ДӨҢгелек үстел басында «Қазақстан – жапония: тарих, ынтымақтастық, келешек» тақырыбында әҢгіме қОЗҒалмақ



Дата29.02.2016
өлшемі15.71 Kb.
#34572
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ КАМОХАРА МАСАЁСИМЕН КЕЗДЕСУ БОЛАДЫ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАСЫНДА

«ҚАЗАҚСТАН – ЖАПОНИЯ: ТАРИХ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, КЕЛЕШЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘҢГІМЕ ҚОЗҒАЛМАҚ
2014 жылғы 10 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Ғылым декадасы аясында Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – Жапония: тарих, ынтымақтастық, келешек» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёси, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, азаматтық қоғам институтының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы, академиялық-қоғамдық ұйымдар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен жас ғалымдары қатысады деп күтілуде.

Қазақстан мен Жапонияның қарым-қатынасы жылдан жылға нығайып келеді. Әсіресе, бұл екі жақты экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасқа қатысты, одан бөлек, парламентаралық байланысты бекіту жоспарлануда.

Айта кетері, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёси көптеген біріккен жобаларға белсенді түрде атсалысып келеді. Соның бірі – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шағын көлемдегі әлеуметтік жобаға көрсеткен қайтарымсыз көмегі.

«Өсімдік тамыры» жобасы бойынша Жапония үкіметі 15 жыл ішінде Қазақстандағы жалпы сомасы 4, 728, 296 АҚШ долларын құрайтын 70 жобаға, оның ішінде мектептер мен медициналық мекемелерге, т.б. қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетуге келісім берді.

Дөңгелек үстел басындағы кездесу мемлекеттердің саяси ынтымақтастығын қарстыруға мүмкіндік береді.



Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті,

Өткізу орны: ЕҰУ, Янушкевич, 6

Корпус №4, №106 кабинет



Өткізу күні: 2014 жыл, 10 сәуір, сағат 11:00

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет