Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады
Сөз төрт-бес жасар балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші орын алады.
Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады. Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін меңгеруімен сипатталады.
4 жас пен 5 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің — сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.
Сөз төрт-бес жасар балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші орын алады
Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады
Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін меңгеруімен сипатталады.
Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
4-5 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады
Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды.
Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Сәби жасындағы балалардың тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту мен тәрбиелеу ең алдымен өзіне 4-5 жасар балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуден басталады.
Ересек топ балаларын тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу жұмысының мазмұнына айту, есту, сөйлеу қарқыны, оның интонациялық мәнерлілігіне байланысты ойындар мен жаттығулардан тұрады.
Мұнда берілетін материалдың біртіндеп күрделенетінін, оның қайталанатынын ескеру маңызды. Дыбыстардың дифференциациясы мен бекітуінін жүйелілігі сөйлеудің дамуы үрдісінде пайда болған қиындықтарға байланысты беріледі.
Тіл дыбыстарының айтылуы мен дыбыстау мүшелері арқылы жүзеге асырылады. 5 жастағы балаға ң,р,с,ш,ч,қ,ү,щ,з,ж,ц дыбыстарын дұрыс айта алмайды, сондықтан арнайы жаттығуларды пайдаланған жөн.
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту мен тәрбиелеу сәби жасындағы балалардың дыбыстық дамуының басты мәселелерінін бірі болып келеді.
Дыбыстарды дұрыс айту мен қатар тілдің дыбыстық жағының интонация, дауыс күші, дикция, қарқын сияқты басқа да элементтерімен жұмыс істеу қажеттілігін зерттеушілер көрсеткен.
Сонымен, балаларда ақыл-ой мен сөйлеуінің дамуы барысында дыбыстарды дұрыс айтуда сөз екпіні, интонация (сөйлеу мақамы, дауыс күші, қарқыны, сөйлеу тембрі) сияқты элементтерге және де байланыстырып сөйлеуге көбірек көңіл бөлу керек
Сөйлеудің интонациялық мәнерілілігімен жұмыс жасау монотондылық, сөйлеудің түсініксіздігі, дикцияның айқынсыздығы, жеделдетіген (немесе бәсеңдетілген) қарқын сияқты кемшіліктерден құтылуға жол ашады.
БУЫНДЫ ҚОС
Дидактикалық міндеті: сөзді буынға бөлу механизмді қалыптасу.
Құралдар: доп, фанталар, карточкалар,
Содержание. Балалар шеңберге тұрады, педагог буынды айтып, бір балаға допты лақтырады. Бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айтылмасы немесе тез буында айтпаса, фантпен төлейді. Мысылы: ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла. Ойынды өзгертуге болады.
ҚЫЗЫҚТЫ ҚҰРЫЛЫМДАР
Дидактикалық міндеті: балалрды сөздің дыбыстық құрылымының талдауында упражнять детей в анализе звуковой структуры слов.
Құралдар: сөздердің құрылмдар, жетондар.
Мазмұны. Тақтада үш сөздің құрылымдары, мысалы: доп, шана, қоян, әке және т. б. Балалр берілген құрылымдар бойынша сөздерді тауып айтады. Жеңімпаз балаларға жетондар беріледі.
ӘРІПТІҢ ЖАРТЫСЫ
Дидактикалық міндеті: әріптің баспа түрін есие сақтау және траспознавать и запоминать конфигурацию букв.
Құралдар: шағын шымылдық (қатты қағаздың жартысык, кітап, дәптер және т. б.), әріп кассасы.
Мазмұны. Педагог асықпай шымылдықтан әріптің жартысын көрсетеді. Балалар әріптің жартысын қарындашпен баспа түрін жазады. Әріпті айтқаннан кейін, педагог әріпті түгел түрін көрсетеді.
Дауысты және артикуляциясы бойынша жеңіл дауыссыз дыбыстарды анық айту балада артикуляциясы қиындау болатын дыбыстарды айта алуына әкеледі. Ал балалардың сөйлеуі анық және түсінікті болу үшін олар ауыздарын үлкенірек қып ашу керек – бұл [а] дауысты дыбысының артикуляциясы арқасында және еріндерін қатты айқастыру керек – бұл [м], [п], [б] сияқты дыбыстардың анық айтылуы.
Дыбыстарды дұрыс айтқызуда фонематикалық естуды, яғни дыбыстарды айыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алу, сөйлеу қарқыны, дауыстың биіктігі мен қаттылығы, дикцияны айыра алу қабілеттілігі жетіле түседі. Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін бала жақсы айта алатын дыбыстарды қолдану керек.
Артикуляциялық аппарат мүшелерін дамыту мақсатында жануарлар дауыстары, келтіруші сөздер кеңінен қолданылады. Мысалы, балаларға сырнай мен қоңырау сияқты музыкалық аспаптап беріледі. Сырнай «ду-ду», қоңырау «динь-динь» деп сыбдыр қақса – жуан және жіңішке дыбыстардың айтылуы бекітіледі.
Ал, «Ненің дыбыстайтынын тап», «Кімнің дауысы екенін тап» деген сияқты ойындарты ойыншыұтармен жүргізуге болады. Мұнда «Бақа (қаз, үйрек, әтеш) дыбыстайды?» деген тура сұрақтармен қатар «Ку-ка-ре-ку (ква-ква, кря-кря) деп нелер айтады?» деген кері сұрақтар қоюға болады.
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу – бұл тек қана дыбыстарды дұрыс айтқызу ғана емес.
Дикция (сөз, буын, дыбыстарды дұрыс, анық айту) арнайы сөздік материал арқылы жүзеге асады. Мысалы, бұл әзіл-жаңылтпаштар («Са-са-са, ызыңдайды маса», «Жу-жу – қане ыдыс жу», «Бом-бом-ботақан, бері келші, қошақан»), мазақтамалар, қаламақтар, жаңылтпаштар («Шеше, неше кесе сынды кеше»; «Сәлем саусақ, сәлем саусақ, сәлем саусақ»).
Дыбысталуы ұқсас дыбыстарды оқытуда оларды біріктіруге болады. Мысалы, [с] және [з] дыбыстары артикуляциясын өтуде тәрбиеші мына сөйлемдерді қайталап айтуын сұрайды: «Зе-зе-зе,зе-зе-зе – бұл шынылы терезе», «За-за-за,за-за-за – үйдің іші тап-таза», «Зу-зу-зу,зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу», «Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса». Мұндай жаттығулар балаларға ритм сезімін дамытады.
Сөйлеудің дыбыстық жағының қалыптасуы арнайы сөйлеу материалы (сөз, сөйлем, жаңылтпаштар, белгілі бір дыбыстар тобы бар өлең-тақпақтар) арқасында және де сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің мақсатына грамматикалық және лексикалық жаттығуларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ал мақсаттарды осылай байланыстыру балаларды қызықтыруда үлкен нәтиже көрсетеді.
Балаларға сөздердің қысқа және ұзын, әр түрлі болатынын, олардың алуан түрлі айтылатынын және де оларды қатты – ақырын – сыбырлап, жылдам – жай – ақырын айтуға болатынын көрсететін ойындар мен жаттығулар бар. Бұндай жаттығуларды еліктеу
әдісімен (кап-кап, топ-топ) және кез-келген бір-бірімен үйлесімді дыбыстармен жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |