Funding Pitch (7-10 минут) Idea Pitch-тің барлық бөліктерін, сонымен бірге бәсекелестердің сипаттамасын, жоспарларды, не жасалғаны және жалғастыру үшін қанша қаражат қажет екені туралы деректерді қамтиды.
Питч кезінде не айтуға болады?
- Жоба қандай мәселені шешеді?
- Сіздің шешіміңіз не өніміңіз қанша сатып алушыға қажет және ол үшін олар қанша ақша төлеуге дайын.
- Сіз осы шешімге қалай келдіңіз.
- Неге сіздің шешім бұрын басқа да ұсынылған шешімдерден мықты.
- Сіздің команда қаншалықты жақсы және неге сізге сену керек.
- Сіз арқылы инвестор қалай пайда ала алады?
Тапсырма
Өз жобаңызға ұзақтығы 1 минут болатын Elevator Pitch құрастырыңыз.
Питчті дайындау кезінде келесі ережелерге сүйенуіңізге болады:
— мұқият дайындалу: біріншіден, идея барлығына анық болу үшін; екіншіден, барлық қатысушылармен көру байланысын сақтауды үйрену үшін айна, достар, туған туысқандар алдында жаттығу;
— арнайы терминдерден аулақ болу. Егер туған-туыстарыңыз, достарыңыз не туралы айтқаныңызды түсінбесе, онда мазмұнын өзгерту керек, өйткені инвесторлар да бәрін біле бермейді. Мұндай жағдайда ұстанатын негізгі ереже — «оңайырақ болса, соғұрлым жақсы»;
— ұзақ түсіндіруден аулақ болу;
— өтірік айтпау. Инвесторлар өз ақшаларын салар алдында міндетті түрде тексеріп, талдау жасайды, егер олар алданса, беделіңіз бұзылады;
— слайдтағы көп мәтіннен аулақ болу және мүмкіндігінше оны кестелермен, суреттермен ауыстыру. Слайдта мәтін аз болса, соғұрлым жақсы;
— инвесторлар сұрақтарына жауап беруге қабілетті болу үшін, нарықты, бәсекелестерді жан-жақты зерттеп, талдау жасау қажет.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |