Жайдарлылық - адамдардың бір – біріне деген жылулығын ашатын кілт
(Тәрбие кодексі)
Өз уақытың мен өзге адамның уақытын қадірле және бағала: кешігу –ол әдепсіздік; уақытында бәрін істей біл.
Алғыс алу мықтының мейірімділігі, қарғыс алу –мейірімсіздіктің белгісі.
Есіңде болсын, сенің көнілсіз бейнең, басқа да адамдардың әсіресе, жақындарының қуанышын бұзады.
Тазалық – сыпайылықтың белгісі, бірақ есіңде болсын, үсті –басыңды үйіңде ұқыпта.
Тәрбиелі адам әрқашан мәдениетті, кішіпейіл, ол біреуге міндет етпейді, кетерде: сізбен өмір сүруге болмайды, демейді. Тәрбиелі адамдар «суық пен тынышсыздықты, күйген етті, ащылықты, бөгде адамның үйінде қатысын және т.б. бәрін кешіре береді. Біреудің көзінше ұрыс-керіс шығармайды, көп сөзге әуес емес, байсалды» (А.П.Чехов)
Өзінің ішкі жан дүниеңді, уайым қайғыңды қоғам алдында талқылама.
Әлсіз қарттар мен ауру адамдарға шыдамдылық пен сезім талдық көрсет.
Алдыңда әйел адам немесе өзіңнен үлкендер адам келсе, орныңды бер.
Сәлемдесу – бұл көңіл бөлу, сыйластық, татулықтың белгісі, сондықтан ол жергілікті дәстүрге қарай нақты әрі сабырлы болу керек.
Таныстардың сәлемдесуі ішінен шыққан қуаныштан, сыйластықтан көңіл аударуды білдіреді, жасанды сәлемдесуге болмайды.
Ең бірінші кішілері үлкендермен, қарамағындағылар жетекшісімен, ерлер әйелдермен сәлемдеседі.
Адамдар отырған мекемеге кіріп келген бірінші бәріне бірдей сәлем береді, таңдамалы адамдармен амандасқан тәрбиесіздіктің белгісі.
Біреумен сөйлескенде жалықтырмауға тырыс.
Тегін атап шақыру оны кішірейтіп айтқанмен бірдей.
Өзге біреге ұқсаудан аулақ бол (К.С.Станиславский)
Түймедейді түйедей қылып басқа біреудің ашуын шақырып дау-жанжал қылма.
Есіңде болсын, басқа адамдар да сен сияқты: олардың қадамдары мен әдеттерінен бір - бірінен айырмашылығы болады, соңдықтан оларды жаман демей, шыдамдылық таныт.
Басқа біреудің киіміне, физикалық кемістігіне, сөйлегеніндегі кемшілігіне көңіл аударма.
Қарапайым болу нағыз адамгершіліктің белгісі.
Егер де орындай алмайтын болсаң, сөз беремуге тырыс. Әзілдескенде шамасын біл, басқа біреудің намысына тиме (Г.Гейне).
Психолог кеңесі -
• Балаңызға өз даму сатысынан сай керегін, қажетін беріңіз.
-
• Осы шақпен болашақты ұштастыра біліңіз.
• Мынаны ажырата біл: Өз тәніңмен өмір сүр және оны сырттай көре біл.
• Саналы әрекетпен санадан тыс әрекетті ажырата біл
• Өз ұстанымыңды өзгенікінен ажырата біл
• Жарты мен бүтінді ажырата біл
• Дағдарысты қорқыныш деп санаудан аулақ бол, керісінше оны даму, өсу мүмкіндігі деп сана
• Шынайы мен жалған өмірді ажырата біл
• Адам өмірі – бұл үнемі жамандықты жақсыға айналдыру құбылысы екенін түсін
• Батылды адам ғана бақытты бола алады
• Батыл адам ең алдымен, өзіне және өзгеге жақсылық жасай біл. Өзіне жақсылық жасай алған адам өзгеге де жамандық жасамайды
Ата-аналарға психологиялық кеңестер ұсыну
Қоғам ата-анадан қазіргі кезде балалармен тығыз байланысты , өмірді бағалай білетін етіп тәрбиелей білуге және соған талпынуды талап етіп қоймайды, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндетін терең сезіне білетін бала тәрбиелеуді талап етеді.
Өмір, тәрбиелеу ісіне бәріміздің жұмыла кірісуіміздің қажет екенін көрсетуде .
Психологияда , ғылымда айрықша сала бар, ол – жасқа байланысты психология.Әр жастағы балаларды , зерттеу мен байланысты олардың жеке ерекшеліктерін ашу проблемалары ата-аналар үшін де маңызды мәселе болып табылады .Біздердің арамызда мектепте «қиын класс» және «жақсы класс» туралы әңгімелерді естімеген кім екен?
«Қиын» кластарда үлгермеуші оқушы көп , яғни бір класта екінші жылға қалғандар, тәртіп бұзушылық та жиі болып тұрады. Мұңдай сыныптарда қандай да болсын жетістіктерге жету үшін мұғалімдер ұжымының зор күш жұмсауына тура келеді.
Жақсы сыныптарда қоғамдық өмір қызу қарқынмен жүріп жатады, үлгемеушілер бірлі –жарым ғана болады. Сыныптың белсенділері ұйымшыл, тәртіпті , әр нәрсені білгіш, жалынды , артта қалушыларға көмектесуге әзір тұрады, нашар оқып , артта қалушыларға көмектесіп өз қатарларына қосуға тырысады. Мұндай сыныптар мұғалімдерді де ата-аналарды да қуантады. Неге бір сынып жақсы , екінші бір сынып жаман болады ?
Ата-аналардың көпшілігі бұл жағдайды әр түрлі сыныптарда әр басқа мұғалімдер мен сынып жетекшілердің болуынан деп түсіндіреді. «Жақсы сынып жетекшінің класы- алдыңғы қатарлы, сынып жетекшісі онша болмаса, сыныбы да нашар» дейді .
Әрине, мұғалім - сыныптағы негізгі бейне екені сөзсіз, оның тәжірибесіне , ұйымдастырушылық қабілетіне , біліміне , оқушылармен қарым-қатынасына өте көп жағдай байланысты .
Бірақ сыныптағы оқу және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктер ата-аналардың, мұғалімдердің тікелей бірлескен әретіне байланысты деп санаймын.
-Рас, тіпті өз балаларының тәрбиесімен де шын көңілден айналыспайтын ата-аналар да баршылық. Мұндайларды мектепке шақырып келтіру өте қиын.
-Баратын уақытымыз жоқ,- дейді кейбіреулері, - біз жұмыс істейміз.
-Біз баланы бағып-қағамыз , киіндіреміз, ал он тәрбиелеу мұғалімдердің ісі, - дейді келесі біреулері. Міне, дәл осындай отбасылардан «қиын» балалар шығады. Осындай жағдайларды түзету және алдын-алу негізінде ата – аналарға бінеше психологиялық кеңестер ұсынылған дұрыс.
Ата-ананың ұйымдастырушылық қабілеті жайында ата-аналарға психологиялық кеңестер
Әр семья өзінше өмір сүреді . Оның сипаты материалдық мүмкіншілігімен, пәтер жағдайымен , семьядағы адамдардың санымен олардың өз ара қарым-қатынасы мен ғана белгіленбейді , сонымен бірге әке –шешенің еңбекті , оқуды қаржыны үй шаруашылығын, яғни өз үйінде бала тәрбиесіне көмегін тигізетін жағдай тудыруды дұрыс ұйымдастыра білумен де белгіленеді.
Тағы бір психологиялық кеңес баламен әңгімелескенде әңгімеңіз ақыл беру ретінде өтуіне тырысыңыз , өз тарапыңыздан қатал бұйрық беруге бой ұрмаңыз , қайта өтініш басым болсын .Сабағын тексергенде , кітап оқығанда кино көргеннен кейін : Сен мынаны байқадың ба ?Мынаны көрдің бе ?Ал мұнан басқа тағы не затқа көңіл бөлдің ?-деген сияқты сұрауларды оларға үнемі қойып отыру керек .
Баланың оқуына қандай жолмен көмектесу керек ? Мектептегі оқу жұмысына, жалпы ,баланың қызығушылығын қалай артыруға болады ? Ғылымдағы, өндірістегі, жетістіктер қандай болмасын мамандық саласындағы даму адамнан жаңа алуан түрлі білімді және ақыл-ой өрісінің жан-жақтылығын талап етеді. Сондықтан да барлық ата-аналар өз балаларының қызығушылығын арттыруға көмектесулері қажет . Ол үшін баланы әр түрлі сабақтан тыс үйірмелерге қатыстыру .
Ата-ананың көпшілігі жеткіншек жасты , қиын жас деп есептейді. Жеткішектер өздерінің қалауы мен білуге құмарлықтарының жан-жақтылығымен таң қалдырады .Егер балалар үлкендердің оған өзінің жақсы көретін ісімен шұғылдануға шын мәнінде мүмкіншілік тудырмақшы болғанын сезсе , онда ол оның ең жақсы аға досы болып саналады , ал жеткіншектер –олардың барлық қиыншылықты жеңуге дайын , теңдесі жоқ , албырт көмекшісі .
Сабақтан үлгермеушілік және тәртіпсіздік 5-8 сынып оқушыларында әсіресе ұлдардың арасында , көп кездеседі . Жеткіншектер көпшілік жағдайда тұрпайы , өте менмен және ашуланшақ , құбылмалы болады.
Ал инспектордың балалар бөлмесіне кімдерді жиі әкеледі ?
Тағы да сол 12,13,14,15 жастағы ұлдарды.
Жеткіншектер жөнінде мұндай қайшы пікірлердің болуының себебі неліктен ?
Мектеп оқушыларының ішінде шапшаң қарқынмен өсетіндер – жеткіншектер . Осының өзі оның жүріс тұрысына , бейнесіне әсерін тигізеді .
Адамның дүниеге көзқарасы қалыптасып , белгілі бір идеямен , сеніммен тумайтыны анық . Дүниеге көзқарасының негізі балалық шақта қаланады. Оны кім және қалай қалыптастырады ?
Алдымен , әрине мектеп мұғалімдері , ата-ана . Бала мүмкіншіліктерін шектемеу қызығушылығын дамыту әрбір ата-ананың қолында . Әрбір ата-ана өз баласын дұрыс жолға қою қоғамдық талаптарға сай тәрбие беруге міндетті және бұл әр ата-ананың қолынан келетін жауапкершілік .
Баланы қажетіне сай мадақтап отыру маңызды . Яғни әр ата-ана өз баласының мінезін темперамент ерекшелігін ескеріп соған сай тәрбиелегені жөн.
Мектеп психологы: Дүйсенбаева Ж.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |