Доктор PhD, и о. доцента кафедры международных отношений и мировой экономики Казну им аль-Фараби Сарыбаев М. С. Стыбаев Б. Б



Дата12.07.2016
өлшемі57.14 Kb.
#192986
доктор PhD, и.о. доцента кафедры международных отношений и мировой экономики КазНУ им. аль-Фараби

КазНУ им.аль-Фараби Сарыбаев М.С.

Стыбаев Б.Б.

Әлемдегі дағдарыстарды реттеудегі АҚШ рөлі

Халықаралық қатынастар тарихында әлемдегі экономикалық дағдарыстардың әр ғасырға тән өзіндік көрінісі бар екенін білеміз. Экономикалық дағдарыс, әдетте қаржы дағдарысымен байланысты болып келеді: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, инфляция, сыртқы қарыздар бойынша төлем төлеуге қабілетсіздігімен сипатталады. Дағдарыс өз кезегінде, мемлекеттердің экономикасының әлсіреуі, қаржы тапшылығына душар болуына бірден-бір себепкер болып табылады. ХХ ғасырда, яғни 1929-1939 жылдар аралығындағы «Ұлы тоқырау» тарихта АҚШ-тан бастау алып, Канада және Ұлыбритания, Франция, Германия секілді батыс елдерінде орын алды. Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928—1929 жж. экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды. Өндіріс белсенділігі АҚШ-та 46%-ға, Ұлыбританияда 24%-ға, ал Германияда 41%-ға, Францияда 32%-ға қысқарды[1].Дағдарыстың негізгі себебі тауарлардың шектен тыс көп өндіріліп, оны өткізетін нарықтың жоқшылығы себепкер болды. Яғни экономика тілімен айтқанда ұсыныс пен сұраныстың арақайшылығы тепе- теңсіздігі туындатты. Экономикалық дағдарыс көптеген қиыншылықтар туындатты, атап айтар болсақ жұмысшылардың жалақылары қысқарды, жұмысшылардың саны азайды, нәтижесінде қоғамда жұмыссыздардың саны өсті. Жәрдемақы, еңбекақы көлемі қысқарды. Қарапайым халыққа кедейшілік тауқіметі төнді. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты, әлеуметтік нарықтық шаруашылыктың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін қамтыды. Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің әкономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндіруішлік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігін сай келуі керек. Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмін жасады. Дағдарыс жағдайында "сұранысты ұлғайту", яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығын-дарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың "кызып кеткен" және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды[2]. Жалпы алғанда бұл дағдарыстан шығуда, Дж.Кейнстің теориясы АҚШ пен Еуропа елдерінде дағдарыстан шығуға үлкен ықпалын тигізді. Батыс мемлекеттері дағдарыстан шығуда өздерінің жоспарларын жүзеге асырумен қатар, кейнсшілдік теориясын назарда ұстады. Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында қабылданған, соғыстан кейінгі қаржы қатынастарының негізі және Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп болды.

 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдерінде экономикалық дағдарыс көрініс алды. жалпы адамзаттық экономиканың «қайта тірілуіне», «қайта өрлеуіне», жалпы алғанда оның бүгінгідей болмысында сомдалуына «маршалл жоспары» Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы болып табылады. Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Кэтлетт Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. маусым — шілде айларындажеңімпаз державалар (АҚШҰлыбританияКСРО және Франция) Сыртқы істер министрлерініңПариж Кеңесінде талқылауға ұсынды. 

Жоспадың шарттарын 16 мемлекет – Ұлыбритания, Франция,Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург, Швеция, Норвегия, Дания, Ирландия, Исландия,ПортугалияАвстрияШвейцарияГрекия мен Түркия мақұлдады. Бұлмемлекеттерқатарына1948 ж. Батыс Германия қосылды. Маршал жоспарынқабылдағанелдер 1947 ж. шілдеде “Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасын” жасайтын экономикалық қатынастар ұйымын құру жөніндегі конвенцияға қол қойды.  АҚШ үкіметі федералдық бюджет есебінен жоғарыда аталған елдерге 17 млрд. долл. Көлемінде жәрдем берді [3].

Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жәрдемнің басым көпшілігін Ұлыбритания, Франция, Италия мен ГФР пайдаланып, өздерінің экономика қуатын қалпына келтіруге біршама мүмкіндік алды. 

Әлемдік экономикада орын алған 1973 жылы мұнай дағдарысы және энергетика дағдарысы, 1987 жылы «қара дүйсенбі», соныменқатар 2008-2012 жылы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы реттеудің АҚШ ұстанымыныңөзіндікрөлі бар [4]. Ішкі дағдарыстарсебебінен КСРО құлдырағансоң Америка Құрама Штаттары жаңа әлемдік тәртіпті американдық үлгіде құруда ешбір кедергіге тап болмай, ірі әрі қуатты державаға айналды. АҚШ Иракпен сәтсіз соғыс жүргізіп, жаңадан қалыптастырып келе жатырған позицияларын сәл шайқатып алған болатын. АҚШ-на қандай көзқараспен қарасақ та, қанша жерден сынасақ та, оның бүгінгі әлемнің кейпін қалыптастырудағы ерекше рөлін атамай кете алмаймыз: АҚШ бірінші болып мемлекеттік құрылымда жалпы адами құндылықтарды қалыптастырды, технологияны дамыту мен тұрғылықты халықтың өмір сүру деңгейін көтеруде ірі жетістіктерге жетті, басқа елдермен бірлесе отырып БҰҰ принциптерін қалыптастырды, Екінші Дүние жүзілік соғыс секілді адамзат баласына қауіпті кезең туындағанда, оларға қомақты материалдық көмек көрсетті. Американдық басқару тәжірибиесінің бірден-бір көрнекті жетістігі мәселенің теориялық және практикалық шешу жолы болды. Мәселені ортақтасып шешу принципі идеологиялық басты қарсыластары – коммунистік Қытай мен КСРО-мен бейбіт өмір сүрудің американдық тәсілін қалыптастырды. АҚШ бүгінгі таңда экономикалық, әлеуметтік және әскери потенциалын берік нығайтқан, сыртқы саясатта батыл қадамдарға бара алатын қуатты мемлекет. Ол Қауіпсіздік Кеңесіне кіретін бес мемлекеттің қатарындағы, БҰҰ белсенді мүше-мемлекетінің бірі, әр түрлі аймақтық және халықаралық ұйымдардың қатысушы бола отырып, әлемдік саясаттың даму бағытын, күштер арақатынасының сақталуына немесе өзгеруіне септігін тигізе алатын жетекші мемлекет. Экономикасының қаншалықты деңгейде дамығандығын оның бірқатар мемлекеттер аумағына жайылған трансұлттық компанияларының, түрлі қызметтер саласындағы компаниялардың қызметінен көре аламыз [5].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




  1. Экономика / 5 кризисов изменивших мир: https://kapital.kz

  2. Блауг М. Кейнсианская система // Экономическая мысль в ретроспективе = EconomicTheoryinRetrospect. — М.: Дело, 1994. — С. 607-629. — XVII, 627 с. — ISBN 5-86461-151-4.

  3. Cini, Michelle, in Schain, Martin, (ed.) "From the Marshall Plan to the EEC", in The Marshall Plan: Fifty Years After, New York: Palgrave, 2001.

  4. Варга Е. С. Избранные произведения: В 3 томах. — М.: Наука, 1974. — Т. 2. Экономические кризисы. — 432 с.

  5. Афонцев С. А. Экономическое измерение мировой политики // Современные ме;дународные отношения и мировая политика. М, 2004. С. 142-163.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет