Әдістемелік ұсыныстар титул парағы


тақырып. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына



бет4/8
Дата19.05.2022
өлшемі115.5 Kb.
#457536
1   2   3   4   5   6   7   8
11 тақырып. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI XY ғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, әл–Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі. Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселер. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Ұлы Дала ойшыларының педагогикалық ой – пікірлері (Қорқыт – Ата, Қ.А.Иассауи).
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
12 тақырып. XY ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Қазақ жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік- қолданбалы және идеялық – эстетикалық мәні. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты. Алғашқы орыс – ұлттық мектептер.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
13 тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Мұсылдмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер. Ш.Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой – пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
14 тақырып. Қазақстандағы мектеп мен педагогика (20-30 жж.). ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық–педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.
А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми – педагогикалық қызметі. Ана тілде оқытатын бастауыш мектептер туралы идеялар. Оқыту мәселелері, ұлттық рухани мәдениет және мектеп қажеттері.
М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Тәрбие мақсаты, тәрбие процесінің құрылымын жасау, тәрбиенің негізгі бағыттарын анықтау, педагогика пәнін және оның негізгі категорияларын қалыптастыру. Тәрбиені гумандандыру идеясы және гуманды тұлғаны қалыптастыру. Дене тәрбиесі мәселелері.
Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс–әрекеттері. Ж.Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. Негізгі педагогикалық түсініктер мен дидактикалық категориялар, әдеттер мен дағдылардың мәнез–құлықтың қалыптасуына әсері, оқушылардың ойын, санасын және қабілеттерін дамыту. Интернационалдық тәрбие мәселелері.
С.Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Отбасындағы бала тәрбиесі. Білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі практикалық дағдылар, балалардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі мәселелері.
Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны, балалардың жас ерекшелігін ескеру. Тәрбиенің табиғилық принципін, көзқарасын қалыптастыру. Мінез – құлықтың, ақыл–ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, рухани және дене тазалығы. Тәрбие әдістерін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет