің еңбек тізімдерін атау қажет емес. Қорытындыда жетекшілердің белгіленуі неліктен, егер диссертация соның жетегімен дайындалса және т.с.с.

  2. Жаңа диссертациялық кеңес құрамында басқа қалалық мүшелер көпжәне ол кворумды қамтамасыз етуді қиындатады. Сондықитан «Ережеге...» келесі хатты енгізген жөн «Кворум толық бүтін санға дейінгі дөңгелектеуді ескергендегі, 2/3 тізімдік Кеңес құрамын құрайд». Мысалы, егер диссертациялық кеңес мүшесі 16 болса, онда 2/3 10,66, ал кворус 10 тең болады.


6. Ғылым докторы ғылыми дәрежесіне ізденуге қарастырылған диссертациялар жөніндегі мәліметтер




Мамандық шифрі

Мамандық шифрі

Мамандық шифрі

05.23.04

05.26.01

05.26.02

Ғылым саласы

Ғылым саласы

Ғылым саласы

Техникалық

Техникалық

Техникалық

1

2

3

4

Ізденушілердің өтініші бойынша қарастырудан алынған жұмыстар

-

-

-

Қорғау нәтижесі бойынша оң шешілген

-

-

1

Соның ішінде басқа ұйымдардан

-

-

-

Қорғау нәтижесі бойынша теріс шешілген

-

-

-

Соның ішінде басқа ұйымдардан

-

-

-

Қосымша қорытынды берілген

-

-

-

Соның ішінде басқа ұйымдардан

-

-

-

2009ж. 01.01. күніне қарастырылуда

-

-

2


7. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге қарастырылған диссертациялар жөніндегі мәліметтер




Мамандық шифрі

Мамандық шифрі

Мамандық шифрі

05.23.04

05.26.01

05.26.02

Ғылым саласы

Ғылым саласы

Ғылым саласы

Техникалық

Техникалық

Техникалық

1

2

3

4

Ізденушілердің өтініші бойынша қарастырудан алынған жұмыстар

-

-

-

Қорғау нәтижесі бойынша оң шешілген

1

-

3

Соның ішінде басқа ұйымдардан

-

-

-

Қорғау нәтижесі бойынша теріс шешілген

-

1

-

Соның ішінде басқа ұйымдардан

-

-

-

Қосымша қорытынды берілген

-

-

-

Соның ішінде басқа ұйымдардан

-

-

-

2009ж. 01.01. күніне қарастырылуда

1

4

1

ДК төрағасы М.М. Мырзахметов
ДК хатшысы М.Т. Жараспаев

«29» желтоқсан 2009 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет