Е. Н. Иманғалиев 2015 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы:



Дата15.06.2016
өлшемі73.41 Kb.
#136610
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

________________ Е.Н.Иманғалиев

«___»_________________ 2015 ж.

Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «География» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

Тапсырма формасы

1

Физикалық география

План және карта.



1

Физикалық географияның оқыту салалары.

Жер - Күн жүйесінің ғаламшары.

Жергілікті жердің планы

Географиялық карта.



1

B

1/5

2

Географиялық қабық.

1

Табиғат кешендерінің өзара байланысы.

2

A

1/5

3

Материктер мен мұхиттар географиясы. Жер табиғатының басты ерекшеліктері және географиялық қабық заңдылықтары.

1

Жер бедері және литосфера.

Жер климаты мен атмосфера.

Дүниежүзілік мұхит-гидросфераның басты бөлігі. Мұхиттарға физгеографиялық сипаттама.

Географиялық заңдылықтар.



3

C

б/б

4

Материктер мен мұхиттар.

1

Еуразия. Солтүстік Америка. Оңтүстік Америка. Африка. Аустралия мен Мұхиттық. аралдар. Антарктида.

4

B

1/5

5

Қазақстанның физикалық географиясы

Қазақстан табиғатына жалпы шолу.



1

Қазақстанның географиялық орны.

Қазақстан аумағының зерттелу тарихы.

Жер бедері және геологиялық құрылысы.

Пайдалы қазбалары.

Қазақстанның климаты.

Ішкі сулары.

Қазақстанның топырағы.


5

B

1/5

6

Қазақстанның табиғат кешендері

1

Қазақстанның табиғат зоналары және ірі табиғи аудандары.

6

B

б/б

7

Табиғатты қорғау және пайдалану

1

Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғи мұра объектілері.

7

A

1/5

8

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына жалпы шолу

1

Қазақстанның экономикалық- географиялық орны.

Халқы және еңбек ресурстары

Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны.


8

A

1/5

9

Қазақстанның халық шаруашылығы

1

Қазақстанның шаруашылығына жалпы сипаттама. Отын-энергетика кешені. Металлургия кешені.

Машина жасау. Химия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы және оның шикізатын өңдейтін салалар. Көлік және коммуникация кешені.



9

B

б/б

10

Қазақстанның экономикалық аудандары

1

Қазақстанның экономикалық аудандары.

10

В

1/5

11

Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы

Дүние жүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар



1

Дүние жүзінің саяси картасы.

Табиғат ресурстары.

Дүние жүзінің халқы.

Дүние жүзілік шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.

Дүние жүзінің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы.

Көлік және байланыс географиясы.

Халықаралық экономикалық қатынастар.


11

С

1/5

12

Америка елдері.

1

Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру.

Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Шаруашылығы. Экономикалық аудандары

Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.


12

С

1/5

13

Африка елдері.

1

Африкадағы дамушы елдер.

Саяси картасының қалыптасуы және қазіргі геосаяси жағдайы.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғат қорғау

Халқы. Шаруашылығы

Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылықтары.


13

B

б/б

14

Еуропа елдері

ТМД елдері

Азия елдері


1

Еуропаның жоғары дамыған елдері.

Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері. Шығыс Еуропа елдері. Ресей Федерациясы. Беларусь Республикасы.Украина.

Молдова Республикасы

Кавказ елдері.

Азия елдеріне жалпы шолу Орта Азия елдері.

Жапония. Қытай. Үндістан

Аймақтар бойынша шолу. Жаңа индустриалды елдер (ЖИЕ), мұнай экспорттаушы елдер.


14

B

1/5

15

Аустралия және Мұхиттық аралдар.

Дүниежүзінің ғаламдық проблемалары.



1

Аустралия және мұхит аралдарының қоныстануы мен игерілуі Аустралия Одағы.

Адамзаттың ғаламдық проблемалары шешу жолдары.




15

B

б/б

16

Жағдаяттық тапсырмалар.

Әртүрлі түрдегі (тест, таблица, график, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б) ұсынылған ақпарат негізіндегі жағдаяттар (оқиға, мәселе, шынайы өмірде болған оқиға).



16-20

А, А, В, В, С

1/5

Ескерту:

1/5 - бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауап;

б/б – бірнеше жауап нұсқасында бір немесе бірнеше дұрыс жауап.
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 5 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 11 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 4 тапсырма.


5. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Қоршаған орта туралы білімдері;

Әлемнің жалпы экономикалық сипаттамасы;

Жер бетіндегі адамзат және табиғат туралы мәлімет;

Географияның ғылым ретінде дамуы;

Қазақстан - әлемдік нарықта;

Адамзаттың ғаламдық проблемалары;

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық.



6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Тестте тапсырмалар келесі түрде берілген.

1) 10 тапсырма - берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау;

2) 5 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау;

3) Жағдаятқа бес тапсырма берілген, әр тапсырмадағы бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау.
9. Бағалау.

Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.

Бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін - 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл алады.

Бірнеше жауап нұсқасынан барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,

- жіберілген бір қате үшін - 1 балл,

- екі және одан көп қате жауап үшін– 0 балл беріледі.


10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».



ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет