Дүние жүзі тарихы (қоғамдық –гуманитарлық бағыт) 11-сынып



Дата25.02.2016
өлшемі358.05 Kb.
#20979
Дүние жүзі тарихы (қоғамдық –гуманитарлық бағыт)

11-сынып ( 68 -сағат саны)


Рет

саны

Тақырыбы

Мазмұны

Бағдар-лама бойынша сағат саны

Жоспар бойын-ша сағат саны

Үнемдел-ген сағат саны

Пәнара-лық байланыс

Мерзімі

1

Кіріспе




1

1

-







ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері

I -бөлім. Ұлыбритания- 3сағат

2

ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында.

К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. 1951 ж. сайлау және консерваторлардың жеңісі. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі

1

1




География




3

Ұлыбритания 70-90-шы жылдарда.

М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Ольстер мәселесі. М.Тэтчердің қызметтен кетуінің себептері. Дж. Мейджор үкіметінің саясаты;



1

1

-

география




4

Ұлыбритания XX ғ.соңы – ХХI ғ. басында.

Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның отарлық үкіметі.

1


1




география




II-бөлім. Франция- 3 сағат




5

Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында.

Төртінші республиканың Конституциясы. Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы саясаты.

1

1




география




6

Франция ХХ ғ. 80-90-шы жылдарында.

Солшыл күштердің 1981 ж. президенттік және парламенттік сайлаулардағы жеңісі. 1986 ж. парламенттік сайлау. Ж. Ширактың әлеуметтік-экономикалық саясаты;



1

1

-

география




7

Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ.

1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. 2007 ж. президенттік сайлау және Н. Саркозидің жеңісі. 2008 жылғы Конституциялық реформа. Президенттік институттағы өзгерістер. Ф. Фийон үкіметі. Қоғамдық қозғалыстар. Ереуілдер.



1

1




география




8

Елді бөлшектеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы.

Берлин дағдарысы. Елді жіктеу. Екі герман мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР;



1

1




география




9

ХХ ғ. 50-80-жылдардың басындағы Германия Федеративтік Республикасы.

К. Аденауэр үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы дағдарыс және оның зардаптары;


1

1

-

география




10

ГФР ХХ ғ. 80-жылдарының екінші жартысы – XXI ғ. басында.

Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. ГФР ХХ – XXI ғғ. тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты.



1

1




география




IV-бөлім. Италия 2-сағат

11


Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында.

Монархияны жою. Республиканың жариялануы. 1947 ж. Конституция. Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық дамуы. 1979 ж. парламенттік сайлау.



1

1




география




12

Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғасырдың басында.

Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғасырдың басында. Р. Проди және М. Д’Алем үкіметтерінің қызметі. 2001 ж. парламенттік сайлау. С. Берлусконидің оңшылцентристік кабинетінің саясаты.
М. Монти үкіметінің құрылуы.



1

1




география




13

Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты.



Франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы. Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты. 60-жылдардағы экономикалық саясаттағы өзгерістер. Жаңа конституцияның қабылдануы.

1

1




география




VI-бөлім . КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері 4-сағат




КСРО 1945-1964 жж.

Соғыстың зардаптары. И.В. Сталиннің қайтыс болуы. Н.С. Хрущев. «Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу.

1

1




география




15

Л.И. Брежневтің билігі кезеңіндегі КСРО.

А.Н.Косыгиннің экономикалық реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Коррупцияның күшеюі. Диссиденттік қозғалыс;


1

1

-

география




16

КСРО 1982-1991 жж.

М.С. Горбачев және қайта құру бағдарламасы. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы;


1

1




география




17

Кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында.

Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы.

1







география




18

Қайталау

Ұлыбритания,Франция,Германия,Италия,Испания және КСРО мемлекеттері.

1

1




география




VII-бөлім. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері - 6 с.

19

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарында.

1944-1947 жж. әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың сипаты мен мәні. . Варшава Шарты Ұйымының құрылуы және кеңестік бақылаудың күшеюі. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь.

1

1




география




20

50-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезіндегі Шығыс Еуропа елдері

Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. 1968 және 1970 жж. Польшадағы дағдарыс. «Шектеулі егемендік» доктринасы. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық реформалар.

1

1

-

география




21

Шығыс Еуропаның тоталитаризмді жоюға бағыт алуы.

КСРО-дағы қайта құру саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Социализмді «жаңарту» саясатының күйреуі. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар.



1

1




география




22

Шығыс Еуропа елдерінің қазіргі жағдайы

Поляк экономикалық ғажабы», Венгриядағы жекешелендіру,Румыния және Болгария елднрінің дамуындағы өзгерістер


1

1




география




23

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ. басында.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық интеграцияға қатысуы. Аймақ елдері және НАТО.



1

1




география




VIII-бөлім. Америка Құрама Штаттары. 3-сағат

24

АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында.

Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Кариб дағдарысы. Дж. Кеннедидің өлтірілуі.

1

1




география




25

АҚШ 70–90-шы жылдарда

Сайлаудағы демократтардың жеңісі. Дж. Картер. Р. Рейган және «рейганомика. Дж. Буштың «байсалды» бағыты;



1

1

-

география




26

АҚШ-тың ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы дамуы.

Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі саясаты. Кіші-Джордж Буштың республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың билікке келуі. Б. Обама.


1

1




география




27

Канада

ХХ ғ. 50-60-жылдарындағы саяси және экономикалық даму. В. Месси. Екіпартиялық жүйенің құрылуы. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы Канада.



1

1




география




Латын Америкасы елдері – 2 сағат

28

Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. Басындағы негізгі даму бағыттары.

Ұлтшыл-реформизм. Аргентинадағы Х. Перон реформалары және Бразилияда Ж. Варгастің билігі.

1

1




география




29

Куба.

1960-шы жылдардағы революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро қолына шоғырлануы.

1

1




география




30

Чили

Чилидегі демократиялық қайта құрулар үдерісі. қолына шоғырлануы.

1

1




география




ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері.

31

Отарлық жүйенің күйреуі

Азия және Африка елдерінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы

1

1




география




32


Қайталау

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері, Америка Құрама Штаттары, Латын Америкасы елдері

1

1










III-тоқсан.

Жапония 2-сағат

33

Басшылық режімі кезеңдері (19545-1954жж)

Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Жаңа конституцияның қабылдануы.

1

1




география




34

Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері.

1990 ж. экономикалық депрессия және оның себептері. Жапония – әлемдік экономиканың басты орталықтарының бірі. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты.



1

1




география




Түркия – 2 с.

35

Соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының тұжырымдамасын қайта қарау.

Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру және Түркияның АҚШ-пен жақындасуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары.Түркия және Қазақстан;



1

1




Құқық, география




36

ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы.

Т. Озал. Ауқымды либералдық реформалардың іске асырылуы. Түркияның заманауи индустриялдық елге айналуы

1

1




география




Кеңестен кейінгі Орталық Азия мемлекеттері– 2 с.

37

Қазіргі Өзбекстанның мемлекеттік құрылысы. Тәжікстанда азамат соғысының басталуы.

Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері. Тәжікаралық диалог» және бейбіт бітімге қол қою.



1

1




география




38

Кеңестен кейінгі Қырғызтан менТүркіменстанның дамуы

Қырғызстан парламентіндегі саяси партиялар. ТМД және ШЫҰ құрамындағы интеграция. Орталық Азия мемлекеттері қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық құрылымда.

1

1




география







Ауғанстан-1сағат

39

Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда

Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы.

1

1




география




Иран-1 сағат

40

Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.

60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988

1

1




география




Қытай – 2 с.

41

1946-1976 жылдардағы Қытай

ҚХР құрылуы. Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық.



1

1




география




42

Қытай реформалар жолында

Мао Цзэдунның қайтыс болуы және билік үшін күрес.




1




география




43

Қайталау

Жапония,Түркия, Кеңестен кейінгі Орталық Азия мемлекеттері ,Ауғанстан,Иран,Қытай елдері

1

1




география




44

Моңғолия

80-жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. Басында.

1

1




география




45

Корея



Потсдам конференциясы және КСРО мен АҚШ әскерлері арасындағы шекаралық межені белгілеу ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея Республикасы.

1

1




география




46

Үндіқытай елдері

Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. Үндіқытай елдерінің өзара қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны.

1

1




география




47

Индонезия. Малайзия. Сингапур

Республиканың жариялануы. Сукарно. Индонезияның тәуелсіздігін мойындау. Малайзиядағы тәуелсіздік үшін қозғалыс. Малайзия Тәуелсіз Федерациясының құрылуы. Сингапурдың дамуы.

1

1




география




Үндістан 2-сағат

48

Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның құрылуы.

Үндістанның республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру.

1

1




география




49

Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.

2004 ж. және 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх.
      3) Үндістанның сыртқы саясаты. Панча шила» қағидасы. Индия – Қосылмау қозғалысының жетекшісі.

1

1




География,Қазақстан тарихы




50

Пакистан

Пакистан республикасының жариялануы. 1973 ж. Конституция және парламенттік билік түрінің бекітілуі. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.

1

1




география




51

Израиль

Израильдің экономикалық және саяси дамуы. 80-жылдың соңындағы экономикалық дамуды күшейту. 2009 парламенттік сайлау. Б.Нетаньяху. Израиль ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.



1

1




география




52

Қайталау

Монғолия,Корея,Үндіқытай,Үндістан,Пәкістан,Израйль елдері

1

1










IV-тоқсан

Азияның араб елдері 2-сағат

53

Шығыс-жерортат еңіздік және аравиялық елдер.

Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде тәуелсіздіктің жариялануы.

1

1




география




54

Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.

Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам Хусейннің диктаторлық билігі. «Араб көктемі» (2010-2011 жж).



1

1




география




Африканың араб елдері 2-сағат

55

Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін маңызы

Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің бағыты.

1

1




география




56

Африкадағы араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында.

Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко) ұлт-азаттық күрес. «Араб көктемі» (2010-2011 жж.);


1

1




география




57

Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі

1948-1949 жж. Палестина соғысы». . Палестинадағы Араб мемлекетінің болашақ нышандары. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі.



1

1




география




58

Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері

Тропикалық Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. «Африка жылы» (1960 ж.). Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;



1

1




география




59

Қайталау

Азияның араб елдері,

Африканың араб елдері



1

1










IX-бөлім. Халықаралық қатынастар 5-сағат


60

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық қатынастар.

БҰҰ-ның құрылуы. «Қырғи-қабақ соғыс», оның бастаулары және негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы.

1

1




География




61

ХХ ғ. 60-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар. 1961 ж.

Кариб дағдарысы. Индонезия мен Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Алжирдегі ұлт-азаттық соғысы. Таяу Шығыс дағдарысы. Қосылмау қозғалысы;



1

1




география




62

ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу кезеңдері

Кеңес-американ қатынастары. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі.


1

1




география




63

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес

ЕҚЫК қорытынды актісі. ЕҚЫҰ құрылуы;
Еуропалық интеграция»

1

1




география




64

ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар

БҰҰ халықаралық қатынастар жүйесінің өзгерісі жағдайындағы қызметі. Халықаралық лаңкестік мәселесі

1

1




география




X-бөлім. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы 3-с ағат

65

Ғылым мен техниканың дамуы.

Ғылыми-техникалық революцияның басталуы. . Жаңа технологиялардың пайда болуы. Ғарышты меңгеру.

1

1




Физика




66

Ақпараттық революция.

Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР әлеуметтік зардаптары;


1

1




Информатика




67

ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы.

Әлем халықтарының әдебиеті. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы

1

1




Әдебиет,

Өнер





68

Қайталау

Халықаралық қатынастар, ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы

1

1









      6. 10 сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт), (Барлығы – 68 сағат, аптасына – 2 сағаттан); Кіріспе – 1(сағат).


      1) ХХ ғ. басындағы дүниежүзі – 11 (сағат). Ұлыбритания және Франция – (1 сағат).
      Ұлыбританияның әлеуметтік-саяси және экономикалық жүйесінің өзгерістері 1906 ж. Парламенттік сайлау және либералдардың жеңісі. ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік реформалар. 1911 жылғы парламенттік реформа. Ирландия үшін гомрул мәселесі және конституциялық дағдарыс. Лейбористік партияның құрылуы. Тред-юнионизм. Сыртқы саясат.
      2) «ХХ ғасырдың басындағы Францияның саяси және экономикалық дамуы» (1902 ж. Парламенттік сайлау. Радикалдық кабинеттер, олардың ішкі және сыртқы саясаты. «Мильеран казусы» және француз социалистік қозғалысының жіктелуі. Сыртқы саясат.
      7. Германия және Италия – (1 сағат).
      1) ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық дамуы. Алдыңғы қатарлы техниканы қолдану және өндірісті кең механизацияландыру» (Саяси даму. Б.фон Бюлов. Көппартиялық жүйе. Жұмысшы және социалистік қозғалыстар. Э. Бернштейн. СДПГ үш ағымының құрылуы. ХХ ғ. басындағы халықаралық дағдарыс және Германияның оқшаулануы. Ішкі саяси шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың өсуі;
      2) ХХ ғ. басындағы Италия. Экономикалық даму. Аграрлық мәселе. Джолитти дәуірі. Әлеуметтік реформалар. Ұлтшылдықтың күшеюі. Италияның сыртқы саясаты. Түркиямен соғыс. Австрия-Венгриямен арадағы шиеленіс. Италияның Үштік одаққа кіруі. Африкадағы отарлық басқыншылығы.
      8. Көп ұлтты империялар – (2 сағат).
      1) Австрия-Венгрия империясы. Екібірлік монархия (Габсбургтер монархиясы құрамындағы славян халықтары. Ресей империясы. Ресейлік капитализм әлемдік монополиялық шаруашылық жүйесінде. ХХ ғ. басындағы экономикалық дағдарыс. 1909-1913 жж. өнеркәсіптің дамуы. Патшалық биліктің ішкі саясатындағы ұлттық мәселе. 1905-1907 жж. революция. Либералды саяси партиялардың құрылуы. Мемлекеттік Дума. Столыпиннің аграрлық реформасы. Қоныстандыру саясаты;
      9. «ХХ ғ. басындағы АҚШ» – (1 сағат).
      1) Либералды реформизм, оның әлеуметтік және идеялық тарихы» («Прогрессизм дәуірі. Т. Рузвельт. Республикалық партияның бөлшектенуі. 1912 ж. Президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. В. Вильсон;
      10. ХХ ғ. басындағы Азия елдері – (1 сағат).
      1) «Азия және Африка елдерін дүниежүзілік экономикалық жүйеге енгізу үдерісінің аяқталуы» (Шығыс елдерінде көпсалалы құрылымның пайда болуы. Азиядағы отарлар, жартылай отарлар және тәуелді елдер.
      ХХ ғ. басындағы Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері;
      11. «Азияның оянуы» – (1 сағат);
      1) Ирандағы конституциялық қозғалыстың басты кезеңдері» (1906-1907 жылдардағы Конституция. Иран мәжілісінің құрамы және оның қызметі. Ирандағы революция және ұлы державалардың саясаты. Ирандық қоғамның дамуы үшін конституцияның маңызы. Қытайдағы Синьхай революциясы. Сунь Ятсеннің үш принципі. Цин үкіметінің «жаңа саясаты» және жария реформаторлық қозғалыстың дамуы. Азамат соғысы және оның зардаптары. Түркияда ұлттық және діни шиеленістердің өршуі. Жастүріктер революциясы. Жастүріктер билік басында. Империяның ыдырауының жалғасы.
      12. ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар – (1 сағат).
      1) ХХ ғ. басындағы әлемнің саяси картасы» Әлемді территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХІХ ғ. соңы –ХХ ғғ. басындағы халықаралық қатынастар. «Үштік одақ» және Антанта: құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі шиеленістер. ХХ ғасырдағы жергілікті қақтығыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттарының пайда болуы.
      13. «Бірінші дүниежүзілік соғыс» - (2 сағат).
      1) «Шілде дағдарысы және дүниежүзілік соғыстың басталуы» (1914-1918 жж. әскери қимылдардың басты кезеңдері. Соммдағы және Верден маңындағы Марнедегі шайқас. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарудың жаңа түрлерін пайдалану. Соғысушы елдердің экономиксын қайта құру. Батыс және Шығыстағы әскери қимылдар. 1917 жылғы әскери қимылдар. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кіруі. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси қайшылықтардың күшеюі. Соғыстың аяқталу кезеңі. Үштік одақ елдерінің жеңілуі. Компьен уақытша бітімі);
      2) Қайталау – 1 с.
      14. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері – (26 сағат).
      1) «Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі» – 1 с.;
      2) Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары;
      15. «Батыс елдері дамуының негізгі бағыттары» – (1 сағат);
      1) Батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар.
      16. «Германия» – (3 сағат).
      1) «Соғыстың соңғы жылындағы Германияның экономикалық және саяси жағдайы» (1918-1919 жж. революция. Веймар конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі және сыртқы саясаты);
      2) «НСДАП құрылуы» (Фашистік бүлік және оның жүзеге аспауы. 1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбруктегі көтеріліс. Дауэс жоспары. Германияның Ұлттар Лигасына кіруі. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Юнга жаспары. Жұмыссыздықтың өсуі. Фашистік қауіптің күшеюі. Нацистердің өкімет басына келуі. Тоталитарлық режим орнату);
      3) «Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты» (Жаппай жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономикалық саясаты. Германия экономикасын дамытудың төртжылдық жоспары. Фашистердің нәсілдік саясаты.
      17. «Италия» – (2 сағат).
      1) Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Жұмысшы және шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини. «Римге жорық». Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Фашистерге қарсы оппозицияның жеңілуі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Корпоративтік мемлекетті ұйымдастыру.
      18. Испания – (2 сағат).
      1) Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтық майданның құрылуы және сайлаудағы жеңісі;
      2) 1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы. Фашистік мемлекеттердің интервенциясы. Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франконың ішкі және сыртқы саясаты.
      19. «Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері» – (4 сағат).
      1) Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көпұлттық империялардың ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы» (Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы;
      2) Австрия. Австриядағы революция. Республиканың жариялануы» (Австриядағы фашизм. Италиямен жақындасуы. 1934 ж. Венадағы нацистік бүлік. К. Шушниг үкіметі. Австриядағы аншлюс;
      3) Венгрия. Венгриядағы революция. Кеңестік үкіметтің құрылуы. ИнтерҒвенция. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық үкіметінің орнауы. Террор. ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Венгрияның дамуы. Авторитарлық диктатураның күшеюі;
      4) Чехословакия. 1918 ж. Чехиядағы революция. Республиканың құрылуы. Т. Масарик. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Аграрлық реформа. Ұлттық өнеркәсіптің дамуы. Ұлттық мәселе. Судет дағдарысы. Мюнхен конференциясы. Чехословакия тәуелсіз мемлекетінің жойылуы;
      5) Польша. Поляк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Посполитая. Парламентаризм негізінің құрылуы. Аграрлық реформа. 1926 ж. мемлекеттік төңкеріс.Санация» режимі. Экономикалық дағдарыс. Экономиканы мемлекеттік реттеу. 1935 ж. Конституция;
      6) Югославия. Серб, хорват, словендер Королдігінің құрылуы. Конституциялық монархия. Экономикалық даму. Аграрлық реформа. Ұлттық мәселе. Югославия Королдігі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның саяси өмірге әсері. Александр патшаның өлтірілуі;
      7) Болгария. Авторитарлық режимнің орнауы. А. Цанков. 1923 ж. қыркүйек көтерілісі. Парламенттік басқаруға көшу. Болгариядағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптары. Ұлттық блокты құру және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. 1934 ж. әскери төңкеріс;
      8) Румыния. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі территориялық өзгерістер. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Саяси партиялардың құрылуы. Аграрлық реформа. Монархиялық дағдарыс. Карол II. Ұлтшыл-царанистердің күшеюі. Парламенттік жүйені жою.
      20. Франция – (2 сағат).
      1) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің экономикалық және саяси жағдайы» (1919 ж. парламенттік сайлау. Ұлттық одақ үкіметінің ішкі саясаты және әлеуметтік заңдары. Экономиканың тұрақтануының ерекшеліктері. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Қаржы дағдарысы;
      2) Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары» (Саяси күрестің шиеленісуі. Фашистік қозғалыс. 1934 ж. ақпан оқиғасы. Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы бағдарламасы. 1936 ж. парламенттік сайлау. Халықтық майдан үкіметі. Л. Блюм. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық майдандағы алауыздық және оның ыдырауы.
      21. Ұлыбритания – (2 сағат).
      1) Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 1918 ж. парламенттік сайлау. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Ирландия мәселесі. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл;
      2) Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері. Екінші лейбористік үкімет. Р. Макдональдтың «ұлттық үкіметі». Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Ұлттық үкіметтің реформалары. Консервативтік үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. 1935 ж. әулеттік билік дағдарысы.
      3) Қайталау - (1 сағат).
      22. «Ресей және КСРО» – (3 сағат).
      1) Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және республиканың құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің өкімет басына келуі. Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы);
      2) Азамат соғысы және интервенция. Соғыс коммунизмі» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция. Әміршіл-әкімшіл жүйенің орнауы және И.В. Сталиннің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жылдардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Тоталитарлық мемлекеттің пайда болуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция.
      23. Америка Құрама Штаттары – (2 сағат).
      1) АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда. Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңіндегі АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Екіпартиялық жүйенің дамуы. 1924 ж. сайлау және К.Кулидждің республикалық әкімшілігінің нығаюы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы;
      2) 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты» және кейнсиандық теория. Этатизм. «Жаңа бағыт» саясатын жүргізудің негізгі бағыттары. Қаржы саласын сауықтыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік саладағы саясат. Вагнер заңы.
      24. «Латын Америкасы елдері» – (2 сағат).
      1) Латын Америкасы елдерінің соғыстан кейінгі экономикалық және саяси жағдайы. Мексикадағы революцияның нәтижелері. Революциялық каудильизм және оның мәні. Өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Аймақтың экономикасындағы шетелдік салымдардың рөлі. Латын Америкасы елдеріндегі саяси жүйе;
      2) Латын Америкасы елдері дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде. Дәстүрлі экспорттық өнімге әлемдік сұраныстың төмендеуі. Шетелдік салымдардың қысқаруы. Демократиялық және авторитарлық режимдер. Революция және контрреволюция. Латын Америкасындағы халықтық майдан. Латын Америкасы елдеріндегі либералдық реформалар. Аргентинадағы президент И. Иригойеннің саясаты. 1930 ж. Бразилиядағы революция. 1937 ж. Конституция. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде;
      3) Қайталау – (1 сағат).
      25. «1918-1945 жж. Азия және Африка елдері» – (19 сағат).
      1) «Шығыс елдері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік- тарихи үдерісте» – (1 сағат);
      2) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері. Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесі. Ұлт-азаттық көтерілістердің өршуі. Зайырлы ұлтшылдық және дін. Ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологиялық негізі: суньятсенизм, гандизм, кемализм;
      26. «Жапония» – (2 сағат);
      1) Жапония Версаль-Вашингтон жүйесінде. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «күріш бүлігі». Като үкіметі. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты);
      2) Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік бағыттың күшеюі. «Жас офицерлер» және 1932, 1936 жылдардағы бүлік. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті.
      27. «Түркия» – (2 сағат).
      1) Бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясының жеңілуі. Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық биліктің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік. Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Лозанна конференциясы;
      2) Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі Халықтық-республикалық партияның рөлі. Түркия Республикасының 30 – 40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы.
      28. Қытай – (2 сағат).
      1) «Азаттық қозғалысының өрістеуі» (Шаньдун мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Гоминьданның қызметі. Сунятсенизмнің эволюциясы. Гоминьданға Кеңес Одағының көмек беруі. Азамат соғысы. Чан Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру);
      2) «Гоминьданның реформалары» (Этатистік экономикалық моделді іске асырудың ерекшеліктері. Көппартиялы бюрократиялық мемлекеттің құрылу жүйесі. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі).
      29. «Монғолия»– (1 сағат).
      1) «Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы» (1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау әрекеті. Х. Чойбалсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары);
      2) Қайталау – (1 сағат).
      30. «Ауғанстан» – (1 сағат).
      1) Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Аманолланың билігі кезіндегі Ауғанстанның дамуы. 1923 ж. конституция. Реформалар. 20-ж. соңы мен 30-жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах билігінің орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Ауғанстанның ішкі және сыртқы саясаты.
      31. «Иран»– (1 сағат).
      1) Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар әулетінің биліктен кетуі.Реза-шах Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және мәдени реформалары.
      32. Үндістан – (2 сағат).
      1) «Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан» (Үндістандағы британдық саясаттың жаңа кезеңі. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Бірінші азаматтық бағынбау науқаны. Үндістандағы 20-жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері);
      2) «1930-1940-жылдардағы Үндістанның дамуы» (Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея).
      33. Азияның араб елдері – (1 сағат).
      1) Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;
      34. Палестина мәселесі – (1 сағат).
      1) Бальфур декларациясы және иммиграция мәселесі. Палестинаның Ұлыбританияның мандаттық иелігіне айналуы. Британ үкіметінің 20-30- жылдардағы саясаты. Араб және еврей қоғамдары арасындағы қарым-қатынас. 1936 ж. көтеріліс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Палестина.
      35. «Африкадағы араб елдері» – (1 сағат).
      1) «Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында» (Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия);
      36. Тропикалық және Оңтүстік Африка» – (2 сағат);
      1) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Африканың саяси картасындағы өзгерістер. Африкадағы мандаттық жүйе. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка қоғамының әлеуметтік даму ерекшеліктері. Трайбализм. Африка халықтарының азаттық күресі. Африкалық халықтардың отаршылдыққа қарсы наразылығының түрлері. Қалаларда мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси ұйымдардың пайда болуы. Африкалық азаттық қозғалыс идеологиясының ерекшеліктері. Италия-Абисиния соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тропикалық және Оңтүстік Африка;
      2) Қайталау - (1 сағат).
      37. Халықаралық қатынастар – (3 сағат).
      1) ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың тұрақтануы. Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы.
      2) Бриан – Келлог пактісі. Репарация мәселесі. Юнг жоспары;
      3) Еуропаның орталығы мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халықаралық қатынастардың шиеленісуі. Маньчжуриядағы Жапония басқыншылығының күшеюі. Нацистік Германияның Версаль бітімінің шарттарын бұзуы. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы.Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы;
      4) 1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс).Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жасамау туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу мәселесі.
      38. Екінші дүниежүзілік соғыс – (4 сағат).
      1) Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскерлерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс;
      2) Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Үштік пакт. «Барбаросса» жоспары;
      3) Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары. АнтигитҒлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;
      4) Екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс. Сталинград және Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы.
      39 ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (3 сағат).
      1) Ғылым. жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасының дамуы;
      2) Мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм. Әдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық мәдениет;
      3) Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою. Халықтық мәдениет үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды, әдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары;
      4) Қорытынды қайталау – 1 (сағат).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет