Егемен қазақстан. – 2010. №73-75. 26 ақпан



Дата09.07.2016
өлшемі40 Kb.
#186192
Егемен қазақстан. – 2010. - №73-75. - 26 ақпан

Жағыпарұлы Ж.
Тіл киесіне адалдық
Қасиетіңнен айналайын, қасіреті қалың қазақ тіліне "жанашырмын" дейтіндер жыртылып айрылады. "Ой, мен туған тілімнің туын көтеріп едім", "қазақ тілін қорғайтын қоғам құрып едім" деп кеудесін ұрып,сол үшін енбін тауып, қызмет алып, бедел жинап жүргендер де жетерлік. Ана тіліне деген адалдыкқа да ақы сұрап жүргендерге карап, еріксіз ойға қаласың. Күні кеше өткен санақ деректері бойынша, қазақтарының саны 63,6 пайыздан асып отырған егемен елімізде төл тіліміздің әлі күнге дейін төрге шыға алмай отырғандығы да осындай керағар-лықтың салдары ма екен?! Туған тіліңнің тағдырына деген жанашырлық туған анаңның алдындағы перзенттік парызға пара-пар ғой. Осы бір перзенттік парызын ұрандатпай-ақ, бедел шақырып дабырлатпай-ақ іс жүзіне асыратындар да арамызда жоқ емес. Соның бірі — Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Айман Қожахметова.

Қылышынан қан тамған қызыл империяның қадірі қайта бастаған, бірақ "жыланды үш кессең де кесірткедей шамасы бар" демекші, әлі де дөуірі жүріп тұрған 1989 жыл болатын. Казақтың ардақты азаматтарының бірі, белгілі экономист ғалым, бүгінгі депутат Кенжеғали Сағадиев сол кезде езі ректор болып отырған Целиноград ауыл шаруашылығы институтында қазақ тілі кафедрасын ашуға бел буды. 17 пайыз ғана қазағы бар, қаймағы бұзылмаған қалың орыстың ортасында отырып мұндай шешімге бару да, оны ойдағыдай орындау да оңай шаруа емес еді. Сондықтан бұл істі сеніп тапсыратын шын жанашыр, туған тілінің тағдырына қабырғасы қайысатын нағыз ұлтжанды адам керек. Ұзақ толғаныстан кейін Кенжеғали Әбенұлының таңдауы сол кездегі каладағы жалғыз Жамбыл атындағы казақ орта мектебінің мүғалімі Айман Қожахметоваға түсті. Қазақ әдебиетінің классигі, академик Ғабит Мүсірепов өскен өңірдегі атақты Елтінжал ауылында өмірге келіп, Солтүстік Қазақстандағы туған тілінің мүшкіл тағдырын бала күнінен танып өскен Айман ректордың ұсынысына бірден келісімін берді.

Өз жерінде отырса да өгейдің күйін кешіп, қандай істі қолға алмасын жоғары жаққа алаңдап, Мәскеудің қас-қабағын бағып отыратын заманда, қанша жер мен елдің иесі болса да қазақтың тұралап қалған ұлттық мүддесін қорғау, ұлттық тілдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдау оңайға түскен жоқ. Оның үстіне желтоқсаннан жүрегі шайлыққан облыс, қала басшылары да осы бір бастамадан ши шығып кете ме,

"аға ұлт" өкілдерінің шамына тиіп кетпейміз бе дегендей жалтақтаумен болды. Табиғатынан табандылық мен өжеттік қатар дарыған Айман Қапсытбайқызы төуекел қайығына мініп, қолға алып қойған ісінде ештеңеден де тайынбады. Қандай дәрежедегі алқалы жиындар болса да бұлтартпас дәлелдер айтып, туған тілінің еңкейген басын биіктетуге барлық қажыр-қайратын жұмсап бақты. Негізінен техникалық мамандықтарға бейімделген орыс тілді жоғары оқу орнында қазақ тілі кафедрасын ашуға өзгені қойып, өзіміздің ішімізден де жақтастардан гөрі қарсылардың көп болғандығы бүгінде Айман апамызға аян. Ақыры әділдік салтанат құрып, білікті басшы, беделді ғалым Сағадиевтің салиқалы саясатының арқасында, Айман Қожахметованың жүргізген жан-жақты жемісті ұйымдастырушылық жұмыстарының нәтижесінде 1990 жылдың қазан айында ауыл шаруашылық институтында қазақ тілі кафедрасы жүмыс істей бастады.

Халқымыз "көш жүре түзеледі" дегенді тегін айтпаса керек. Агротехникалық университеттің қазақ тілі кафедрасының бүгінгі жағдайын осыдан жиырма жылғы жағдаймен салыстыруға да болмайды. Қазір кафедрада 17 білікті оқытушы жастарымызға мемлекеттік тілдің шұрайлы тұнығынан сусындауы үшін дәріс беруде. Оның ішінде 4 ғылым кандидаты, 4 ғылым магистрі бар. Мұнда арнайы жабдықталған оқу сыныптары, жеке компьютер орталығы жұмыс істейді. Кафедраның материалдық-техникалық базасы да бүгінгі өскелең талаптарға сай мамандар тәрбиелеуге толық бейімделген. Бүгінде жетіспейтін оқулықтар мен әдістемелік құралдарды университет қабырғасында-ақ дайындап алатын мүмкіндік бар. Басталған істің баянды болуына университеттің бүгінгі ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы Айтбай Бұлашевтің жасаған қамқорлығы да үлкен ықпал етті.

Осы орайда өзіміз куә болған тағы бір игілікті бастама ойға оралады. Университетте Сәкен Сейфуллиннің туғанына 100 жыл толуына арналған үлкен әдеби-шығармашылық кеш өткізілді. Сонда Сөкеннің өлеңдері мен әндерін кілең орыс студенттері орындап, ақын шығармаларын басқа ұлт өкілдерінің балалары сахналық қойылымдармен өрнектеген еді. Жиналған жұрт жаңа бастамаға сәттілік тілеп, орыс тілді өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген ілтипатына шексіз риза болған-ды. Бұдан кейін осы бастама университетте жалғасын тапқан берік дәстүрге айналды. Қазақ тілі кафедрасының игі бастамаларында шындалған Евгения Вивчаренко, Сергей Башмаков, Любовь Муртазалиева сияқты түлектер бүгінде мамандықтарын мемлекеттік тілмен ұштастырып, казақ тілінің өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп жүр.

Оқу ордасының қоғамдық факультеттер ғимаратында дарынды жастарға арналған домбыра, вокал, би үйірмелері ашылған, ұлт аспаптар оркестрі кұрылып, жемісті жұмыс істеп келеді. Бұл игі істердің ұлттық өнерімізге тигізіп жатқан шапағаты да баршылық. Тек қытай қазақтарының арасында ғана сақталып калған "Қара жорға" биінің казақ топырағына қайта оралуына осындағы би үйірмесінің бірден-бір себеп болғандығын атап айту керек. Міне, ана тіліміз бен ұлттық құңдылықтарымыздың бір жоғары оқу орны қабырғасында осындай өркенді өріс алуына елшеусіз үлес қосып келе жатқан Айман Капсытбайқызының қарапайым еңбегі қандай құрметке де лайық

Бүгінде білімнің биік жетістіктеріне жетіп, жаһандану талаптарына сай сапасын арттыру — ұстаз іскерлігінің сыналар мәресі. Егемен еліміздің экономикасы мен мәдениеті, тілі мен ділінің бәсекелестікте шындалып, өркеңдей өсуі білімі мен біліктілігін жүрек калауымен тандаған ісіне сарп етіп келе жатқан ұстаздар қауымының еңбегіне байланысты. Ендеше, қандай да кедергіні болмасын білімі мен біліктілігі арқылы еңсерген өз ісінің майталманы Айман Қожахметова сынды ұлағатты ұстаз қалаған ғылым мен тербие кірпіші ұлт мерейін ұлықтап, туған тілдің мәртебесін мөңгілікке асқақтата беретіні шүбәсіз. "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі", доцент сияқты марапаттар мен ғылыми атақтар оның осы оқу ордасында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегіне, білімді мамандар даярлау ісінде өз қолтаңбасын калдырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолындағы шынайы жанашырлығына берілген баға екендігі анық

Сөз зергері Ғабеңнің шығармаларына арқау болған Елтінжалдың жапырақ жайған сұлу кайыңдарының сымбаты мен беріктігін бойына сіңіріп, барлық саналы ғұмырын туған тілдің тұнық кәусарын ұрпақ бойына сіңіруге арнаған Айман Қожахметова "түн ұйқысын төрт бөле" жүріп, ұлттық тіл ғылымының толығуына да үлес қосты. "Қазақ тілінің төжірибелік курсы" атты ауыл шаруашылығы жоғары оқу орыңдарының студенттеріне арналған окулық, "Қазақ тілінің тәжірибелік сабақтары", "Қазақ тілі жөне халықгық педагогика" атты еңбектері соның айқын дәлелі болса керек. Білікті маман бұдан басқа зерттеулерге құрылған отызға тарта ғылыми еңбек жазыпты. Міне, осының бері тіл жанашырының кеуде соғып дабырлатпай-ақ жасаған игі істерінің бір парасы ғана.

Қазақ әйелдеріне ғана тән қарапайымдылығы бойына жарасқан Айман Қапсытбайқызының үлгі тұтар өмірлік өнегесі тек ерен еңбегімен ғана шектеліп қалмаған. Ақынға жар болудың аскақтығы мен ауыртпалығы хақында аз айтылып жүрген жоқ. Жұдырықтай жүрегіне жұмыр жерді сыйғызатын шабыт шақырған шығармашылық адамының бабын табудың шеберлігін ол жарты ғасырдан бергі ғұмырында үздіксіз шыңдап келеді. Қазақтың белгілі ақыны Нұрғожа Ораз бен Айман Қожахметованың отасқанына да биылғы кектемде жарты ғасырдың жүзі аумақ. Ақын жүрегінің сезім қылдарын шерте жүріп, ол шаңырақ шамының жылуын да, жарығын да жайқалта жайып, ақар-шақар әулеттің ұйытқысы бола білді. Өнегелі ортада енген, ұлы Нұрай, келіні Гүлжан, қызы Салтанат, күйеу баласы Дулат – бәрі де ғьлым жолын қуды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет