Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.
Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
- Иә барлығымыз сақтаймыз
Ұлытау биі: Қыздар тобы Аружан: Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
Сабақты қорыту. Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандайміне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Аталар сөзімен өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған,
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.