Әдістемелік нұсқаулар пму ұс н 18. 2/05



Дата11.07.2016
өлшемі117.52 Kb.
#192369

Әдістемелік нұсқаулар



ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

050609 – География мамандығы студенттеріне арналған
Ландшафттану пәнінен
ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстарды

бекіту парағы







ПМУ ҰС Н 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

Химиялық технология және

жаратылыстану факультетінің деканы

________________ Қ.Қ.Ахметов

«_____»____________20 ж.
Кұрастырушы: аға оқытушы Ерубаева Л.Ж. _____________

География және туризм кафедрасы


ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Ландшафттану пәні
050609 – География мамандығы студенттеріне арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған «___» __________ 20 ж. №___хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Калиева А.А.

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған


«___» __________20 ж. № ___ хаттама

ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Бүркітбаева




Андатпа
Ландшафттану пәні бойынша пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар 050609 - География мамандығы бойынша бакалавр дайындауындағы пәнді оқытуы процессінің маңызды оқу жұмысының түрі болып табылады.

Пәннің мақсаты – физикалық географиялық негізгі бөлігі ландшафттанудың теориялық негізін үйрену; табиғи кешендер туралы ілімнің дамуында физикалық географияныңалатын үлесін арттыру; халық шаруашылығының қажеттіліктері үшін ландшафттану ілімінің нәтижелерін практика жүзінде қолдана білу.



Пәннің міндетері:

  • курстың маңызы негізгі ландшафт түзуші факторларды анақтай білу;

  • курсты оқу барасында студент төменгі талаптарды білуі керек: географиялық қабықтшаның жіктелуінің негізгі физикалық-географиялық заңдылықтарын;табиғи ландшафттың қасиеттерін, оның құрылымы мен морфологиялық күрылысын;

  • ландшафттың даму динамикасы мен өмір сүруің айқындайтын табиғи және антропогендік факторларды; антропогендік және табиғи ландшафттарды жіктеу әдістемелерін;

  • физиккалық-географиялық аудандастырудың тәсілдері мен қағидаларын;

  • ТМД, Орта Азия мен Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастыруының негізгі үлгілерінің мазмұнын


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

    1. Арманд Д.Л. Типологическое и индивидуальное районирование ландшафтной сферы.// Современные проблемы природного районирования. М.: 1975.

    2. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. М.: Выс.шк.1991.364с.

    3. Арманд Д.Л. Наука о ландшафте. М.: 1975. 288 с.

    4. Макунина А.А., Рязанов П.Н. Функционирование и оптимизация ландшафтов: Учеб.пособие. М.: Изд.геогр.фак. 1988. Гл.1,2,3.

    5. Марценкевич Г.И., Клицунова Н.К., Мотузко А.Н. Основы ландшафтоведения: Учеб.пособие. Минск: Выс.шк. 1986. С7-82. 137-143,157-165.

    6. Николаев В.А. Ландшафты Азиатских степей. М.: МГУ. 1999.

    7. Исаченко А.Г. Ландшафттану негіздері. Аударған Мұқашева Ж.Н. Алматы, Мектеп, 1996.

    8. Исаченко А.Г., Шляпников А.А. Ландшафты. Природы мира. М.: Мысль, 1989.

    9. Беручашвили Н.Л. Четыре измерения ландшафта. М.: 1986. 182 с.

    10. Ландшафтная карта СССР для высшых учебных заведений. Масштаб 1:4000000. М.: 1988.

    11. Ландшафтоведение: теория и практика . // Вопросы географии. 1982. № 121. 208с.

    12. Михайлов Н.И. Физико-географическое районирование: Учеб. М.: Изд. Моск. Ун-та. 1985. С. 59-106.

    13. Николаев В.А. Проблемы регионального ландшафтоведения. М.: Изд. Моск.ун-та, 1979. Гл 3,4.

    14. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Алма-ата. Ғылым. 1992.

    15. Охрана ландшафтов: толковый словарь. М.: 1982.

    16. Перельман А.И. Геохимия ландшафтв: Учеб. Пособие. 2-ое изд. М.: Выс.шк., 1975.

    17. Преображенский В.С. Ландшафты в науке и практике. М.: Знание , 1981 48с.

    18. Преображенский В.С., Александрова Т.Д., Куприянова Т.П. Основы ландшафтного анализа. М.: 1988. С 7-52; 76-103; 141-149.

    19. Прокаев В. И. Физико –географическое районирование. М..:1983

    20. Районирование и региональные проблемы./Под ред. Н. М. Ратнера и др. Екатеринбург.1993.

    21. Родоман Б. Б. Способы индивидуального и топографического районирования и их изображение на карте. М.:1956.

    22. Сочева В. Б. Введение в учение о геосистемах. Новосибирск: Наука. 1978. С. 14-22, 29-34, 106-120.


Пәннің мазмұны

1 тақырып. Кіріспе.

Ландшафттану – табиғи территориялық комплекстердің пайда болуы, дамуы және динамикалық ерекшеліктерінің заңдылығын зерттейтін ғылыми жүйе. Географиялық пәндер жүйесінде ландшафттанудың алатын орны. XIX-XX ғ. басында ландшафттану ғылымының қалыптасуының ғылыми, әлеуметтік-экономикалық салдары. XX ғасырда ТМД елдерінде ландшафттық географияның даму кезеңдері: а) В.В. Докучаевтың ғылыми мектебі және географиялық ландшафт туралы жалпы түсініктерді тұжырымдау; б) ландшафттар морфологиясын танып білуде қолданылатын әр-түрлі теориялық әдістер мен концепцияларды қолдану, өңдеу; в) структуралық – динамикалық ландшафттану. Шетелдік ғылымдардың ландшафттану ғылымының дамуындағы ролдері. Американдық ағылшын және неміс ғалымдарының жер бетінің табиғи-территориялық-комплекстерін танып білудегі теориялық әдістері мен концепциялары. [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11].

2 тақырып. Ландшафттанудың теориялық және методологиялық негізі.

Ландшфт – негізгі таксономиялық бірлік. Фациялардың территориялық сәйкес қатарлары – қоныс, мекен, фация. Ландшафт терминінің жалпы және регионалдық түсініктері, оларға баға берру. Ландшафттанудың вертикалдық және горизонтальдық құрылымы. Табиғи аймақтардың морфологиялық бірліктері. Фациялар – қарапайым табиғи геожүйелер.

Табиғи аймақтардың ландшафттық құрылымы. Ландшафттанудың кеңістікте жіктелуінің табиғи факторлары. Ландшафттанудың зоналығы. Жазық және таулы аймақтардың ландшафттары. Ландшафттардың территориялық үйлесімді қатарлары (парагенетикалық, парадинамикалық). Ландшафттық катена түсінігі. Ландшафттық-географиялық өрістер. Экотондар. Геожүйелік концепция - қазіргі ландшафтану ғылымының методологиялық негізі. Дүниені танып білудің жүйелік қағидалары. Жүйе туралы жалпы ғылыми түсініктер мен ұғымдар. Геожүйелік концепцияның және оның маңызының қалыптасу ерекшеліктері. Табиғи-территориялық комплекс (ТТК), «Табиғи геожүйе» түсініктер. [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11].

3 тақырып. Табиғи компоненттер. Табиғи геожүйе – бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер жиынтығы.

Табиғи компоненттер. Табиғи геожүйе – бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер жиынтығы. Геокомпоненттік жүйелер – геома, биота. Табиғи компонентттердің заттық, энергетикалық және ақпараттық байланыстары.

Геожүйелер иерархиясы және ландшафттардың морфологиялық құрылымы. Геожүйелер ұйымдасуының негізгі деңгейлері : - жергілікті жерлік (локальдық), регионалдық, планетарлық. [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11], [22].

4 тақырып. Геожүйелердің тарихы мен шығу тегі.

Геожүйелердің тарихи мен шығу тегі. Ландшафттар дамуының негізгі факорлары. Өздігінен даму. Қазіргі ландшафттарға ретроспективті талдау. Ландшафттар жасы туралы ұғымдағы проблемалар. ТТК-дің шекаралары.

Геожүйелердің дамуы мен динамикасы. Дамудың энергетикалық факторлары. Биогеохимиялық айналым және морфолитогенез. [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11], [22].

5 тақырып. Ландшафттар динамикасы.

Ландшафттар динамикасы. Оның құрлымының өзгеруіндегі қайтымды және қайтымсыз үрдістер. Ландшафттардың динамикалық жағдайлары – тәуліктік, мезгілдік, жылдық, көп жылдық циклдер. Динамикалық тренд түсінігі. Табиғи геожүйелердің өздігінен қалпына келу проблемалары және табиғи тұрақтылығы. [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11].

6 тақырып. Ғылыми ландшафттық ізденістердгі модельдердің алатын орны.

Ғылыми ландшафттық ізденістердгі модельдердің алатын орны.Ландшафттық географиялық модельдер. Ландшафттық модельдеу. Ландшафттарға ГИС-ті пайдалану. Ландшафттық классификация (жүйелеу). Дандшафттық картаға түсіру. Ландшафттық карталардың негізгі типтері. Ландшафттық кадастр ұғымы және геоақпараттық жүйелер. Аэрокосмостық суреттер-структуралық-динамикалық модельдер. [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11], [22].

7 тақырып. Ландшафттардың негізгі геохимиялық және геофизикалық параметрлері.

Ландшафттардың негізгі геохимиялық және геофизикалық параметрлері.А.И. Перельман мен Б.Б. Полынов бойынша геохимиялық ландшафттар үғымы. Субаквальды, аквальды, элювиальды және тарнсэлювиальды ланшафттарды ажырата білу мен картаға түсіру қағидалары. Ландшафттар геофизикасы. Стекстер,оларды ажырату мен картаға түсіру қағидалары, оларды танып білуәдестері. ). [1],[2],[3],[4],[5],[7],[11], [16], [22].

8 тақырып. Географиялық аудандастыру негіздері.

Географиялық аудан түсінігі оның географиялық парадигма ауысуы нәтижесінде өзгеруі. Аудан түсінігі. Аудандарды бөлу көрсеткіштері. Ареалдар, зоналар, аудандар, олардың ортақ қасиеттері мен өзіндік ерекшеліктері. Аудандар, территориялық комплекстер және геосистемалар. Аудан және географиялық өріс. Аудан және аймақ. Ауданның орталығы және шеткі бөлігі. Типологиялық және жеке аудандар. Аудандар иерархиясы. Аудандардың объективті және субъективті мәселелері.

Аудандастыру – территорияны бөлу әдісі және үрдісі. Аудандастыру және аудан құрастыру, олардың қарым-қатынасы. Аудандастырудың мақсаты және оның аудандастырудың нәтижесіне тигізер әсері.

Аудандастыру кеңістіктің дискреттік көрсеткіші. Аудндастыру мен территориялық дифференциация. Аудандастыру және таксономия.

Аудандастырудың негізгі қағидалары. «Жоғарыдан» және «төменнен» аудандастыру. Территориялық аудандастыруға қажетті мәліметтерді жинақтау проблемасы. Аудандастыру шекаралары. Аудандастырудағы сандық және сапалық әдістер. Берілген территорияның алып жатқан ауданына, аудандастыру масштабына, аудандастыру үшін қойылған мақсатқа байланысты аудандастыру қағидалары мен әдістерін іріктеу проблемалары.

Жеке аудандастыру (компоненттік, салалық) және жалпы аудандастыру (комплекстік, интегралдық). [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

9 тақырып. Физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық аудандастыру.

Физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық аудандастыру. Табиғи шаруашылық және экологиялық–экономикалық аудандастыру. Олардың қарым-қатынасы, ортақ қасиеттері мен жекеше ерекшеліктері.

Географиялық аудандастыруды қолданбалы мақсатта пайдалану . Регионалдық талдау мен жүйелеуде географиялық аудандастырудың ғылыми бағыттар ішінен алатын орны.

Географиялық аудандастырудың дамуы, физикалық-географиялық аудандастыру. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

10 тақырып. Әр заман ғылымдарының ғылыми еңбктеріндегі жер бетіндегі табиғи зоналар мен аудандастыру элементтері.

Көне заман ғылымдарының (Геродот, Эротосфен) ғылыми еңбктеріндегі жер бетіндегі табиғи зоналар мен аудандастыру элементтері. Жаңа заманда ғылыми ғылыми аудандастыруға қайта оралу. XIII ғасырдағы орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің (В.Н. Татищев, А.Н. Радищев) бүкіл елде табиғи аудандастыру жүргізу туралы тұжырымдамалары мен аудандастырудың практикалық жұмыс үшін қажеттілігі. XX ғ. соңы жылдарындағы Ресейдің Еуропалық бөлігінің таулы аймақтарындағы аудандастыру үлгісі. XIX ғасырдың басында аудандастыру үлгісін толықтыру, нақтылау.

Табиғи аудандастыру жұмысындағы француз мектебі XX ғ. екінші жартысында жалпы эмпирикалық аудандастыру үлгілерінен салалық (ботаникалық, зоогеографиялық, климаттық, геоморфологиялық) аудандарға көшу. В.В. Докучаевтың ғылыми еңбектері және олардың табиғи зоналар негізінде физикалық географиялық аудандастыруды дамытуы. Г.И. Танфильевтің П.И. Броуновтың, А.А. Крубердің ғылыми еңбектері. Л.С. Бергтің ландшафт туралы ілімі және оның Ресейдің Азия бөлігін зоналық бірліктерге жіктеудегі алғашқы алғашқы үлгісі; провинциялық қағиданың қалыптаса бастауы; қолданбалы мақсаттағы еңбектердің дамуы және XX ғ. басында алғашқы нақтылы физикалық географиялық аудандастыру үлгілерінің пайда болуы. АҚШ-та, Германия мен Англияда физикалық географиялық аудандастыруға деген қызығушылықтың қалыптасуы. 1905 ж. Дж. Гербетсонның бүкіл жер шарының құрлық бөлігінің физикалық географиялық аудандастыру үлгісі. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

11 тақырып. ТМД елдерінде 20-30 жылдары физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстарының одан ары дамуы.

ТМД елдерінде 20-30 жылдары физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстарының одан ары дамуы. 1947 жылғы СССР ғылым академиясының «Естественно-историческое райониование СССР» коммисиясы және С.Б. Сусловтың (1947). Ресейдің Азия бөлігінің физикалық географиялық аудандастыру үлгісі.

Алғаш рет зоналық және азональдық қағидаларын бірдей қолдану талпыныстары. 50-60 жылдардағы жоғары оқу орнының мамандары ауыл шаруашылықтық мақсаттағы физикалық географиялық жұмыстарын күшейтуі. Аудандастыру туралы пікір-таластар. Қолданбалы үлгілердің жасалуы, жаңа ізденіс әдістерінің енгізілуі. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12],[14],[20].

12 тақырып. Физикалық географиялық аудандастыру негізі.

Физикалық географиялық аудандастырудың маңызы мен мақсаты. Аудандастыру мен ландшафт туралы ілім. Әртүрлі деңгейдегі табиғи-территориялық комплекстер (геожүйелер). Геожүйелер–физиякалық географиялық аймақтар-физикалық географиялық аудандастыру нысаны.Аудандастырудың көп сатылы болуы. Ландшафттардың «тар» мағынадыға түсінігі, геожүйе және физикалық географиялық аудандастыру деңгейінің шегі, физикалық географиялық аймақ-жеке геожүйе. Аудандастыру мен ландшафттардағы типологиялық жіктеудің қарым-қатынасы. Комплекстік және салалық физикалық географиялық аудандастыру.

Физикалық географиялық аудандастырудың негізгі қағидалары. Физикалық географиялық аудандар мен ландшафттық қабықшаның региональдық дифференциациясы. Индуктивті және дедуктивті әдестер. Аудандастырудағы генетикалық қағида.

Әртүрлі деңгейдегі физикалық географиялық аймақтардың қалыптасуы мен ландшафттық қабықшаның региональдық жіктелуіне әсер етуші факторлар мен зандылықтар. Зоналық ендік. Секторлық, азональдық, таулардағы биіктікбелдеулер, тосқауылдық. Морфоструктуралық жіктелу. Зоналық және азональдық зандылықтардың қарым-қатынасы және олардың физикалық географиялық аудандастырудың теориялық негізін қалаудағы маңызы. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

13 тақырып. Физикалық географиялық аудандастыруың таксономиялық бірліктер жүйесі.

Таксономияды шешімін таппаған мәселелер. Таксономиялық бірліктердегі бір қатарлы және көп қатарлы жүйелер. Аудандағы зоналық бірліктер: белдеу, зона, подзона. Азональдық бірліктер: секторлар, елдер,облыстар. Ландшафттық округтер және нақтылы ландшафттар. Таулы аймақтарда физикалық географиялық аудандастыруды жүргізу ерекшеліктері. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

14 тақырып. Физикалық географилық аудандастыру әдестері.

Керекті мәліметтер: әдеби, картографиялық, статистикалық. Стационарлық сала аралық әдестердің қарым-қатынасы. Картографиялық, аэроғарыштық, палеогеографиялық, геохимиялық, геофизикалық, математикалық әдестерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері. Типологиялық ландшафттық карталар. Физикалық географиялық аймақтарды ажырату және олардың шекарасын жүргізу негізі. Жекелеген табиғи компоненттер бойынша салалық мәліметтерді пайдалану. Физикалық географиялық аудандастыру карталарын күрастыру және олардын жазбаша түсініктемесін беру. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

15 тақырып. Ғылыми және Қолданбалы максаттағы аудандастыру.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ғылыми түрғыдан қамтамасыз ету жүмыстарында физикалық географиялық аудандастырудың алатан орны. Біртекті ғылыми ауданндастырудың табиғи ортаны салалық және комплекстік түрғыдан тиімді пайдалану жүмыстары үшін дүрыс пайдалану жолдары-территорияның ресурстық және экологиялық ахуалына баға беру, табиғи ортаның ресурстарын тиімді пайдалану мен оны жақсарту шаралары. Территорияның зерттелу деңгейіне, оның жер бедерінің пішінінің күрделілігінежәне қойылған мақсатқа байланысты аудандастырудың нақтылық деңгейін анықтау. Физикалық географиялық аймақтарға сипаттама беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді дүрыс тандай білу. Ұқсастық пен айырмашылық деңгейлеріне байланысты аймақтарды топтастыру. Қолданбалы мақсаттағы аудандастыру картасын күрастыру және жіктелген топтарға жазбаша сипаттама беру.



Қолданбалы мақсаттағы аудандастыру картасын күрастыру және жіктелген топтарға жазбаша сипаттама беру. Ландшафттық әдістердің жалпы ғылыми маңызы. [1],[2],[3],[4],[5],[11],[12], [19], [20].

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет