«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды»
іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
Әдістемелік ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі – іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.
Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді.
1. Іс-шараны ұйымдастырушы
1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), өңірлік деңгейде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – Басқармалар) болып табылады.
2. Өңірлік деңгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқармалар Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады.
3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.
2. Іс-шараларды өткізу тәртібі
1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тамыз айына дейінгі кезеңде Комиссия жүргізеді.
2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі – Қатысушылар).
3. Басқармалар ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық Көрмеге алып жүру үшін демеушілерді тарта алады.
4. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшем шарттарын айқындай алады:
1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;
2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;
3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);
4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;
5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);
6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);
7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);
8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;
9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);
10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.
5. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;
2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;
3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.
6. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшем шарттарына түзетулер енгізе алады.
7. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.
8. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарламалар берілуі мүмкін.
9. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.
10. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.
11. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады.
12. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне көрсетілген телефон бойынша 21-2-70 немесе sobes_81@mail.ru электрондық мекен - жайына хабарласуларыңыз қажет.
«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға
1-қосымша
Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім
1.
|
Әлеуметтік жобаның авторы
|
|
2.
|
Әлеуметтік жобаның атауы
|
|
3.
|
Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі
|
|
4.
|
Жобаның әлеуметтік маңыздылығы
|
|
5.
|
Қысқаша аннотациясы
|
|
6.
|
Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны
|
|
7.
|
Қаржыландыру көздері
(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)
|
|
8.
|
Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және т.б. саны)
|
|
9.
|
Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)
|
|
10.
|
Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |