Еуразиялық Одақ және оның әлемдік нарықта алатын орны
Еуразияшылдық әлем – елдерін табиғи катаклизммен бірлесе күресу, болдырмау, экономикадағы және қоғамдағы дағдарыстар мен кикілжіңнен құтылуға жолбасшы идея.
Еуразиялық Одақ – өркениетті даму формуласы. Осындай өркениетті даму формуласын көрегенділік танытқан Елбасының Еуразиялық интеграциядағы рөлі ерекше. Олай болса, оның Еуразиялық одақ негізінде болашаққа стратегиясын талдап көрелік.
Еуразиялық Одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мега жоба. Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстар ықпалымен басталған жаңа әлемдік архитектураның органикалық бөлшегі болудыңбарлық үлкен мүмкіндіктеріне ие. Бұл үшін еуразиялық интеграцияға қатысушылардың барлығында іс-қимылдың анық та нақты стратегиясы болуы қажет.
Еуроодақ негізіндегі сауда экономикалық ынтымақтастықтарға сипат бере отырып қызмет ету аясына талдау жүргізіңіз Еуропа одағының әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мұндағы әлеуметтік саясаттың ең басты ұйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында мына деңгейлермен қызмет атқарады: Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. Еуропалық Одақ – Еуропалық континентте орналасқан интеграциялық бірлестік болып табылады. Еуро Одақ жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люсенбург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Филиандия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы құрылған. Еуропалық Одақ Еуропалық қауымдастық атап айтқанда Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің 1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізінде қаланды, Еуропалық экономикалық қауымдастық, 1957жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым " ортақ рынок" деп те аталады, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаты Бірегей европалық актіде ( 1987), Мастрик келісім-шартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:
1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.
2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру
3.Бірегей сыртқы саясатқауым саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру. Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығыаймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді. Еуропалық Одақ / ЕО/ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақ тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шығырланған, ғылыми- техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орынды алады. Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу , еропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болыуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Бруссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды. Еуро Одақ Еуропа елдерінің экономикасын көтеруде басқа дамыған елдерге қарағанда едәуір алда. Еуро Одақтың әлем нарығындағы орыны өте жоғары, ақша бірлігі - еуро құнының құндылығы да көп елдер арасында жоғары, көптеген экспорттық импорттық операциялар осы валюта негізінде жүргізіледі. Еуро Одақ ұстанған саясат өзінің ішкі құпиялылығымен де ерекшелінеді.
Қазіргі кезде отандық кәсіпорындардың алғашқы легі Ресейдің нарығына шықты. Атап айтсақ, өткен жылдың 2 қазанында Батыс Қазақстан облысындағы «Crown Батыс» ЖШС-інің мал бордақылайтын алаңынан Мәскеудің нарығына алғашқы 20 тонна сиыр еті жөнелтілді. Отандық өндіруші мен сауда индустриясында жұмыс істейтін ресейлік компания - Москворецк сауда үйінің арасында жасалған келісім бойынша, 2013 жылы 500 тоннаға жуық ет экспортталды. Айтпақшы, ресейліктер қазақтың етінің өзінің құнарлылығы мен дәмдік сапасы бойынша Ресейдің Мәскеу нарығындағы премиум-кластағы өнім ретінде бағаланатынын атап айтты.
Өткен жылдың 5 тамызында «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі Ресейдің Тюмень қаласында азық-түлік, машина жасау, құрылыс саласындағы 9 отандық кәсіпорын өнімдерінің тұсаукесерін өткізді. Ол кәсіпорындардың қатарында «Цесна-Астық» концерні» АҚ (ұн, макарон өнімдері), «Сұлтан Маркетинг» ЖШС (макарон), «Ақбарыс НК» ЖШС (тез дайындалатын кеспе), «ЮПЭКс» ЖШС-і (макарон), «Күбілей» ЖШС (ет консервілері), «Белкамит» АҚ (машина құрастыратын өнімдер), «KazGer» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспалары), «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (трансформаторлар), «Мұнайаспап» АҚ (мұнайгаз жабдықтары) бар.
«KAZNEX INVEST» Ұлттық агенттігі өкілдерінің айтуынша, тюмендік кәсіпкерлер Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдеріне ерекше қызығушылық танытқан. Тіпті, отандық өндірушілер мен тюмендік кәсіпкерлер ұн өнімдерін жеткізуге алдын-ала келісімге келіпті. Сондай-ақ, машина жасау өнімдеріне де үлкен сұраныс бары байқалды. «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкеновтің айтуынша, Тюмень өңірі бәрінен бұрын халық тұтынатын азық-түлік өнімдеріне, машина жасау және электротехника өнімдеріне зәру. "Ендеше, отандық экспорттаушыларға біздің өнімдеріміз бәсекелесе алатын және сұранысқа ие Ресейдің аймақтық нарықтарына шығуға кеңес береміз", - дейді ол.
Айта кетелік, жоғарыда аталған «Цесна-Астық» концерні» АҚ 2013 жылы өзінің алғашқы өнімдерін Ресейдің Мәскеу, Омск, Белгород, Тюмень, Челябинск қалаларына шығарып үлгерді. Танымал компанияның коммерциялық директоры Әлібек Ибрагимов былай дейді: «Бұл біздің үлкен жұмысымыздың басы ғана. Әзірше қандай да бір жалпы өнеркәсіптік көлем туралы әңгіме жоқ. Бірақ, аталған қалаларда біздің өнімдеріміз тек базарларда ғана емес, Ресей Федерациясының бөлшек сауда желілерінің сөрелерінде самсап тұр». Әрине, бұл - Кеден Одағының біздің кәсіпкерлерге берген «сыйы», мүмкіндіктері. Сайып келгенде, адал бәсекеге төтеп бере алмағандары орта жолда қалса, ал өз кәсібінің келешегіне сенгендер сынақтан сүрінбей өтіп қана қоймай, көршілес елдердің нарығына шықты.
Бұл тұрғыдан алғанда Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда аймағын құруда ғана емес, қосымша инвестиция тартуда, өндіріске жаңа технологиялар тартуда пайдасы ұшан-теңіз. Әсіресе, Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашылатыны анық. Бұл туралы жуырда ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені алқасының мүшесі (министр) Сергей Сидорский 2014 жылғы агроөнеркәсіп апталығының ашылу рәсімінде мәлімдеді. Ол өз сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссия және Беларусь, Ресей мен Қазақстан үкіметтері соңғы екі жылда алғаш рет үш мемлекетке ортақ ауыл шаруашылығын құрудың тұжырымдамасын анықтағанын, үш үкімет біріккенін айтты. Бұл өз кезегінде ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Сөзімізге дәлел ретінде, Кедендік одақты да мысал етуге болады. Қазақстандық агроөндірісшілер өткен жылы Кедендік одақ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын екі еседен астам арттырған екен. Осы орайда экспорт көлемінде тек ауыл шаруашылығы шикізатының ғана емес, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің де көлемінің артып келе жатқанын айта кету керек. Өткен есептік жылда өңдеуші өнеркәсіп өнімінің КО-ға экспорт көлемі 60 пайызға артқаны белгілі. Осыны негізге алсақ, Еуразиялық одақтан ұтарымыз көп екенін байқауға болады.
Қазіргі кезде елімізде көптеген жаңа жылыжайлар салынып, іске қосылуда. Сол жылыжайлардың өнімдері де Кеден Одағындағы елдерге экспортқа жөнелтілуде. Мысалы, Мәскеудің нарығына жол тартқан отандық өнімдердің бірі - жеміс-көкөністеріміз. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы жылдың наурыз айының ортасында еліміздегі ауданы 11 гектар жерді құрайтын ең ірі жылыжай кешені өз жұмысын бастады. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары технологиялық «Аделя» ШҚ» ЖК кешені. Бұл кешенге «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2,1 млрд. теңге инвестиция салды. Атап айтарлығы, бұл жерде жемістер мен көкөністерді өсірумен 140-қа жуық арнайы мамандар айналысады. Яғни, өндіріс орны пайдалануға берілгеннен кейін барлық мамандар әуелі арнайы оқуды бітіріп, жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Көңіл қуантарлығы, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялары жалпы сомасы 33,5 млрд. теңгені құрайтын 37 түрлі жылыжайлардың құрылысын қаржыландырған. Олардың жалпы жиынтық жер көлемі - 125,6 гектарды құрайды. Өндіріс қуаттылығы - жылына 50,1 мың тоннаға дейін өнімдер өндіреді.
Сондықтарн да Кеден одағына кіруге Армения, Қырғызстан, Тәжікстан елдері қызығушылық білдіріп отыр. Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиеваның айтуынша, әлемнің 40-қа жуық елі Кеден одағының еркін сауда аймағына қосылуға ниетті. Оның атап өтуінше, қазіргі таңда біздің экономикамыз жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған. Ал ол инвестиция үшін барынша тартымды ауқымды нарықтарды талап етеді. «Осы ретте Кеден одағымен еркін сауда аймағына қосылуға ниеттестіктері туралы қазірдің өзінде 40-қа жуық елдің мәлімдеме жасауы зор маңызға ие. Олардың қатарында Түркия, Үндістан, Жаңа Зеландия, Вьетнам сынды елдер бар. Еуроодақ пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сынды блоктармен де ынтымақтастық жолға қойылуда», - деді ол.
Біздің Ресей мен Беларусьқа экспортымыз 63 пайызға, оның ішінде өңделген тауарлар шығаруымыз 2 есеге артты. Біз мүны әдейі баса айтып отырмыз. Өйткені біздің экспорттық тауарларымыз негізінен шикізат болып табылады. Ал өңделген тауар экспортының артуы - жақсы жетістік.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім динамикасы бойынша машина жасау саласы (жоспарланғаны 112 %, іс жүзіндегі өсім 114,6 %) көш бастап тұр. Соның дәлелі, өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып түсті. Жеңіл автокөліктер өндірісі екі есеге - 19 186-дан 37 471 бірлікке көбейді. Ал автобустар өндірісі 4,5 есеге артып, 205-тен 922 данаға жетті. Өткен жылы елімізде тұңғыш рет «Пежо» автокөлігінің шығарылымы жолға қойылды. Ал биылғы мамыр айынан бастап жол талғамайтын «Тойота» автокөлігі шығарылады. Атап айтарлығы, отандық автоөнеркәсіп биыл жылына 50 мың автокөлік құрастырып шығару межесіне қол жеткізуді жоспарлап қойған.
Қарқынды дамуға бет бұрған екінші сала - құрылыс индустриясы. 2013 жылы бұл саладағы өсім көлемі 11,8 пайызға дейін ұлғайды. Қазақстандықтарды қуантатыны, ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі 72 пайызға жетті. Ендігі міндет - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде осы көрсеткішті 80 пайызға дейін арттыру. Ең бастысы, 2014 жылдың соңына дейін бұл межеге жетуге барлық мүмкіндіктер бар. Өйткені, қазірдің өзінде цемент, шатыр, жылу сақтайтын материалдарды, пластмассадан жасалатын құбырларды және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру көлемі көбейді. Ішкі нарықтағы сұраныс цементпен, бетоннан жасалған бұйымдармен, гипс картонымен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Биыл екі бірдей цемент зауытының іске қосылуы нәтижесінде еліміздің батыс және солтүстік аймақтары цемент импортынан толықтай бас тартуда.
Қазақстанның интеграциядан ұтқанының тағы бір дәлелі - инвестициялардың ұлғаюы. 2012 жылы елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны рекордтық көрсеткішке жетіп, 28,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 2,4 млрд. АҚШ долларына немесе 8,9 пайызға артық. Содан шығары, еліміз БҰҰ-ының сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) мәліметтері бойынша, тікелей шетелдік инвестициялар тарту көлемі бойынша көш басында тұрған 20 мемлекеттің арасынан 19-шы орынды иеленді.
Баршаға белгілі, 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан Ресей және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарқа қол қойды. Бұл шарт Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құжаттарынан басқа 70-ке тарта халықаралық шарттарды, жаңа нормаларды көздейді, соның ішінде бұрын қозғалмаған жалпы нарықтың энергетикалық секторы, қызмет көрсету нарығы сияқты сегменттеріне де қатысты.
ЕАЭО аясындағы ықпалдастық экономикалық өзара тиімді кооперация негізінде өнеркәсіп қуаттарын арттыруды, өндірісті жаңартуды, мұнай-газ секторына тәуелділіктен құтылуды да қарастырады. одақ
Ықпалдастық бірлестіктердің арқасында жоғарыда атап өткендей, Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты түрде өсіп келеді. Мәселен, 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында Кеден одағы елдерінде өңдеу саласының өсімі 2,2 пайызға артқан. Қазақстанда машина жасау - 101,2 пайызға, кокс және мұнай өнімдері өндірісі 101,1 пайызға, жеңіл өнеркәсіп, 100,7 пайызға, қағаз және қағаз өнеркәсібі 113,6 пайызға. ағаш өңдеу өнеркәсібі 101,4 пайызға арттты. 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында жеңіл өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі 100,7 пайызға артып, 34,1 млрд. теңгеге жеткен. Осы көрсеткіш мақта-мата өндірісінде 100,1 пайызға немесе 18,4 млрд. теңгеге, киім - 101,2 пайызға немесе 13,4 млрд. теңгеге жетті.
Сөйтіп сайып келгенде, ынтымақтастықты тереңдете түсу және әріптестік ықпалдастық бірлестіктің барлық елдерінің жақсы экономикалық көрсеткіштерге жеткенін көрсетуде. Сонымен қатар, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақ тұрақты және арта түсіп отырған нарықты қалыптастыруға, сондай-ақ әлемдегі келеңсіз экономикалық жағдайлар салдарын жұмсарта түсуге бағытталып отырғанын атап өткен жөн.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып, бастамашы болып жүрген еуразиялық ынтымақтастық идеясының басты құндылығы да осында. Енді бұдан әрі, Еуразиялық экономикалық одақтың күшіне енуі бұл жетістікерді баянды ете отырып, ықпалдастықтың жаңа өрістеріне, жаңа сапалық көрсеткіштеріне қарай дамуымызды қамтамасыз ететін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Еуразияшылдық идеясы – елбасы көрегендігі // http://i-news.kz/news/2011/12/12/6190916.html
-
Құбаш Сағидоллаұлы. Еуразиялық одақ – өркениетті даму формуласы //http://www.alashainasy.kz/politics/18311/
-
Источник: http://reftrend.ru/327250.html
-
The Eurasian Union : from the idea to the history of the future // http://izvestia.ru/news/504908
Достарыңызбен бөлісу: |