«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа хабарлама
«ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 071200, ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі 23, анықтама телефоны 8(72339)2-16-79, факс 8(72339)2-17-80, e-mail: a.dusupova@akimvko.gov.kz: «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
1. «Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты Е-R-1) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192381 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі мамандар мен жұмыскерлердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды, лауазымға тағайындайды. Өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық жоспарларының негізгі бағыттарын, бағдарламаларды жасап, бірыңғай мемлекеттік қаржы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асырады. Өндірістік, инвестициялық, сыртқы экономикалық, әлеуметтік және өңірлік саясатты жетілдіру және экономикалық дамытуды жүзеге асыруға қатысады. Экономикалық сараптама, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын болжап, реформа барысын бағалайды. Аудан әкімінің іс-әрекет бағдарламаларына, оның іс-шаралар жоспарларын жүзеге асыруға қатысып, өңірлік инвестициялық бағдарлама жасап және оның орындалуын бақылайды. Ауданның қатысы бар басқару органдарымен бірге ұйымдарға потенциалды инвесторларды іске тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көмек көрсетеді. Кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде қолданыстағы заңдарға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджет жобасын жасайды. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бюджеттік болжау әдістерін енгізеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік және стратегиялық жоспарларының экономикалық бағдарламаларының әзірленуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және әдістемелік басқаруды жүзеге асырады. Бөлімдердің, басқармалардың, комитеттердің және басқа да жергілікті атқарушы органдардың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді индикативтік жоспарларын жасау бойынша жұмыстарын үйлестіреді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әртүрлі сала және өңірлік бағдарламалар бойынша мониторинг (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сыртқы экономикалық тұрақтылық, инвестиция, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет) өткізеді. Өңірлік инвестициялық бағдарламасны әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруды, әдістемелік қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларға, оның ішінде өңірлік жобаларға көмек көрсетеді. Мекеменің құзырына кіретін бағыттамалар бойынша өңірлік бағдарламалар жасайды. Өз қызметінің саласында заңдылықты қолдану тәжірибесін сараптайды және жинақтайды, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Бюджеттік сұраныс, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, есеп және аудит, статистикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеждмент, заңгерлік саласындағы мамандықтар) білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үші жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.
2. «Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты Е-R-1) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192381 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде сәулет, құрылыс мәселелерін шешеді, аудандық сәулетші міндеттерін қоса сәулет – қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізеді. Тапсырушыларға құрылыс паспорттарын дайындау, алдын ала жер учаскелерін бөлу, сәулеттік жобалық тапсырмалар және құрылыстардың барлық түрлеріне жобалау жұмыстарын жүргізуге керекті құжаттарды дайындайды. Мекемелер мен кәсіпорындарға, шарушылық субъектілерге, жерге мемлекеттік акт алуға, жерді сатып немесе жалға алуға керекті құжаттарды дайындайды. Белгіленген тәртіпте барлық құрылыс нысандарын орналастыруға жобалау ұсыныстарын және осыған сай жер болу туралы жергілікті әкімдіктердің қаулысын дайындайды. Шарт негізінде кәсіпорындар мен мекемелер, шару қожалықтары және жеке меншік құрылыс жүргізушілермен құрылыс, жөндеу, қайта салу және қалпына келтіру жұмыстарын тұрғын үй- азаматтық, өндірістік, ауыл шаруашылық саласында, тарихи мәдени ескерткіштер, қаладағы көркемдеу әсемдеу жұмыстары, интерьерлер мен және де басқа жобалық – сметалық құжаттар дайындайды. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде жергілікті маңызы бар жол жүйелерін дамытуды және қызмет етуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік реттеуді әкімшілік-территориялық бірлік негізінде іске асырады. Қолданылып жүрген заңдар негізінде сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытады. Елді мекендердің бас жоспарларының сақталуына, құрылыс жүргізілетін және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардың сапасына бақылау жасайды. Құрылыс нысандарына қатысты әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына қатысады. Жергілікті деңгейде бөлім бағдамаларын қаржыландыруды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдайды, болжайды және ақпарат жинайды Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы БАҚ арқылы халықты хабардар етеді. Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтап қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдайды. Қала құрылысы кадастарын және мекен-жай тіркелімін жүргізу үшін ақпараттар жинайды және өңдейді. Аудандағы құрылыс қызметін үйлестіреді, құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын әзірлеп, келісуге қатысады. Бірыңғай тапсырыс берушінің қызметін орындаумен байланысты мәселелерді шешеді. Аудан аумағындағы жобалық-сметалық құжаттамаларды, құрылыс жүргізілуге тиіс ғимараттар мен құрылыстарды қайта салуды, күрделі жөндеуді бюджеттік қаржылар есебінен қарайды және келіседі. Аудан аумағында мақсатты және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырады. Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты, инвестициялық саясатты қамтамасыз етеді. Аудан бойынша ғимараттар мен ғимараттарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге бюджеттен жасалатын жобалық сметалық құжаттамаларды қарайды және бекітеді. Уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқаруды іске асырады. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендеріндегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол-көпір шаруашылығы саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасап, жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылығы нысандары бойынша күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге тапсырма береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмысына меншік түріне қарамастан жетекшілік етеді. Бекітілген жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық нысандарына, аудандық маңызы бар жолдарға ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін жасайды. Заңда белгіленген мерзімге сәйкес тізімді аудандық баспасөз беттеріне жариялайды. Аудандағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорын есепке алады, апатты жағдайларда тұрған үйлер жөніндегі ақпараттарды жинайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарайды. Елді мекендердің санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарын, ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады және орындалуына бақылау жасайды. Әлеуметтік-мәдени нысандарын, тұрғын үйлерді, коммуналдық меншіктегі жылу нысандарын, магистралдық кәріз және су жүйелерін, электр жүйелерін, инфрақұрылым нысандарын, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін жылу маусымына дайындайды және бақылау жасайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау, олардың коммуникакацияларын күтіп-ұсталуына бақылау, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерге тұрғызу құқығына құжаттарын дайындап, жалға алу және жалдау келісім шарттарын жасауға, тұрғын үй қорына түгендеу жасау сұрақтары бойынша ұсыныс дайындайды. Мемлекеттік айырбастау және қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру, сонымен қатар бюджеттен бөлінетін қаражатқа тұрғын үйлерді (пәтер) сатып алуға құжаттарды рәсімдеу жүргізеді. Ортақ кондоминиум нысандарына техникалық тексеріс жүргізуді ұйымдастырады және ортақ кондоминиум нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тізім жасап, кезегін анықтайды. Тұрғын үй көмегі арқылы қаражыландырылатын, кондоминиум нысандарына басқарма ұйымдарымен көрсетілген күрделі жөндеудің жеке түрлеріне жобалық сметалық құжаттамаларды келіседі. «Күршім», «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жұмысын қадағалайды. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (техникалық, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, экономикалық, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгерлік, сәулет саласындағы мамандықтар) білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үші жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.
3. «Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары (санаты Е-R-2) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады. Бөлім басшысы демалыста, іс-сапарда немесе т.б. себептермен болмаған жағдайда басшының міндетін уақытша атқарады. Аудандағы сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселері бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Мемлекетті басқару жүйесі аумағында құрылыс нысандарының жоспарын жасау,жобаға дейінгі, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шараларын өткізу, жобаларды құрылыс, реконструкция, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын нысандармен, сәулет құрылыс нысандары иелерінің қызметін үйлестіру.Аудан аймағында құрылыс мәселелеріне, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс, тұрғын үй саясаты сұрақтарына, жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарына жетекшілік етеді. Ауданда аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу. Аудандағы жолаушы тасымалының маршрутын анықтап, конкурс өткізу. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес конкурс құжаттарын дайындайды, мердігерді анықтаудың заңдылығын сақтауына жауап береді. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде жергілікті маңызы бар жол жүйелерін дамытуды және қызмет етуін қамтамасыз ету, жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеуді іске асырады. Жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытады. Уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқаруды іске асыру. Аудандық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Аудан нысандарының күзгі – қысқы кезеңге дайындық, санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарының іске асырылуын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салалардағы әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдап, болжап, ақпарат жинайды. Бюджеттік сұраныс, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды. Бөлім жоспарының орындалуын бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (техникалық, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, экономикалық, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгерлік, сәулет саласындағы мамандықтар) білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4. «Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Бөлімге бөлінген қаржыларды игеруге жауапты. Қазынашылық, банк, пошта мекемелерімен жұмыс істейді, салық, статистика органдарына,экономика және қаржы бөлімдеріне есеп береді. Бухгалтерлік құжаттамалардың жүргізілуіне жауап береді. Негізгі қорларға, тауар-материалдық құндылықтарға есеп жүргізеді. Іссапар, жолсапар құжаттарына қаражаттар бойынша есеп қабылдайды. Төлем тапсырыстарын рәсімдейді, бөлімнің қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне еңбекақы, сыйақы, демалыс ақыларын есептейді, жұмысқа шығу табелін, ведомость толтырады. Қызметкерлерге жеке әлеуметтік код берілуін және зейнетақы қорына қаражаттардың аударылуын қамтамасыз етеді. Жанар-жағармай, жылу, жарық үшін төлемдерді аударады. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс құжаттарын дайындайды, заңдылығының сақталуына жауап береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (қаржылық, экономикалық, бухгалтерлік, есеп және аудит, статистикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент саласындағы мамандықтар) білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5. «Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маманы (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Ауданның азықтық астықтық және өңделген өнімдерімен қамтамасыз етілуінің мониторингі, астық рыногына қатысушылардың қолындағы бар астық пен оның қозғалысына мониторинг жасау. Астық сақтаушыларға лицензияларды беру, лицензия алған астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру. Астық өңдірушілерге сертификаттық қызмет көрсетушілер арасында бәсекелестікті қалыптастыру ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған кіші бюджеттік бағдарламаларды орындау. Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды жүргізу, тұқым өңдіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тұқым шаруашылығында жұмыс жүргізуге қолғабыс жасау. Агроөнеркәсіптік кешенінде өнім өңдеу саласын өркендету бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыруға қолғабыс ету, ауыл шаруашлығы өнімдерін өндіру мен өңдеуге болжам жасау, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жақсарту жұмыстарын және ауыл шаруашылық дақылдардың ауруы мен зиянкестерден қорғау жұмысын үйлестіреді. Тұқымдардың сапасына, ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне жүргізілетін сұрып сынауға, тұқым өндіру шаруашылығындағы жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілерге мемлекеттік қадағалау жүргізу.Бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға өсімдік шаруашылығында құндылығын бағалап тексеру. Тұқым өндіру шаруашылығындағы арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланып қадағалау, аттестатталған зерханалардың тұқым үлгілеріне жасаған сараптау жұмыстарына қадағалау жүргізу. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын анықтау, сараптауға өткізілген тұқым үлгілерін анықтау, тұқым егуге даярланған дала алқаптарын тексеру, сұрыптық егістерді өскен кезде тексеру, сұрыптық және гибридтік егістіктердің далалық зерттеу мен апробация жұмыстарына қадағалау жүргізу. Тұқым сақтайтын қоймалардың дайындығы, егін ору, тасымалдау, өңдеу (тазалау) және сақтау жұмыстарына қадағалау жүргізу, сатуға арналған оригиналды мен элиталық тұқымдарға қадағалау жүргізу. Агроөнеркәсіп саласын өркендетуге бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындау ауыл шаруашылық саласына алдыңғы қатарлы технологиялар енгізу. Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық) аумақтық бағдарламаларға және де басқа да нормативтік кұқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету. Заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы ауыл шаруашылық, ветеринарлық, агрономиялық білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6. «Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу бойынша бас маманы (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу веб-порталына ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспарларын, келісім-шарт Тізілімдерін, орындалған келісім-шарттардың есептіліктерін орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды өткізуіне мониторинг жүргізеді. Түсімдердің атқарылуына бюджеттік мониторингі жасайды. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша қаражаттардың түсімдері мен шығыстарына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша басқа да міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, есеп және аудит, статистикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеждмент саласындағы мамандықтар) білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7. «Күршім ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-іс басқарушысы (санаты Е-G-3) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Бағынышты мамандар мен жұмысшылардың міндеттері мен өкілеттерін айқындайды, ұйымдастырады, бақылайды. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады. Әкімшіліктің іс қағаздарын талапқа сай жүргізеді. Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламасын, стратегиялық және индикативтік даму жоспарларын дайындайды. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың шаруашылық және алфавит кітаптарын жүргізеді. Мал және жан санағын жүргізеді. Азаматтарға анықтамалар береді. Азаматтардың есебін жүргізеді. Сұраныс орындарына әр түрлі ақпараттар беру. Азаматтарға АХАЖ қызметін ұйымдастырады. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады. Нотариалдық істерді жүргізеді. Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8. «Күршім ауданының Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі (санаты Е-G-3) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының шығыс сметасын құрайды. Бюджеттің барлық сұрақтары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді, жалақы есептейді. Тауарлар мен қызметті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, келісім-шарттар жасайды. Бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалануға бақылау жасайды, бюджет бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді құрайды және сәйкес ұйымдарға ұсынады. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (қаржылық, экономикалық, бухгалтерлік, есеп және аудит, статистикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент саласындағы мамандықтар) білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде ШҚО, Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі 23, №8, 25 кабинетке ұсынылуы қажет.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |