11. Ниобий коррозияға тӛзімділік пен қышқылға беріктікті арттырады.
12. Цирконий беріктік қасиетін беріп, түйірлердің ұсақталуына септігін тигізеді.
13. Церий беріктік пен созымдылықты арттырады.
14. Мыс коррозияны азайтады.
15. Молибден қызутӛзімділікті, серпімділікті, беріктікті,
жоғары температурада
қышқылдануға тӛзімділікті кӛбейтеді.
Болатқа сондай-ақ жаңа жерде сирек кездесетін металдарды енгізеді: неодим,
тантал, цирконий, селен және т.б. Қоспалы болат құрамында
бір уақытта бірнеше
қоспалауыш элементтер бола алады. Болатты құрамындағы қоспалауыш элементтердің
мӛлшеріне байланысты құрамында 3%-ға дейін қоспалауыш элементтер бар тӛмен
қоспаланған болат, 3-тен 10 %-ға дейін –
орташа қоспаланған болат, 10%-дан астам –
жоғары қоспаланған болат деп бӛлінеді. Қолдану мақсаты бойынша қоспаланған
болатты құрылымдық, аспаптық және ерекше физикалық және химиялық қасиеттерге ие
болат деп бӛледі.
БАСТАУЫШ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «МАТЕРИАЛТАНУ»
ПӘНІ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТІЗІМ ҮЛГІСІ
1. Арнайы қоспаларды металл кесуші білдектерде ӛңдеу.
2. Түрлі металл қорытпаларының салмақсыздық жағдайында пайда болуы.
3. Ұшу аппараттарын құрастыруға арналған материалдар.
4. Болаттар мен қорытпаларды металл кесуші білдектерде ӛңдеудің ерекшеліктері.
5. Түрлі материалдардан құймалар алу.
6. Шыңдалғы мен қалыптамалар алуға арналған болаттар мен қорытпалар.
7. Жаңа аспаптық материалдар.
8. Жады эффектісі бар қорытпалар.
9. Ұнтақтық металлургия әдісімен қорытпа алу.
10. Қатты қорытпалар. Қатты қорытпаларды бұйымдарды металл кесуші
білдектерде ӛңдеу үшін қолдану.
11. Композициялық материалдар. Композициялық материалдарды
машина жасауда
қолдану.
12. Полимерлер. Полимерлік материалдарды аспап құрастыруда қолдану.