Әдістемелікұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелікұсыныстардың; әдістемелікнұсқаулардыңтитул парағы



Дата14.06.2016
өлшемі182.45 Kb.
#136127



Әдістемелікұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелікұсыныстардың; әдістемелікнұсқаулардыңтитул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыроватындағы Павлодар мемлекеттікуниверситеті


Құқықтанукафедрасы
ҚазақстанРеспубликасыныңАзаматтыққұқық мәселелеріпәнібойынша
5В030100 Құқықтану мамандықтарының күндізгі және сырттай бөлімі студенттеріне арналған

ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар

Әдістемелікұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелікұсыныстарды; әдістемелікнұсқаулардыбекітупарағы







Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.


20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: ағаоқытушы __________ Ахмадиева А.Т.


Мемлекетжәнеқұқықтарихы мен теориясыкафедрасы


ҚазақстанРеспубликасыныңАзаматтыққұқық мәселелеріпәнібойынша
5В030100 Құқықтанумамандығыныңстуденттерінеарналған

Пәндіоқытубойыншаәдістемелікұсыныстар

Кафедраныңотырысындаұсынылды2012ж. «24» сәуір, №9 хаттама


Кафедра меңгерушісі__________ Г.Б.Ахмеджанова2012ж. «24» 04
Тарихжәнеқұқықфакультетінің ОӘК мақұлданды

2012ж. «27» сәуір, №9а хаттама


ОӘК төрағасы_________ К.К.Баталов 2012ж. «27» 04


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы ____________А.А. Варакута 2012ж. «27» сәуір
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012ж. «16» 05 №5 хаттама



1 тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы және оның әлеуметтік құндылығы туралы сауал.

Сауалдар:

Жеке құқық ұғымы, оның құқықтың жалпы жүйесіндегі алатын орны. Құқық саласы жүйесіндегі азаматтық құқық. Азаматтық құқық ұғымы, оның анықтамасы және оның негізгі бастамалары. Азаматтық құқықтың құқықтың сабақтас салалырынан айырмашылығы. Азаматтық құқық және азаматтық заңнама.



Әдебиет:

  1. Гражданское право. В 3: Учебник -4-ое изд./Сергеев А.П. – М.:Проспект, 2007.-56 с.

  2. Гражданское законодательство/Диденко А.Г.- Алматы: Нур-Пресс, 2006 -60 с.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқықты ғылым, құқық саласы және оқу пәні ретіндегі мәнін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге қазақстандық құқық салалары жүйесіндегі азаматтық құқықтың рөлі мен орнын түсінуге көмек көрсету.

  3. Студенттерге азаматтық құқықты басқа құқық салаларына бөліп көрсетуге көмек көрсету.

  4. Студенттерге азаматтық құқықтың негізін қалаушы қағидаларын, олардың мәні мен маңызын түсінуге көмек көрсету.

  5. Студенттерде азаматтық құқықтың қағидаларын қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • азаматтық құқықтың мақсаты мен міндеттерін;

  • құқық жүйесіндегі азаматтық құқықтың маңызы.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • азаматтық құқықтың ұғымы;

  • құқық жүйесіндегі азаматтық құқықтың маңызы;

  • азаматтық қатынастарды реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді зерттеу.

2 тақырып. Қазіргі кездегі азаматтық құқықтың тарихи

алғышарттары.

Сауалдар:

Азаматтық құқықтың даму тарихы. Қазіргі кездегі азаматтық құқық тарихындағы ұлттық және кешенді элементтер. Қазақстандық азаматтық заңнама.ҚР АК жалпы сипаттамасы және маңызы. ҚР азаматтық заңнамасының жүйесі.



Әдебиет:

  1. Гражданское право. В 3: Учебник -4-ое изд./Сергеев А.П. – М.: Проспект, 2007.-56 с.

  2. Гражданское законодательство/Диденко А.Г.- Алматы: Нур-Пресс, 2006 -60 с.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқықты ғылым, құқық саласы және оқу пәні ретіндегі мәнін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге қазақстандық құқық салалары жүйесіндегі азаматтық құқықтың рөлі мен орнын түсінуге көмек көрсету.

  3. Студенттерге азаматтық құқықты басқа құқық салаларына бөліп көрсетуге көмек көрсету.

  4. Студенттерге азаматтық құқықтың негізін қалаушы қағидаларын, олардың мәні мен маңызын түсінуге көмек көрсету.

  5. Студенттерде азаматтық құқықтың қағидаларын қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • азаматтық құқықтың даму тарихын;

  • азаматтық заңнамның маңызын.;

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • азаматтық құқықтың ұғымын;

  • құқық жүйесіндегі азаматтық құқықтың маңызы;

  • азаматтық қатынастарды реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді зерттеу.

3 тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастардың мәселелері.

Сауалдар:

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және элементтері. Еріктік акті азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ретінде. Азаматтық құқықтағы уәде ұғымы. Уәдежәне оферта.



Әдебиет:

    1. Толстой Ю. К. К теории правоотношения. Л., 1959.

    2. Халфина Р. О. Общее учение о правоотношении. М., 1974.

    3. Черепахин В. П. Правопреемство по советскому гражданскому праву. М., 1962.

    4. Эбзеев Б. Б. Гражданский оборот: понятие и юридическая природа // Государство и право. – 1999. - № 2. с. 32-38.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқықтық қатынастардың мәні мен айрықша ерекшеліктерін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге азаматтық құқықтық қатынастардың құрылымын және оның элементтерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

  3. Студенттерге азаматтық құқықтық қатынастардың түрлерін және оларды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін ажырата білуге көмек көрсету.

  4. Студенттерге азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін түсіндіру.

  5. Студенттерге таңдап алынған критерийлерге байланысты заңи фактілерді дұрыс топтастыруды үйрету.

  6. Студенттерге түрлі құқықтық қатынастардың заңи құрамын анықтау дағдыларына ие болуға көмек көрсету.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері;

  • Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгерту және тоқтатылу негіздері.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • Субъективтік құқықтар мен субъективтік міндеттердің ұғымы.

  • Азаматтық құқықтық қатынастар мен субъективтік азаматтық құқықтардың түрлері..

4 тақырып. Жеке тұлға мәселесі. Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың және оның нақты ерекшеліктерінің дамуы.

Сауалдар:

Жеке тұлға құқықтары ілімінің пайда болуы және олардың біртіндеп заңнамалармен танылуы. Есіміне құқық, абыройына құқық, жеке тәндік құқығын қорғау және т.б. Адамзаттық жеке тұлғаның нақты ерекшеліктерін қорғау



Әдебиет:

  1. Гражданское право. В 3: Учебник -4-ое изд./Сергеев А.П. – М.: Проспект, 2007.-122 с.

  2. Гражданское законодательство/Диденко А.Г.- Алматы: Нур-Пресс, 2006 -154 с.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқықтағы жеке тұлға мәселелерінің мәні менмаңызын түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге жеке тұлға құқықтарын топтастыруды үйренуге көмек көрсету.

  3. Студенттерге жеке тұлғалардың құқықтарын түсіндіруге көмек көрсету.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі.

  2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың әдістері.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі.

  • Қорғауға құқықтың мазмұны.

  • Қорғану тәсілдері. Қорғау органдары.

  • Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау.

5 тақырып. Азаматтық құқық объектілерінің мәні мен маңызын анықтаудағы негізгі проблемалар.

Сауалдар:

Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі. Заттарды саралау. «Денесіз» заттар институты. Азаматтық құқықтың объектілері ретіндегі мүліктік құқықтар.



Әдебиет:

  1. Гражданское право. В 3: Учебник -4-ое изд./Сергеев А.П. – М.: Проспект, 2007.- 94 с.

  2. Гражданское законодательство/Диденко А.Г.- Алматы: Нур-Пресс, 2006 -127 с.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқық объектілері мен олардың түрлерін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге заттардың азаматтық құқық объектілері ретіндегі мәнін, сондай ақ, заттарды топтастырудың практикалық маңызын түсінуге көмек көрсету.

  3. Студенттерге ақша, бағалы қағаз және валюталық құндылықтар сияқты объектілердің құқықтық реттеу ерекшеліктерін түсіндіру.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі және түрлері.

  • Заттар азаматтық құқық объектілері ретінде..

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • Жеке мүліктік емес құқықтар мен құндылықтар: түсінігі, айрықша ерекшеліктері, топтастыру және қорғану тәсілдері.

6 тақырып. Заңды тұлғалар мәселесі.

Сауалдар:

Мәжбүрлі және ерікті одақтар. Серіктестік және заңды тұлға. Осылардың жалғандығы және растығы жайлы сауал. Заңды тұлғаны құру мәселесіндегі жеке тұлға және мемлекет: концеесиялық жүйенің біртіндеп босаңсуы және жеке автономияның күшеюі. Заңды тұлғалардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілігі және олардың жеке құқықтары туралы сауалдар. Одақтар және құқыққа қабілетсіздер. Қазіргі кездегі мемлекет өміріндегі одақтар рөлінің күшеюінің жалпы маңызы.



Әдебиет:

  1. Басин Ю. Г. Юридические лица по гражданскому законодательству РК: понятие и общая характеристика. Уч. пособие, изд. 2 исправленное и дополненное. Алматы, 2000.-102 с.

  2. Елькин С. К. Правовое регулирование имущественных отношений акционерных обществ // Государство и право. – 1998. - № 1. с. 32-37.

  3. Леонов Г. Б. Учреждение как субъект гражданского права // Вестник МГУ. Серия право. – 1998. - № 1. с. 56-70.

  4. Сукалов Е. Некоммерческие организации как юридические лица // Хозяйство и право. 1998. - № 4. с. 8-16, № 5. с. 3-15.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге заңды тұлғаны құрудың мәнін, мақсаттары мен белгілерін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге заңды тұлғаларды құрудың, қайта құрудың және жоюдың мәселелерін түсіндіру.

  3. Студенттерге заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарының мәнін, маңызын жіне құқықтық мәртебесі туралы мәселелерін түсіндіру.

  4. Студенттерге түрлі заңды тұлғалардың түрлері мен құқықтық мәртебесін түсінуге көмек көрсету.

  5. Студентерге қайта құрылған заңды тұлғалар арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын құрастыру дағдылын иеленуге көмек көрсету.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Заңды тұлғалардың түсінігі, құрылу мақсаттары және белгілері. Азаматтық айналымдағы олардың рөлі.

  • Заңды тұлғалардың түрлері.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • Заңды тұлғалардың ерекшеліктері.

  • Мемлекет азаматтық құқықтың ерекше субъектісі ретінде.


7 тақырып. Отбасылық қатынастар саласындағы жеке тұлға мәселесі.

Сауалдар:

ҚР неке отбасы заңнамасы. Неке, ерлі зайыптылық, отбасы. Суррогаттық аналық. Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері.Патронат. Алименттік қатынастардың мәселесі. Асырап алушылықтың мәселелері.



Әдебиет:

1. «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексі 26.12.2011 ж.



Мақсаты және міндеттері:

1.Студенттерге отбасы құқығының проблемаларын түсінуге көмек көрсету.

2.Студенттерге азаматтық құқық жүйесіндегі отбасы құқығының рөлі мен орнын түсінуге көмек көрсету.

3.Студенттерге отбасы құқығын басқа салалас құқық салаларынан айыруға көмек көрсету.



Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Отбасықұқығының түсінігі.

  • ҚР неке отбасы заңнама.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды

түсінуі керек:


  • Отбасы құқығының мәселелері.

  • Отбасының құқықтық жағдайы.

8 тақырып. Меншік мәселесі.

Сауалдар:

Меншік экономикалық категория ретінде. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының ұғымы. Меншік иесінің құқықтары. Жеке меншік құқығы. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру. Меншік құқығын жүзеге асырудың шектері. Сервитуттар. Меншік құқығының мерзімсіздігі. Азаматтық құқықты



Әдебиет:

  1. Гражданское право РК. Ч. 1 под ред. К. С. Мауленова, Г. И. Тулеугалиева. Алматы: Данекер, 1999.

  2. Суханов А. Е. Лекции о праве собственности. М.: Юридическая литература, 1991.

  3. Право и собственность. Алматы: «ЖетiЖаргы», 1998.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге экономикалық және құқықтық аспектілердегі меншіктің мәні туралы нақты көрініс табуларына көмек көрсету.

  2. Студенттерге ҚР меншік туралы заңнамасының дамуы туралы нақты көрініс табуларына көмек көрсету.

  3. Студенттерге ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес меншік құқығының нысаны мен түрлерін түсінуге көмек көрсету.

  4. Студенттерге ҚР меншік құқығын иелену, тоқтату және ресімдеу негіздерін түсінуге көмек көрсету.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Субъективті азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының түсінігі.

  • Меншік иесінің құқық өкілеттігі.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды түсінуі керек:



  • Азаматтық құқықтың алуан түрлі субъектілері меншік құқығының

ерекшеліктері.

9 тақырып. Бөтеннің заттарына құқық мәселесі.

Сауалдар:

Басқа заттық құқықтардың түсінігі. Шаруашылық жүргізу құқығы.Шаруашылық жүргізу құқығының субъектісі. Құқық мазмұны және оны жүзеге асырудың шектері. Шаруашылық жүргізу құқығын тоқтату. Мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке ауыстыру.

Жедел басқару құқығы. Мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жедел басқаруындағы мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттері. Бюджет есебінен алынған мүлікке қатысты мекемелердің құқықтары.

Жер телімдеріне заттық құқықтар. Заттық құқықтардың элементтері бар құқықтар (кепіл, аренда және т.б.).



Әдебиет:

  1. Гражданское право РК. Ч. 1 под ред. К. С. Мауленова, Г. И. Тулеугалиева. Алматы: Данекер, 1999.

  2. Джусупов. Право собственности и иные вещные права. Алматы: «ЖетiЖаргы», 1997.

  3. Вещные права в РК. / Под ред. М. К. Сулейменова. Алматы: «ЖетiЖаргы», 1999.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқықтағы заттық құқық институтының қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге заттық құқықтың мәні мен белгілерін түсіндіру.

  3. Студенттерге мүліктің меншік иелері болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарының мәнін түсіндіру.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Шектелген азаматтық құқықтардың мәні.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды

түсінуі керек:


  • Шаруашылық басқару құқығы.

  • Жедел басқару құқығы .

10 тақырып. Иелену мәселесі.

Сауалдар:

Затқа нақтылы ие болуды қорғау және осы қорғауды негіздеу туралы сауал.Затты, мүлікті иелену мәселесін қорғаудың шектерін ұғыну.

Әдебиет:


  1. Гражданское право РК. Ч. 1 под ред. К. С. Мауленова, Г. И. Тулеугалиева. Алматы: Данекер, 1999.

  2. Джусупов. Право собственности и иные вещные права. Алматы: «ЖетiЖаргы», 1997.

  3. Вещные права в РК. / Под ред. М. К. Сулейменова. Алматы: «ЖетiЖаргы», 1999.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттерге азаматтық құқықтағы заттық құқық институтының қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге көмек көрсету.

  2. Студенттерге заттық құқықтың мәні мен белгілерін түсіндіру.

  3. Студенттерге мүліктің меншік иелері болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарының мәнін түсіндіру.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Иелену мәні.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды

түсінуі керек:


  • Иелену мәні.

  • Иелену маңызы.

11 тақырып. Міндеттемелер, олардың жалпы тарихи эволюциясы.

Сауалдар:

Ежелгі міндеттеме борышқордың несие берушіге жеке танымдылығы ретінде. Міндеттемедегі мүліктік элементтің біртіндеп күшеюі және осы тұстағы пайда болатын теориялық асыра сілтеушіліктер. Міндеттемелік құқықтардың ұғымы және жүйесі. Міндеттеме үғымы, оның басқа мүліктік құқықтық қатынастардан ерекшеліктері. Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелердің субъектілері.

Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. Солидарлы, үлестік және субсидиарлы міндеттемелер.Үшінші тұлғалардың қатысуымен міндеттемелер. Регресті міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың пайдасына міндеттемелер. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

Міндеттемені орындаудың ұғымы. Міндеттеменің орындаудың қағидалары. Міндеттемені орындаудың мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындаудың шарттары. Міндеттемені орындау орны. Міндеттемені орындаудың тәсілдері. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің түсінігі, маңызы және тәсілдерінің мәселелері.

Әдебиет:


  1. Гражданское право РК. Ч. 1 под ред. К. С. Мауленова, Г. И. Тулеугалиева. Алматы: Данекер, 1999.

  2. Иоффе О. С. Обязательственное право. М., 1975.

  3. Новицкий И. Б., Лунц Л. А. Общее учение об обязательстве. М., 1950.

  4. Ломидзе О. Уступка права (цессия) // Российская юстиция. 1998. – № 5. с. 16-18.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттер міндеттеменің мәні, айрықша белгілері және түрлері туралы нақты түсінік алулары керек.

  2. Студенттер міндеттемелердің пайда болуы және тоқтатылу негіздері туралы нақты түсінік алулары керек.

  3. Студенттер міндеттелердің субъектілері жайлы нақты көрініс табулары керек: түсінігі, құқықтық жағдайы, міндеттемедегі тұлғалардың көптігі, міндетемедегі тұлғалардың ауысуы.

  4. Студенттер міндеттемені орындаудың қағидалары мен мәні, сондай ақ, міндеттемені орындамағаны жағдайларында азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері туралы нақты көрініс табулары керек.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Міндеттеме түсінігі, оның мүліктік құқықтық қатынастарынан айырмашылықтары.

  • Міндеттемелердің пайда болу негіздері.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтардытүсінуі керек:



  • Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі.

  • Үшінші тұлғалардың қатысуымен міндеттемелер.

  • Регрессті міндеттемелер.

12 тақырып. Шарттардан туындайтын міндеттемелер. Шарттық бостандықтың мәселесі.

Сауалдар:

Азаматтық құқықтық шарттың ұғымы және белгілері. Қазақстанның нарықтық қатынастарын қалыптастыруындағы шарттың рөлі. «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы. Шарт және заңнамалық актілер.

Шарттарды топтастыру. Шарт ережелері, олардың түрлері. Шарттың жобалы ережелері.Шартты талқылау.

Шарт жасасудың негіздері. Шарт жасасудың кезеңдері. Шарт нысанының оны жасасу үшін маңызы. Шарттың маңызды және қарапайым ережелері.Шарт жасасу орны. Алдын ала жасалатын шарт, оның маңызы және белгілері. Шарт жасасу кезінде пайда болатын қарама қайшылықтарды реттеу. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.



Әдебиет:

  1. Шершеневич Г.Ф. «Учебник русского гражданского права». М.. 1995.

  2. Мейер Д.И. Русское гражданское право. М., 1997.

  3. Гражданское право (под ред.А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого), том 1. М., 1998.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттер азаматтық құқықтық шарттың түсінігі және белгілері; Қазақстанның нарықтық қатынастарын қалыптастыруындағы шарттың рөлі туралы; «шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы туралы нақты көрініс табулары керек.

  2. Студенттер шарттың жағдайлары және олардың түрлері туралы нақты көрініс табулары керек.

  3. Студенттер шартты талқылауды меңгеру керек.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы.;

  • Шарттардың түрлері.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды

түсінуі керек:


  • Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуындағы шарттың рөлі.

  • Шарт және заңнамалық актілер.

13 тақырып. Құқық бұзушылықтардан туындайтын міндеттемелер. Келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі.

Сауалдар:

Азаматтық құқықтық жауапкершлік ұғымы. Құқықтық жауапкершілік шаралары жүйесіндегі азаматтық құқықтық жауапкершіліктің алатын орны. Экономикалық жауапкершілік және азаматтық құқықтық жауапкершілік.Ааматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарттары. Азаматтық құқықбұзушылықтың түсінігі және құрамы. Құқыққа қайшылық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты ретінде. Жауапкершіліктің шарты ретінде себептік байланыс. Кінә ұғымы және оның нысандары. Кінәға байланысты емес жауапкершіліктің мүмкіндігі. Жағдай және дүлей күш ұғымы. Толық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің принципі



Әдебиет:

  1. Гражданское право РК. Ч. 1 под ред. К. С. Мауленова, Г. И. Тулеугалиева. Алматы: Данекер, 1999.

  2. Иоффе О. С. Обязательственное право. М., 1975.

  3. Новицкий И. Б., Лунц Л. А. Общее учение об обязательстве. М., 1950.

Мақсаты және міндеттері:

  1. Студенттер азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мәні, айрықша белгілері және түрлері жайлы нақты көрініс табулары керек.

  2. Студенттер азаматтық құқықтық жауапкершіліктердің пайда болу негіздері туралы нақты көрініс табулары керек.

  3. Студенттер АҚЖ субъектілері туралы нақты көрініс табулары керек.

  4. Студенттер міндеттемені орындамау жағдайларындағы азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері туралы нақты көрініс табулары керек.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:

  • Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі.

  • Құқықтық жауапкершілік шаралары жүйесіндегі азаматтық құқықтық жауапкершіліктің орны.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды

түсінуі керек:


  • Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері.

  • Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы.

14 тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы институтының мәселелері.

Сауалдар:

Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. Әділет органдарының интеллектуалдық меншік саласындағы жаңа құқықтық қатынастардың қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, құқық қорғау органдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдар, шығармаларды пайдаланушылармен өзара байланыс орнату, заңнаманы орындау бойынша міндеттері. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселелері.



Әдебиет:

  1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж. от 07.10.1998 ж. тол.мен өзг.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) 27.12.1994ж.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі) 01.07.1999ж.

Мақсаты және міндеттері:

1.Студенттерге интеллектуалдық меншік құқығының мәселелерін түсінуге көмек көрсету.

2.Студенттрге азаматтық құқық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығының рөлі мен орнын түсінуге көмек көрсету.

Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:


  • Интеллектуалдық меншік құқығы институтының түсінігі.

  • Интеллектуалдық меншік құқығының мәселелері.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды

түсінуі керек:


  • Авторлық құқықтың мәселелерін.

  • Патенттік құқықтың мәселелерін.

15 тақырып. Мұрагерлік құқықтағы жеке және қоғамдық бастама.

Сауалдар:

Мұрагерлік құқық институтының ұғымы. Өсиет бойынша мұрагерліктің мәселелері. Өсиеттің заңды мазмұнына қойылатын талаптар. Өсиет бо йынша мұрагерліктің мәселелері.



Әдебиет:

  1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж. от 07.10.1998 ж. тол.мен өзг.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) 27.12.1994ж.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі) 01.07.1999ж.

Мақсаты және міндеттері:

1. Студенттерге мұрагерлік құқықтың мәні мен маңызын түсінуге көмек көрсету.

2.Студенттерге азаматтық құқық жүйесіндегі рөлі мен орнын түсінуге көмек көрсету.

3.Студенттерге мұрагерлік құқық мәселелерін түсінуге көмек көрсету.



Берілген тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

Білулері керек:



  • Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен оның түрлерін.

  • Мұрагерлік құқықтың мәселелерін.

Тапсырма:

Берілген тақырыпты оқу барысында студенттер келесідей сұрақтарды



түсінуі керек:

  • Азаматтық құқықтағы мұрагерлік құқықтың рөлін.

  • Мұрагерлік құқықтың мәні мен мазмұнын.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет