Еділқызы, Л. Әлемдік табиғат жауһары [Текст] / Л. Еділқызы, Ж. Жағыпарұлы, Н. Жәрімбетова // Егемен Қазақстан. 2008. 19 шілде (№218-219)



Дата09.06.2016
өлшемі27.71 Kb.
#124425
Еділқызы, Л.

Әлемдік табиғат жауһары [Текст] / Л. Еділқызы, Ж. Жағыпарұлы, Н. Жәрімбетова // Егемен Қазақстан. - 2008. - 19 шілде (№218-219)
Әлемнің әр қырындағы елдердің әрқайсысында адамзат назарына іліккен,айрықша қорғалуға мұқтаж табиғи інжу-маржандар көптеп кездеседі. Қазақ жері мұндай кереметтерден кенде кенде емес. Жақында ЮНЕСКО-ның шешімі негізінде Сарыарқаның екі нүктесі бүкіләлемдік табиғи мұра мәртебесі берілді.Олар Қорғалжын мен Наырзым қорықтары.

Көрген жанды сансыз ғажайыптарымен тамсандырып,өзіне бірден елітіп әкетерлік әсері бар табиғи дала аймақтары дүние жізінің 3 елінде ғанасақталып қалған екен.Біреуі Ресейдің Қалмақ даласы болса,енді бірі Монғолияның,үшіншісі Қазақстанның еншісіне бұйырған.Мұндай табиғи дала ландшафты басқа еш жерде кездеспейді.Сол себепті ЮНЕСКО-ның қорғау иелігіне көшкен, айрықша мәртебені иеленген Сарыарқа даласы қазақтың кең-байтақ,ұлан-ғайыр жерінің небір інжу –маржандарын әлемге танытуға мүмкіндік алды.





Қазақ жерінің табиғаты сан алуан, өзгеше бір бояу-реңкке малынған аймақтары жетерлік. Арқа төсі — солардың бел ортасында бедерленіп тұр. Еліміздің бүкіл орталық бөлігін тұтастай алып жатқан бұл аймақтың ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра мәртебесін иеленуі—оның әлемдік деңгейдегі маңызының артқандығы мен жалпақ жұртқа жариялануының бір көрінісі деп түсінуге болады.

Сарыарқа—солтүстікте Қазақ жазығынан оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықты алып жатқан Арқа жері батыста Торғай үстіртіне келіп тіреледі. Шығысында Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тарбағайдың етегіне, бұдан әрі Қалба жотасына дейін жетеді.

Аласа таулар мен сансыз төбелерден, түрлі қырқа-шоқылардан, жазық-ойпаңдардан тұратын бұл ғажайып мекеннің әр бөлігінің өзіндік құпиясы бар десек, артық айтқандық болмас. Жер бетінің ерекшеліктеріне қарай, бұл өңір аласа таулы және ұсақ шоқылы қыраттармен қоса, ірі тау массивтерінен де кенде қалмаған. Мәселен, Сарыарқаның батыс бөлігіндегі солтүстік ауданды тұтастай Көкшетау қыраты қамтиды. Ал батыс бөлігіндегі биік қыраттар мен жазықтардың ортасында солтүстіктен оңтүстікке қарай ірі тау массиві— Ұлытау созылып жатыр. Арқаның солтүстігі мен орта тұсы таулы қырат пен оқшау тау массивтерінен тұрады. Бұл өңірдегі ең биік тау— Қызыларай, Алыстан Қарқаралы, Кент, қиыр шығысында Шыңғыстау дараланып көрінеді.Тау массивтерінің бұл қатарына Баянаула, Қоянды, Желтау, Ерейментау, Нияз таулары жатады.

Аталған аймақтағы өзендердің басым бөлігін қар суымен "қоректенетін" типке жатқызсақ болады. Мәселен, бұл өңірдегі жылдық ағынның 80 пайыздан астамы еріген қар суынан құралады. Ең ірі өзені— Есіл, бұдан өзге Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідергі, Аягөз бар. Сарыарка өңірі Теңіз, Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қорғалжын секілді көлдерден де құр-алақан емес. Бұларды Арқа жеріне табиғат сыйлаған ерекше сый деп карауға болатыңдай.

Әлемдік деңгейдегі биік беделді ЮНЕСКО-ның назарына іліккен Сарыарқа өңірін өсімдік атаулысыз көзге елестетудің өзі қиын. Егер жазық далада көбіне астық тұқымдас, жусанды өсімдік басым болса, шоқылы жерлерде сирек жусанды, бұталы өсімдіктер, тау шатқалдарында қайың, итмұрын, мойыл, долана, тобылғы кең етек алған. Тау шыңдарында қарағай мен арша секілді өсімдіктерді де кездестіруге болады. Шөлейтті жерлер ақ жусан, бұйырғын, сұр жусан, баялыш, т.б есімдіктердің өсуіне қолайлы.



Сарыарқа — аламан, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, алақоржын секілді кемірушілер мен қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені секілді жыртқыштарға да бай аймақ. Бозторғай, тырна, құтан, соңдай-ақ үйрек, сұр қаз, аққу, қоқиказ, т.б су құстары аталған өңірдің қайталанбас ерекшелігін тағы бір көз алдыңызға әкелгендей болады.

Орталық Азияда кеңінен көсіліп жаткан Арқа өңіріне ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра мәртебесінің берілуі — ондағы қайталанбас табиғи інжу-маржандардың қорғалып, сол күйінде сақталуына сеп болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет