№23 – Сабақ: «Бірге барайық!» бизнес-кейсі
Авторлар: Жулдызбаев Н.Е., Мырзакулов Б.Б.
Сабақ мақсаттары: - стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнесті ажыратуды үйрену;
- стартап сипаттамасын анықтауды және стартаптардың операциялық қызметін тануды үйрену.
- Өткен сабақта сіз стартап ұғымымен таныстыңыз. Сіз стартап – бұл бизнестің одан әрі дамуы мен жұмыс істеуіне қатысты негізін қалаушылардың гипотезаларын растайтын уақытша құрылым екенін білдіңіз. Сондай – ақ, біз кез келген стартаптың мақсаты - клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыратын немесе олардың проблемаларын шешетін шешімді іздестіру екенін анықтадық.
- Стартаптардың кейбір ерекшеліктерін толығырақ қарастыру үшін, біз бүгін "Бірге барайық!" стартапының бизнес-кейсімен танысамыз - ол қаланың түрлі оқиғалары мен іс-шаралары бойынша навигацияны жүзеге асыратын паблика.
Достарыңызбен бөлісу: |