Егемен Қазақстан, 23. 10. 2012ж Жер тағдыры ел тағдыры



Дата09.07.2016
өлшемі27.83 Kb.
#187310
Егемен Қазақстан, 23.10.2012ж

Жер тағдыры – ел тағдыры

Қоғам өміріндегі жер қорының бағасын беру аса күрделі. Жер тағ­дыры – ел тағдыры деген сөзде үлкен астар жатса керек. Сондықтан да еге­менді еліміздің ұстанған саясаты­ның басты бағыты – қолданыстағы жер ресурстарын сақтау және дамыту. Осыған байланысты, 2011 жылғы 4 қазандағы №1297 Қазақстан Республикасы Үк­і­метінің қаулысымен ауылшаруашылық мақсаттағы жер­лер­ді тиімді пайдалану eрежесі бекі­тілді. Осы eреженің 2-бабы 6-тарма­ғының 9-тармақшасына сәйкес ауыл­шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалануын анықтау үшін, жер телімдерінің иелері мен жер пайдаланушыларда ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары болуы қажет. Үкіметтің шешіміне сай біздің облыста да жеке тұрғын үй құры­лы­сына арнал­ған жер телімдерін түген­деу барысында жұмыс тобы құры­лып, жұмыс істей бас­тады. Тексеру­дің барысында 10595 жер телімі түгенделді, ауданы 0,37 мың гектар пайдаланылмаған жер телімі анық­тал­ды. Мемлекет меншігіне 2611 жер телімі қайтарылып, иелерінің анық­­талмауы салдарынан 162 телім есепке қойылды. Өткен жылы облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­лерді түгендеу жүргізілді. Сол кезде талай кемшіліктердің беті ашылып, 575,82 мың гектарда, соның ішінде 97,55 мың гектар егістік, 2094 иге­русіз жатқан жер анықталды.
Ішкі шаруашылық жерге орналас­тыру жобалары агроқұрылымдарға, кооперативтерге, шаруа (фермер) қо­жа­лықтарына ауылшаруашылық мақ­сат­тағы жерлерде экономикалық қызы­ғу­шылықтарын қанағаттан­ды­рып, т­о­пы­рақтың жоғары құнарлы­ғын сақ­тау­ды және жақсартуды қам­тамасыз ету мәселелерін ескере отырып, жерді қор­ғауды және тиімді пайдалануды ұйым­дастыруға көмек көр­сетеді. Ауыл­ша­руа­шылық қажеттілігі үшін берілген жерлер – ауыл ша­руашылығы мақсатта­ғы жерлер болып табылады. Бұл жерлер елді мекен жерлерінен тыс орна­ласқан. Мұндай жерлер ауылшаруа­шылық өнімді өндіру үшін қажетті, құнарлы жер болып табылады.
Алайда, ауылшаруашылық саласында жұмыс атқарудың орнына, әр­түрлі кәсіпорындар ауылшаруа­шы­лық да­қыл­дарын өндіру технологиясын ескермей алқаптарды «жойып жіберу» оқи­ғасы әлі жалғасып келеді. Осының бәрі жердің сапалық қа­сие­тін төмендетеді. Ауылшаруашылық жерлер – бұл мем­лекеттің стратегия­лық қоры, сондықтан ол ауылша­руа­шылық өндіріс мақса­тында пайдаланылуы қажет. Бүгінгі таңда, мемле­кеттің мақсаты – жерлерді ауыл­ша­руа­шылық айналымға қайта ен­гізу. Сонымен қатар, кейбір кәсіп­орын басшыларының берілген жер те­лім­дерін қалай пайдалануды, қалай және қандай мөлшерде тыңайтуды біл­мей­тіндігі жанға батады. Себебі, қа­си­ет­ті Жер-ананы бейберекет пайдалану өсім­діктің өсуіне қолайлы химиялық, физи­калық және биологиялық қасие­т­ке ие болатын топырақтың құнарлы қаба­тын жойып жібереді.
Сонымен қатар, ішкі шаруашы­лық жерге орналастырудың басты мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектіге алды­на қойылған мақсат­ты ойдағыдай ор­ын­дау мүмкіндігін беретін тәртіпті жерде орнату болып табылады: аз қажеті шығын шығару кезінде жоғары сапалы өнімнің ең көп санын алу, оны тұты­нушыға ти­істі тауар түрінде уақы­тылы жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақ құнарлығын сақ­тау және өндіру шарты кезінде адам­дардың өмір сүруін жақсарту бойынша ма­ңыз­ды қо­ғамдық мәселелерді шешу. Нәтижесінде, жер пайдаланушылар шаруашылықты жүргізу және жер өңдеудің ғылыми дәлелденген жүйе­сін ендірумен тығыз байланысты эконо­микалық ақталған жүйесін алады: егін айналымын дұрыс игеру, қажетті кө­лемде қажетті минералды және орга­никалық тыңайтқыштарды енгізу, қарапайым және күрделі ме­лиоративті әдістерді қолдану арқылы әрбір жер телімін қарқынды пайдалану және түбегейлі жақсарту бойынша шараларды іске асыру, жол және көлік хабарларын жақсарту және басқалар.
Сондықтан, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын құру­да бірінші кезекте ауылшаруашылық мақ­сат­тағы жерлерге агроқұрылым­дардың өздері қызығушылық білді­руде. Бұл жобалар, бізде бар жер ресурстарын сақтауға және тиімді пай­далануға ба­ғытталған. Жер ресурстарын дұрыс пайдалану ғана біздің мемлекетіміздің экономикалық әлеуе­тін арттыруға және болашақ ұрпақ­тың амандығын жоға­рылатуға мүм­кін­дік береді.

Қонысбай ТӨЛЕУБЕКОВ 
Шығыс Қазақстан облыстық жер қатынастары
басқармасының бастығы.

ӨСКЕМЕН.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет