Дұрыс жауаптарды математика пәні мұғалімі Ахметова Динара Джарлыкабовнаның жеке электронды почтасына жібересіздер


Оқу танымдық қолдану әрекетінің жабық тапсырмасы. Оқушылардың есеп шығару үшін ондық бөлшек туралы түсініктері болуы керек және оларды жазып, қосып білулері қажет



бет2/3
Дата17.04.2024
өлшемі176.64 Kb.
#498964
1   2   3
Оқу танымдық қолдану әрекетінің жабық тапсырмасы. Оқушылардың есеп шығару үшін ондық бөлшек туралы түсініктері болуы керек және оларды жазып, қосып білулері қажет.
1-есеп. Теңбүйірлі үшбұрыш.
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштарының қосындысының мәні 318°.
1-сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы мүмкін бе?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең? Жауабы: ________ .

2-есеп. Үшбұрыштың бұрыштары
АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 57°-қа тең, ал А бұрышымен сыбайлас бұрыш – 163°.
1-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
2-сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың С төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .

3-есеп. Қозғалыс.
Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем.
1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді? Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі? Жауабы: ________ .

4- есеп. Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (1-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.

1-сурет
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген? Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?
Жауабы: ___________.


5- есеп. Фигураның ауданы.
Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (2-сурет).

2-сурет
1-сұрақ. Боялған фигураның ауданы неге тең? Жауабы: ________ .
2-сұрақ. Боялған фигураның өлшемдері қандай? Жауабы: ________ .
3-сұрақ. Боялған фигураның периметрі неге тең? Жауабы: ________ .
4-сұрақ. Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан қанша пайыз кем?
Жауабы: ________ .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет