Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



Дата25.02.2016
өлшемі156.5 Kb.
#18459

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша

5В030100 Құқықтану мамандығының іштей бөлімі студенттеріне арналған

ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Пәннің мазмұны:
1-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығының түсінігі.

Қазақ әдет-ғұрып құқығының жалпы сипаттамасы. Қазақ әдет-ғұрып құқығының әлеуметтік-нормативтік мазмұны.

Тапсырма:

Қазақ әдет-ғұрып құқығы құқық саласы ретіндегі ерекшелігіне талдау жасай отырып, басқа құқық салаларымен өзара байланысын, құқықтық мәні мен мазмұнын ашу.


2-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот өндірісі.

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот өндірісіне жалпы сипаттама. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот өндірісінің негізгі бастаулары.

Тапсырма:

Студенттердің өз қалауы бойынша сот өндірісінің негізгі мәні мен оның адам өмірінде қолдану аясына талдау жасауы.


3-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза.

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстың түсінігі. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы жазаның жүйесі. Барымтаның түсінігі, оның қазақ әдет-ғұрып құқығындағы алатын орны.

Тапсырма:

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстардың түрлеріне талдау жасау. Барымтаның жүзеге асырылу тәртібін ашу.


4-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі қылмыстық құқық.

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы жеке адамға қарсы қылмыстар, олардың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы адам ұрлау, олардың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы өнегелілікке қарсы қылмыс.

Тапсырма:

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарына талдау жасау. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы меншікке қарсы қылмыстарды топтастыру.


5-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы билер соты.

Қазақ билері – халық даналары және нақты іс-әрекет иелері. ХІХ ғасырдағы билер соты және соттық іс жүргізудің ұйымдастырылуы және өткізілу тәртібі.

Тапсырма:

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы билердің құқықтық мәртебесіне сипаттама беру. Би болып сайлану үшін қойылатын талаптар.


6-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі ант беру институты.

Ант беру институты және оның қазақ әдет-ғұрып құқығындағы маңызы. Ант беру салты және оның іс жүргізушілік мәні. Шет елдердегі ант беру институтының жалпы сипаттамасы. Қазіргі кездегі Қазақстандағы ант беру институты және алқа билер соты.

Тапсырма:

Ант беру институтының қазақ әдет-ғұрып құқығындағы алатын орны мен маңызы. Ант берудің түсінігі мен мәні.


7-тақырып. Отбасы ішіндегі мүліктік қатынастар.

Отбасы - меншік құқығының субъектісі ретінде. Отбасы белгісі, еңі (тамга). Отбасы ішіндегі мүліктік қатынастар. Мүлікті бөлу тәртібі мен түсінігі. Отбасындағы әйел адамның мүліктік жағдайы.

Тапсырма:

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы неке және отбасы ұғымдарының маңызы және оларды жүзеге асыру ерекшеліктері. Студенттердің қазақ әдет-ғұрып құқығындағы отбасылық қатынастарға байланыста мүліктік қатынастардың ерекшеліктеріне сипаттама беруі.


8-тақырып. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мұрагерлік құқық.

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мұраның түсінігі және оның ерекшелігі. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мұраға қалдырудың тәртібі.

Тапсырма:

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мұрагерлік қатынастардың пайда болуының алғышарттары мен даму тарихы. Мұраны алуға құқығы бар субъектілерді саралау.


9-тақырып. Міндеттемелік құқық.

Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы меншік құқығының түсінігі және мазмұны. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы міндеттеменің түсінігі және міндеттемелік шарттың түрлері. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретіндегі ант беру.

Тапсырма:

Міндеттемелік қатынастардың құқықтық негізі. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдіс-тәсілдерінің түрлерін анықтау.


10-тақырып. Кеңес Үкіметі құрылған кездегі қазақ әдет-ғұрып құқығы.

Қазақстанда Кеңес билігі орнаған кезде барымта және оның жойылуы. Кеңес Үкіметі кезінде қазақ әдет-ғұрып құқығының институттары мен нормалары.

Тапсырма:

Кеңес Үкіметі құрылған кездегі қазақ әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері.


11-тақырып. Шыңғыс хан империясының тарих сахнасына шығуы.

Шыңғыс хан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама. Шыңғыс ханның саяси-құқықтық және әскери реформалары. Шыңғысханның Қазақстан аумағын жаулауы.

Тапсырма:

Алтын орданың әкімшілік-аумақтық жүйесін анықтау. Алтын орданың салық және құқықтық жүйесі. Көк орда. Ақ Орда.



12-тақырып. Моғолстан мемлекеті.

Моғолстан – дамыған ортағасырлық феодалдық мемлекет. Моғолстанның саяси жүйесі. Хан билігі. Атабектер және Ұлыс бектер. Әмір Болатшыға берілген артықшылық құқықтар.

Тапсырма:

Хан кеңесі – мәжілісінің мәртебесі. Диван. Дарторлар, Найыб Жасауыл, Миршиакар, Хаким, Даруға т.б. Сүйырғал. Моғолстанның салық және құқықтық жүйесі.



13-тақырып. Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасы.

Әбілхайыр хандығының немесе көшпелі өзбек мемлекетінің тарих сахнасына шығуы. Хан билігінің күшеюі. Әбілхайыр хандығының басқару жүйесі. Салық жүйесі.

Тапсырма:

Ноғай ордасының құрылуы. Едіге және оның ұрпақтарының саяси жүйеге ықпалын анықтау.


14-тақырып. Қазақ ордасының қоғамдық және саяси жүйесі.

Қазақ ордасының құрылуы. Жәнібек пен Керей сұлтандар – қазақ ордасының негізін қалаушылар. Қазақ жүздерінің этникалық құрамы. Рулық ұрандар мен таңбалар.

Тапсырма:

Қазақ Ордасының қоғамдық құрылысын сипаттау.

«Ақ сүйектер» мен «Қара халықтың» жағдайы. Шаруалар, төлеңгіттер, құлдар.

15-тақырып. XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ құқығы.

Қазақ құқығының сипаттамасы және ерекшеліктері. Қазақ құқығының зерттелуі және оның нрегізгі кезеңдері. Қазақ құқығының демоқратиялық және ізгілік бастаулары. Қазақ құқығының ресми және биресми нысандары. Қазақ құқығының алғашқы жүйеленуі. Қасым ханның қысқа жолы. Есім ханның ескі жолы. Әз-Тәукенің (Жеті Жарғысы).

Тапсырма:

Қазақ құқығындағы меншік қатынастары. Меншік түрлері. Қазақ құқығындағы міндеткерлік. Айырбас. Қарыз шарты. Рулық өзара көмек институты. Тамырлық және оның түрлері.

Қазақтың неке және отбасы құқығының бастаулары. Әйелдердің құқықтық жағдайы. Көп әйел алушылық. Әмеңгерлік. Мұрагерлік.

Қазақ құқығы бойынша мүліктік жауапкершілік.


16-тақырып. Жеті Жарғы.

Жеті жарғының өмірге келуінің алғы шарттары. Жеті жарғы заңының қабылдануы және оны түзудегі билердің рөлі. Жеті жарғы заңының бізге жетуі және оның нұсқалары.

Тапсырма:

Жеті жарғы заңының құрылымы мен құрамы. Жеті жарғы бойынша неке және отбасы. Жеті жарғы бойынша қылмыс және жаза. Жеті жарғы бойынша сот және сот ісін жүргізудің ерекшеліктері.


17- тақырып. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік-құқықтық салдары.

Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси және құқықтық алғы шарттары. Бұл тарихи процестерді бағалаудағы қазіргі кезеңдегі әртүрлі көзқарастар. Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Қазақ жүздеріндегі билікті шектеудің алғашқы нысандары. Игельстром реформасы. Кіші жүздегі 1803 ж. саяси дағдарыс. Орта жүздің Ресейге қосылуы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. Бөкей ордасының құрылуы.

Тапсырма:

Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы.


18-тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік құрылысы және құқықтық жүйесі.

Қазақстанның отар ел ретіндегі жағдайы. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар және 1886-1891 жылдардағы реформалар. Қазақ құқығына енген өзгерістер. Сот және сот ісін жүргізу. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық жүйесі.

Тапсырма:

I және II Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан депутаттар сайлау. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Қазақстан. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің саяси-құқықтық сипаттамасы. «Алаш», «Үш-жүз» партияларының бағдарламалары. Алашорда үкіметінің құқықтық шаралары.


19-тақырып. Қазақстандағы Қазан төңкеріснің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.

Қазан төңкерсінің жеңісі және оның Қазақстан аумағында қабылдануы. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнығып, нығайуы. Шетел интервенциясы мен азаматтық соғыс кезеңіндегі Қазақстан.

Тапсырма:

1919 ж. Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару туралы революциялық комитетінің құрылуы.


20-тақырып. Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы.

Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Бірінші жалпықазақтық құрылтай съезі. ҚАКСР-нің еңбекшілерінің құқығы туралы Декларация. ҚАКСР-нің алғашқы декреттері. РКФСР-дің құрамындағы ҚАКСР-дің құқықтық жағдайы.

Тапсырма:

Қазақстанда кеңестік құқықтық жүйесінің қалыптасуы және дамуы. 1926ж. ҚАКСР-нің Конституциясының жобасы.

Қазақстандағы отырықшыландыру және ұжымдастыру. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқаруды жетілдіру.

ҚАКСР-нің одақтас республикаға айналуы. 1937ж. ҚазКСР-нің Конституциясы. Ұлы Отан соғысы жылдарының Қазақстандағы мемлекет пен құқық.


21-тақырып. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму.

Мемлекеттік құрылым және мемлекеттік басқаруды дамытудың негізгі бағыттары. Тың жерлерді игерудің мемлекеттік-құқытық нысандары.

Тапсырма:

Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның аумақтық кейбір өзгерістері. Қазақстанда кеңестік құқық жүйесінің одан әрі дамуы. 1978ж. ҚазКСР-нің Конституциясы.


22-тақырып. Қазақстан – тәуелсіз мемлекетретінде және оның конституциялық-құқықтық дамуы.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуындағы 1990ж. ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи-құқықтық маңызы. Қазақстан тәуелсіздігінің ресми жариялануы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991ж. Конституциялық заңы.

Тапсырма:

Қазақстан тәуелсіздігінің Конституциялық негіздері.

Қазақстан Республикасының 1993ж. Конституциясына тарихи-құқықтық мінездеме. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясының тарихи-құқықтық мәні.

Қазақстан – 2030 бағдарламасы және Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы мен құқықтық жүйесінің одан әрі дамуының басты бағыттары.




5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Абайдельдинов Е.М. Политико- правовая история Республики Казахстан. Часть 1. Алматы. 1999.

  2. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

  3. Жумагамбетов Т.С. История государства и права Республики Казахстан. Алматы. «Жеті Жарғы». 2000

  4. История государства и права КазССР. Часть 1. Алма-Ата. 1982.

  5. История государства и права КазССР. Часть 2. Алма-Ата. 1984.

Қосымша

  1. Агаджанов С.Г. Очерки Огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII вв. Ашхабад. 1969.

  2. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. Москва. 1965.

  3. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в конце XVIII-XIX вв. Караганда. 1990.

  4. Акинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы. 1995.

  5. Гумелев Л.Н, Древние тюрки. Москва. 1993.

  6. Древний мир права казахов. 10-томник. Том 1. Алматы. Жеті Жарғы, 2001.

  7. Древний мир права казахов. 10-томник. Том 2. Алматы. Жеті Жарғы, 2003.

  8. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX начале XX веков. Алматы. 1996.

  9. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII и первой половины XIX веков. Алма-Ата. 1960.

  10. Зиманов С.З. Общественный строй казахов в первой половине XIX в. Алма-Ата. 1958.

  11. Кенжалиев. З.Ж., Даулетова С.О. Казахское обычное право в условиях советской власти./1917-1937/. Алматы. 1993.

  12. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. Алма-Ата. 1955.

  13. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. Алма-Ата. 1972.

  14. Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. Алма-Ата. 1966.

  15. Сартаев С.С. Образование и становление к4азахской советской государственности. Алма-Ата. 1960.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет