Әдістемелік нұсқау ф со пгу 18. 2/07



Дата17.07.2016
өлшемі75.13 Kb.
#205751

Әдістемелік нұсқау Ф СО ПГУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

5В030100 «Құқықтану» мамандығы студенттері үшін

Жерге құқық бұзушылықты қалпына келтіру аясын реттеу және мемлекеттік басқару пәні бойынша пәнді оқыту бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар



  1. тақырып. Жер шарының жер қоры.




  1. Жер шарының топырақ қабатына тигізетін антропогендік әсерлер.

  2. Орта Азияда жерінің тозуы.

Семинарға тапсырма

1 тапсырма. Жер құқығы жүйесінде жерлерді қалпына келтіру институтының ролі және орнын айқындау.

2 тапсырма. Орта Азияда жердердің бұзылуының себептері.

СОӨЖ:

Сұрақтар әзірлемесі:

  1. Орта Азия аумағындағы – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстан мемлекеттерінде экологиялық апаттардың негізгі себептері.

  2. Табиғи ресурстардың құрып бара жатқаны және нәтижесінде адамзат баласына қандай қауіп туғызуына қандай үрдістер байқалады?

Тақырыптың мақсаты:

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамалары жүйесінде нарықтық қатынастар жағдайында, бүлінген жерлерді қалпына келтіру бойынша құқықтық реттеу механизімдерін анықтау. Табиғи нысандадың ластанудан сақтау, қалпына келтіру бойынша құқықтық механиізмдерді дамыта отырып өзекті мәселелерді және заманауи тенденцияны зерттеу.

Осыған орай сәйкес мынадай міндеттер қойылады:


  • Жердің арнайы санатттарына сәйкес жер қабаттарын қалпына келтіру бойынша табиғат құқығы институтын зерттеу;

  • Жерді қалпына келтіру бойынша және жер қатынастары саласында құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

1- жоба. /Проект/

Арал теңізінің құрғап кеткен оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс бөлігін қамти отырып, тұздану үрдісінің алдын ала отырып, сумен қамту шараларын өткізу.

2 жоба. /Проект/ Арал теңізіне құятын Сырдария және Амудария өзендеріне төгілетін тұрмыстық, коллекторлық-дренаждақ, кәсіпорын қалдықтарын тоқтату шаралары, өзен бассейндерінің экологиялық жағдайын қалпына келтіру жұмыстары.

3 жоба. /Проект/ Орта Азия елдерінің шекаралық территорияларында таулы жерлер мен су қоймалары, су қорын сақтау аймақтарын қалпына келтіру.

4 жоба. /Проект/ Шөлденіп кету қауіпі бар аймақтардың жағдайын тұрақты мониторлап отыру. Қатысушы елдер: Қазақстан, Қырғызстан, тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан.



2- тақырып. Қазақстан Республикасында жер ресурстарын пайдалану және жерлердің жағдайы.

Жоспар

1.Ағымдағы жағдайды талдау. Қазақстанда бүлінген жерлердің жалпы аумағы.

2. Жер құқығы жүйесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.

1.Ағымдағы жағдайды талдау. Қазақстанда бүлінген жерлердің жалпы аумағы.

Қазақстандағы жалпы топырақ қабатының экологиялық жағдайы қарастырылады. Әсіресе ластанған және тозған жерлерге, олардың ластану көздері, жердің құнарлылығын арттыру үшін қалпына келтіру жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. Бұл Еуразия материгіндегі ең бір қолайсыз экологиялық жағынан қауіпті аймық деп саналады.

Ариадты климат- қатты жел соғу әсіерінен жазықтықтағы бүліну процесінің жүруі. (Ариадты климат- латын тілінен аударғанда aridus – құрғақ деген мағнаны білдіреді, яғни ауа температурасы жоғары, жауын-шашын мөлшері аз - жылына100-150 мм).


  1. Жер құқығы жүйесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.

Жерді қорғаудың мақсаты мен міндеттері (139 бап).

Жер қабатын қорғауға бағытталған шаралар кешеніне құқықтық ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесі кіреді, жерді ұқыпты пайдалану, ауылшарушылық жіне орманшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді негізсіз алу, сонымен қатар жер құнарлылығын арттыру, қалпына келтіру жұмыстары.

Жерді қорғаудың негізгі мақсаты мыналар: 1) жер қабатын бүлінуден яғни деградацияланудан сақтау, шаруашылық қызмет барысында экологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау, мелиоративті яғни суару шараларын жүргізіп отыру. 2) жердің бүлінуінен сақтау, деградацияланудың алдын алу шаралары; 3) жерді тиімді пайдаланудың құқықтық-нормативтік экологиялық жағынан тәжірибесін енгізу.

140-бап. Жерді қорғау. Жер иелері жіне жерді пайдаланушы тұлғалар мынадай шараларды іске асыруға міндетті: 1) жер телімдерін шөлге айналудан, су және жел эррозиясынан, тасқыннан, тұзданудан, өндірістік қалдықтармен ластанудан, химиялық, биологиялық, радиоактивті затттармен ластанудан, басқа да бүліну процесттерінен;


3-тақырып. Қазақстан территориясындағы топырақтық-экологиялық жағдай.

1.Құрғақшылықтың негізгі типтері. Қазақстандағы құрғақшылық процесінің себептері.

2. Құрғақшылық пен шөлге айналуды кемітуге бағытталған іс-шаралар. Құрғақшылықпен күресудің әлеуметтік-экономикалық тетіктері.

1 тапсырма. Қазіргі күні Қазақстандағы құрғақшылық үрдісінің негізгі себептері.

2- тапсырма. Қазақстан Республикасындағы құрғақшылықтың алдын алуға және оны тоқтатуға бағытталған бағдарламаларды ата.

5-тақырып. ҚР бүлінген жерлерді қалпына келтіруді құқықтық реттеудің мәні және жағдайы


  1. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру туралы заңнаманың жалпы сипаттамасы. (құрылу кезеңі, даму тенденциясы)

  2. Жер құқығы саласында бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.

1-тапсырма. Қазақстан Республикасында 2004-2015 жылдары экологиялық қауіпсіздік конвенциясын қабылдағаннан бері қандай өзгерістер байқалды?

2- тапсырма. Жерді қорғау және оны қалпына келтіру мәселелерін реттейтін экологиялық кодекстің негізгі принциптерін (баптары) ата.


Тема 7 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру ауданында мемлекеттік басқару және бақылау.

1.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру аумағында мемлекеттік басқару органдардың жүйесі және құзыреті.

2. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру ауданында мемлекеттік және қоғамдық бақылау.

3.Бүлінген жерлерді қалыпына келтіру жөнінде мемлекеттік басқару және бақылау жүйесін тиімді жоғарлату.

4.Ауылшаруашылық алқаптарды қорғау ерекшелігі.
1 Тапсырма. Жерлерді рационалды пайдалану, жер құнарлығын сақтау және жоғарлату, қоршаған ортаны қорғау бойынша іске асатын мемлекеттік бағдарламаларды атап шығындар.

2 Тапсырма. Мемлекеттік жер кадастрының міндетіне не кіреді?

3 Тапсырма. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру бойынша заңнамаларды орындамау немесе жартылай орындау себептерді талдау.

4 Тапсырма. Сіздің ойлауынша қоршаған ортаны қорғау үшін қаңдай экономикалық аспаптар онша дамыған емес?

9 Тақырып Бұзылған жерлерді жөндеу орталығында мемлекеттік және қоғамдық бақылау.

1.Бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша мемлекеттік басқару және тәртіпке келтіру жүйесі.

2.Жер қорларына зиян келтіруді ескерту бойынша құқықтық іс-шаралар.

3.Бұзылған жерлерді қалпына келтіру туралы заңнамаларды бұзу үшін құқықтық жауапкершіліктің іс-шаралар жүйесі( азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік құқықтық іс-шаралар.



1 Тапсырма. Табиғатты пайдаланушылар қызметінің табиғатты қорғау бойынша тиімді құрылысын анықтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды ынталандыру.

2 Тапсырма. Қоғамдық бақылау белсендету арқылы қоғамдық экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған үкіметті емес ұйымдардың рөлін анықтау, қоғамдық экологиялық сараптамаларды өткізу, қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатысу.

12 Тақырып Жер қорларына зиян келтіретін құқықтық бұзушылықты ескерту.
1.Мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі.

2.Жерді қалпына келтіру.

3. Жер пайдаланудағы төлемдер және экономикалық ынталандыру.

1Тапсырма. Жер кадастрының жер құрылымынан және жер мониторингінен айырмашылық орнату

2Тапсырма. Жер мониторингі үшін ақпарат негіздерін атап шығындар

Сұрақтар:

1.Жер үшін төлем түрлері.

2.Жер қыртысының құнарлығын жоғарлатқаны үшін Қазақстанда жер пайдаланушыларға қаңдай көтермелеу түрлері бар?

13 Тақырып. Жерді қорғау бойынша негізгі құқықтық іс-шаралар

1.Жер асты байлығын пайдалану үрдісінде жерді қалпына келтіру бойынша құқықтық қатынас.

2. Жер асты байлығын пайдалану үрдісінде бүлінген жерлерді қалпына келтірудің бақылау құқықтық.

Сұрақтарды әзірлеу:

1. ________________________ бүлінген жерлер, олардың кейінгі шаруашылық қызметі нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Сөйлемде жетпей тұрған сөзді толықтырыңдар және дәлелдеңдер.

2.Павлодар облысы территориясында экологиялық талаптарды сақтау бойынша маңызды бұзушылықтар бар өнеркәсіп объектілерін атап шығыңыздар.

14 Тақырып. Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысы

1. Аталған Ережелерде қолданылатын ұғымдар:



2. Жерді сақтап қою ережесі.

1 Тапсырма.  Радиоактивтi ластану - жердiң радионуклидтермен, оның iшiнде ядролық қаруды сынаудың, радиациялық авариялардың, ядролық қондырғылардың жұмыс iстеуiнiң, иондаушы сәулелену көздерiн, радиоактивтi заттар мен қалдықтарды сақтау және көму пункттерiн пайдаланудың, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға байланысты өзге де қызметтiң нәтижесiнде ластануы. Павлодар және көрші облыстардың үлгісінде мысал келтіріңздер.

2 Тапсырма. Шаруашылық-тұрмыстық ластану - жердiң, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiнiң жағымсыз өзгеруiн тудыратын өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен ластанудың түрлерін атап шығыңыздар. Оларды болдырмау шараларын анықтаңыздар.

15 Тақырып. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама
1 Тапсырма. Бағдарламаның мақсатын және оны жүзеге асыру кезеңдерін анықтау

2 Тапсырма. Қаңдай механизмдер арқылы жердің шөлейттену үрдісін тоқтату және болдырмау және оны тиімді және тұрақты жағдайда қалай ұстауға болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет