Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет9/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   137
annotation81765

P=mg. (1.27)
Дененің массасының оның көлеміне қатынасы оның тығыздығы деп аталады:
(1.28)


Күш және үдеу. Инерция заңынан көріп отырғанымыздай, дене өз бетімен, қоршаған денелермен өзара әрекеттесусіз өзінің жылдамдығын өзгерте алмайды. Дене қозғалысының жылдамдығының шамасын немесе бағытын сыртқы денелердің әсерімен ғана өзгертуге болады. Бұл әсерді біз күш деп атағанбыз. Динамиканың негізгі заңы (басқаша айтқанда Ньютонның екінші заңы) өзара әрекеттесетін денелердің жылдамдығының өзгерісі мен күштің арасындағы қатынасты өрнектейді.


Инерциалдық санақ жүйелерінде динамика заңдары ең қарапайым түр қабылдайды.
Біз дененің қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығынан көш кіші болатын релятивистік емес жағдайын қарастырамыз.
Жүргізілген түрліше тәжірибелердің нәтижесінде біз мынандай қорытындыға келеміз:
а) Егер дене қайсы-бір инерциалдық санақ жүйесіне қатысты үдемелі қозғалатын болса, онда денеге күш әсер етеді.
б) Күш, осы күшке пропорционал және онымен бағыт жағынан бірдей түсетін үдеу тудырады; белгілі үдеу кезінде күш өзі үдеу беретін дененің массасына пропорционал болады.
в) Жарық жылдамдығынан көш кіші жылдамдықтар кезінде күш шамасы үдетілетін дененің жылдамдығына тәуелсіз болады.
Материалдық нүктенің қисық сызықтық траекториямен қозғалысын зерттеген кезде де осы тәрізді нәтижелерге келеміз. Мұндай қозғалыс кезінде нормаль немесе центрге тартқыш үдеудің пайда болатындығын білеміз:


a=v2/R=2R.

Түрліше денелер мен түрліше жылдамдықтар кезіндегі және дененің айналыс осінен түрліше қашықтықтарда орналасқан кездеріндегі жағдайларды қарастыра отырып, бұл кезде де денеге дененің массасына және центрден тепкіш үдеуіне пропорционал күш әсер ететіндігіне көз жеткіземіз. Дене массасының центрге тартқыш үдеуге көбейтіндісі центрге тартқыш күш деп аталады.


Осы айтылғандарды қорытындылай келе, былай деп айтуға болады: күш дененің массасының осы дененің алған үдеуіне көбейтіндісіне тең болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет