Ең алдымен бақыт



Дата12.05.2024
өлшемі17.34 Kb.
#500950
Біз әртүрліміз


Біз әртүрліміз. Сыртқы пішін, жан-дүниеміз де ұқсамайды. Түр-сипатымыз тәрізді түсінігіміз де бөлек. Десек те бәрімізге ортақ бір нәрсе бар. Ол- бақытты болғымыз келетіндігі. Бірақ бақыт жайлы түсінігіміз де, оған жетуге ұмтылысымыз да әр қилы.Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Қасында жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.
Ең алдымен бақыт – аяққа қонады. Аяққа қонған бақытты ұстай алмағандар: талтаң-талтаң басып, олай-бұлай шалқақтауы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын теуіп жіберуі мүмкін.
Кеудеге келген бақты көтере алмағанның кеудесіне нан піседі. Өзгеден гөрі өзін жоғары санағыш болып, менмен, өркеуде болады. Ондайдан бақ кетіп қалады. Егер кеудеге келген бақты көтере алсаң, бақ өрлеп аузыңа келеді. Бұл кезде айтқаныңа ел ұйыйды. Адамда ауыз біреу, құлақ екеу, яғни айтпас бұрын көп ТЫҢДАУЫМЫЗ керек. Бірақ көзіміз құлағымыздан ЖОҒАРЫ орналасқан, сондықтан көрмей тұрып естігенімізге сенбеуіміз қажет.
Аузындағы бақты ұстағанның ендігі кезегі - көзінде.Көзіне келген бақты көтере алмағанның көзін шел басып,бар мен жоқты,жақсы мен жаманды айыра алмайтын халге жетеді.Көздегі бақты көтере алсаң,бақ жоғарылап басыңа орнайды. Басыңа бақыт құсы қонды деген осы.
Барлығымыз бақытты ғұмырды қалаймыз, бірақ шындығына келгенде бақытты адам екенімізді 99% байқамаймыз да. Неге дейсіз ғой? СЕБЕБІ, БАҚЫТ - БАҚЫТСЫЗДЫҚ СЕЗІМІНІҢ ЖОҚ СӘТІ. Ауру, уайым, ақшаның жоқтығы сізді бақытсыз қылатыны рас, алайда барлығы жақсы кезде "мен бақыттымын" деп айтпаймыз. Оны шынайы сезіне алмаймыз да. Барлық бақытсыздық сезімін тудыратын сәттерден арылуға әбден болады. Егер оған күшіңіз жетпесе ол сәтті сол күйінде қабылдағаныңыз абзал. Біз туылғаннан өміріміздің соңына дейін бақытты іздейміз. Ал негізінде..
БАҚЫТТЫ ІЗДЕУДІҢ ОРНЫНА - СІЗГЕ БАҚЫТСЫЗДЫҚ СЕЗІМІН АЛЫП КЕЛЕТІН НӘРСЕЛЕРДІ ІЗДЕП, ОЛАРДАН АРЫЛУ ЖОЛЫН ҚАРАСТЫРУ - ЕҢ ДҰРЫС ДҮНИЕ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.
Мен үшін -Бақыт-таңертең ұйқыңнан тұрып, әлемнің саған ұсынар ғажайыптарын көре алғандығың.
Бақыт-ас бөлмеден ата-анаңның күлген дауысын ести алғандығың.
Бақыт-сүйікті ісіңмен айналыса отырып, табыс табуың.
Бақыт-қиындықтар сені мықты ету үшін берілетіндігін түсінгенің.
Бақыт-әр таң сайын мақсаттарыңның орындалуы үшін қадам жасағаның.
Бақыт-сенің жаныңдағы досыңның шынымен адал досың екенін түсінгендігің.
Бақыт-естеліктеріңді езудегі күлкімен сағына еске алғандығың.
Қорытындылай келе, бақытты болуға лайық әркім де, бақыт құсын ұшырып алма сәтінде. Өмір қысқа, арпаласып жүргенде, адасып қателікке жол берме, іс әрекет жасап берекет қыл кезінде.

Қарағанды медицина университеті


Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Бақыт деген не?

Орындаған Жаппаркулова Т.А.


Тексерген Абдикаримова Г.Б.


Қарағанды 2024

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет