Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы
Презентацияның жоспары :
- Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау.
- Қазақ этномәдениеттіндегі коммуникациялық бастаулар және олардьң рәміздік таңбалық нысандары.
- Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі коммуникациялық рәміздер
Кіріспе Кіріспе Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта , қазіргі жер шарындағы халықтардың айтарлықтай бөліrі өзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып отыр . Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне классикалық талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді . Семиотикалық тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде , әрбір рәміз - таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді . Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған тұлғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары бағаланады . Зерттеудің көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны " деген ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол адамдарды түтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып табылады. Ұлттық рәміздер Елтаңба мемлекеттік Байрақ , Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны белгілі . Оларда ұлттық болмыс пен мәдени даму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан түйінделген . Шексіз көкте самғаған қыран , кедергіге тоқтамайтын пырақ , мәңгілікке меңзейтін ою - өрнек және т.с.с - бұл кімді болса да толғандырмай қоймайды .
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек рәміздер – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар.
Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы
Достарыңызбен бөлісу: |