Әділет Министрлігімен 02. 12. 05 г. №3957 тіркелген Алматы қаласы


Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортына



бет2/2
Дата19.07.2016
өлшемі187 Kb.
#208925
1   2

Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортына

200_жылғы ____ нөмір 3_/_________қосымша




Экспортталатын тауарлардың тізімі


Рет нөмірі

Тауардың атауы

Тауардың коды


Тізбе бойынша тармақтың нөмірі

1










2
























банктің атынан

(лауазымы)

___________________

Аты-жөні


(қолы)

экспортердің атынан

(лауазымы)

___________________

Аты-жөні


(қолы)

кеден органы атынан (лауазымы)

_____________________

Аты-жөні

(қолы)


мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______


Экспорт бойынша мәміле паспортын толтыру ережесі

1. “Экспорт бойынша мәміле паспорты” – мәміле паспортының төрт бөліктен тұратын, көлбеу сызықпен бөлінген күрделі коды көрсетіледі:

1) бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады: олардың біріншісі “1” немесе “3”, екіншісі “1” немесе “2” болуы мүмкін. Бірінші “1” саны экспорт бойынша осы мәміле паспорты тауардың экспортынан валюталық түсімнің түсуін валюталық бақылауға арналғанын немесе “3” саны экспорт бойынша осы мәміле паспорты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкес жекелеген тауарлардың экспортынан валюталық түсімдердің түсуін валюталық бақылауға арналғанын білдіреді. Екінші “1” саны мәміле паспорты бойынша ең алдымен алдын ала төлеу болатынын немесе “2” саны тауардың кедендік ресімделетінін білдіреді;

2) екінші бөлігі кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;

3) үшінші бөлігі ағымдағы жылдың соғы үш саны қойылатын үш саннан тұрады;

4) төртінші бөлігі нүктесі бар нөл санынан тұрады, нүктеден кейін экспорт бойынша осы мәміле паспортының журналға сәйкес реттік нөмірі қойылады (мысалы, 11/00000000/003/0.12 немесе 32/00000000/003/0.15).

2. “Экспорт бойынша мәміле паспорты” бағанының астына кеден органы оның кеден органының тиісті экспорт бойынша мәміле паспорттарын тіркеу журналының “жіберілгендері” бағанындағы тіркелген күнін көрсетеді (осы Нұсқаулықтың 3-1-қосымшасы).

3. “Экспортер банкінің деректемелері” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Атауы” бағанында экспорт бойынша мәміле паспортын ресімдеген банктің толық атауы көрсетіледі;

2) “Филиал” бағанында экспортердің экспорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі “шот нөмірі” бағанында көрсетілетін, экспортердің шоты жүргізілетін филиалдың толық атауы көрсетіледі. Баған, егер көрсетілген шот банктің филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;

3) “ЕКБ” бағанында экспортердің экспорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі “банктік шот нөмірі” бағанында көрсетілетін шоты жүргізілетін ЕКБ-ның толық атауы көрсетіледі. Көрсетілген шот ЕКБ-да жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;

4) “Мекен-жайы” бағанында экспортердің шоты жүргізілетін банктің немесе банк филиалының (егер экспортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) немесе ЕКБ-ның (егер экспортердің шоты ЕКБ-да жүргізілсе) толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі;

5) СТН бағанында банктің (егер экспортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) немесе банк филиалының (егер экспортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) “КҰЖЖ коды” бағанында экспортер банкінің сегіз мәнді коды (егер экспортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) не “филиал” бағанында көрсетілген банк филиалының он екі мәнді коды (егер экспортердің шоты филиалда жүргізілсе) көрсетіледі;

7) “Шетелдік банктің атауы” бағанында экспортердің шоты ашылған және осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес экспорттық түсім түсуі мүмкін шоты ашылған шетелдік банктің толық атауы көрсетіледі.

4. “Экспортердің деректемелері” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Атауы” бағанында мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық ресми атауы көрсетіледі;

2) “КҰЖЖ коды” бағанында мәміле паспортына қол қойған заңды тұлға экспортердің (оның филиалының) оған мемлекеттік статистика органы берген сегіз мәнді (он екі мәнді) коды көрсетіледі;

3) “Мекен-жайы” бағанында экспорт бойынша мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Келісім-шартта экспортердің нақты мекен-жайын көрсету шартымен экспортердің заңды мекен-жайы көрсетіледі;

4) “Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі” бағанында мәміле паспортына қол қойған экспортердің банктегі (филиалдағы немесе есеп айырысу-касса бөліміндегі) осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорттық түсім түсуі тиіс банктік шотының нөмірі көрсетіледі;

5) “Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі” бағанында экспортердің шетелдік банктегі осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес экспорттық түсім түсуі мүмкін шоты ашылған банктік шотының нөмірі көрсетіледі;

6) “СТН” бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) “Салық органының мекен-жайы” бағанында экспортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.

5. “Үшінші тұлғаның деректемелері” бөлімі мәміле паспорты (мәміле паспортының қосымша парағы) резидент төлеушінің үшінші тұлғасының қатысуымен ресімделген жағдайда “Экспортердің деректемелері” бағаны сияқты толтырылады.

6. “Шетелдік сатып алушының деректемелері” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Атауы” бағанында соның негізінде экспорт бойынша мәміле паспорты жасалған келісім-шартта көрсетілген түрдегідей экспортталатын тауардың шетелдік сатып алушысының атауы көрсетіледі;

2) “Елі” бағанында соның негізінде осы мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес сатып алушы орналасқан елдің атауы көрсетіледі;

3) “Мекен-жайы” бағанында шетелдік сатып алушының соның негізінде экспорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың талаптарына сәйкес заңды мекен-жайы көрсетіледі;

4) “Сатып алушы банктің деректемелері” бағанында шетелдік сатып алушыға қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы және деректемелері көрсетіледі. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер ресімделген мәміле паспорты бойынша шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ақша аудару кезінде төлемді сәйкестендіруден бас тарту үшін негіз болмайды.

7. “Келісім-шарттың деректемелері және талаптары” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Нөмірі” бағанында негізінде экспорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында келісім-шартқа қол қойылған күн көрсетіледі;

3) “Келісім-шарт сомасы” бағанында экспортталатын тауардың осы келісім-шартқа сәйкес жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша шамамен алынған бағасы белгіленетін тауарды жеткізу көзделген жағдайда, онда мәміле паспортында келісім-шарттың жеткізудің белгіленген көлемін шамаланған бағасына көбейту арқылы есептелген сомасы көрсетіледі, бір мезгілде мәміле паспортының “Банктің, кеден органының ерекше белгілері” бағанында келісім-шарттың шамаланған және нақты бағаларының мәміле паспортында көрсетілген сомадан артық не төмен болатыны көрсетіледі;

4) жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортының қосымшасында:

“Тауардың атауы” бағанында – тауардың келісім-шарт бойынша атауы көрсетіледі;

“Тауардың коды” бағанында – тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды көрсетіледі;

“тармақтың Тізбе бойынша нөмірі” бағанында – тиісті тармақтың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Жекелеген тауарлардың тізбесіндегі нөмірі көрсетіледі;

5) “Келісім-шарт бойынша валюта” бағанында – республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын әріптермен белгілеу көрсетіледі;

6) “Келісім-шарт бойынша валютаның коды” бағанында – республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;

7) “Валютаны келісу” бағанында – келісім-шарт бойынша валютаның төлем валютасына бағамын есептеудің тәсілі көрсетіледі (“Келісім-шарт бойынша валютаның” және “Төлем валютасының” сәйкес келмеуі шартымен ғана толтырылады);

8) “Соңғы күні” бағанында негізінде экспорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарт бойынша соңғы төлемнің экспортердің шотына түсуінің есеп айырысу күні көрсетіледі. “Соңғы күнді” экспортер кедендік ресімдеу жобаланған, келісім-шарттың талаптары бойынша рұқсат етілген соңғы күнге келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауар экспортталған күннен есептелген экспорттық түсім түсетін мерзімге дербес қосуы арқылы есептеледі. Егер келісім-шартта оны қолдану мерзімі аяқталатын күн тікелей көрсетілген жағдайда, онда осы бағанда келісім-шартты қолдану мерзімінен басқа неғұрлым кешірек күн көрсетілмейді;

9) “Төлем валютасы” бағанында – республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес экспортталатын тауардың ақысын төлеу жүргізілетін валютаны әріптермен белгілеу көрсетіледі;

10) “Төлем валютасының коды” бағанында – республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;

11) “Есеп айырысу нысаны” бағанында – экспортталатын тауар үшін келісім-шарттың талаптарына сәйкес қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі (төменде келтірілген жіктеушіге сәйкес):

Есеп айырысу нысаны Коды

аванстық төлем

(алдын ала ақы төлеу) 00

аккредитив 10

инкассо 20

аударым 30

басқалары 40.

Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанда үш және одан көп код қойылады.

8. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы” бөлімі экспортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде төмендегідей толтырады:

1) “Нөмірі” бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында лицензияда көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі;

3) “Мерзімі” бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын қолдану мерзімі көрсетіледі.

9. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі” бөлімі экспортер тіркеу куәлігін алған кезде төмендегідей толтырады:

1) “Нөмірі” бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында тіркеу куәлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.

10. “Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі” бөлімі экспортер хабарлама туралы куәлікті алған кезде төмендегідей толтырады:

1) “Нөмірі” бағанында экспортер жүргізген валюта операциясы туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі;

2) “Күні” бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экспортерге хабарлама туралы куәлікті берген күні көрсетіледі.

11. “Уәкілетті тұлғалардың қолдары” бөлімі төмендегідей толтырады:

1) Экспорт бойынша мәміле паспортының үш данасына:

кеден органының атынан – кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзге іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлға;

банктің атынан – банктің мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын жауапты қызметкері;

экспортердің атынан – экспортердің басшысы;

үшінші тұлғаның атынан – үшінші тұлғаның басшысы қол қояды (лауазымын, аты-жөнін көрсете отырып).

2) экспорт бойынша мәміле паспортының барлық данасы кеден органының, банктің, экспортердің және қажет болған кезде үшінші тұлғаның және үшінші тұлға банкінің мөрімен бекітіледі.

12. “Банктің, кеден органының ерекше белгілері” бөлімінде мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдары мен агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.




“Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

_____ жылғы “__” ________

_________ нөмірі 21 (22) Импорт бойынша мәміле паспорты
Банктің деректемелері:

Атауы __________________________________________________

Филиалы _________________________________________________

ЕКБ _____________________________________________________

Мекен-жайы ___________________________________________________

СТН _________________________________________________________

Банктің (банк филиалының) КҰЖЖ) _______________________

Шетелдік банктің атауы ____________________________________


Импортердің деректемелері:

Атауы _____________________________________________________

КҰЖЖ коды _______________________________________________

Мекен-жайы _______________________________________________

Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ____________

Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі ____________

СТН _________________________________________________________

Салық органының мекен-жайы __________________________________

Төлқұжат деректемелері _______________________________________
Үшінші тұлғаның деректемелері:

Атауы ___________________________________________________

КҰЖЖ коды _____________________________________________

Мекен-жайы _____________________________________________

Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ____________

СТН _________________________________________________________

Салық органының мекен-жайы __________________________________

Төлқұжат деректемелері _______________________________________


Шетелдік әріптестің деректемелері:

Атауы _____________________________________________________

Елі ________________________________________________________

Мекен-жайы _______________________________________________

Шетелдік әріптес банктің деректемелері ______________________
Келісім-шарттың деректемелері және талаптары:

Нөмірі ___________________ Соңғы күні ________________

Күні _____________________ Төлем валютасы ____________

Келісім-шарт сомасы _______ Төлем валютасының коды________

Есеп айырысу нысаны ________________

Келісім-шарт бойынша валюта _____________

Келісім-шарт бойынша валютаның коды __________

Валютаны келісу ________________________________________


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы

Лицензияның нөмірі ________ Күні __________


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі

Тіркеу куәлігінің нөмірі _______________ Күні ____________

Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі _________ Күні _________
Уәкілетті тұлғалардың қолдары:

банктің атынан

(лауазымы)

____________

Аты-жөні


(қолы)

импортердің атынан

(лауазымы)

___________

Аты-жөні


(қолы)

кеден органы атынан

(лауазымы)

______________

Аты-жөні


(қолы)

үшінші тұлғаның
атынан

(лауазымы)

_______________

Аты-жөні


(қолы)

мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______






үшінші тұлға банкінің атынан

(лауазымы)

_____________________

Аты-жөні


(қолы)

мөр орны

күні ______


Банктің, Кеден органының ерекше белгілері

____________________________________________________________________________________________________________________________
Импорт бойынша мәміле паспортын толтыру ережесі
1. “Импорт бойынша мәміле паспорты” бағанында – мәміле паспортының төрт бөліктен тұратын, көлбеу сызықпен бөлінген күрделі коды:

1) бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады, олардың бірінші “2” саны осы мәміле паспортының тауардың импорты кезінде ақша пайдалануды валюталық бақылауға арналғанын, ал екінші “1” саны мәміле бойынша алдын ала төлем жасалғанын, немесе “2” саны тауарды кедендік ресімдеуді білдіреді;

2) екінші бөлігі кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;

3) үшінші бөлігі ағымдағы жылдың соғы үш саны қойылатын үш саннан тұрады;

4) төртінші бөлігі нүктесі бар нөл санынан тұрады, нүктеден кейін импорт бойынша осы мәміле паспортының импорт жөніндегі журналға сәйкес реттік нөмірі қойылады (мысалы, 21/00000000/003/0.12).

2. “Импорт бойынша мәміле паспорты” бағанының астына кеден органы оның кеден органының тиісті импорт бойынша мәмілелері бойынша паспорттарын тіркеу журналының “жіберілгендері” бағанындағы тіркелген күнін көрсетеді (осы Нұсқаулықтың 4-1-қосымшасы).

3. “Импортер банкінің деректемелері” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Атауы” бағанында импорт бойынша мәміле паспортын ресімдеген банктің толық атауы көрсетіледі;

2) “Филиалы” бағанында импортердің импорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі “банктік шот нөмірі” бағанында көрсетілетін, импортердің шоты жүргізілетін филиалдың толық атауы көрсетіледі. Егер көрсетілген шот банктің филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;

3) “ЕКБ” бағанында импортердің импорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі “банктік шот нөмірі” бағанында көрсетілетін шоты жүргізілетін ЕКБ-ның толық атауы көрсетіледі. Егер көрсетілген шот ЕКБ-да жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;

4) “Мекен-жайы” бағанында импортердің шоты жүргізілетін банктің немесе банк филиалының (егер импортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) немесе ЕКБ-ның (егер импортердің шоты ЕКБ-да жүргізілсе) толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі;

5) СТН бағанында банктің (егер импортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) немесе банк филиалының (егер импортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) “КҰЖЖ коды” бағанында импортер банкінің сегіз мәнді коды (егер импортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) не “филиал” бағанында көрсетілген банк филиалының он екі мәнді коды (егер импортердің шоты филиалда жүргізілсе) көрсетіледі;

7) “Шетелдік банктің атауы” бағанында импортердің шоты ашылған және осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес төлем жүргізілетін шетелдік банктің толық атауы көрсетіледі.

4. “Импортердің деректемелері” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Атауы” бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған импортердің толық ресми атауы көрсетіледі;

2) “КҰЖЖ коды” бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған, импортердің оған мемлекеттік статистика органы берген сегіз мәнді коды көрсетіледі;

3) “Мекен-жайы” бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған импортердің толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Келісім-шартта импортердің нақты мекен-жайын көрсету шартымен импортердің заңды мекен-жайы көрсетіледі;

4) “Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі” бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған импортердің банктегі (филиалдағы) осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша төлемдер жүргізілуі тиіс банктік шотының нөмірі көрсетіледі;

5) “Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі” бағанында импортердің шетелдік банктегі осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес төлемдер жүргізілетін банктік шотының нөмірі көрсетіледі;

6) “СТН” бағанында импортер салық органдарында тіркелген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) “Салық органының мекен-жайы” бағанында импортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі;

8) “Импортердің төлқұжат деректері” бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған басшының төлқұжатының немесе жеке куәлігінің нөмірі, қандай мемлекеттік орган және қашан бергені көрсетіледі.

5. “Үшінші тұлғаның деректемелері” бөлімі “Импортердің деректемелері” бағаны сияқты толтырылады.

6. “Шетелдік әріптестің деректемелері” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Атауы” бағанында соның негізінде осы импорт бойынша мәміле паспорты жасалған келісім-шартта көрсетілген түрдегідей импортталатын тауардың шетелдік сатып алушысының атауы көрсетіледі;

2) “Елі” бағанында сатып алушы соның негізінде осы мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес орналасқан елдің атауы көрсетіледі;

3) “Мекен-жайы” бағанында шетелдік сатып алушының соның негізінде импорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың талаптарына сәйкес заңды мекен-жайы көрсетіледі;

4) “Шетелдік әріптес банкінің деректемелері” бағанында шетелдік әріптеске қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы және деректемелері көрсетіледі. Егер осы деректемелер келісім-шартта көрсетілсе, осы баған толтырылады. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер ресімделген мәміле паспорты бойынша шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ақша аудару кезінде төлемді сәйкестендіруден бас тарту үшін негіз болмайды.

7. “Келісім-шарттың деректемелері және талаптары” бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) “Нөмірі” бағанында негізінде импорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында келісім-шартқа қол қойылған күн көрсетіледі;

3) “Келісім-шарт сомасы” бағанында импортталатын тауардың осы келісім-шартқа сәйкес жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша шамамен алынған бағасы белгіленетін тауарды жеткізу көзделген жағдайда, онда мәміле паспортында келісім-шарттың жеткізудің белгіленген көлемін шамаланған бағасына көбейту арқылы есептелген сомасы көрсетіледі, бір мезгілде мәміле паспортының “Банктің, кеден органының ерекше белгілері” бағанында келісім-шарттың шамаланған және нақты бағаларының мәміле паспортында көрсетілген сомадан артық не төмен болатыны көрсетіледі;

4) “Келісім-шарт бойынша валюта” бағанында – республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын әріптермен белгілеу көрсетіледі;

5) “Келісім-шарт бойынша валютаның коды” бағанында – республиканың кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;

6) “Валютаны келісу” бағанында – келісім-шарт бойынша валютаның төлем валютасына бағамын есептеудің тәсілі көрсетіледі “Келісім-шарт бойынша валютаның” және “Төлем валютасының” сәйкес келмеуі шартымен ғана толтырылады;

7) “Соңғы күні” бағанында негізінде импорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарт бойынша импортер көрсеткен, болжанған мынадай екі күннің неғұрлым кешірегі көрсетіледі: кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін ақы төлеу кезінде – келісім-шарттың талаптары бойынша болуы мүмкін соңғы төлем күні, алдын ала ақы төлеу кезінде – кедендік ресімдеу күні, яғни тауар тобының келісім-шарттың талаптары бойынша рұқсат етілген, соңғы жеткізілімін ресімдеу күні. Егер келісім-шартта оны қолдану мерзімі аяқталатын күн тікелей көрсетілген жағдайда, онда осы бағанда келісім-шартты қолдану мерзімінен басқа неғұрлым кешірек күн көрсетілмейді;

8) “Төлем валютасы” бағанында республиканың кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес импортталатын тауардың ақысын төлеу жүргізілетін валютаны әріптермен белгілеу көрсетіледі;

9) “Төлем валютасының коды” бағанында республиканың кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;

10) “Есеп айырысу нысаны” бағанында импортталатын тауар үшін келісім-шарттың талаптарына сәйкес қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі (төменде келтірілген жіктеушіге сәйкес):

Есеп айырысу нысаны Коды

аванстық төлем

(алдын ала ақы төлеу) 00

аккредитив 10

инкассо 20

аударым 30

басқалары 40.

Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанда үш және одан көп код қойылады.

8. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы” бөлімі импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде төмендегідей толтырады:

1) “Нөмірі” бағанында импортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында лицензияда көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.

9. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі” бөлімі импортер тіркеу куәлігін алған кезде төмендегідей толтырады:

1) “Нөмірі” бағанында импортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында тіркеу куәлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.

10. “Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлік” бөлімі импортер хабарлама туралы куәлікті алған кезде төмендегідей толтырады:

1) “Нөмірі” бағанында импортер жүргізген валюта операциясы туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі;

2) “Күні” бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің импортерге хабарлама туралы куәлікті берген күні көрсетіледі.

11. “Уәкілетті тұлғалардың қолдары” бөлімі төмендегідей толтырады:

1) Импорт бойынша мәміле паспортының үш данасына:

импортердің атынан – импортердің басшысы;

банктің атынан – банктің жауапты қызметкері;

кеден органының атынан – кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзге іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлға қол қояды (лауазымын, аты-жөнін көрсете отырып);

2) импорт бойынша мәміле паспортының үш данасы банктің, кеден органының және импортердің мөрімен бекітіледі;

3) Үшінші тұлға болған кезде осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес импорт бойынша мәміле паспортына бес данамен қосымша парақ ресімделеді және оған қосымша:

үшінші тұлғаның атынан – үшінші тұлғаның басшысы;

үшінші тұлға банкінің атынан – банктің жауапты қызметкері қол қояды (лауазымын, аты-жөнін көрсетумен).

4) Импорт бойынша мәміле паспортына қосымша парақтардың бес данасы кеден органының, импортер банкінің, импортердің және қажет болған кезде үшінші тұлғаның және үшінші тұлға банкінің мөрімен бекітіледі.

12. “Банктің, кеден органының ерекше белгілері” бөлімінде мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдары мен агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.”;

9, 10 және 11-қосымшалар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.

3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
(Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы Ә. Сәйденов

“КЕЛСІЛГЕН”

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
“КЕЛСІЛГЕН”

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

_____________________________

2005 жылғы “___” ____________



_____________________________

2005 жылғы “___” ____________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет