Егемен Қазақстан 2009 №112-113 25 наурыз Айтбай БҮлашев



Дата25.02.2016
өлшемі20.14 Kb.
#25429
Егемен Қазақстан 2009 № 112-113 25 наурыз

Айтбай БҮЛАШЕВ,

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

ректоры.
Қаржыны тиімді жұмсауға тиіспіз

Президентіміздің биылғы Жолдауын егемен еліміздің тарихындағы ерекше оқиға ретінде қарастыруға болады. Аталмыш құжат әлемдік дағдарыстың әсерін сезіне бастаған халқымыздың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына, күпті ойларына толық жауап беріп, еліміздің қиын-қыспақтан абыроймен шығатынына сенімімізді нығайта түсті. Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық басым бағыттары сол күйінде қалатынын, дегенмен, жаңа жағдайларға лайықталып кейбір бағдарламаларға түзетулер енгізілетінін атап көрсетті. Алайда, дағдарыстың қыспағына қарамастан, әлеуметтік төлемдер мен бюджеттегі қызметкерлердің жалақысы, сонымен қатар, студенттердің стипендияларын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелері толық көлемде сақталатыны баса айтылды.

Дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың орын алатыны занды қүбылыс. Міне, сондықтан да, әкімдер мен министрлерге апта сайын қанша жұмыс орнының қысқарғанын қатаң кадағалауға алып, жұмыссыз қалғандарды өңірлік еңбекпен қамту немесе оқу орындарының негізінде керекті мамандықтар бойынша қайта даярлау тапсырылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін кем дегенде 140 млрд. теңге бөлініп, бұл қаржы 350 мыңнан астам отандасымызға жұмыс тауып беруге жұмсалмақ.

Аталмыш жұмыстарды іске асыру үшін білікті жұмысшылар, сантехниктер, жылу техниктері, электромонтерлер, элетромонтаж-шылар, дәнекерлеушілер, кең бейімді тракторшы-машинистер, ЭЕМ операторлары, жүргізушілер және т.б. мамандар керек. Республикамыздың солтүстік және орталық аймақтарына елу жылдан астам уақыт инженерлер дайындап келе жатқан біздің университет жұмысынан айырылғандар үшін арнайы курстар ашып, жұмыскерлердің жаңа мамандықтарды игеруіне көмек бере алады. Сонымен қатар, сәулет өнері және орман шаруашылығы мамандарын дайындайтын оқу орнымызда ауылдың мәдени ошақтарын абаттандыру мен жөндеу және елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізе алатын жұмыскерлерді де дайындауға толық мүмкіндік бар.



Ауыл шаруашылығына мамандарды дайындайтын университет басшысы ретінде менің көңіліме куаныш ұялатып отырған жағдай - агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың қаржылануы тоқтамай, дағдарыс кезінде де жалғаса беретіні болып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігін ол кез келген мемлекет егемендігінің негізі. Тағам өнімдерімен өз халқын қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа елдермен де бөлісе алатын мемлекетке әлем үлкен құрметпен қарайды. Жаһандық маңызы бар саяси мәселелер бойынша да шешім қабылдау кезінде мұндай елдердің ұсыныстары, көзқарасы елеусіз қалмайды. Аграрлық саланы дамытуға және оның инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға жоспарланған қомақты қаржыны тиімді түрде жұмсай білсек, еліміздің азық-түлік кауіпсіздігін ғана сақтап қоймай, экспортымызды да әртараптандыра алмақпыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет