Двуречный селолық округінің әкімі Қ.С.Мусиннің
2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы
ақпараты
Двуречный селолық округі аумағында екі село орналасқан: Двуречный және Приишимка.
01.01.2013 жылға халқының саны 1150 адам, Двуречный с.- 916, Приишимка с. – 234. 01.01.2012 жылмен салыстырғанда халықтың саны 32 адамға азайды (соның ішінде18 қайтыс болғандар және 14 адам селолық округтан басқа жаққа көшіп кеткендер) Аулалар: Двуречный с. – 359, Приишимка с. – 89.
Зейнеткерлер- 169: Двуречный с.-143, Приишимка с.-26.Балалар 0-ден 18-ге дейін -287: Двуречный с.- 232, Приишимка с.-55.Еңбек жасындағылар -669, соның ішінде Двуречный с. – 521, Приишимка с.– 148. Мүгедектер – 25 адам:
Двуречный с.- 20, Приишимка с. - 5.
Селолық округ халқы – көпұлтты. 24 ұлт өкілдерінен тұрады.Соның ішінде ең көбі орыс өкілдері – 560 – 49 %.Тұрғылықты халқы –189адам–16%,
Украиндер-215-19% , немістер-44-4%, белорустер-60 адам-5%,татарлар
–20-2%, башқұрлар – 18 – 1,5% және 44 – 3,5% басқа ұлт өкілдері(евреилер, литовцылар, молдавандар, латыштар, өзбектер, шешендер).
Жеке сектордың қосалқы шаруашылығы. 448 тұратын аулалардың 311 қосалқы шаруашылықтары бар және 137 қосалқы шаруашылықтары жоқ.(Двуречный -114, Приишимка -23). Биылғы егіннің жоқтылығы байқалады, жем-шөптің бағасы қымбат. Жыл сайын ІҚМ, шошқалардың, ШҚМ саны азаюда.
ІҚМ – 382 бас с.і. 157 сиырлар.
Шошқалар – 549, с.і. торайлар – 68 бас.
ШҚМ – 216 бас, с.і. қой-ешкі- 108 бас.
Жылқылар- 55 бас, с.і. бие-24
Құстар – 2654 штук
Двуречный селолық округі әкімі аппаратының штаты 3 адамнан тұрады: әкім және екі бас маман. Селолық округ әкімімен 43 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды: 19 негізгі қызметі және 24 жеке құрамы бойынша
2012 жылдың ішінде селолық округ азаматтарымен 7 кездесу өткізілді:аудан әкімінің есебі, 2011жылғы атқарылған және 2012 жылғы міндеттері туралы селолық округ әкімінің есебі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына түсініктеме туралы, жекеменшіктің малын бағу, картоп бақшасы, 2012 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысы жөнінде бюджет мекемелерінің есебі және «Өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша мәдениет үйінің төбесін жөндеу туралы. Азаматтардан 7 өтініш түсті. Барлық өтініштер Заңда көрсетілген уақытында қаралып, тиісті жауаптар берілді. Селолық округта 2012 жылы 32 азаматтық хал-ахуал актілері тіркелді. Соның ішінде 10 туу туралы, 4 неке тіркеу жөнінде тіркелді.
Әскери есепте тұрғандар: әскери запаста -170 адам, әскерге шақырту жасындағылар – 42, соның ішінде 12 адам әртүрлі себептермен бармай қалғандар (отбасына байланысты, сотталғаны бар).
2012 жылы меморандум жасалынды. ЖШС «АФ Каракол» -5: «Жеңіс күні» мерекесін өткізуге көмек көрсету туралы, Двуречный орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыру туралы, «Балаларды қорғау күні» мерекесін өткізуге демеушілік көрсету туралы, мұражайды, ДОМ спорт залын жөндеу туралы.
ЖШС «Парадиз-Д»-1: ДОМ негізінде «Балапан» шағын-орталығына электр плитасын сатып алуға.
ЖШС «Приишимка» -3: өндірісті қалыптастыру мәселелері бойынша және еңбек құқығын жұмыскерлер кепілдемелерін қамтамасыз ету, 2012 жылдың 2-жартыжылдығына басылымдарға жазылуға демеушілік көрсету туралы, облыс спортакиадасын өткізуге.
Селолық округі бойынша құқық қорғауды қамтамасыз ету. Двуречный селолық округінде учаскелік полиция инспекторы Акопян Сергей Каренович жұмыс істейді. Бір жылда 5 ұрлық тіркелді(ІҚМ, жылқылар, жедел жәрдем автокөлігі).
Селолық округтың экономикалық секторы 5 ауылшаруашылық құрылымынан тұрады:
ЖШС «АФ Каракол» - жинайтын алаң – 23972 га, өнімділігі- 9ц/га.
ЖШС «Алиби-Есиль» - 13062 га
ЖШС «Парадиз-Д» - 1590 га
ШҚ «Аблайхан» - 540 га
ЖШС «Приишимье» - элеватор, бидайды сақтау, өңдеуге арналған.
Двуречный селолық округінде 9 дүкен бар. Барлық кәсіпкерлер селоның қоғамдық өміріне ат салысады.
Әлеуметтік қорғау
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, Крюкова В.,-7 жалғызбасты қарттарға, Сактапбергенова З.- 6 адамға қызмет көрсетеді.(Збитнева Г.А.,Сидоркевич М.А., Синицындар – 2 адам, Зюриндар отбастары) ЖҚ және ӘББ есепте 7 адам тұрады. Селолық округ аумағында Бұлар: аймақты тазарту, шаруашылық кітап есебін жүргізуге көмек көрсету, азаматтардың әлеуметтік карталарын дайындауға. 2012 жылы 5 балаға мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалды. 80-жасқа толуына байланысты 2 адамға ЖҚ және ӘББ материалдық көмек көрсетілді.
Осы жәрдемақыға өтініш берген азаматтардың бәрінде үй иесі ретінде барлық құжаттары бар. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен берілді.
Барлық жердегідей біздің селолық округімізде де жұмысқа орналасу мәселесі бар. Ауылдастарымыз көктемгі, күзгі дала жұмыстары кезінде басқа жаққа баруларына мәжбүр.
Двуречный селолық округінің әлеуметтік саласы келесі нысандардан тұрады: Двуречный орта мектебі, селолық дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі, Приишимка селосының фельдшерлік бөлімшесі, АТБ, «Казпочта» бөлімшесі.АТБ 1 адам қызмет көрсетеді.(Сулима В.В.) Аудандық телеком байланысынан жұмыс істейді.Двуречный селосының абоненттер саны -187, Приишимка селосында -13. Жыл сайынғы есепте байланыстың сапасы туралы айтып келеміз, бірақ ешқандай өзгеріс байқалмайды.Азаматтардың жыл сайынғы өтініштеріне байланысты байланыстың сапасын арттыратын – Интернет жоспарланып отыр.Сондай-ақ сандық станцияға ауыстырылу да қарастырылған.
«Қазпошта» бөлімшесі қазіргі уақытта ЖШС кеңсесінде орналасқан оператор, Ефимова Т.А., көпфункционалдық пошта қызметтерінің операцияларын атқарады.Сапалы, адал жұмыс істейді, жұмыс күні түске дейін ғана.
Двуречный орта мектебі 1967 жылдан жұмыс істейді. Мектеп 1 сменда жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі оқушыларға бескүндік, 1-11 сынып оқушыларына алтыкүндік қарастырылған. Шағын-орталықта -5 күндік.Барлығы 13 сынып. Негізгі оқыту формасы- сыныптық.Мектепте үйірме жұмыстары, спорт бағыттары бойынша аула клубтары бар. Жазғы каникул уақыттарында мектеп спорт залының төбесін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көп жұмыстар атқарылды. ЖШС «АФ Каракол» жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржыдай көмек көрсетеді, сол сияқты бастауыш сыныпты, 6 жастағы және шағын-орталықтың балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөнінде меморундум жасауға көмек көрсетеді. Мектептегі мерекелерді өткізуге, 1-сыныпқа сыйлықтар сатып алуға, көлікке жағармай алуға көмек көрсетеді.Денешынықтыру сабағына ЖШС «АФ Каракол» доптар және басқа да қажет заттар сатып алуға көмек көрсетеді.Пед.ұжымда -27 мұғалім бар. Жоғары білімді-20 мұғалім-74 %. ДОМ мұғалімдері біліктілігін көтеру курстарын белгіленген кестеге сәйкес өтеді.
Двуречный орта мектебінің оқушылары аудандық деңгейдегі шараларға белсенді ат салысады. Шығармашылық үйінде өткен конкурстардан оқушылар командасы 2орын алды.(пионер жетекшісі Сизикова Л.В.), Ақсай селосында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шараларда жоғары сынып оқушылары сап түзеу дайындығында 2 орын, автоматты жинауда 1 орын және жалпыкомандылықта -3 орын алды.(мұғалімі Тепляшов А.А.).
2011-2012 оқу жылында бырыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша 79,1.Түлектер бәрі орналастырылған, сондай-ақ біздің мектебіміздің түлегі Жолдыбаева Құралай Лондон қаласында, Англияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда.
Мектептің жылу жүйесі автономдық, жылу мерзіміне 410 тонна көмір әкелінді, көмірді ЖШС «АФ Каракол» тасиды. Аудандық ағарту бөліміне мектепке Приишимка селосынан оқушыларды әкелуге ПАЗ маркалы автобус берілді.
Двуречный орта мектебінің жанынан «Раушан» шағын-орталығы бар, 20 бала және Приишиимка селосында - «Балапан» шағын-орталығы, 15 бала барады.
Жақынарадағы негізгі міндеттер: акты залына және асхананың төбесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, спорт құралдарын сатып алу, талаптарға сәйкес мектептің 3 қабатына су жүргізу, шағын-орталықты басқа жерге көшіріп, балалар алаңын орнату.
Негізгі мәселелер: автобус сатып алу.Төбесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздар, компьютер, керек-жарақтар(кереуеттер, кір жуатын машина, тоңазытқыш, ойыншықтар, жиһаз).
Двуречный дәрігерлік амбулаториясы
Штат 15 адамнан тұрады. Бір жылдың ішінде медициналық көмек алуға келгендердің саны 361 адам. Флюорографиядан өту жоспары - 800, өткендері –834. Койка-орындар- 10. Жылу жүйесі автономдық, жылу мерзіміне көмір жеткілікті әкелінді. Жыл сайын медперсоналдарымен жөндеу жұмыстары жасалынады. Биыл, төртініші тоқсанда көптен күткен аптека киоскісі ашылды, селолық округ тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
Мәдениет үйі – Аудандық Мәдениет үйінің балансында, 230 орындық. Жылу жүйесі автономдық, көмірмен жағылады. Жыл бойы Мәдениет үйінде мерекелік күндерге арналған шаралар өткізіледі. Қазіргі уақытта халықтың клубта өткізілетін шараларға қызығушылығы артуда.Концерттік бағдарламалардың көрермендері көінесе зейнеткерлер, жастар да қатысады. «Двуреченка» вокалдық тобы көптің көңілінен шығады. Олар аудан деңгейіндегі шараларға да қатысып келеді.(Макарова Людмила, Ведомцева Людмила).
2012 жылдың ішінде әртүрлі шаралар өткізілді, мерекелік күндерге арналған концерттер:8-Наурыз, Наурыз-Мейрамы, Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі, Балаларды қорғау күні, Конституция күні, Қарттар күні. Барлық музыкалық бөлімдері, аккомпаниатор, Рычер Людмила Владимировна жұмысының жемісі, әртүрлі әндерге, қойылымдарға тиісті, әрқайсына жеке ырғақтармен сүйемілдейді. Нашақорлыққа, темекі шегуге қарсы жоспарлық шаралар өткізіледі. «Нет наркоткам!» атты жастармен акция, «Мы, за здоровый образ жизни» кездеуі. 2012 жылы «Маленькая леди» аудандық конкурсына Рамазанова Жанна (6 жаста) қатысып, 1-орынды жеңіп алды және «Қазақтың келіні» конкурсына біздің селодағы көп балалы ана, Сейдина Жанагуль қатысты.
Мәдениет үйінде кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 8000 кітап.
Кітапханашы Снигур Людмила Николаевна өз жұмысын жақсы көреді, әрқашан Мәдениет үйінің шараларына көркемөнерпаздармен бірге ат салысып келеді. Кітапханада «Домоводства и цветоводства» үйірмесін ұйымдастырды, селолық округ тұрғындарымен кездесу, жастардың қатысуымен «Лицидей» өткізді.
ЖШС «Агрофирма Каракол» көп көмек көрсетеді, басшысы Глущенко Александр Семенович. 2012 жылы 261300 теңге көлемінде мерекелік шаралар өткізуге, музыкалық орталық және дивиди алуға қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, тасымалдау қызметіне де көмек көрсетеді(су, қөмір тасуға).
ШҚ «Абылайхан» КВУ-2 жылу жүйесінің қазанын жөндеуге (электрбалқыту жұмыстары) және насосқа электрмоторын сатып алуға (30000) теңге көмек көрсетті.
Мәдениет үйінің негізгі мәселелері:
1.Төбесін жөндеу. Жыл сайын, көктемде, күзде ғимараттың төбесінен тамшылайды. Шұғыл күрделі жөндеу қажет.
2.Домбыра, синтезатор, микрофон т.б. аспаптар сатып алу.
3.Телефон орнату.
4.Компьютер сатып алу.
5.Электр қондырғыларын ауыстыру.
6.Жылу жүйесіне мотор және оған қосалқы бөлшектер қажет.
Селолық округты тазарту және көркейту
Селолық округта аудан әкімдігінің қаулысына байланысты тазарту және көркейту жөнінде 2 жиын өткізілді және тазарту, көркейту мәселелері бойынша 6 дәріс оқылды. өткізілді. Тұрғындар бұл мәселеге жауапты қарайды. Бірақ қоқыстарды тазарту кезінде қиындықтар туындайды. Бүгінгі күнді пайдалана отырып, айтқым келетіні, тұрғындар үй қоқыстарын жыл бойы тазартып отыру керек.Біздің ауданда да, облыста да табиғатты қорғау жөніндегі қадағалау мекемелері бар.Селоны тазартуға және қоқыс үймелерінің болмауына бәріміз ат салысуымыз керек. Ауланың жанына қоқыстарды үйіп, жинай бермей, шамалыдан таси беру керек. ЖШС «АФ Каракол» қолдарынан келгенше көмек көрсетеді.Сондықтан селолық округтың тазалығы өзімізге байланысты.
2012 жылы есеп беру кездесуінде қойылған міндеттер:
1. Двуречный селосының су құбырына күрделі жөндеу жүргізу – селолық округ әкіміне байланысты емес объективті себептермен орындалған жоқ. Бұл мәселе 2013 жылға қалады.
2.ҚҮҚ полигонын заңдастыру – орындалған жоқ.
3. Балаларды тасуға автобус сатып алу – автобус сатып алынды
4. 40-орындық шағын-орталық ашу(Двуречный с.,Приишимкас.)- шағын-орталық жұмыс істейді.
5.Аптекалық киоск ашу – Двуречный СДА жанынан киоск ашылды.
2013 жылға міндеттер:
Двуречный селосының су құбырына күрделі жөндеу жүргізу.
ҚҮҚ полигонын заңдастыру
МҮ төбесін жөндеу жұмыстары
Байланыс сапасын жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |