Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (етш) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. Етш ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет



бет1/9
Дата15.02.2024
өлшемі128 Kb.
#491937
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
отмс лекц.4каз.




С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Әскери кафедра
Оқу құралы

Медицина қызметін ұйымдастыру және оның тактикасы


(барлық факультеттердің стунденттеріне арналған)

4-тақырып. Емдеу-тасымалдау шараларын ұйымдастырудың


негіздері

Әскери кафедра мәжілісінде


талқыланып құпталған

Алматы, 2009ж


МАЗМҰНЫ



  1. Қазіргі заманғы емдеу-тасымалдау шаралары (ЕТШ) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. ЕТШ ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет.

  2. Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оларды емдеу. А. Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) жөнінде түсінік. Оны ұйымдастырудың қағидалық сызбасы, орналастыру аймағына қойылатын талаптар. Ә. МТК мен соғыс даласында көрсетілетін медициналық көмек түрлері, көлемі. Жаралылар мен науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі, жүйелілігі және дер кезінде көрсетілуінің маңызы.

  3. «Медициналық тасымалдау» ұғымын анықтау және оның маңызы. Медициналық тасымалдауды ұйымдастыру.

  4. Медициналық қызмет жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда, оның зардаптарын жою үшін жүргізілетін ЕТШ ұйымдастырудың негізгі принциптері.

Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (ЕТШ) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. ЕТШ ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет.
Емдеу- тасымалдау шаралары соғыс кезінде Қарулы Күштерді медициналық жабдықтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Әскерде жүргізілетін емдеу-тасымалдау шаралары (ЕТШ) төмендегідей: жаралылар мен науқастарды іздеу, жинау, оларға медициналық көмектің барлық түрлерін көрсету, тасымалдау, емдеу және медициналық қайта қалпына келтіру. Олардың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы соғыс жағдайында әскердің жеке құрамының жаппай шығындарын қалпына келтіру, яғни соғыс жарақаты немесе науқасы салдарынан қатардан шығып қалғандардың ұрысқа қабілеттілігін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру, олардың өмірін сақтап қалу.


Медициналық қызметтің жаңа шарттарға сәйкес жұмыс істей бастауы әскердегі ЕТШ жүйесін қайта құру қажеттігіне әкелді. Сонымен қатар оның негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдайға қарай кезеңдік емдеумен тасымалдау принципі жатыр. Дегенмен, басқа да жаңа ережелер бар:



  • көпкезеңділікті мүмкіндігінше шектеу;

  • бір уақытта медициналық көмектің барлық мүмкіндігін пайдалану;


  • медициналық бөлім мен емдеу мекемелерін жай санитарлық шығындар пайда болған аудандарға жылжыту, мұнда майданнан тыс тасымалдауға жіберілмейтін науқастар мен жаралыларды емдеуді ұйымдастыру;

  • медициналық көмек көлемін ғана емес, сондай – ақ, оның түрлерін де кеңейту;

  • тасымалдау ағымдарын ерте шоғырландыру;

  • ЕТШ мен жаппай қырып – жою қаруынан қорғану шараларын ұштастыру.


ЕТШ мәні – ұрыс даласында (жаппай санитарлық шығындар ошағында) және медициналық тасымалдау кезендерінде жаралылар мен науқастарға қажетті емдеу шараларын жүйелі және тиімді түрде көрсетуді жүргізу, оларды кешенді емдеуді қамтамасыз ететін бөлімдер мен мекемелерге дейінгі тасымалдаумен ұштастыру.

Құрамадағы ЕТШ міндеті:



  • Жаралылар мен науқастарды іздеу, оларға алғашқы медициналық көмекті көрсету, жинау, ұрыс даласы мен жарақат ошақтарынан алып шығу, оларды батальонның медициналық пунктіне жеткізу;

  • Жаралылар мен науқастарды бригаданың медициналық пунктіне (ротасына), дивизияның жеке медициналық батальонына тасымалдау;

  • Жаралылар мен науқастарға дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік және білікті медициналық көмек көрсету;

  • Ұрысқа қабілеттілігін қалпына келтіру мерзімі 5 – 10 тәулік жеңіл жарақат алғандар мен жеңіл науқастарды емдеу;

  • Көлікпен жүре алмайтын жаралылар мен науқастарды Жмед Б –ға уақытша жатқызу және оларды емдеу;

  • Жаралылар мен науқастарды госпиталдық базаның емдеу мекемелеріне немесе жергілікті жердегі госпиталдарға тасымалдауға дайындау.

Емдеу – тасымалдау шаралары мынандай жағдайларда іске асуы тиімді:

  • Нақты жағдайға және шешілуге тиісті міндеттерге сәйкес медициналық қызметтің күштері мен құралдарын топтастыру, оларды тиімді пайдалану, сондай – ақ, санитарлық шығындары көп аудандарға мүмкіндігінше жақын орналастыру;

  • Жаралылар мен науқастарды қысқа мерзімде іздеу, жинау және алып шығу, алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмекті дер кезінде жүргізу;

  • Медициналық тасымалдау кезеңдерін дер кезінде жүргізу, жаралылар мен науқастарға белгіленген көлемде медициналық көмек көрсетудің қамтамасыз етілуін дұрыс ұйымдастыру;

  • Диагностикалаудың, медициналық көмек көрсетудің, жаралылар мен науқастарды емдеудің жаңа тиімді әдістерін белсенді түрде енгізу;

  • Медициналық құжаттарды дұрыс жүргізу.

ЕТШ жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:



    1. ЕТШ жүйесіне биология және медицина салаларының ғылыми – техникалық табыстары нәтижелерін енгізу;

    2. Жаралыларды жинау мен оларды соғыс даласынан тасымалдауды механикаландыруды қамтамасыз ету;

    3. Медициналық қызмет бөлімдері, бөлімшелері мен мекемелерінің қозғалмалылығын арттыру;

    4. Жаралылар жаппай келіп түскен жағдайда пайдалану үшін диагностикалық және емдік әдістерді қалыптандыру;

    5. Медициналық қызметтің жаралылар мен науқастарды автокөлік, теміржол және әуе арқылы эвауациялау мүмкіндіктерін арттыру. Сондай – ақ, көлікпен жеткізу шарттарын жақсарту;

    6. Медициналық қызметтің жаңа шарттарына сәйкес жаңа бөлімдер мен мекемелер құру, медициналық қызметтің көпсалалы госпитальдары мен құрамаларын қалыптастыру, мекемелер мен құрамаларды автоматтындыру;

    7. Медицина қызметінің бөлімдері мен мекемелерінің ішкі ұйымдастырылуын жақсарту, оларды жабдықтауды жетілдіру;

    8. Медицина қызметінің құралдарын қалыптастыру және олардың соғыста қолдануға ұсыну мерзімдерін қысқарту. Мүліктерді тасуда, әуеде операция жасау, санитарлық – эпидемиялық зертханалар құру мақсатында әуе жолдарын кеңінен пайдалану және т. б.

    9. Медицина қызметінің басқа да бөлімдері мен салаларын ары қарай жетілдіру;

    10. Медицина қызметінің бөлімдері мен мекемелерін басқару жүйесін жақсарту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет