Диссертацияның рефераты қызылорда, 2012ж



Дата27.06.2016
өлшемі311.8 Kb.
#161219
түріДиссертация

ӘӨЖ 633.853.494:631.331:631.58:633 (574.54) Қолжазба құқығында



ЕСІРКЕСІНҚЫЗЫ БОТАКӨЗ
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАУЛТӨБЕ ТӘЖІРИБЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСІНДЕ

РАПС ДАҚЫЛЫН АРНАЙЫ ӘМБЕБАП СЕПКІШПЕН ЖАЛҒА ЕГІП ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

6М080100-Агрономия мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

диссертацияның

РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аграрлық –техникалық факультетінің «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: ауыл шаруашылығы ғылымдарының

кандидаты, доцент Б.Қ Кенбаев


Ресми оппоненті: техника ғылымдарының

докторы, С.Ы Өмірзақов

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 2012 жылы «­­­___» маусымда сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №4 оқу ғимараты. Аграрлы-техникалық факультеті, 201-дәрісхана) қорғалады.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К.Байсейтова көшесі, №100) танысуға болады.


Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Б.Қ. Байжанова
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін келешекте дамытудың нақты жоспарларында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және дақылдардың өнімділігін арттыра түсу көзделіп отыр. Осы міндеттерді орындаудың қайнар көзінің бірі – майлы дақылдар өндірісін ауқымды және қарқынды алға бастыру. Бұл іс-шаралардың жүзеге асуы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін және өсімдік шаруашылығын диверсификациялауды қамтамасыз етуге пайдасын тигізетіні сөзсіз.

Республикада өсірілетін майлы дақылдар дәніндегі май шығымы 24-60% және басқа да жағдайларға байланысты өзгереді. Алынатын өсімдік майы химиялық құрамына, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады. Оңтайлы өсіру тәсілдерін қолдану арқылы өндірілетін майдың аталған көрсеткіштерін жоғарылатуға болады. Өкінішке орай, бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің де, сапаның да деңгейі ойдағыдай емес. Мұндай сәйкессіздік аймақтардың топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті деңгейде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі, сондай-ақ пайдаланыстағы дақылдардың тиімді инновациялық өсіру технологияларының жетіспеуі салдарынан орын алып отыр.

Аталған жағдайларды түзету нақты бағытталған келесі мәселелер көтеріліп, маңызды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, сұйық май өндірісін тиісті жолға қою мақсатында оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және әртараптандыруын қамтамасыз ете алатын дәрежеде дамыту стратегиясы қабылданды. Онда егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық рентабельділігі жоғары технологиялар жасап өндіріске енгізу, тәлімі егіншіліктегі дақылдар үлесін арттыру, дәстүрде жоқ өсімдіктер есебінен сақтық қорлық дақылдарының ассортиментінен көбейту және басқа шаралар көзделген. Алда тұрған осындай күрделі де маңызды мәселелердің табысты шешілуі, ең әуелі, майлы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтумен, сондай-ақ өнімділігі және қоршаған ортаға бейімділігі жоғары жаңа түрлерін өндіріске кеңінен енгізумен тығыз байланысты.

Осыған орай магистрлік жұмыс майлы дақылдардың шаруашылық үшін құнды белгілері мен қасиеттерін, оның ішінде тұқым өнімділігін, сапасын және нақты топырақ-климат жағдайларына бейімділігін бағалап, Қызылорда облысы аймағында өсіруге лайықты диверсификациялық түрлерін ұсынуға және өңірде өсіруге мүмкіндігі мол майлы дақыл рапстың өсіру технологиясын жасауға бағытталуға оның өндіріс сұраныстарына сәйкес көкейкестілігін білдіреді.



Жұмыстың мақсаты: Қызылорда облысы жағдайында күріш дақылының негізгі дақыл болуына байланысты, қосымша дақылдарға көп жылдар бойы бидай мен жоңышқа жатты. Бірақ судың жетіспеуіне байланысты инженерлік күріш тегістелген жүйесі істен шығуда. Сондықтан суару нормасын аз талап ететін дақылдарды, оның ішінде рапсты жерсіндіру арқылы облыс ауыл шаруашылығын әртараптандыру болып табылады.

Жұмыстың міндеті: Рапс дақылын өсіру үшін оның негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, Қызылорда облысы жағдайында оны кең көлемде өсіруді қалыптастыру және қайта өңдеу мекемелері, оның ішінде биоэталон өнімін шығаруға шикізат көзімен қамтамасыз ету.

Күтілетін жаңалық: Далалық зерттеулер мен эксперименттер арқылы Қызылорда облысы жағдайында рапстың негізгі агробиологиялық қасиеттері мен табиғи- өндірістік ерекшеліктерді анықтап, олардың нәтижелерін математикалық статистика әдістерімен өңдеу.

- Рапс өсірудің агротехникалық мерзімдері мен талаптарын ескере отырып техникалық картасын негіздеу.

- Рапс өндірудің экологиялық тиімділігін анықтау

- Алынған нәтижелер негізінде шаруашылықтарға рапс егуді ұсыну.

Әмбебап сепкішін қолданып, алынған нәтижелер мен ұсыныстарды басқа да әртараптандыру дақылдарын зерттеуде қолдануға мүмүкіндік береді.

Диссетацияның қорытындылары жайында 5 мақалада жарияланды. Экономикалық тиімділік 3540,25 теңгені құрайды. Өзін өзі өтеу мерзімі 3,9 жыл.

Диссертациялық жұмыс комьпютерде 88 бетке теріліп басылды, оның ішінде 17-кесте, 8-сурет және қосымша кірістірілген. Жұмыс кіріспеден, 4-тараудан, қорытындыдан, өндіріске ұсыныстан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 116.

Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында рапс дақылын өсіріп жинаудың технологиясына талдау. Елімізде ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі саласы болып астық өндірісі болып табылады.

Негізгі дақыл күздік және жаздық бидай болғанымен, күріш, сұлы, арпа, рапс және тағы басқа дақылдар өсіріледі. Аталған дақылдар ішінде рапс дақылына көңіл бөлу қажеттігі туындап отыр. Себебі дүние жүзінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы дамыған елдерде рапс өсіруді ұлғайту тенденциясы орын алады. Себебі бағалы майлы дақылдар ішінде рапс алдыңғы орын алады. Мысалы, әлемдік нарықта Канада даярлаған рапс майы жоғары бағаланады және сапасы жөнінен зәйтүн майына теңестіріледі, оның үстіне аталған мемлекетте маргарин майын өндіруде 32% және одан жоғары мөлшерде рапс майы қолданылады.


Рапс көп бағытты дақыл, оны пайдалану түрлері 1- суретте келтірілген.

Рапс майы

Балдық өсімдік



Рапс

Жемдік белок



Био жанар май

1-сурет. Рапс дақылын пайдалану бағыттары.


Ғылыми негізделген мөлшер бойынша 1 жемдік бірлікте 105-110г қорытылатын протеин болуы тиіс, бірақ нақты жағдайларда 80-90 г аспайды. Бұндай жетіспеушілік мал басының өнімділігіне ғана емес, олардың көбеюіне де әсер етеді. Сондықтан бұл өзекті мәселені жем- шөп құрамына рапсты қоса отырып шешуге болады. Рапс дәнінде 40...50% май және 21% белок болады. 1 га 5,5 ц май және 2,5 ц белок өндіріледі [3]. 1 тонна рапс (жмых) 7-8 топан дәндік (фураж)-ға тең.

Рапсты жемдік бағытта пайдаланудың маңызды түрі – рапстың шырынды массасы. Биохимиялық сапасы бойынша жаздық рапс ең жоғары жем- шөптік дақыл.

Келесі бағыт – рапсты бал өнімдерін алуға пайдалану. 1 га рапстан аралар 90-100 кг дейін бал жинайды. Оның үстіне рапстың гүлдену мерзімі басқа дақылдармен салыстырғанда ұзақ: 20-30 күнге тең. Бал жинау мерзімін ерте көктемде, көктемде және жазда егуге байланысты қосымша ұзартға болады [4].

Соңғы жылдары бүкіл дүние жүзінде рапс майын қолданудың перспективалық бағыты дамып келеді, ол энергияның биологиялық көзі – био отын. Біріншіден, экологиялық таза дизельдік биоотын; Екіншіден био отынды минералдық шикізатқа қосып, энергетикалық сипаттамасы жоғары отын – био этанол өндіру.


Рапс Европа, Канада, Қытай және Индияда көптеп өсіріледі

1-Индия; 2- Евроодақ; 3- Канада; 4- Қытай; 5-Бүкіл дүние жүзі бойынша


2-сурет. Дүние жүзіндегі рапс дақылын өсіретін жетекші мемлекеттер арасындағы рапс дақылының алатын ауданы.
Ал, өз кезеңінде рапс өсіретін АҚШ, Ресей, Пакистан, Бангладеш және т.б. елдерде рапс дақылының орташа ауданы 0,25... 0,3 млн.га аумағында ауытқиды[1].

Қызылорда облысы жағдайында күріш ауыспалы егістігінде негізінен жоңышқа мен бидай дақылдары өсіріледі. Күріш дақылының ауданының соңғы 10 жыл ішінде 70-75 мың.га арасында тұрақтануына байланысты инженерлік – тегістелген жерлерді сақтап қалу үшін сұлы, арпа, жүгері, рапс дақылдарын егу маңызды мәселесі болып табылады. Сондықтан 2009-2011 жж. аралығында рапс дақылын егіп- өсіру зерттелді. Оның барысында аталған дақылдардың облыстық табиғи- климаттық жағдайына агробиологиялық қасиеттерінің сәйкес келетіндігі анықталды. 3- суретте рапстың себу нормасына байланысты негізгі

көрсеткіштер келтірілген.

1- өсімдік саны, дана;

2- өсімдік биіктігі, см;

3- өнімділігі, ц\га.


3-сурет. Себу нормасына байланысты рапстың 1 га-ғы саны, биіктігі және өнімділігінің өзгерісі.
«Целин НИИМЭСХ» мекемесінің эксперименттік зерттеулер қорытындысы бойынша рапс дақылынан алынған биоотын рапстың орташа өнімділігі 10 ц\га болған жағдайларда өзіндік құны дизелдік отыннан 25-30 % төмен болатындығын көрсетті (1 кесте) [4].
1-кесте. Рапс дақылының өнімділігі


Рапс өнімділігі ц\га

1 кг құны, теңге

Дизелдік отынмен салыстырғанда

Дән

Май

Био отын

7,5

12,1

44,3

47,3

86

10

9,1

34,3

40,5

74

15

6,1

24,3

33,5

61

20

4,6

19,3

30,0

55

Жалпы қорыта айтқанда ҚР үшін рапс дақылы бидай мен салыстырғанда беретін өнімдері, өнімділігі және қолдану жерлері көп, перспективалы дақыл болып табылады.



Жалға өсірілген рапс дақылын енгізу үшін жер өңдеудің технологиясын негіздеу. Ауыл шарушылық дақылдарынан жоғарғы өнім (жем – шөп және тұқым бойынша) алуға бағытталған агротехникалық тәсілдердің ішіндегі ең маңыздысы жер өңдеу операциялары мен олардың тәсілдерін таңдау.

Рапс ылғалдыққа көп тәуелді болғандықтан, топырақ ылғалдылығын тиімді пайдалану мен сақтау жұмыстары дәнді дақылдармен салыстырған өте маңызды болып табылады.

Сондықтан топырақты дайындаудың барлық агротехникалық әдістері алқаптың арам шөптерден толық тазалануы мен ылғалды сақтауға және рапс дақылының тез өсіп шығуына бағытталуы тиіс.

Рапстың алдында өсірілген дәнді дақылдар комбайн арқылы жинаған, атыз ішіндегі сабан қалдықтары толығымен алынуы тиіс.Алдындағы астық жиналған соң Ресей федерациясы мен Қазақстан Республикасының Солтүстік облыстарында тиісті тырмалармен сабан қалдықтары атыз ішінде тегіс жойылады.

Көктемде топырақты майдалап, тегіс жаю үшін МТЗ – 80 /82 + КРН – 4,2 жеңіл культаватор агрегаты қолданылады. Жырту тереңдігі 5-6 см. Одан кейін тырмалау және тығыздау жұмыстарына МТЗ – 80-82 + 3БЗСС – 1,0 және

МТЗ – 80/82 + 3 КВГ – 1,0 агрегаттары пайдаланылады. Атыздағы топырақ тегіс жайылмаса өнім шығыны 20 % - дейін жетеді.

Келесі операция – ол рапсты тікелей сепкенге дейін 7 күн бұрын топыраққа арам шөптерге қарсы гербицид енгізу. Оған глифосат гербициді қолданылыуы тиіс. Себу нормасы – 3,0 л /га.

Солтүстік аймақтарда жер жыртудың нөлдік және минималдық тәсілдері қолданылады.

Төменде Қазақстан Республикасының Солтүстік аймақтарында рапс дақылына жер өңдеуде қоданылатын технологиялық процесс көрсетілген.

2 – кесте Солтүстік аймақта рапс дақылына жер өңдеудің технологиясы.







Жұмыс аты

Орындалу мерзімі


Агрегат құрамы

1.

Топырақты минералды

немесе нөлдік өңдеу



10.09 – 1.10.


Т – 150 к + соқа

2.



Топырақты қопсыту және тегісту

1.05 – 16.05

МТЗ – 80 /82 + КРН – 4,2

3.

4.


Топырақты тырмалау

Топырақты тығыздау



2.05 – 18.05-

2.05 – 18.05



МТЗ – 100 / 102 + 363СС – 1,0.

МТЗ – 80 /82 + 3 КВГ-1,0


5.




Гербицид енгізу (глифосат 3,0 л/га )

2.05 – 18.05



МТЗ-100/102+ОП – 3,5

6.


Топырақты тырмалау


4.05. – 20.05


МТЗ – 100/102+3БЗСС-1,0


7.

Топырақты тығыздау.

4.05. – 20.05

МТЗ-100/102+3 КВГ-1,0

Келесі кестеде рапс егу үшін топырақ даярлаудың Қызылорда облысы жағдайындағы ұсынылып отырған технолгиясы көрсетілген (3-кесте).


3 – кесте Қызылорда облысы жағдайында жалға өсіру рапс дақылына жер өңдеудің ұсынылып отырылған технологиясы





Жұмыс аты

Орындалу мерзімі

Агрегат құрамы

1.

Сүдігер жырту

1.10 – 25.10.

Т- 150 к + плн – 5 – 35,

К-701 + пн – 8 – 35



2.

Көктемде малалау

10.04 – 20.04

Т-150 к + Мв -6,

ХТЗ -172+мв – 6



3.

Дискілі тырмалау

10.04 – 20.04

ХТЗ -172+БДТ – 7,0

К- 701 бд – 9,0



4.

Гербицид енгізу

(глифосат 3,0 кг/л)



10.04 – 20.04

Мтз – 80/100 – оп – 3,5

5.

Топырақты тырмалау

10.04 – 20.04

Мтз – 80 /100 – 3бз сс-1,0

Мтз – 80 /100 – 3бз тс-1,0



6.

Топырақты тығыздау

10.04 – 20.04

МТЗ – 80 /100+ 3 КВГ-1,0

Ұсынылып отырылған технологиядағы негізгі жер өңдеу жұмыстары саны 6, яғни 1 операцияға азаяды. Және орындалу мерзімдері агротехникалық талаптарға сәйкес.Сондықтан рапс үшін жер өңдеу операциялары экономикалық тиімділікке жеткізеді және қорытындылары диссертация соңында берілген.



Жалға өсірілген рапсқа тыңайтқыш енгізу әдістеріне талдау. Жаздық рапс тыңайтқыш енгізгенде өнімін өсірері және бидай мен салыстырғанда қоректік элементтерді 1,5 – 2 есе артық пайдаланады. Таза пардан кейін рапс дақылын еккен уақытта орташа мөлшерде 90 кг/га фосфор және 60 кг/га азот енгізген экономикалық тиімділікті арттырады. Бұл мәлеметтер Қазақстан Республикасы Солтүстік аймақтары үшін анықталған.

Рапс дақылын өсіру кезінде азот пен фосфор тыңайтқыштары мен қоректендіруді теңдестіріп ұстау өте маңызды, себебі рапсты азотпен қоректендіруге көбірек талап қойып отыру керек.

Сондықтан көктемде рапс тұқымые себкенде қатарға N 30 Р 20 дозасымен азотты – фосфорлы тыңайтқыш берген өте тиімді. Өйткені ол өнімділікті арттырады және дақыл сабақтарының құлап, жатып қалмауына әсер етеді. Қатар аралық тұқым себу кезінде 1 гектарға 20 кг фосфор енгізу өнімділікті 6,9 %, ал жем – шөп шығымын 11,3 % арттырады.

Сондықтан Қызылорда облысы жағдайында рапс дақылын өндіру үшін тыңайтқыш енгізу мөлшерін анықтау, қай мезгілде үстеп қоректендіру қажеттілігінің маңызы өте зор. Жүргізілген тәжірибе нәтижелерімен ұсыныстар 4 және 5 бөлімдерде беріледі.



Жалға рапс тұқымын себу технологиясы. Арам шөптерді толық жою үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында рапс себудің ең қажетті мерзімі болып мамыр айының 20 – 30 жұлдыздары аралығы табылады. Осы мерзім аралығында тәжірибе қорытындылары рапстың ең жоғарғы өнімділіктерін көрсеткен. Регионда тұқым себудің ұтымды тереңдігі 4 – 5 см болып табылады, себебі қазіргі ұсынымдар рапсты 2 – 3 см тереңдікке себуді ұсынады, бірақ ауа райының шұғыл көтерілуіне байланысты топырақтың беткі кабаты тез ылғалын жоғалтады.

Сол уақытта рапс тұқымы далалық өсулік қасиетін жоғалтады.Тұқым себу үшін « Дерозал » 50 % - дық препаратымен өңделген, 1 тонна сапалы тұқымға шығым мөлшері 2,0 – 2,5 кг/т болатын тұқым таңдалуы тиіс.

- Тұқым себу нормасы 2,8 – 3,2 млн/га өсіп шығуға жарамды дәндер болуы тиіс.

- Себу тәсілі – дискілі тұқым сепкішпен себіледі.

- Қатар аралық – 12,5 + 0,5 см.

Рапс тұқымының өте майда болуына байланысты қолданыстағы С3-3,6, С3У-3,6, С3Т – 3,6 және т.б. тұқым сепкіштер жарамайды. Сондықтан перспективалы және бағасы арзан СПУ – 6 дән сепкіші ұсынылады (Беларусь, Минск қаласы) ; бағасы 5000 Ақш доллары:


4– кесте. СПУ – дән сепкішінің техникалық сипаттамасы.




Көрсеткіш

Мәні

1.

Жұмыс алым ені, м

6,0

2.

Сошник түрі

Анкерлі диск

3.

Жұмыс жылдамдығы, км / сағ

5 – 12

4.

Бункерлер сыйымдылығы, Л

1000

5.

Тұқым себу нормасы, кг/га

0,4 – 460

6.

Қатарлық ені, см

12,5

7.

Жүксіз салмағы, кг

1100

8.

Ауысымдық өнімділік, га

50 – 60

9.

Ұзындығы, мм

7250

10.

Ені, мм

2200

11.

Биіктігі, мм

2280




Жегітілген тракторы


МТЗ – 80 / 82

МТЗ – 100 / 102



Рапс тұқымын сеуіп болғаннан кейін тұқым топырақпен толық байланысты және ылғал ұшып кетпес үшін МТЗ – 80 /82 + 3 ККШ – 6,0 агрегатымен тығыздалғаны дұрыс.

Егістікті күту үшін рапсты өсіруге арналған ресурс үнемдегіш технология даярлануы тиіс. Онда 1 га рапсты егуге, өсіруге, күтуге және жинауға кеткен барлық шығындар, оның ішінде жанар – жағар май шығыны еңбек шығыны, жалақы мен тікелей шығындар көрсетілуі қажет.

Рапстың арам шөптерін жою үшін қазіргі уақытта гербицидтердің үш түрі қолданылады.Олар:

1.Глифосат; ( 2,0 – 3,0 кг/га )

2.36 % және 48 % - дық Раундал, ( 2,0 – 2,5 кг/га)

3.36 % Доминатор ( 2,0 – 2,4 кг/га )
Бұл гербицидтер өздерін өндірісте жақсы көрсеткен. Бірақ кейбір арамшөптердің кеш шығуына байланысты гербицидтердің келесі түрлері қолданылады:

- Пантера 4,0 % - 1,5 л/га 3 – 4 жапырақ жайған кезде қолданылады.

-Арамо 50,5 % раствор бүлда 3 – 4 жапырақ жайғанда қолданылады.

Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары – рапс дақылын жалға егіп -өсіру технологиясы. Рапстың көгі – 8-10 мамырда пайда болады.өсімдіктер жиілігін анықтау нәтижелері бойынша барлық дақылдар бойынша көлем бірлігіндегі ең көп өсімдік саны жоғары нормалы нұсқаларда байқалды. Мысалы, рапс себу нормасын 2 есеге көбейткенде өскіндер саны тиісінше 2,3 және 2,1 есеге,ал қытай бұршағы дақылында -1,5 есеге көбейді.

Қызылорда облысы жағдайындағы күріш ауыспалы егісінде негізінен жоңышқа, түйежоңышқа бүркеме дақыл ретінде бидай және жоңышқа егіледі. Ал күріш егісі көлемінің қысқаруына байланысты дәнді дақылдардың жалпы өнімінде сақтандыру дақылдары ретінде, тары,сұлы,арпа,жүгері,сорго секілді дақылдардың да маңызы зор. Майлы дақылдар және әртараптандыру дақылдары ретінде қытай бұрашағы, рапс, мақсары секілді дақылдар да назар аударарлық дақылдарға жатады.Алайда Қазақстандық Арал өңірі жағдайында бұл дақылдардың жаңа әдістер қолданып өсіру технологиялары осы кезге дейін толық зерттелмеген. Сол себепті 2009-2011 жылдары Қызылорда облысы бойынша рапс, қытай бұршағы және арпа дақылдарын әртараптандыру дақылдарының күріш ауыспалы егісінде өсіру технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу жөнінде зерттеу жұмыстарымен айналысуда.

Зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибелер «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зертеу институты» ЖШС-нің Қараулытөбе тірек пунктіндегі тәжірибе учаскесінде жүргізді.

Тәжірибелер екі-үш жылдық күріштіктен кейін немесе бірнеше жыл бос жатқан, дақылдар егілген жылы айналасындағы атыздарға күріш егілген атызға орналастырылды.

Топырақ өңдеу күзде сүдігер жырту, көктемде күріштік жерге жүргізілетін барлық оперпциялардан тұрады. Тек дақылдар егіліп болғаннан кейін атыздың ішкі периметрі бойынша және ұзыннан бір рет, енінен екі жерден суғаруғажәне ыза суды қашыртқылауға арналған арықтар тартылды. Суғару режимі атыз топырағының ылғалдылығына байланысты жүргізілді.

Дақылдарды ені 0,7 м, биіктігі 16-18 см жалға, қатар аралығын 20-25 см етіп себу Үндістанда шығарылған әмбебап сепкішпен жүргізілді. Дақылдар тұқымы үш түрлі нормамен 2-4 см тереңдікке сіңіріліп, көлемі 200-500 м² мөлтектерге 3 рет қайталанып жүйелі әдіспен орналастырылып, оңтайлы мерзімде (20-25 сәуірде) себілді.


5-кесте. Өсу дәуірінде фенологиялық бақылаулар, дақылдар мен арамшөптер өсімдіктерінің санын анықтау жұмыстары жүргізілді


Тәжірибе нұсқасы

өсімдіктер саны, дана/м2

Дақыл

Тұқымды себу нормасы, кг/га

Негізгі дақыл

Арамшөптердің, оның ішінде

қамыс

қоға

Басқа арамшөптер

Барлық арамшөптер

Рапс

3,0

43

8

8

13

29

4,5

68

7

10

13

30

6,0

101

12

8

11

31

Дақылдар егістігінде негізгі арамшөптер санын анықтау нәтижелері дақылдың себу нормасы мен арамшөптер өсімдіктерінің жиілігі арасында айтарлықтай заңдылық өзгерістер жоқтығын көрсеттті.Тек қана арпа дақылының төменгі нормалармен ( 60-90 кг/ га ) себілген нұсқаларында ( 41-36 дана /м2 көбірек болады. 14,15- кесте. Рапс, қытай бұршағы және арпа дақылдары мен арамшөптердің жалға егіп өсіргенде себу нормасына өсімдік жиілігі. Тәжірибелік егістіктерден жинау алдында өсімдік тығыздығы анықталып, өнім құрылымы элементтеріне биометриялық талдаужүргізілді. Нұсқалардағы дақыл өнімділігі әр мөлтекті жеке орып бастыру арқылы анықталады
6-кесте Жалға егіп өсіргенде рапстың өнім құрлымының тұқымды себу нормасына байланысты өзгеруі


Себу

нормасы


кг/га



Өсімдіктер

саны


дана /м2



Өсімдік

биіктігі


Саны,дана/


өсімдік


1000

Дәнінің


Массасы,

г


Өнімді-

лігі


ц/га



Тармағы

Бұршақ-

қыны


3,0


35


88


6,2


36,0


3,45


9,5


4,5


54


91


5,8


35,5


3,40


12,2


6,0


80


92


5,4


34,9


3,35


16,4

Жинар алдында рапс өсімдіктерінің тығыздығы себу нормасына байланысты 35-80 дана/м2 аралығында болды. Биометриялық талдау бойынша өсімдік биіктігінің көрсеткіші себу нормасы көтерілген сайын 1-3 см жоғарлап отырды.Бір өсімдіктегі тармақ саны бойынша жоғары көрсеткіш 5,8 және 5,4 дана өсімдік құрады.

Осыған ұқсас жағдай бір өсімдіктегі бұршаққын саны бойынша да байқалады (36,0; 35,5; 34,9 дана).1000 дәннің массасы бойынша да 3,0 кг/га нормалы нұсқа ерекшеленеді.Ал 6,0 кг/га нормалы нұсқаның өсімдік саны мен биіктігі бойынша көрсеткіштерден басқа көрсеткіштері алдыңғы екі нұсқадан төмен болды.Алайда аталған нұсқаның өнімділігі басқалардан 4,2-6,9ц/га жоғары болып, 16,4ц/га құрады.

Жинар алдында рапс өсімдіктерінің жиілігі себу нормасына байланысты, әр шаршы метрде 31-ден 51-ге дейін құрады


7-кесте Биометриялық талдау


Себу нормасы, кг/га



Өсімдіктер саны, дана/м2


Өсімдік биіктігі,см


Бас массағы


1 өсімдік

өнімі


1000 Дәнінің массасы, г

Өнімдігі,

өнімді түптенуі, дана

Ұзындығы,см

Дән саны, дана

Дән массасы

г


Дән саны, дана

Дән массасы

г


60

31

50

3,2

7,2

18

0,83

54

2,48

40,8

24,5

90

38

47

3,1

6,5

17

0,78

49

2,26

39,0

28,6

120

51

42

2,9

6,3

16

0,74

46

2,18

37,8

35,0

Биометриялық талдау нәтижесі бойынша ең жоғарғы өсімдік биіктігі (150 см) себу нормасы 4,5 кг/га нұсқасында байқалды.Бұл нұсқа басқа да сандық белгілері бойынша көзге түсті.Тек өсімдік жиілігінің басқа нұсқалардан төмендегі (7-20 дана/м2 дейін)байланысты бұл нұсқаның өнімділігі де (24,5 ц/га) 4,1 және 4,5 ц/га төмен болды. 9-кестеде келтірілген барлық сандық белгілері бойынша 90 кг /га нормалы нұсқа орташа көрсеткіштерге ие болды.

Ал жоғары нормалы (5,0 кг/га) нұсқада өсімдіктер санының көптігіне байланысты басқа нұсқалардан 2,01 -2,3 ц/га жоғары өнім алынды.

Жинар алдында жүргізілген есептеу нәтижесі бойынша рапс дақылының өсімдік жиілігі, себу нормасына байланысты 14,4-20,3 дана/м2 құрады (10-кесте). Биометриялық талдау нәтижесі өсімдік биіктігі бойынша да аталған нұсқа көрсеткіші жоғары болды (98 см).


8-кесте. Рапс дақылын жалға егіп өсіргенде себу нормасына байланысты өнім құрлымының өзгеруі.

Себу нормасы, кг/га

Өсімдіктер саны, дана/м2

Өсімдік биіктігі,см

1 өсімдік өнімі

1000 дәнінің массасы, г

Өнімділігі

ц/га


Саны, дана

Бұршақ бас

Ондағы дәндер

3,0

54

105

3,4

4,4

162,0

18,5

4,5

65

104

3,2

4,2

155,0

25,0

6,0

88

110

3,0

4,1

147,0

26,2

Күріш егістігінің су баланысы және оны құраушылар оған кіретін барлық нақты шығындары ескеріліп, Зайцевтің теңдеуі бойынша анықталады//.

Күріш жүйелерінде ілеспе дақылдары жалға егу технологиясымен өсіргенде судың кіріс бөлігі сояда-4080 м3 /га, ал шығыс бөлігі -4080м3 /га, арпада -3080м3/га және 3300м3/га,рапста-3680м3/га және 3790м3/га мөлшерінде болды.

Дәстүрлі технологиямен өсіргенде судың кіріс және шығыс бөлігінің көрсеткіштері төмендегідей болды: сояда-4530м3/га, 4640м3/га; арпада -3540м3/га, 3640м3/га; рапста -3980м3/га,4140м3/га.

Күріш жүйелерінде күріш және ілеспе дақылдары өсіргенде қалыптасатын су баланысын зерттеу нәтижелері өсімдіктерді өсірудің жалға ету әдісін күріште қолданғанда 6-8 мың м3/га,сояда қолданғанда-14,2-12,7 %, арпа өсіргенде-14,5-22,8 % және рапс өсіргенде 10,0-12,7 суару суын үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Жоғарыда келтірілген деректерге сүйене отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады:

-күріш ауыспалы егісіндегі рапс, арпа және соя әртараптандыру дақылдарын жалға егу технологиясын қолданып өсіргенде қанағаттанарлық өнім алуға болады;

-аталған технология бойынша суғаруға жұмсалатын су 40-50 % -ға кем жұмсалады, ал тұқымдық дән арпада – 80кг/га, қытай бұршағында -40кг/га, рапста 2 есеге дейін үнемделеді.

Зерттеу нәтижелері біздің облыс жағдайында бұрын егілмеген рапс дақылының болашағы зор екенін байқатты.Өйткені бұл дақыл күріш ауыспалы егісіндегі алғы дақыл, жоғары сапалы май алынатын майлы (45-50 %-ға дейін), мал азығындық және бензин сапасын жоғарылататын биоотын алатын дақыл ретінде де пайдалануға болатын өте бағалы дақыл болып саналады (13, 14, 15, -суреттер).

Күріш ауыспалы егістігінде рапс дақылынның өнімінің экономикалық тиімділігі.

Қызылорда облысы жағдайында күріш ауыспалы егістігіне рапс және басқа дақылдарды әртараптандырып, жоғары өнім алуға болатыны анықталды. Қызылорда облысы жағдайында рапс дақылын өсірудің техникалық картасы негізделді. Онда барлық жұмыстар тізімі, олардың орындалу мерзімдері мен қойылатын агротехникалық талаптары агрегеттармен машиналар түрлері мен өнімділіктері және жанар-жағар май шығындары көрсетілген.

Рапс дақылын өсіруге кеткен шығындар мен одан түсетін пайда, экономикалық тиімділік пен өзін - өзі өтеу мерзімі 1 га үшін анықталды.Жалпы шығындар ∑ Sш = 14161 тг / сағ 1 га рапс үшін, жалпы пайда ∑ Sn = 17701,25 тг/ сағ ал экономикалық тиімділік Sт.п = 3540,25 Тг \САҒ. Өзін - өзі өтеу мерзімі 3,9 жыл.



ҚОРЫТЫНДЫ

1. Рапс дақылы Қызылорда облысы жағдайында жерсіндіріп - өсіру үшін Арал аймағы өңірінің табиғи – климаттық жағдайы зерттеліп, негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.

2. Қызылорда облысы жағдайындағы соңғы жылдардағы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру көрсеткіштері талданып, күріш және негізгі дақылдарға қоса рапс, қытай бұршағы және басқа дақылдарды әртараптандырып, жоғары өнім алуға болатыны анықталды.

3.Рапс дақылының негізгі сорттарына талдау жүргізілді.Оның агробиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері салыстырылды.

4.Рапс дақылының негізгі агробиологиялық және физика – механикалық қасиеттері далалық тәжірибе негізінде анықталып, математикалық статистика әдістерімен өңделді.

5.Атап айтқанда, рапстың биіктігінің математикалық күтілуі hp = см, оның орташа квадраттық ауытқуы δ hp = см ал вариаяциялық коэффициентті √ hp = %болды. 1 М ² жердегі түп және сабақ саны әрқайсына сәйкес n Т = дана,nс

= дана, орташа квадраттық ауытқклары δ Т = дана, δ с = дана, ал вариациялық коэффициенттері √ Т = % √ С = % болса, қынбұршақ санының математикалық күтілімі nҚ = дана, орташа квадраттық ауытқуы δ nҚ = дана, ал вариациялық коэффициент √ nҚ = % мәнді құрады.

6. Рапс дақылын егу үшін негізгі топырақ өңдеу мен тұқым себу процестеріндегі атқарылатын жұмыстар мен агротехникалық талаптар Қызылорда облысы жағдайында анықталып, олардың технологиялық карталары даярланды.

7. Осылардың негізінде Қызылорда облысы жағдайында рапс дақылын өсірудің техникалық картасы негізделді.Онда барлық жұмыстар тізімі, олардың орындалу мерзімдері мен қойылатын агротехникалық талаптар, агрегаттар мен машиналардың түрлдері мен өнімділіктері және май шығындары анықталды.

8. Рапс дақылын өсіруге кеткен шығындар мен одан түсетін пайда, экономикалық тиімділік пен өзін - өзі өтеу мерзімі 1 га үшін анықталды.Жалпы шығындар ∑ Sш = 14161 тг / сағ 1 га рапс үшін, жалпы пайда ∑ Sn = 17701,25 тг/ сағ ал экономикалық тиімділік Sт.п = 3540,25 Тг \ САҒ құрады. Өзін өтеу мерзімі 3,9 жыл.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі
1. Қ.Б.Бәкірұлы., У.Аймуханбетов.,Р.Оңдашев., Б. Есіркесінқызы «Изучение Гребневой технологии возделивания рапса в рисовом севообороте».

«Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары». Қызылорда 2011, 107-110 бет

2. Б. Есіркесінқызы «Болезни и вредители рапса в рисовом севообороте и меры борьбы с ними». «Сәкен тағлымдары 7» атты республикалық ғылыми – теориялық конференциясы. Астана 2011 ж, 63-64

3. Б.Қ.БәкірұлыБ.,Қ.Кенбае.,А.Демесінова., Б. Есіркесінқызы. «Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары – рапс, қытайбұршақ және арпаны жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу». «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы». Қызылорда 2012, 137-140 бет

4. Б.Қ Кенбаев., Б. Есіркесінқызы. «Қазақстан республикасында - рапс дақылын өсіріп жинаудың технологиясына талдау». «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы».Қызылорда 2012, (Баспада)

5. Б.Қ Кенбаев., Д.Нұржан., Б. Есіркесінқызы. «Рапс дақылын зерттеудің далалық эксперименттер мен тәжірибе қорытындыларын өңдеу әдістемесі». «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы».

Қызылорда 2012, (Баспада)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Күрішбаев А.К. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісінің жай- күйі

және проблемалары // Жаршы. – 2003, № 11 – Б.3 – 6.

2. П. Заречный. Возделывание ярового рапса на корм и масло семена в условиях Северного Казахстана. 2005 г-33 с

3. Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Агрономия негіздері Қызылорда, Тұмар 2007 ж, 335 бет

4. Әрінов.Қ.Қ. және басқалары. Өсімдік шарушылығы. Алматы, 2011 480 бет

5. Сазанов В.И. Сельскохозяйственное опытное дело в растеневодстве и его методике.-М: Колос, Сельхозиздат, 1962.-64 с.

6. Сағалбеков У.М., Бегалина А.А. «Влияния глубины заделки семян на полевую всхожесть и выживаемость льна масличного» Материалы международной научно-практической конференций «Валихановские чтения-11», Көкшетау,2006 г, с 94-95

7. Плешков Б.Л. «Биохимия сельскохозяйственных растений» М. Агропромиздат,1987ж.

8. Вавилов П.П. «Растеневодства» М. Агропромиздат, 1986

9. Величко Б.К., Костин А.Н. «Семеноводства рапс- большое поле» Алма-Ата, «Қайнар», 1986 г, 19 с.




РЕЗЮМЕ
ЕСИРКЕСИНКЫЗЫ БОТАКОЗ
СПЕЦИАЛЬНОСТЬ – 6М080100- АГРОНОМИЯ
ИЗУЧЕНИЕ ТЕХНОЛГИИ ГРЕБНЕВОГО ПОСЕВА ВОЗДЕЛЫВАНИЯ КУЛЬТУРЫ РАПСА С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ УНИВЕРСАЛЬНОЙ СЕЯЛКОЙ В РИСОВОМ СЕВООБОРЕ КАРАУЛТОБИНСКОГО ОПЫТНОГО ХОЗЯЙСТВО ГОРОДА КЫЗЫЛОРДА
Актуальность темы. В плане развития сельско – хозяйственного производства в Казахстане рассматриваются рациональное использование сельско- хозяйственных землев и повысить производительность сельско- хозяйственных культур. Источник выполнения этих задач объемно и интенсивно издавать производство жирных культур. Осуществление этой работы обеспечивает государственную безопасность продуктов и диверсификацию растительного хозяйства.

Выращиваемость в республике жирных культур и урожайность 24-60%, а также изменяется с воздействием других процессов. Получаемые растительные масла в зависимости от химического состава, биологических качеств и качеств материала используются в разных целях. С помощью использования способов выращивания можно повысить показатели производительность масла. Но к сожелению всегоднешнее время и производительность, и качества не на должном уровне. Используя рациональный способ выпащивания можно повысить показатель производства масла. Не соответствие жирных культур с земельно- климатическими условиями неисследование культур, не внедрение в производство, не хватка рациональных инновационных технологий выращивания. Эффективное решение таких сложных задач увелечение объемности посевов жирных культур, также производительность и высокая приспособленность окружающей среды.

В связи с этим магистерская диссертация предлагает соответствующею диверсификацию выращивания в регионе Кызылординской области, качество и приспособланность к климатическим условиям, направляется разработать технологию выращивания жирных культур, показывает актуальность спроса на производстве.

Цель работы: Так как рис является главной культуры Кызылординской области, многие годы дополнительно выращивали пшеницу и люцерну. Но с недостаточностью воды шлифование инженерного риса вышла из строя. Поэтому начали выращивать рапс, так как он не требует много воды.

Задачи работы: Исследуя основные качества и особенности выращивания культуры рапса, формирование объемного выращивания и обработка, обеспечивание источником сырыя для производства биоэталона в условиях Кызылординской области.



Ожидаемая новость: С помощью полевых исследований и экспериментов определены природно- призводственные особенности и основные агробиологические качества рапса в условиях Кызылординской области, разработка результатов методами математической статистики.

  • агротехнический сезон выращивания рапса и обосновать техническую карту в соответсвие с требованиями.

  • определить экологическую эффективность производства рапса.

  • предложить выращивание рапса хозяйствам на основе полученных результатов.

При использование универсальную сеялку полученные результаты и предложения дает возможность использовать исследование культур.

О выводах диссертаций издана 5 статей, экономическая эффективность составляет 3540, 25 тенге. Срок возмещения 3,9 года.

Диссертационная работа набрана на компьютере из 88 страниц, 4 главы, вывода, предложения производству и список испоьзованных литератур-116

SUMMARY
YESSIRKESSINKYZY BOTAKOZ

SPECIALITY – 6M080100 - AGRONOMY
THE RESEARCH TECHNOLOGY OF RAPE CULTIVATHION WITH THE HELP OF UNIVERSAL SUDER IN RASE ROTATION OF KARAULTUBE EXPERIMENTAL FARM OF KYZYLORDA TOWN
The actuality of theme: The ways of development of agricultural productions of Kazakhstan in future, effective using of agricultural soils and to rise the productivity of agriculture. The main way of providing these aims is to develop the olive culture production. Realizing these problems the state can achieve a good result in food safety and use plant-growing diversification. In our Republic the productivity of olive culture productions is 24-60 % and it is changed in another cases. The produced oil is used in different aims according to its chemical component, biological property and quality. Using the rationalization method it is possible to reach the high quality figures of oil production. By regret, nowadays, the quality of production is not arranged. The reason ofthis matter is the oil culture is not investigated in its climate- soil and also there is not enough the new technology of grow innovation. In this work are examined some ways how to spive these problems. There are accepted the strategy of food safety of our country and development for oil culture production. There are examined the rationalization of agriculture, biologizing of agriculture ecology purity and economic profitableness, of agriculture cultures, and the ways of its reproduction assortment. This magister work is devoted for using the olive culture in agriculture productivity of seeds and quality, adaptation of these cultures.

The aim of this work: Many years the rice is used as the main seed of Kyzylorda region, in addition the wheat and Lucerne are also agricultural seeds of our region. By this way nowadays is rationalized the rape culture in our region.



The task of work: To grow the rape in Kyzylorda region investigating its peculiarities and formation the cultivating process.

The expected result: To define field investigation and experiments of rape production in Kyzylorda region according to its agro-biological property and to cultivate its results through mathematic statistical methods.

- to base the technical map of growing rape taking into account its agro technicalperiod and demand;

- to define the ecological efficacy of rape production;

- to offer the method ways of rape growing to farms according the cultivation results.



This dissertation conclusions are published in 5 articles. Its economic efficacy consists 3540, 25 tg. The dissertation work consists of 88 pages, 17-shema, 8 -picture, summary, 4 parts of work, used literatures- 116.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет