Егемен Қазақстан. 2011. №141-144. 12 сәуір



Дата30.06.2016
өлшемі22 Kb.
#167252
Егемен Қазақстан. – 2011. - №141-144. – 12 сәуір

Кенжалин Д.
Жарыстар күнделігі

Кәсіпқой бокс. Жуырда кә­сіпқой бокстан Бүкіләлемдік серия бойынша өтіп жатқан жарыстың жартылай финал­дық кездесулері өтті.

Көптен бері жанкүйерлер күт­кен бұл жекпе-жекте Азия айма­ғынан «Баку файерс» пен «Астана арландары», Еуропадан «Париж юнайтед», Америка құр­лы­ғынан «Лос-Анджелес матадорс» боксшылары кездесті. Мұн­да өз алаңында америкалық команданы қабылдаған «Астана арландары» қарсыластарын 4:1 есебімен ұтса, әзірбайжандық ұж­ым да Бакуде «Париж юнайтед» командасынан осыншама ес­еппен басым түсті.



«Астана арландары» сапында Мір­жан Ра­қымжановтан (54 кг.) бас­қала­ры­ның бәрі таза жеңіске жетті. 61 кг. салмақта Мерей Ақ­шалов (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлегі) бра­зилиялық легионер Лопес Эвертонды жеңсе, Қанат Сі­ләм (73 кг.) Ламур Расселді тех­ни­­ка­лық нокаутқа жіберді. 85 кг. сал­мақта астаналықтар сапын­дағы өзбек легионері Рамзжон Ах­медов америкалық коман­да­ның қа­та­рына қосылған украин Вячеслав Шабранскийден басым түс­се, 91 кг.-ден жоғары сал­мақ­тағы Руслан Мырсатаев Дэвид Имоесериді Қанат сияқты но­каут­қа жіберіп ұтты.

«Астана арландарының» келесі жекпе-жегі 16 сәуір күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Осы күні Парижде «Баку алау­лары» алаң иелерімен қолғап түй­істіреді. Жанкүйерлердің жо­ра­малы бойынша финалда тағы да «Астана арландары» мен «Баку алаулары» кездесуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет