Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-қҰЛЫҚТЫҢ Қалыптасу дағдыларының алдын алу г. М раханова «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі»



Дата23.05.2023
өлшемі22.19 Kb.
#474126
Ақкөл о.м Мақала фестивал


ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АУТОДЕСТРУКТИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Г.М Раханова
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Raxanova@.17.bk.ru
Мектеп психологі. Педагог-модератор
Аннотация
Мақалада аутодеструктивті мінез – құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретіндігі және жасөспірім бойында болатын өзгерістер жайлы пікірлер қарастырылған. Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда мектептегі психологиялық қызметтің әр бағытының маңызды болып табылатындағы айтылған.
Қазіргі таңда қоғамда шешім табылмай жатқан мәселелер көп.  Солардың бірі жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет. «Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда – қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез-құлық дегеніміз- ол адамның саналы түрде өзіне- қиянат жасап, қол жұмсауы, яғни өз өмірін тоқтатуға бағытталған іс-әрекеті. Сондықтан да аутодеструктивті мінез - құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады. Эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Өмірдің талабы мен қарқынының өзгеруі салдарынан туындаған күйзеліс, дағдарыстық ахуалдардың артуы қоғамдағы шешілмей тұрған мәселелердің көптігі жас өрендеріміздің психикасына әсерін тигізуде.
«Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтанда осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады. Жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш болады, егерде олардың еліктеуі орынсыз болса, баланың тәрбиесі қиындайды, еңбек, күш қабілеті төмендейді. Жасөспірім өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Осы жағдайлардың барлығы баланы дағдарыс пен күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал күйзеліс дегеніміз- адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Соңғы жылдары психологтардың зерттеуінде ата-аналардың балаларын тыңдауға кедергісін анықтауда. Атап айтқанда, бұйрықтар беруі, қорқыту, үркіту, шектен тыс сын айту, жеку және т.с.с
Көбінесе ата –аналар балаларының проблемаларына, алаңдауларына көңіл бөлмеулерінің нәтижесінде балаларда ашу ыза пайда болып, мінез-құлықтары өзгеріп отырады. Оқушылар бойында агрессивті мінез-құлық, тұйық, оқшаулану, ұшқалақтық сияқты арасында түрлі мінез –құлықтар кездесіп жатады. Осы орайда ата-аналар баласына өмірде туындайтын мәселелерді шеше білудің жолын үйретулері қажет ойлаймын. Өйткені, жасөспірімдер айналасындағы адамдармен ренжісіп қалса немесе басына бір қиыншылық түскен жағдайда оны шешудің амалын білмейді және іздемейді де. Ол мәселе өз-өзіне қол жұмсаумен ғана шешіледі деп ойлайды. Бұндай жағдайға жеткізбеу үшін ата-ана баласын материалдық жағынан қамтамасыз етуді ғана емес, сондай-ақ рухани жағынан да назарға алуы қажет. Жиі әңгімелесіп, жиі сырласу қажет.
Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда мектептегі психологиялық қызметтің әр бағытының маңызды болып табылады. Әсіресе түзету-дамыту және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және жекелік-бағыттылық. Бірінші жағдайда қандай да бір күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністерге, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.
Психолог ретінде балаларға кеңес беру кезінде келесі ережелерді есте сақтауды ұсынамын:
- әрбір адамды жеке тұлға ретінде қабылдау
- қамқорлық таныту
- зейін қойып тыңдау
- дұрыс сұрақ қоя білу
- шыдамды болу
- бәсекеге түспеу, айтысып-тартыспау
-іс-әрекетін көзінше талдау жасамау.
Қорытынды: Римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуіміз қажет.


Әдебиеттер тізімі :

1.Керімов Л.К. «Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тəрбиелеу теориясы мен практикасы»



  1. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы. - Алматы, 2010. – Б.196

  2. «Педагогика және психология» журналы

  3. Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқының негізгі түрлерінің психологилық сипаттамасы.-http://www.kazakh.ru/talk/mmes.phtml?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет