Дєріс тезистері


-тақырып. Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар



Pdf көрінісі
бет156/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   217
ДШТӘ лекция

 
18-тақырып. Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар 
1. Сергіту 
сәттері, 
сергіту 
сәттерінің 
маңызы 
(Сергіту 
сәттерін 
ұйымдастырудың әдістемесі).


275 
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі мерекелерін ӛткізудің маңызы 
(Балаларды ұйымдастыру. Оларға жетекшілік ету әдістемесі. Мәдени 
тынығуды ұйымдастыру). 
 
Сергіту сәттері (физкультминутка) (қысқа мерзімді дене жаттығулары) 
естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, 
сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі, т. б.) ӛткізіледі. 
Сергіту сәттерінің маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-
жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың 
іс-әрекет сипаты мен дене қалпының ӛзгеруінде болып табылады. Егер сабақ 
процесінде бала ұзақ отырып қалса, онда бұлшық еттердің статикалық 
жағдайының салдарынан жүйке жүйесіне әсер ететін, шаршап-шалдығу сезімін 
туғызатын тоқырау құбылысы пайда болады. Бала «тықыршып қимылдай» 
бастайды, кейде қалыптасып келе жатқан тұлғасына қолайсыз қалыпты 
ӛзгертуге тырысады. Бақылау мынаны кӛрсетіп отыр: біртектес жұмысты істеу 
кезінде, сондай-ақ сабақты дұрыс мӛлшерлеуді бұзу кезінде қажудың дендеуі 
күшейе түседі, мұның ӛзі баланың зейінін нашарлатады. Бұл ми қыртысындағы 
тежелудің күшеюімен және осыған байланысты рефлекторлық реакция 
жылдамдығының, баланың оқу материалын игеру қабілетінің нашарлауымен 
түсіндіріледі. Ол әр нәрсеге алаңдай бастайды, зейін белсенділігі кеміп
қабылдауы тӛмендейді. Осы белгілердің бәрі сол алаңдау кезінде әрекетті 
ӛзгерту қажеттігін кӛрсетеді.
Ӛз заманында К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Баланың аздап 
қимылдауына мүмкіндік беріңіз, ал ол сізге тағы да ондаған минуттық зейін 
сыйлайды». Сергіту минуты зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын 
қалпына келтіруге бағытталған. Дене жаттығуларын орындау немесе қимыл-
қозғалыс ойындары бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуін туғызады, ал бұл ӛз 
кезегінде қан айналысын жақсартады, сол арқылы жүректің жұмыс істеу, тыныс 
алу интенсивтілігін күшейтеді, симпатикалық жүйке жүйесінің әрекетін, тұтас 
алғанда миды қанмен қамтамасыз етуді жандандыра түседі. Осылардың бәрі 
қосылып бала психикасының эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына кел-
тіруге, зейінін, ақыл-ой қызметін, жалпы дене жағдайын арттыруға әсер етеді. 
Шаршағаны басылып, бала тынығады, қайтадан құлшынып сабаққа кіріседі. 
Сабақтарды жоспарлау кезінде олардың сипатын ескеру керек. Зейін мен ақыл-
ойдың ӛте күшті ширығуын туғызатын есептеу жӛніндегі сабақтарды 
эмоциялық тонусты күшейтетін музыкалық немесе дене шынықтыру 
сабақтарымен кезектестіру тиімді болады. Әрекетті ӛзгерту кезінде баланың 
бірінші сабақ кезіндегі шаршағаны шығады. Сергіту минутын ӛткізу кезіндегі 
міндетті шарт таза ауа (фрамуганың, терезенің ашық тұруы, желдетілген бӛлме) 
болып табылады. Сабақ процесіндегі сергіту балалармен сабақ ӛткізілетін 
үстелдің жанында отырып немесе түрегеп тұрып ӛткізілуі мүмкін. Ол бұлшық 
еттердің жұмысын жандандыратын және кӛкірек қуысын кеңейтетін кеудені 
тӛмен июге, орнында тұрып аяқ басуға құрылған 2-3 жаттығудан тұрады. 
Бұлардың бәрі 1-2 минуттың ішінде орындалады. Екі сабақтың аралығындағы 
сергіту қимыл-қозғалыс ойыны немесе жаттығу түрінде ӛткізілуі мүмкін. 


276 
Эмоциялық тонусты ерекше күшейтетін ойындардың ішінде секіріп ойнауды, 
қуып жетуді, ұстап алуды әртүрлі нұсқаларымен пайдалану тиімді болады. 
Барлық балаларды ширақ қимылға тарта отырып, бұл ойындар қан айналымын 
күшейтеді, тыныс алуды тереңдетеді, құрсақ қуысындағы, бас сүйегі мен 
аяқтағы қанның ұю құбылыстарын жоюға кӛмектеседі. Жаттығулардың ішінде 
иық, белдеу еттерінің, кеуде, аяқтың негізгі топтарын интенсивті жұмыс істеуге 
тартатын, тұлғаны түзейтін, жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын 
балаларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолдарды жоғары кӛтеру, 
оларды бұлғау, жан-жаққа созу, тӛмен түсіру; тартылу, жартылай отыру, отыру, 
аяқты тізеден бүгу; кеудені жан-жаққа қисайту, алға-тӛмен иіліп, ізінше бойды 
тіктеп түзеу, т. б. Жаттығу аяқталысымен, егер ұзаққа созылмайтын қимыл-
қозғалыс ойыны ӛткізілсе, тәрбиеші балаларға немен айналысуы керектігін 
ескертеді, асықпай ӛзі орындарын табуды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет