Е. Н. Иманғалиев 2015 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті»



Дата08.07.2016
өлшемі65.01 Kb.
#184556
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ Е.Н.Иманғалиев

«___»_________________2015 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест. (Оқу қазақ тілінде жүретін мектептер үшін).

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.



Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

Тапсырма

формасы

1

Ежелгі дәуір әдебиеті.

1

Орта ғасырдағы түркі әдебиеті (Әбунасыр әл-Фараби, Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари).

1

В

1/5

2

Ауыз әдебиеті.

1

Тұрмыс-салт жырлары, ертегілер. Аңыздар, шешендік сөздер, айтыс, оның түрлері. Мақал-мәтел, жұмбақтар.

2

А

1/5

2

Батырлар жыры. Лиро-эпостық жырлар.

3

A

1/5

3

Жыраулар поэзиясы. (ХV – XVIII ғ. әдебиеті).

1

Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырау, Бұхар жырау, Ақтамберді, Жиембет, Үмбетей.

4

В

1/5

4

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет.

1

Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы, Сүйінбай Аронұлы. Майлықожа.

5

В

1/5

5

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар.

1

Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, С.Торайғыров.

6

В

1/5

6

Абай Құнанбайұлы.

1

Өмірі, өлеңдері, поэмалары мен қарасөздері.

7

В

б/б

7

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет. Ақын - сазгер - әншілер

1

Біржан сал, Ақан сері, Ә.Найманбаев, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ,

8

В

б/б

8

ХХ ғ. басындағы әдебиет.

1

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев. Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин.

9

В

б/б

9

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет

1

Қасым Аманжолов, Баубек Бұлқышев, Жамбыл Жабаев. Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин.

10

С

1/5

2

Мұхтар Әуезов. Өмірі, шығармашылығы, 20-30ж. әңгімелері, аудармалары, драматургиясы. Романдары. «Абай жолы» роман-эпопеясы.

11

С

б/б

10

Туысқан халықтар әдебиеті.

1

Туысқан халықтар әдебиеті. Р.Ғамзатов, М.Жәлел, Ш.Айтматов т.б.

12

A

б/б

11

Әдебиет теориясы.

1

Троп, фигура, өлең құрылымы, ұйқасы және олардың түрлері.

13

С

1/5

12

Қазіргі заман әдебиеті ХХ ғ. ортасы және аяғындағы әдебиет

1

Поэзия М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев,

Ф. Оңғарсынова, Ж.Молдағалиев, О.Сүлейменов,М.Шаханов,

Ж.Нәжімеденов,

Т.Айбергенов,Қ.Бекқожин, С Жүнісов.



14

B

1/5

2

Проза және драматургия. І.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов,Т.Ахтанов., Б.Момышұлы, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Келікбаев., Ш.Мұртаза, О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев.

15

В

1/5

13

Жағдаяттық тапсырмалар.

Әртүрлі түрдегі (тест, таблица, график, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б) ұсынылған ақпарат негізіндегі жағдаяттар (оқиға, мәселе, шынайы өмірде болған оқиға).



16-20

А, А, В, В, С

1/5
Ескерту:

1/5 - бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауап;

б/б – бірнеше жауап нұсқасында бір немесе бірнеше дұрыс жауап.
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 5 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 11 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 4 тапсырма.


5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Халық ауыз әдебиеті: түрлері, ерекшеліктері.

Ежелгі дәуір әдебиеті: жазба ескерткіштерінің тарихы, түрлері.

ХІ-ХVІІІ ғ. әдебиет: жыраулар поэзиясының даму кезеңдері, өкілдері.

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет: әдеби ағымдар.

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет: жаңа әдеби ағымдар мен бағыттардың, реализимнің тууы.

ХХ ғ. басындағы әдебиет: 20-30 жылдардағы әдебиет; әдеби жанрдың дамуы және көрнекті өкілдері.

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде соғыс, отаншылдық тақырыптың қалыптасуы; жанрлардың дамуы және көрнекті өкілдері.

Туысқан халықтар әдебиеті: туысқан халықтар әдебиеті туралы түсінігі.

Әдебиет теориясы: әдеби-теориялық ұғымдар түсінігі.

Қазіргі әдебиет: қазіргі заман әдебиеті, жанрлық ерекшелігі.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Тестте тапсырмалар келесі түрде берілген.

1) 10 тапсырма - берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау;

2) 5 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау;

3) Жағдаятқа бес тапсырма берілген, әр тапсырмадағы бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау.
9. Бағалау.

Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.

Бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін - 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл алады.

Бірнеше жауап нұсқасынан барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,

- жіберілген бір қате үшін - 1 балл,

- екі және одан көп қате жауап үшін– 0 балл беріледі.


10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».



ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет