[дк құрылысы -40] Қазіргі эем ұйымын ұсынды



Дата17.06.2016
өлшемі116.94 Kb.
#141804
[ДК құрылысы -40]

1. Қазіргі ЭЕМ ұйымын ұсынды:

А) Н.И. Вавилов

Б) Ада Лавлейс

В) Джордж Буль

Г) Джон фон Нейман


2. Компьютерге вирус жұқтыру мынадай процесте бола алады...

А) принтерде басып шығару

Б) Файлдармен жұмыс істеу

В) дискетті пішімдеу

Г) компьютерді сөндіру
3. ЭЕМ-нің қандай құрылғысы сыртқы құрылғыға жатады?

А) жедел жад

Б) принтер

В) арифметикалық логикалық құрылғы

Г) орталық процессор
4. Дербес компьютердің минималды құрамы:

А) принтер, пернетақта,манитор,жад

Б) винчестер,дискжетек, манитор, пернетақта

В) монитор, пернетақта, процессор, жад

Г) винчестер,принтер, дискжетек, пернетақта
5. Интерфейстік құрылғылардың функциясы:

А) түйіндестірілетін құрылғылардың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету

Б) сөзді айырып тану

В) қосу амалын орындау

Г) қағаздан мәтінді оқу
6. ДК-дің қандай құрылғысы ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған?.

А) орталық процессор

Б) жедел есте сақтайтын құрылғы

В) қатты магнитті дискеттерде жинақтағыш

Г) жүйелік тақша
7. ЭЕМ архитектурасы - бұл...

А) Енгізу-шығару құрылғыларының сипаттамасы

Б) компьютердің техникалық және физикалық құрылғыларының бөлшектерінің сипаттамасы

В) ЭЕМ-нің жұмыс істеуіне қажетті программалық жасақтаманың сипаттамасы

Г) ЭЕМ-нің командалар жүйесін және жұмыс істеу қағидаларын жеткілікті деңгейде түсінуге мүмкіндік беретін ЭЕМ-нің функциялары мен құрылымының сипаттамасы
8. Компьютерге алфавиттық - цифрлық мәліметтерлерді, сонымен бірге басқару командаларын енгізуге қызмет көрсетеді....

А) маус


Б) қатты диск

В) пернетақта

Г) дискжетек
9. Компьютер іске қосылып тұрғанда қандай ісәрекетті орындау ұсынылмайды?

А) дискетті алу немесе салу

Б) сыртқы құрылғыларды сөндіруге, қосуға

В) RESET батырмасына басып компьютерді қайта жүктеу

Г) компьютерді + + пернелерін басу арқылы қайта жүктеу
10. Микропроцессор - бұл....

А) барлық есептеулерді және ақпаратты өңдеуді орындайтын шағын электрондық схема

Б) математикалық есептеулерді орындайтын шағын электрондық схема

В) компьютерге ақпаратты енгізуді қамтамасыз ететін құрылғы

Г) компьютерлер аралығында ақпаратпен алмасуға арналған құрылғы
11. Жедел жад- бұл....

А) компьютер кескінінің параметрлерін сақтауға арналған жад

Б) программаларды және мәліметтерді сақтауға арналған жад

В) арифметикалық және логикалық амалдарды орындау процесінде командалар мен деректерді уақытша сақтауға арналған, ЖЕСҚ- мен (ОЗУ ) жүзеге асырылатын электрондық жад

Г) монитор пердесіне шығарылатын суретті (кескінді) сақтау үшін қолданылатын жад
12. Сопроцессор- бұл.....

А) компьютерге ақпаратты енгізуді қамтамасыз ететін құрылғы

Б) барлық есептеулерді және ақпаратты өңдеуді орындайтын шағын электрондық схема

В) математикалық есептеулерді орындайтын шағын электрондық схема

Г) басқа компьютерлермен ақпарат алмастыруға арналған құрылғы
13. BIOS- бұл....

А) Процессорды, жедел жадыны және сыртқы құрылғылардың адаптерлерін физикалық қосу

Б) жедел есте сақтау құрылғысынан жиі қолданылатын мәліметтер мен командаларды сақткауға арналған ішкі жад

В) жүйелік блоктың разъемдарының біріне қондырылатын және қандай да болмасын арнайы бір функцияны орындайтын электрондық схема

Г) компьютердің негізгі құрылымдарын тестеу тәртібін қамтамасыз ететін программаларды сақтайтын тұрақты жад
14. Аталған құрылғылардың ішінде онсыз компьютердің жұмысы мүмкін болмайтын негізгі құрылғыны көрсетіңіз:

А) жад


Б) CD-ROM

В) дискжетек

Г) маус
15. Жүйелік тақша- бұл.....

А) жедел. жады мен контроллерлер ер арасында деректерді беру магистралі

Б) компьютердің әртүрлі құрылғыларын басқаратын электрондық схемалар

В) ДК негізгі компоненттерінің байланысын және жұмыс істету шарттарын қамтамасыз ететін электрондық тақша

Г) ДК- ні әртүрлі сыртқы құрылғылармен байланыстыратын арнайы разъемдер
16. Компьютер - бұл....

А) ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы

Б) ақпаратты сақтауға және беруге арналған құрылғы

В) ақпаратты сақтауға , өңдеу және тасымалдауға арналған әмбебап, электрондық, программамен басқарылатын құрылғы

Г) ақпаратты тасымалдауға арналған әмбебап құрылғы
17. Ақпаратты өңдеу компьютердің қандай құрылғысында істеледі?

А) пернетақта

Б) сыртқы жад

В) дисплей

Г) процессор
18. Адаптер - бұл...

А) компьютерге енгізу- шығару құрылғыларын қосуға үшін қажетті программа

Б) магистральге шалғай құрылғыларды қосу іске асырылатын арнайы блок

В) программалау тілдерін машина кодтарында аударатын программа

Г) сымдардың жиынынан тұратын кабель
19. Контроллер- бұл...

А) арифметико- логикалық құрылғы және компьютердің басқару блогі

Б) ДК-нің негізгі компоненттерінің байланысын және жұмыс істеудің шарттарын қамтамасыз ететін электрондық тақша

В) компьютердің әр түрлі құрылғыларын басқаратын электрондық схемалар

Г) ДК-ні әр түрлі сыртқы құрылғылармен байланыстыратын арнайы разъемдер
20. Видео жады- бұл....

А) прграммаларды және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған электрондық жад

Б) компьютер кескінінің параметрлерін сақтауға арналған жад

В) Монитор пердесіне шығарылатын суретті (кескінді) сақтауға қолданылатын жад

Г) дәл осы уақытта процессормен өңделінетін программаларды және мәліметтерді сақтауға арналған электрондық жад
21. Модем - бұл құрылғы....

А) ақпаратты баспаға шығаруға арналған

Б) дәл осы сәтте ақпаратты өңдеуге арналған

В) ақпаратты сақтауға арналған

Г) телефон байланыс каналдары бойынша ақпаратты тасымалдауға арналған
22. Төмендегі айтылғанның дұрысын көрсетіңіз:

А) шығару құрылғысы - ақпаратты машинадан адамға беруге арналған

Б) шығару құрылғысы- есептеуіш машинаның жұмысын программалық басқаруға арналған

В) шығару құрылғысы- үйренуге, ойынға, есептеулер орындауға және ақпаратты жинауға арналған

Г) шығару құрылғысы- ақпаратты адамнан машинаға беруге арналған
23. Плоттер (графиксалғыш) - бұл құрылғы...

А) символдық және графикалық ақпаратты енгізуге арналған

Б) дауыспен шығаруға арналған

В) компьютерге теледидарды немесе видеомагнитафонды қосуға арналған

Г) графикалық ақпаратты шығаруға, схемалар, сызбалар, көлемді суреттердің карталарын жасауға арналған
24. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

А) енгізу құрылғысы- ақпаратты машинадан адамға тапсыруға арналған

Б) енгізу құрылғысы- енгізілетін мәліметтерді өңдеуге арналған

В) енгізу құрылғысы- өңдеу алгоритмдерін іске асыруға, ақпаратты жинауға және тапсыруға арналған

Г) енгізу құрылғысы- ақпаратты адамнан машинаға тапсыруға арналған
25. Монитор- бұл....

А) үлкен көлемді мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы

Б) алфавиттық- цифрлық мәліметтерді, сонымен бірге басқару командаларын енгізуге арналған құрылғы

В) пердеде мәтіндік және графикалық мәліметтерді шығаруға арналған құрылғы

Г) манипулятор түріндегі құрылғы
26. Шығару құрылғыларын көрсетіңіз:

А) пернетақта сканерлер, манипуляторлар (маус, джойстик, жарық қаламұш және басқалар)

Б) Принтер: графасалғыш; монитор; сканерлер

В) Принтер; графасалғыш; монитор; акустикалық бағандар;дискеттер; компакт- дискілер

Г) Монитор ; пернетақта; графикалық планшеттер; сканерлер; манипуляторлар (маус, джойстик, жарық қаламұш және т.б.); сенсорлық перделер; модем
27. Иілгіш дискілер (дискеттер)......арналған.

А) көлемі 10 Мбайттан асатын ақпаратты ұзақ сақтауға

Б) пердеге мәтіндік және графикалық ақпаратты шығаруға

В) Құжаттар мен программаларды бір компьютерден басқасына тасымалдауға, компьютерде әрдәйім қолданылмайтын ақпаратты сақтауға

Г) ақпаратты магнит таспасынан кассетаға жазу
28. Қатты диск - бұл....

А) ДК-мен жұмыс істегенде қолданылатын программалар мен үлкен көлемді мәліметтерді сақтауға арналған құрылғы

Б) деректер және программаларды магнит таспасынан кассетаға жазып алуға арналған құрылғы

В) пердеге мәтіндік және графикалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Г) дербес компьютердің жұмысын берілген программа бойынша орындалуын басқаруға арналған құрылғы

Д) дербес компьютердің жұмысын берілген программа бойынша орындалуын басқаруға арналған құрылғы


29. Енгізу құрылғыларын көрсетіңіз:

А) пернетақта; сканерлер; дискеттер; плоттерлер

Б) монитор; сканерлер; магнипулятор (маус, джойстик, жарықпен жазатын қаламұш және т.б.)

В) пернетақта ; графикалық планшеттер ; сканерлер ; манипуляторлар (маус, джойстик, жарықпен жазатын қаламұш және т.б.); сенсорлық перделер

Г) монитор пернетақта графикалық планшеттер сканерлер манипуляторлар(маус, джойстик, жарықпен жазатын қаламұш және т.б.)сенсорлық перделер модем
30. 3.5 " дискеттің high density сыйымдылығы неге тең(бұзылған кластерлері жоқ болса) ?

А) 650 мбайт

Б) 720 кбайт

В) 1,2 мбайт

Г) 1,44 мбайт
31. Жадтайтын құрылғының сыйымдылығы - бұл

А) жадтайтын құрылғыда сақтауға болатын мәліметтердің бірліктерінің саны

Б) керек ақпаратты іздестіруге қажетті уақыт интервалы

В) жадтайтын құрлығыда бір мезетте сақтауға болатын ақпараттың ең үлкен саны

Г) перденің жеке нүктесі қабылдай алатын әртүрлі реңдердің саны
32. Мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған сыртқы құрылғылар:

А) тұрақты жадтайтын құрылғы; жедел жадтайтын құрылғы

Б) монитор; иілгіш магнитті дисклердегі жинақтауыштар; қатты магнитті дискеттердегі жинақтағыштар

В) иілгіш магниттегі дискілердегі жинақтауыштар; оптикалық жинақтауыштар ( CD - ROM, DVD - ROM}

Г) Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтауыштар; қатты магнитті дискілердегі жинақтауыштар; тұрақты жадтайтын құрылғы
33. Стример - бұл...

А) 5,25" дискетке ақпаратты жазуға арналған құрылғы

Б) компакт - дискіге ақпаратты жазуға арналған құрылғы

В) ақпаратты магнит таспасынан кассетаға жазуға арналған құрылғы

Г) ақпаратты қағаз парағына шығаруға арналған құрылғы
34. Пpинтер - бұл құрылғы арналған....

А) бір компьютерден басқа компьютерге ақпаратты тасымалдауға

Б) Графикалық ақпаратты енгізуге

В) ақпаратты қағазға шығаруға

Г) Мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтауға
35. CD - ROM - бұл...

А) ақпаратты тек қана компакт - дискіге жазуға қолданылатын құрылғы

Б) ақпаратты кассетададан магнит таспасына жазуға арналған құрылғы

В) ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы

Г) ақпаратты компакт- дискіден оқу және оны ЭЕМ - ге тасымалдау үшін қолданылатын жадтайтын құрылғы
36. Бүріккіш принтерлер кескін құрастырады...

А) қағазға арнайы ұнтақты балқыта отырып, бүрку жолымен

Б) қағазды боялған лентамен соғатын ине арқылы

В) басатын бас тиектің түтігінен қағазға бүркілетін арнайы сиялардың тамшыларымен

Г) жылытқыш элементтермен жарақаттанған бас тиектің қағазда суретті күйдіру жолымен
37. Лазер принтері кескін құрастырады....

А) қағазды боялған лентамен соғатын ине арқылы

Б) басатын бас тиектің түтігіне қағазға бүркілетін арнайы сиялардың тамшыларымен

В) қағазға арнайы ұнтақты балқыта отырып, бүрку жолымен

Г) жылытқыш элементтермен жарақатанған бас тиектің қағазда суретті күйдіру жолымен
38. Компьютердің сыртқы құрылғыларын көрсетіңіз:

А) сыртқы жадтайтын құрылғылар; байланыс және коммуникация құралдары

Б) сыртқы жадтайтын құрылғылар; қолданушының диалог құралдары; ақпаратты шығару құрылғысы; ақпаратты енгізу құрылғысы; байланыс және коммуникация құралдары

В) байланыс және коммуникация құралдары

Г) ақпаратты шығару құрылғысы; ақпаратты енгізу құрылғысы; байланыс және коммуникация құралдары
39. Қоректену блогі - мыналар үшін арналған....

А) желінің электр қорегін ДК-нің электрондық схемаларына берілетін жоғары кернеулі тұрақты токқа түрлендіру

Б) желінің электр қорегін ДК-нің электрондық схемаларына берілетін төменгі кернеулі тұрақты токқа түрлендіру

В) желінің электр қорегін ДК-нің электрондық схемаларына берілетін жоғары кернеулі айнымалы токқа түрлендіру

Г) желінің электр қорегін ДК- нің электрондық схемаларына берілетін жоғары кернеулі айнымалы токқа түрлендіру
40. Компьютердің жүйелік блогы қамтиды...

А) микропроцессор; жедел жадтайтын құрылғы; тұрақты жадтайтын құрылғы; қоректену блогы; енгізу-- шығару порттары

Б) микропроцессор; жедел жадтайтын құрылғы; тұрақты жадтайтын құрылғы

В) микрпроцессор; қоректену блогы; енгізу - шығару порттары



Г) микропроцессор; жедел жадтайтын құрылғы; тғрақты жадтайтын құрылғы; қоректену блогы; енгізу -- шығару порттары; ақпаратты жинауыштар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Г

Б

Б

В

А

В

Б

В

Б

А

В

В

Г

А

В

В

Г

Б

В

В

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

Г

А

Г

Г

В

В

В

А

В

Г

В

В

В

В

Г

В

В

Б

А

А


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет