Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика


Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты



бет4/5
Дата11.07.2016
өлшемі378 Kb.
#192172
1   2   3   4   5

Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты.

Концептуалды метафора – адам танымында ұқсату заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына. Метофораның когнитивтік теориясы туралы Эрл Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуді тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек» (22,56),-дейді. Ғалым когнитивтік лингвистикада метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастырылуына көңіл бөледі. Метафораның когнитивтік бағыттағы танымдық құралы екендігі турасында зерттеушілер мынадай қызметтеріне тоқталады:

- болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беру;

- абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай метафоралар ғылымда концептуалды метафора деп аталып жүр. Қазіргі тіл білімінде метафораны танымдық сипатта қарау оның бағалауыштық, біртұтастық, эмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады;

- метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі. Метафораның бағалауыштық мәнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы тілдік дәстүр жалғастығы мен ондағы құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері адами құндылықтарды тану (ар, иман, мінез, жақсылық, махаббат, тағдыр т.б.) нәтижесінде көрінеді;

- метафораның индивидуальды - авторлық дүниетануды қалыптастыратын көркем сөз атрибуты екендігін Абай мен Шәкәрім шығармалары негізінде де дәлелдеуге болады. Мәселен, қос ақынның шығармаларындағы ызалы жүрек долы қол; бес нәрсеге асық болу; үйренуге болма намыс, үйретуге болма кер; сынды метафоралар авторлық қолданыстан туған концептуалды метафоралар.

Поэтикалық көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде сол ұлттың сонымен қатар жекелеген тілдік тұлғалардың санасындағы дүниенің бейнесін, айнала қоршаған ортаның болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын, оның ішкі иірімдерін, толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын адаммен біртұтастықта қарау керек.

Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады. Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі тандағы дамуы лингвистикалық зертгеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз кұрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.



Қазіргі лингвистика тілді адаммен, объективтік шыңдықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ой, санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады.

Бақылау сұрақтары

  1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны, әдіс-тәсілдері.

  2. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері.

Когнитивті лингвистиканың тіл білімінің жаңа ағымдарымен байланысы, олардың зерттеу объектісіне қатысты ортақ мәселелер мен айырмашылықтар.

  1. Психолингвистика және когнитивті лингвистика.

  2. Когнитивті лингвистика және тілдік қатынас.

  3. Когнитивті лингнвистиканың этнолингвистикамен, лингвомәдениеттаныммен байланысы.

  4. Әлеуметтік лингвистика және когнитивті лингвистика.

  5. Когнитизм және когнитология. Когнитологияның жеке тармақтары.

  6. Ғылыми когнитологиялық федерация туралы түсінік.

  7. Когнитивті психология. Когнитивті социология. Когнитивті антропология. Когнитивті лингвистика.

  8. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны.

  9. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым салаларындағы антропоцентризм парадигмасы және когнитивизм бағыты.

  10. Шетелдік ғылымда когнитивті парадигманың қалыптасуы мен дамуы.

  11. Когнитивті лингвистикаға қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулер.

  12. Когнитивті лингвистика туралы ғалымдардың пікірлері, көзқарастары, тұжырымдары.

  13. Қазақ тіл біліміндегі осы саладағы алғашқы ізденістер.

  14. Ахмет Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары мен көзқарастары.

  15. Мағжан Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму процесін сипаттауы.

  16. Сәрсен Аманжоловтың таным процесі туралы көзқарасы.

  17. Тіл мен таным бірлестігі.

  18. Тіл және ойлау.

  19. Ойлау және сөйлеу.

  20. Таным процесі мен сөйлесім әрекетінің түрлері, олардың арасындағы байланыс.

  21. Тіл, адам,таным арақатынасы.

  22. Тілдік құрылымдарды зерттеудегі когнитивтік бағыт.

  23. Метафораны зерттеудегі когнитивтік бағыт.

  24. Тілдік таным және ғаламды зерделеу.

  25. Тілдік модельдер туралы түсінік.

  26. Мәдениет контексіндегі ғаламның тілдік моделі.

  27. Мақал-мәтелдердің танымдық мәні.

  28. Теңеулік конструкциялардың танымдық мәні.

  29. Метафоралардың, сөз-символдардың танымдық қызметі.

  30. Тілдік құрылымдық саты. Когнитивистиканың негізгі құрылымы. Гештальт теориясы.

  31. Когнитивистика ұғымдары. Концепт, концептосфера, концептуализация ұғымдары. Ойбейне, прототип, сценарий,фрейм туралы түсінік.

  32. Тілдік модель. Мұң концептісі.

  33. Когнитивистикадағы құндылық категориясы.

  34. Тезаурус туралы түсінік.

  35. Сөз таптарын когнитивтік тұрғыдан қарастыру.

  36. «Етістіктену» теориясы. Күрделі зат есімдердің, туынды сөздердің жасалуының танымдық негіздері.

  37. Эмоция және ақпарат. Көркем шығарманың символдық қызметі. Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.

  38. Когнитивистикадағы метафора теориясы. Концептуалдық метафора ұғымы. Метафораның танымдық сипаты.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:


1. Э.Оразалиева Танымдық қазақ тілі. Алматы, 2005.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивті негіздері, Алматы, 2003.

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивті негіздері // Тілтаным, 2001, №4.

4. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика . Минск, 2004.

5. Лакофф Дж. Когнитивная семантика. // Язык и интеллект. М, 1995.

6. Ченки А. Современные когнитивные подходы к семантике: сходства и различия в теориях и целях // Вопросы языкознания. 1996,№2, с 68-78.

7.Ченки А. Семантика в когнитивной лингвистике // Фундаментальные направления современной американской лингвистики. М, 1997. с 340-369.

8. Б.Ақбердиева Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық тұжырымдар. КДА, Алматы, 2002.

9. Ә.Қайдар Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері.

10. Е.Жанпейісов Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989.

11. Маслова В.А. Лингвокультурология. М, 2001.

8.Б.Ақбердиева Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық тұжырымдар. КДА, Алматы, 2002.

9.Ә.Қайдар Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері.

10.Е.Жанпейісов Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989.

11.Маслова В.А. Лингвокультурология. М, 2001.


  1. Кубрякова Е.С. Семантика производного слова // Аспекты семантических исследований. М.,1980

  2. Резанова З.И. Функциональный аспект словообразования: Русское производное имя. Томск, 1996

  3. Кронгауз М.А. Семантика. М.,2001

  4. Кубрякова Е.С. Теория номинации и словообразование // Языковая номинация: Виды наименований. М., 1977

  5. Кубрякова Е.С. Семантика в когнитивной лингвистике (о концепте контейнера и формы его объективации) // Известия Академии наук. Серия литературы и языка. 1999

  6. Лангакер Р. Когнитивная грамматика. М.,1992

  7. Чейф У. Значение и структура языка. М.,1975

8. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997.

9. Жаманбаева Қ. Когнитивті лингвистика негіздері. 1998.

10. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. Алматы, 1989.147-190-бб.

11. Қасым Б. Сөзжасам: Семантика. Уәждеме. Алматы, 2003.

12. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. //Тілтаным-2004. №1.

Когнитивті лингвистика пәні бойынша тест сұрақтары:


1. Когнитивтік ғылымдардың қайнар көзі болып табылатын бағыттар қандай?

А) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, нейрофизиологиялық;

В) логикалық, когнитивтік, әлеуметтік, философиялық;

С) когнитивтік, психологиялық, лингвистикалық, логикалық;

Д) логикалық, лингвистикалық, нейрофизиологиялық; философиялық;

Е) әлеуметтік, философиялық, логикалық, лингвистикалық.


2. Когнит сөзінің беретін мағынасы не?

А) ұғым; В) білім; С) сөздік; Д) түйсік.

3. Дәріптелген эталонды үлгі қалай аталады?

А) схема; В) фрейм; С) сценарий; Д) прототип.


4. Когнитивтік жүйе бөлшектері қалай аталады?

А) есте сақтау; В) концептуалдық құрылым; С) концепт; Д) символ.


5. Когнитивтік бірлік қалай аталады?

А) концепт; В) прототип; С) когнит; Д) метафора.


6. Когнитивтік лингвистикада қолданылатын білімдік процестердің бірін көрсетіңіз.

А) талдау; В) есте сақтау; С) оқу; Д) жазу.


7. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі.

А) Рамстедт; В) Л.В. Щерба; С) Дмитриев; Д) В. Радлов.


8. Қазақ тіл білімінде тілдік құрылымдық сатыны анықтаған қай ғалым?

А) А. Байтұрсынұлы; В) А. Ысқақов; С) Қ. Жұбанов; Д) С. Аманжолов.


9. Тезаурус деген не?

А) аударма сөздік; В) түсіндірме сөздік; С) лексиканы түгел қамтитын сөздік; Д) сөздің этимологиясын қарастыратын сөздік.


10. Нақты заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін білімінің адам санасындағы құрылымы қалай аталады?

А) сценарий; В) концепт; С) логика; Д) фрейм.


11. Сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату қызметін не атқарады?

А) фрейм; В) концепт; С) гештальт; Д) сценарий.


12. Концепт бойынша: Ішкі жан дүниенің жуасып, бұйығуы қалай аталады?

А) жалығу; В) жабығу; С) құлазу; Д) түңілу.


13. Когнитивтік лингвистикадағы мағыналық парадигма нешеу?

А) 5; В) 2; С) 3; Д) 4.


14. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден, терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе не деп аталады?

А) құндылық; В) сезімталдық; С) саналылық; Д) білімділік.


15. Когнитивтік лингвистиканың термині емес.

А) фрейм; В) семантика; С) тезаурус; Д) фонология.


16. Тілдік бірлікті когниттік тұрғыда қарастыру немен байланысты?

А) адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты;

В) тілді грамматикалық тұрғыда талдауымен байланысты;

С) терең білімді болуымен байланысты;

Д) терминологиялық аппараттарды меңгеруімен байланысты.
17. Когнитивтік лингвистика қай принциптерге сүйенеді?

А) ауырдан жеңілге принципі;

В) антропоцентризм және семантикоцентризм принципі;

С) жеңілден ауырға принципі;

Д) эстетикалық принцип.
18. Когнитивтік лингвистика пәнінің міндетіне жатады.

А) Когнитивистика саласын қазіргі тіл білімінің жаңа бағыты ретінде тану;

В) тілді грамматикалық тұрғыдан талдау;

С) тілдік бірліктерге әлеуметтік тұрғыдан анализ жасау;

Д) тілдік бірліктерді тарихи тұрғыдан қарастыру.
19. Когнитивтік лингвистиканың басты мәселесі ... ... ... ... ұғымдарының ара қатынасын, мәнін ашу.

А) Тіл → сезім→ ойлау→қиялдау;

В) тіл → ойлау→таным→шынайылық;

С) тіл → ойлау→таным → қабылдау;

Д) тіл → сезім→ ойлау→ қабылдау.
20. «Тіл мен ойлау өте жақын» деген пікірді қолдаушы бағыт.

А) Менталингвистикалық;

В) паралингвистикалық;

С) бихевиористік;

Д) когнитивтік.
21. Фрейм терминін енгізген кім?

А) Виноградов; В) Л.В.Щерба; С) М. Минский; Д) Мещанинов.


22. Метафораны когнитивтік феномен деп таныған ғалымдар кімдер?

А) Менгес, Бетлинг; В) М.Джонсон, Дж.Лакофф;

С) Рамстедт, Корш; Д) Ч.Филлмор, М.Блэк.
23. Когнитивтік тұрғыда метафора неше фрейм арасында жүргізілетін шартты әрекет?

А) 3; В) 4; С) 2; Д) 1.


24. Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесінің бірі.

А) Таңбаның түрлері мен типтері;

В) тілдік бірліктерді талдау;

С) фонология мәселесі;

Д) психикалық құбылыстардың берілуі.
25. «Тағдыр» концептісі өрісінің сөздерін атаңыз.

А) Тағдыр, үлес, бақыт, жазмыш;

В) тағдыр, тіл, жағдай, қайғы;

С) сыбаға, жеребе, ойлау, бақыт;

Д) тағдыр, тіл, ойлау, таным.
26. Ретсіздік, аномалия, жөнсіздік, кездейсоқтық қай концептіні құрайды?

А) ғалами; В) реттілік; С) хаос; Д) тәртіпсіздік.


27. Когнитивтік лингвистиканы зерттеуге негіз болатын тілдік материалды көрсетіңіз.

А) көркем әдебиет мәтіні; В) жаргон сөздер;

С) кірме сөздер; Д) тіл мен сананың ара қатысы.
28. Ойлау—қандай категория?

А) логикалық; В) философиялық;

С) филологиялық; Д) психологиялық.
29. Қозғаушы сана әрекетін қоздырушы күш қалай аталады?

А) объект; В) объект-субъектілік күш;

С) объект-денотат; Д) субъект.
30. Заттың образдық бейне суреттеріне не жатады?

А) ұғымдық бейне мен дыбыстық бейне;

В) көркем шығармадағы бейне;

С) салынған суреттегі бейне;

Д) көркем фильмдегі бейне.
31. Тіл мен ойлау арасындағы тығыз қатынастың нәтижесінде қалыптасатын адамзаттың танымдық, ғылыми, мәдени тәжірибесін танытатын ғылым .. . деп аталады.

А) мәдениеттану; В) психолингвистика;

С) әлеуметтік тілтаным; Д) когнитивтік лингвистика.
32. Когнитивтік категорияларды анықтаңыз.

А) Ес, семантикалық қорытынды, түсіну, жоспарлау;

В) сөз таптары, етістік, дискурсты басқару, ойлау;

С) сөйлем, грамматикалық, есте сақтау, семантикалық қорытынды;

Д) сөз, сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.

33. Когнитивтік лингвистика тілді қай тұрғыдан зерттейді?

А) Семантикалық, грамматикалық;

В) морфологиялық білім жинау;

С) білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру;

Д) лексика-семантикалық мағынаны анықтау.


34. Тілдік-құрылымдық сатының жоғары формасы не?

А) Тіл дәлдігі; В) тіл шеберлігі;

С) мақсатты стиль; Д) коммуникативтік сана.
35.Тілдік-құрылымдық саты А. Байтұрсыновтың қай еңбегінде баяндалған?

А) «Тіл-құрал»; В) «Қырық мысал»; С) «Әдебиеттанытқыш»;

Д) «Тіл қисыны».
36. «Бейне, құрылым, біртұтас форма» деген мағынаны білдіретін сөз.

А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.


37. Дара тұлға, эмоция, ішкі қажеттілік не арқылы өтеді?

А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.


38. Мысал өлеңнің апатты кезеңі қашан көрінеді?

А) Шығарманың басында; В) шығарманың ортасында;

С) шығарманың аяғында; Д) шығарманың қорытынды тұсында.
39. «Шырылдауық шегірткенің» апатты кезеңі қай жолдан көрінеді?

А) Селкілде де, билей бер!;

В) Қайтсын қолы тимепті;

С) Қызықпен жүріп жазды алды;

Д) Күз болған соң кетті күй.
40. Лингвистикалық гештальт теориясының авторы кім?

А) Дж. Лакофф; В) М.Джонсон; С) Ч.Филлмор; Д) М.Блэк.


41. Түпсіз үрей, түпсіз ой, түпсіз қасірет, түпсіз тұңғиық – терең жан күйлерінің атаулары қандай атаулар?

А) Метафоралық атаулар; В) эпитеттік атаулар;

С) фразеологиялық атаулар; Д) метонимиялық атаулар.
42. Адамды таным шегімен байланыстыратын не?

А) Эмоция; В) ойлау; С) дара тұлға; Д) түйсік.


43. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден , терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе ... деп аталады.

А) Мұң; В) құндылық; С) білім; Д) тілдік сана.


44. Мұң үлгісі қайда пайда болды?

А) Жыраулар поэзиясында; В) жазба ақындар поэзиясында;

С) сопылар поэзиясында; Д) зар заман ақындар поэзиясында.
45. Эмоция күйінің ішкі терең процестердің нәтижесінде құрылым түзуі ... деп аталады.

А) Аффект; В) экзистенция; С) гештальт; Д) концепт.


46. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...

А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;

В) адамның щығармашылық табысы;

С) адамның тіл шеберлігі;

Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.
47. Аталымдардың жасалуындағы тиімді әдіс.

А) акустикалық әдіс; В) ақпараттық әдіс;

С) құрылым арқылы суреттеу;

Д) баяндау әдісі.


48. Когнитивтік тұрғыдан семантика дегеніміз не?

А) Когнитивтік процестердің заттық әлеммен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

В) когнитивтік процестердің ойлаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

С) когнитивтік процестердің санамен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

Д) когнитивтік процестердің қабылдаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым.
49. Сөз мағынасын когнитивтік тұрғыдан қарастыруға не жатады?

А) Сөз мағынасын тура мағынада қарастыру;

В) заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтау;

С) сөз мағынасының атауыштық мәнін анықтау;

Д) сөз мағынасын ойлаумен байланыстыру.
50. Үніңді өшір, оқжылан.

Жас тілеуін жалмаған.

Оқжылан – троптың қай түрі?

А) Метонимия; В) метафора; С) синекдоха; Д) теңеу.


51. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.

А) Уәж, мән, құндылық; В) сөз, мағына, сөйлем;

С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.

Д) сөз таптары, етістік, дискурс.


52. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?

А) Бір бағытта; В) көп бағытта;

С) қарама-қарсы бағытта; Д) бытыраңқы бағытта.
53. «Қарға мен түлкінің» апатты кезеңі, шарықтау шегі қай фразада көрінеді?

А) Басы айналды қарғаның; В) Ірімшік жерге салп етті;

С) Қу кетті, іс бітті; Д) Қарға қарқ етті.
54. Бейне тудыруға бейімді етістік шағын атаңыз.

А) Келер шақ; В) өткен шақ; С) ауыспалы осы шақ;

Д) ежелгі өткен шақ.
55. Таным процесінің қозғаушы күші не?

А) Ішкі терең қажеттілік; В) түйсік пен сезім;

С) білімділік; Д) ой мен қабылдау.
56. Ішкі ниет қалай аталады?

А) Гештальт; В) энтелехия;

С) фрейм; Д) дискурс.
57. Сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланыс схемасын көрсетіңіз.

А) Елес→ ой→тіл; В) ұғым→ой→тіл;

С) ой→ ұғым→тіл; Д) ой→ ес→ тіл.
58.Тіл табиғатын тануға қатысы жоқ ғылым саласы.

А) психология; В) антропология;

С) логика; Д) химия.
59. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?

А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;

В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;

С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;

Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.
60.Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?

А) Н.Оралбаева; В) Б.Қасым;

С) Ғ.Қалиев; Д) Р.Сыздықова.

ІІ нұсқа


1. Тіл мен ойлау арасындағы тығыз қатынастың нәтижесінде қалыптасатын адамзаттың танымдық, ғылыми, мәдени тәжірибесін танытатын ғылым .. . деп аталады.

А) мәдениеттану; В) психолингвистика;

С) әлеуметтік тілтаным; Д) когнитивтік лингвистика.
2. Когнитивтік категорияларды анықтаңыз.

А) Ес, семантикалық қорытынды, түсіну, жоспарлау;

В) сөз таптары, етістік, дискурсты басқару, ойлау;

С) сөйлем, грамматикалық, есте сақтау, семантикалық қорытынды;

Д) сөз, сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
3. Когнитивтік лингвистика тілді қай тұрғыдан зерттейді?

А) Семантикалық, грамматикалық;

В) морфологиялық білім жинау;

С) білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру;

Д) лексика-семантикалық мағынаны анықтау.
4. Тілдік-құрылымдық сатының жоғары формасы не?

А) Тіл дәлдігі; В) тіл шеберлігі;

С) мақсатты стиль; Д) коммуникативтік сана.
5.Тілдік-құрылымдық саты А. Байтұрсыновтың қай еңбегінде баяндалған?

А) «Тіл-құрал»; В) «Қырық мысал»; С) «Әдебиеттанытқыш»;

Д) «Тіл қисыны».
6. «Бейне, құрылым, біртұтас форма» деген мағынаны білдіретін сөз.

А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.


7. Дара тұлға, эмоция, ішкі қажеттілік не арқылы өтеді?

А) Фрейм; В) гештальт; С) сценарий; Д) тезаурус.


8. Мысал өлеңнің апатты кезеңі қашан көрінеді?

А) Шығарманың басында; В) шығарманың ортасында;

С) шығарманың аяғында; Д) шығарманың қорытынды тұсында.
9. «Шырылдауық шегірткенің» апатты кезеңі қай жолдан көрінеді?

А) Селкілде де, билей бер!;

В) Қайтсын қолы тимепті;

С) Қызықпен жүріп жазды алды;

Д) Күз болған соң кетті күй.
10. Лингвистикалық гештальт теориясының авторы кім?

А) Дж. Лакофф; В) М.Джонсон; С) Ч.Филлмор; Д) М.Блэк.


11. Түпсіз үрей, түпсіз ой, түпсіз қасірет, түпсіз тұңғиық – терең жан күйлерінің атаулары қандай атаулар?

А) Метафоралық атаулар; В) эпитеттік атаулар;

С) фразеологиялық атаулар; Д) метонимиялық атаулар.
12. Адамды таным шегімен байланыстыратын не?

А) Эмоция; В) ойлау; С) дара тұлға; Д) түйсік.


13. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден , терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе ... деп аталады.

А) Мұң; В) құндылық; С) білім; Д) тілдік сана.


14. Мұң үлгісі қайда пайда болды?

А) Жыраулар поэзиясында; В) жазба ақындар поэзиясында;

С) сопылар поэзиясында; Д) зар заман ақындар поэзиясында.
15. Эмоция күйінің ішкі терең процестердің нәтижесінде құрылым түзуі ... деп аталады.

А) Аффект; В) экзистенция; С) гештальт; Д) концепт.


16. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...

А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;

В) адамның щығармашылық табысы;

С) адамның тіл шеберлігі;

Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.
17. Аталымдардың жасалуындағы тиімді әдіс.

А) акустикалық әдіс; В) ақпараттық әдіс;

С) құрылым арқылы суреттеу;

Д) баяндау әдісі.


18. Когнитивтік тұрғыдан семантика дегеніміз не?

А) Когнитивтік процестердің заттық әлеммен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

В) когнитивтік процестердің ойлаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

С) когнитивтік процестердің санамен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

Д) когнитивтік процестердің қабылдаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым.
19. Сөз мағынасын когнитивтік тұрғыдан қарастыруға не жатады?

А) Сөз мағынасын тура мағынада қарастыру;

В) заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтау;

С) сөз мағынасының атауыштық мәнін анықтау;

Д) сөз мағынасын ойлаумен байланыстыру.
20. Үніңді өшір, оқжылан.

Жас тілеуін жалмаған. Оқжылан – троптың қай түрі?

А) Метонимия; В) метафора; С) синекдоха; Д) теңеу.
21. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.

А) Уәж, мән, құндылық; В) сөз, мағына, сөйлем;

С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.

Д) сөз таптары, етістік, дискурс.


22. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?

А) Бір бағытта; В) көп бағытта;

С) қарама-қарсы бағытта; Д) бытыраңқы бағытта.
23. «Қарға мен түлкінің» апатты кезеңі, шарықтау шегі қай фразада көрінеді?

А) Басы айналды қарғаның; В) Ірімшік жерге салп етті;

С) Қу кетті, іс бітті; Д) Қарға қарқ етті.
24. Бейне тудыруға бейімді етістік шағын атаңыз.

А) Келер шақ; В) өткен шақ; С) ауыспалы осы шақ;

Д) ежелгі өткен шақ.
25. Таным процесінің қозғаушы күші не?

А) Ішкі терең қажеттілік; В) түйсік пен сезім;

С) білімділік; Д) ой мен қабылдау.
26. Ішкі ниет қалай аталады?

А) Гештальт; В) энтелехия;

С) фрейм; Д) дискурс.
27. Сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланыс схемасын көрсетіңіз.

А) Елес→ ой→тіл; В) ұғым→ой→тіл;

С) ой→ ұғым→тіл; Д) ой→ ес→ тіл.
28.Тіл табиғатын тануға қатысы жоқ ғылым саласы.

А) психология; В) антропология;

С) логика; Д) химия.
29. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?

А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;

В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;

С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;

Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.
30.Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?

А) Н.Оралбаева; В) Б.Қасым;

С) Ғ.Қалиев; Д) Р.Сыздықова.

ІІІ нұсқа

1. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...

А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;

В) адамның щығармашылық табысы;

С) адамның тіл шеберлігі;

Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.
2. Аталымдардың жасалуындағы тиімді әдіс.

А) акустикалық әдіс; В) ақпараттық әдіс;

С) құрылым арқылы суреттеу;

Д) баяндау әдісі.


3. Когнитивтік тұрғыдан семантика дегеніміз не?

А) Когнитивтік процестердің заттық әлеммен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

В) когнитивтік процестердің ойлаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

С) когнитивтік процестердің санамен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым;

Д) когнитивтік процестердің қабылдаумен байланысын түсіндіруші лингвистикалық ұғым.
4. Сөз мағынасын когнитивтік тұрғыдан қарастыруға не жатады?

А) Сөз мағынасын тура мағынада қарастыру;

В) заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтау;

С) сөз мағынасының атауыштық мәнін анықтау;

Д) сөз мағынасын ойлаумен байланыстыру.
5. Үніңді өшір, оқжылан.

Жас тілеуін жалмаған. Оқжылан – троптың қай түрі?

А) Метонимия; В) метафора; С) синекдоха; Д) теңеу.
6. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.

А) Уәж, мән, құндылық; В) сөз, мағына, сөйлем;

С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.

Д) сөз таптары, етістік, дискурс.


7. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?

А) Бір бағытта; В) көп бағытта;

С) қарама-қарсы бағытта; Д) бытыраңқы бағытта.
8. «Қарға мен түлкінің» апатты кезеңі, шарықтау шегі қай фразада көрінеді?

А) Басы айналды қарғаның; В) Ірімшік жерге салп етті;

С) Қу кетті, іс бітті; Д) Қарға қарқ етті.
9. Бейне тудыруға бейімді етістік шағын атаңыз.

А) Келер шақ; В) өткен шақ; С) ауыспалы осы шақ;

Д) ежелгі өткен шақ.
10. Таным процесінің қозғаушы күші не?

А) Ішкі терең қажеттілік; В) түйсік пен сезім;

С) білімділік; Д) ой мен қабылдау.
11. Ішкі ниет қалай аталады?

А) Гештальт; В) энтелехия;

С) фрейм; Д) дискурс.
12. Сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланыс схемасын көрсетіңіз.

А) Елес→ ой→тіл; В) ұғым→ой→тіл;

С) ой→ ұғым→тіл; Д) ой→ ес→ тіл.
13.Тіл табиғатын тануға қатысы жоқ ғылым саласы.

А) психология; В) антропология;

С) логика; Д) химия.
14. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?

А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;

В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;

С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;

Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.
15. Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?

А) Н.Оралбаева; В) Б.Қасым;

С) Ғ.Қалиев; Д) Р.Сыздықова.
16. Когнитивтік ғылымдардың қайнар көзі болып табылатын бағыттар қандай?

А) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, нейрофизиологиялық;

В) логикалық, когнитивтік, әлеуметтік, философиялық;

С) когнитивтік, психологиялық, лингвистикалық, логикалық;

Д) логикалық, лингвистикалық, нейрофизиологиялық; философиялық;

Е) әлеуметтік, философиялық, логикалық, лингвистикалық.


17. Когнит сөзінің беретін мағынасы не?

А) таным; В) білім; С) сөздік; Д) түйсік.


18. Дәріптелген эталонды үлгі қалай аталады?

А) схема; В) фрейм; С) сценарий; Д) прототип.


19. Когнитивтік жүйе бөлшектері қалай аталады?

А) есте сақтау; В) концептуалдық құрылым; С) концепт; Д) символ.


20. Когнитивтік бірлік қалай аталады?

А) концепт; В) прототип; С) когнит; Д) метафора.


21. Когнитивтік лингвистикада қолданылатын білімдік процестердің бірін көрсетіңіз.

А) талдау; В) есте сақтау; С) оқу; Д) жазу.


22. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі.

А) Рамстедт; В) Л.В. Щерба; С) Дмитриев; Д) В. Радлов.


23. Қазақ тіл білімінде тілдік құрылымдық сатыны анықтаған қай ғалым?

А) А. Байтұрсынұлы; В) А. Ысқақов; С) Қ. Жұбанов; Д) С. Аманжолов.


24. Тезаурус деген не?

А) аударма сөздік; В) түсіндірме сөздік; С) лексиканы түгел қамтитын сөздік; Д) сөздің этимологиясын қарастыратын сөздік.


25. Нақты заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін білімінің адам санасындағы құрылымы қалай аталады?

А) сценарий; В) концепт; С) логика; Д) фрейм.


26. Сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату қызметін не атқарады?

А) фрейм; В) концепт; С) гештальт; Д) сценарий.


27. Концепт бойынша: Ішкі жан дүниенің жуасып, бұйығуы қалай аталады?

А) жалығу; В) жабығу; С) құлазу; Д) түңілу.


28. Когнитивтік лингвистикадағы мағыналық парадигма нешеу?

А) 5; В) 2; С) 3; Д) 4.


29. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден, терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе не деп аталады?

А) құндылық; В) сезімталдық; С) саналылық; Д) білімділік.


30. Когнитивтік лингвистиканың термині емес.

А) фрейм; В) семантика; С) тезаурус; Д) фонология.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет