Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Сәйкестендіру
1. Ауыз қуысы
|
А) құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі
|
2. Гормон түзу қызметі
|
В) адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі
|
3. Асқорыту
|
С) қажетсіз заттарды ағзадан бөліп шығару
|
4. Химиялық өңдеу
|
D) ауыз қуысында шайнау, сілекеймен шылану
|
5. Экскрециялау қызметі
|
E) ас қорыту жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік жасушалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі
|
6. Жұтқыншақ
|
F) қоректік зат клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және
организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.
|
7. Өңеш
|
G) ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады
|
8. Механикалық өңдеу
|
H) ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі
|
9. Қарын
|
I) қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше
|
10. Аш ішек
|
J) АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО2, H2O, NH3 –қа дейін ыдырауы
|
Мәтінмен жұмыс
1.Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ________ жолынан және _________ бездерінен тұрады.2.Асқорыту мүшелерінің іші ____, түтікке ұксас.3.Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен ____ қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын _________. 4.Ортаңғысы _______ қабаты, ішкі қабаты - ________ ұлпасынан түзілген.
1. Асқорыту мүшелерінің қызметі: ____________ қызметі- ас қорыту жолына түрлі ________ бөлетін бездердің жұмысымен байланысты. 2.___________ қызметі– ______ мен ішектің қабырғасындағы етті қабаттың жиырылу-босаңсу арқылы араласып, шайқалып, астың жылжуымен байланысты.3.__________ қызметі-__________ қабаттың құрылымдық ерекшеліктеріне және арнайы әрекетіне байланысты.
1. Ауыз куысындағы тағам ______ мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады.2.Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан _______ аркылы қарынға өтеді. 3.Жұту кезінде _________ кақпағы жабылады.
Көмекші сөздер:қуыс,үш,бұлшықет,асқорыту,сірқабат,секциялық, эпителий, қимылдау,асқорыту,сөлдер,сіңіру,қарын,кілегейлі, көмекей,өңеш,тіл.
Достарыңызбен бөлісу: |