Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың



Дата17.06.2016
өлшемі86.56 Kb.
#142662

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________



Қ ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Муталиева Р.М.

( қолы) (аты-жөні)


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып. Қазақтың тарихи прозасы

Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Рамазан Тоқтаров прозасы. Ә.Кекілбаевтың романдарын, повестерін, әңгіме-новеллаларын талдау. «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Күй» шығармаларын тарихи-көркемдік және эстетикалық сипаттарын саралау. Жазушы шеберлігін баяндау. Ондағы ұлттық менталитетке назар аудару.

Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының тарихи-көркемдік қырлары. Кейіпкерлер галереясын әңгімелеу. Әңгімелері туралы ой-түйіндер. Тарихи шындық және көркемдік шешім.

Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» туындысы. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған роман-хамсасында Кенесары хан, Құнанбай қажы, Қодар, Шоқан, Достоевский, Құдайберді, Халиолла, Шәкәрім, Михаэлис, Долгополов, Мәшһүр Жүсіп, Саққұлақ шешен, Мұса Шорманов тұлғасы шебер сомдалған. Абайдың өмірі, ол өмір сүрген қоғам шындығы жаңаша көзқарас, жаңаша таным тұрғысынан суреттелген.



Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [4],[5],
2-тақырып Лирикалық проза

Лирикалық прозаның табиғаты. Дәстүрлілік пен жаңашылдық. Тәкен Әлімқұловтың лирикалық прозасы. Жазушы шығармашылығындағы дәстүрлі күй өнері және суреткерлік тұрғы. Жазушы шеберлігі , замана шындығы және көркемдік шешім.

Олжас Сүлейменов шығармашылығындағы ұлттық рух. «Адамға табын, Жер енді!», «Қыш кітабы», «Арғымақтар», «АзиЯ», «Мың бір сөз» шығармаларындағы ұлттық тіл мен діл, ұлттық егемендік сипаты. Ақын өнернамасындағы Дала бейнесі. Ой мен сезім тұтастығы.Суреткерлік қолтаңба. Образдық-метафоралық жүйе.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [4],[5].
3-тақырып Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңашыл-модернистік сипаттағы жас ақын-жазушылар шығармашылығы. Олардың туындыларындағы өмір шындығы мен көркем шындықтың, көркем кеңістік пен көркем уақыттың арақатынасы. Тілдік-стильдік ерекшеліктері.Әдеби әдіс-тәсілдердің жаңашыл сипаты. Бұл топтағы ақын жазушылар туралы бүгінгі әдеби сындағы ой-пікір алуандығы. Мысалы, Г.Шойбекова, Д.Амантай, А.Кемелбаева прозасындағы өзгешеліктерге тоқталу.



Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [4],[5].


4-тақырып Қазіргі қазақ сатирасы

Оспанхан Әубәкіров, Жұматай Сабыржанов, Көпен Әмірбек, Кеней Таңдай, Мұхтар Шерім, Қажытай Ілиясов, Сейіт Кенжахметовтің сатиралық шығармалары. Шығармаларының тілі мен стилі. Метафоралық-образдық жүйесі. Уақыт шындығы мен көркемдік шындық. Сатира мен юмордың ара- қатынасы.



Ұсынылатын әдебиеттер:[5], [6], [7], [8].
5-тақырып Шона Смаханұлы сатирасы

Өмірі мен қызметі. «Тотияйын», «Кездік», «Өткірдің жүзі» кітаптарының маңызы, тақырыбы мен құрылымы. «Айгарба», «Ұр тоқпақ», «Соқырішек», «Ортеке» сын-сықақтарының танымдық-тәрбиелік мәні. Тілі мен стилі. Көзқарастар, зерттеулер.



Ұсынылатын әдебиеттер: :[5], [6], [7], [8].
6-тақырып Қазіргі қазақ романдары

Қабдеш Жұмаділовтің «Прометей алауы», Тұрсынхан Зекенұлының «Көкбөрілердің көз жасы», Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Ұлы көш», Кәдірбек Сегізбаевтың «Беласқан», Қапан Қамбаровтың «Махамбет кітабы», Сәбит Досановтың «Қылбұрау», Сейітхан Әбілқасымұлының «Оспан батыр», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал»,Дидар Амантайдың «Шайыр мен шайтан» романдарының идеялық-эстетикалық нысанасы, ұлттық дүниетаным қырлары, заманауи сырлары, көркеми тіл мәселесі, Суреткерлік қабілет қарымы зерделенеді.



Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [4],[5],
7-тақырып Софы Сматаев шығармашылығы

«Елім-ай» (2003, 3-кітап) трилогиясының тарихилық және көркемдік сипаты. Абылай хан, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би бейнесі.



Ұсынылатын әдебиеттер
8-тақырып Қазіргі қазақ повестері

Асқар Алтай, Дидар Амантай, Нұрғожа Ораз, Айгүл Кемелбаева, Роза Мұқанова, Думан Рамазан повестері. Тақырыптық-идеялық нысынасы.Шеберлік шеберханасы. Сюжеті мен композициясы. Көркемдік ойлау, сөз таңдау дәрежесі.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].
9-тақырып Қазіргі қазақ әңгімелері

А.Алтай, М.Байғұт, Қ.Жиенбай,Б.Нұржеке, Ә.Кекілбай, Ш.Мұртаза, Д.Досжан,С.Сматайдың қазіргі кезең хақындағы әңгімелері.Тақырыбы мен мазмұны. Көркемдік қыры.Тілі мен стилі.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].


10-тақырып Деректі проза

Нұрлан Оразалиннің «Азаматтық айдыны», Мұқадес Есламғалиевтің «Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар», Немат Келімбетовтің «Жарлы емеспін, зарлымын», Серік Негимовтің «Мәлік Ғабдуллин», Ахмет Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін», Әмен Әзиевтің «Ұлы дала ұлағаттары», Асанәлі Әшімовтің «Жан бөлек» және Д.Қонаев туралы «Елу жыл – ел ағасы» деген шығармаларға әдеби-ғылыми тұрғыдан сараптама беру.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].
11-тақырып Қазіргі қазақ драматургиясы

Сәкен Жүнісовтің «Абылайхан», «Ажар мен Ажал», «Қызым, саған айтам», «Тұтқындар», «Махамбет», «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» драмалық шығармалары. Д.Исабековтің «Әпке», «Ескерткіш», А.Сүлейменовтің «6-палата», Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Боран», «Ант» пьесалары. Ә.Әшімовтің «Жолы болған жігіт», Қ.Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Қуырдақ дайын», «Көктөбедегі кездесу» шығармалары. Драмадағы тартыс пен конфликт, тіл шеберлігі.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].
12-тақырып Қазіргі қазақ лирикасы

Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Темірхан Медетбектің «Көк түріктер сарыны», Қажытай Ілиясовтың «Тасжарған», «Қалақай қамшы», Исраил Сапарбайдың «Махаббат пен ғадауат», «Сезім патшалығы», Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында -Құдірет», Темірше Сарыбайұлының «Дария-дәурен», Нұрлан Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас», Н.Алпамысқызының «Күрең шетен», Маралтай Райымбекұлының «Ай», Ұ.Жайлыбайдың «Құс қанаты», Ж.Әскербекқызының «Қарасаз-бұлақ», «Көк түріктер әуені», «Қаңтардағы қызыл гүл», Сәруар Қамаеваның «Жыр жұлдызын таңдадым» тәрізді лирикалық шығармаларын талдау.Сөз саптау , ой толғау ерекшеліктері. Лирикалық қаһарман және ақындық тұлға мәселесі. Образдық-метафоралық жүйе.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].
13-тақырып Қазақтың философиялық лирикасы

Философиялық лириканың басты ерекшелігі. Халықтық сипаты. Даналық дәрістері. Ой тапқырлығы. Логикалық мазмұн. Көркемдік шеберлік мәселелері.

Қадыр Мырзалиевтің «Ой орманы», «Дала дидары», «Қорамсақ» жинақтарындағы философиялық сарындар.

Жұмекен Нәжімеденовтің «Жаңғырық», «Мен -тамырмын» жинақтарындағы ойшылдық, сыршылдық, сыншылдық сарындар. Ұлттық-философиялық таным мен көркемдік танымның тұтастығы.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].
14-тақырып Қазіргі қазақ поэмалары

Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек», Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр», Есенғали Раушановтың «Айша бибі» , «Сары өзен», Бақыт Бәмішұлының «Зуқа батыр», «Тәңір сынағы», Күләш Ахметованың «Қыз-бота», «Үлбір сұлу», Зейнолла Тілеужановтың «Қабанбай» поэмаларының поэтикасы. Тілдік-стильдік ерекшеліктері. Сюжеттік-композициялық құрылымы.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].
15-тақырып Қазіргі қазақ сыны

Қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеті сыны - көркем ойдың екі арнасы. Әдебиет сыны - әрдайым әдеби дамумен сабақтас, тығыз қарым-қатынаста өркендеп келе жатқан көркемдік-эстетикалық ойдың үлкен, ірі саласы.

З.Ахметовтің «Поэзия шыңы -даналық», С.Қирабаевтың «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», З.Қабдоловтың «Көзқарас», М.Базарбаевтың «Замана тудырған», Ш.Елеукеновтің «Әдебиет және ұлт тағдыры», «Мағжан», Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», 2 томдық, Ж.Ысмағұловтың «Абай: ақындық тағылымы», Р.Нұрғалиевтің «Әуезов және алаш», З.Серікқалиевтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі мәселелері», «Ақ жол», «Алтын жамбы», А.Нысаналының «Жансарай», Б.Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау», «Сөз сыны», Д.Ысқақұлының «Сын өнері», Б.Ыбырайымның «Сырлы әлем», Б.Сарбалаевтың «Өткірдің жүзі», Ә.Бөпежанованың «Дүние – имани құбылыс», Ж.Дәдебаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті», С.Жұмабектің «Сын әуені», «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер», «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы», Қ. Әбдезұлының «Ел мен жер тағдыры», «Т.Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы», «Әдебиет және өнер», С.Абдрахмановтың «Елдік сыны», Ғ.Есімнің «Адам- зат», Қ.Ергөбектің «Арыстар мен ағыстар», 4 кітап, «Таным», Р.Тұрысбектің «Жүсіпбек Аймауытұлының әсемдік әлемі», «Парыз бен парасат», Г.Пірәлиеваның «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері», З.Бисенғалидің «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы», Ө.Әбдіманұлының «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті», М.Үмбетаевтың «Ақындық өнер өрісі», Ә.Тарақтың «Алаштың айбын-ардағы Абылай хан», Ә.Қайырбековтің «Саға» еңбектерін атауға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].

16-тақырып З.Серікқалиев - әдебиет сыншысы

З.Серікқалиевтің «Ойлар,толғаныстар», «Ақыл таразысы», «Ақ жол», «Тағдыр және біз», «Ақ жамбы», «Жан дауа» сынды сыни еңбектері.Көркемдік талғам, сыншылдық көзқарас, жаңаша пайымдау ерекшеліктері. Тәуелсіздік тұсында әдеби-көркем сынға қосқан үлесі. Оның танымдық, сыни-эстетикалық деңгейі. Ұлттық тәуелсіздік, сана еркіндігі, рухани құндылықтар туралы толғамдары.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].


Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Ахметов З. Поэзия шыңы –даналық. Астана,2002

  2. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы. 1991

  3. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы

  4. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  5. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шындық. Алматы, 1991

  6. Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы, 1980

  7. Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы,1985

  8. Көркемдік кілті – шеберлік. Алматы, 1985

  9. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы.

  10. Қабдолов З. Арна. Алматы, 1988

  11. Қирабаев С. Талантқа құрмет.Алматы, 1988

  12. Мәшһүр Жүсіпов. Өлең –сөздің патшасы. Алматы, 1991


Ќосымша әдебиеттер:

  1. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. Әдеби сын. Алматы.1982

  2. Нарымбетов Ә. Дәстүр және поэзия. Алматы.1970

  3. Нарымбетов Ә. Қазақ поэзиясындағы замандас бейнесі. Алматы,1984

  4. Нұрғали Р. Арқау. Алматы,1991

  5. Серікқалиев З. Ойлар , толғаныстар.Алматы, 1990

  6. Ыбырайымов Б. Ой мен сөз. Алматы, 1985

  7. Шапай Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы, 1989.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет