Егемен Қазақстан



Дата04.07.2016
өлшемі270.39 Kb.
#176282
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533 Заңы


"Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 16 наурыз N 60-61. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат

МАЗМҰНЫ


      Ескерту. Мәтiндегi сөздер алмастырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), бүкiл мәтiн бойынша "қаланың" деген сөздiң алдынан "облыстық маңызы бар" деген сөздермен толықтырылды - 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент – жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;
      2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) – бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      3) егiстiң толық жойылуы – егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн жағдай;
      4) егiстiң iшiнара жойылуы – егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, бiр гектардан өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудегi бағалау кiрiсi немесе iс жүзiндегi кiрiс мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген бiр гектарға жұмсалатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiру шығындары нормативiнiң мөлшерiнен кем болатын жағдай;
      5) қолайсыз табиғат құбылысы – нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi – құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ қысқа мерзiмдi – бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);
      6) қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi бойынша зерттеу актiсi (бұдан әрi – зерттеу актiсi) – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша осы Заңда талаптар көзделген, егiстiң iшiнара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
      7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс – өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiң жойылған алаңдарын айқындау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
      8) өсiмдiк шаруашылығы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi – жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
      9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi – мiндеттi сақтандыру шарты) – осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
      10) өсiмдiк шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi – қоғам) – өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
      11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi – ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
      12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
      13) сақтандыру жағдайы – басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
      14) сақтандыру сомасы – мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      15) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      16) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      17) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
      18) сақтанушы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
      19) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату;
      20) шығындар нормативi – өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы


              мiндеттi сақтандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
      3. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау жөнiндегi қызметке осы Заңның күшi қолданылмайды.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру


              объектiсi

      Сақтандыру жағдайы басталған кездегi сақтанушының мөлшерi өстi Заңға сәйкес белгiленетiн залалдарын iшiнара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүлiктiк мүдделерi өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру объeктici болып табылады.


      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 179 Заңымен.

      4-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың


              мақсаттары

      Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың мақсаттары: 


      1) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiнiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртiппен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету; 
      2) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге сақтандырылған егiстi кепiлге қою арқылы кредит беру үшiн жағдай жасау;
      3) өсiмдiк шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 179 Заңымен.

      4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
      2) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеудiң тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекiтедi;
      3) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн бекiтедi;
      4) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн және агент көрсететiн қызметтерге төленетiн ақының мөлшерiн бекiтедi;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдерi мен сипаттамаларын бекiтедi; 
      6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн және зерттеу актiсiнiң нысанын бекiтедi;
      7) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiтедi.
      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 179, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру


              саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау

      1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.


      2. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) өсiмдiк шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
      2) өсiмдiк шаруашылығы саласында мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлейдi және оларды iске асыруға қатысады;
      3) Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      4) өсiмдiк шаруашылығын дамыту үшiн құқықтық және экономикалық жағдайларды жетiлдiредi;
      5) республикадағы және шетелдердегi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейдi;
      6) агенттiң қоғамның қызметiн, Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      7) сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарайды;
      8) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
      9) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
      10) "қойылған егiс алқаптарын айқындаудың әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      11) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      12) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға қоғамдардың атауын және орналасқан жерiн көрсете отырып, оның тiзiлiмiн ұсынады.
      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      1) шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырады;
      2) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады;
      3) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi тиiстi аумақта егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлейдi;
      3-1) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиiс өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң тiзбесiн ұсынады;
      4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады.
      4. Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 179, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-1-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру


                саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
                тәртiбi

      Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында:


      1) агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұратады;
      2) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
      3) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолданады.
      Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2006.07.07 N 179, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-2-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды


                жүзеге асырудың ерекшелiктерi

      1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.


      Қоғам мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру өзара сақтандыру ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қоғам мүшелерi болып табылатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер сақтандырушыда мiндеттi сақтандыруға жатпайды.
      3. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
      4. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыға басқалары алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
      Ескерту. Заң 5-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      6-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру


              кезiндегi сақтандыру жағдайларының түрлерi

      Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру жағдайларына зерттеу актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.


      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерiн белгiлеу


              және шығындар нормативтерiнiң түрлерi

      1. Сақтандыру сомасының мөлшерi осы Заңда айқындалған мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi ескерiле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң осы түрiн өсiру жөнiнде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтiлiп, бiр гектарға жұмсалған шығындар нормативiне сәйкес өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша жеке-жеке белгiленедi.


      2. Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативiнiң мынадай түрлерiнiң бiрi бойынша:
      1) ғылыми негiзделген агротехнология;
      2) оңайлатылған агротехнология;
      3) шығындардың үш түрi бойынша:
      жанар-жағар май материалдары;
      тұқым;
      жалақы арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      8-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу


              және оны төлеудiң тәртiбi

      1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi, бiрақ ол осы Заңмен белгiленген сақтандыру тарифiнiң мөлшерiнен кем болмауға тиiс.


      Сақтандыру төлемдерiн мемлекеттiк субсидиялау ескерiле отырып, мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең төмен және ең жоғары мөлшердегi сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
      1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):

Рет


Облыстардың атауы

Сақтандыру тарифi %-пен

ең төменгi

ең жоғарғы

1.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан

1,78

3,48

2.

Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан

3,17

5,83

3.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан

5,21

9,15

      2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 2,01%, ең жоғары – 3,44%;
      3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 5,76%, ең жоғары – 8,39%;
      4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 0,92%, ең жоғары – 1,33%.
      2. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудi сақтанушы жүргiзедi және ол өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң сақтандырылған түрiнiң өзiндiк құнына жатқызылады.
      3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы сақтандырушыға бiр мезгiлде немесе сақтандырушының келiсiмi бойынша мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн тәртiп пен мерзiмдерде мерзiмiн ұзартып төлейдi.
      Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын, оны мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген бiр мезгiлде төлеу шартымен төлемеген жағдайда, мiндеттi сақтандыру шарты жасалмады деп есептеледi.
      Мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
      Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейiн не оның төлеу мерзiмi өтiп кеткенде басталса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн азайта отырып, төленбеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын есепке алуға құқылы.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеу және


              оны жүзеге асырудың тәртiбi

      1. Сақтандыру төлемi франшизаны қолданбай-ақ, сақтандыру сомасы шегiнде сақтанушы залалының мөлшерiнде жүзеге асырылады.


      Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтандырушының франшизаны (шартты немесе шартсыз) белгiлеуiне жол берiлмейдi, ал ол белгiленген жағдайда жарамсыз деп есептеледi.
      2. Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмашылық ретiнде белгiленедi.
      Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы құруға мiндеттi комиссия сақтанушының өтiнiшiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде белгiлейдi.
      Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.
      Комиссия сақтандырушы мәлiмдеген егiс алаңын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен апатқа ұшыраған егiс алаңын анықтау әдiсi бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң апатқа ұшырау деңгейiн анықтайды: толық немесе iшiнара.
      Комиссия зерттеудiң нәтижелерi бойынша зерттеу жүргiзiлген күнi, қолайсыз табиғат құбылысының әрбiр фактiсi немесе олардың жиынтығы және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша жеке-жеке зерттеу актiсiн үш дана етiп жасайды. Зерттеу актiсiне барлық комиссия мүшелерi қол қояды, содан кейiн ол агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерiне берiледi. Егер комиссия мүшелерiнiң бiрi қабылданған шешiммен келiспесе және зерттеу актiсiне қол қоймаса, ол комиссияға өзiнiң бас тартуының себептерiн жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актiсiне қоса тiркеуге мiндеттi. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнiң қолдары болған кезде зерттеу актiсi қабылданған болып есептеледi.
      Егiстер iшiнара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардан жиналған өнiмнiң көлемi өнiмдi жинау кезiнде мiндеттi түрде бағалануға тиiс. Егiстер толық жойылған жағдайда, залал көлемi табиғат құбылысы әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi ретiнде белгiленедi.
      Зерттеудiң нәтижелерi бойынша комиссия қолайсыз табиғат құбылысының әрбiр фактiсi және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша жеке-жеке тиiстi зерттеу актiсiн (бұдан әрi - зерттеу актiсi) ресiмдейдi.
      Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптардан жиналған өнiмнiң көлемi өнiмдi жинау кезiнде мiндеттi түрде бағалануға жатады.
      3. Кiрiс нақтылы, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
      4. Кiрiс бағаланатындай, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
      Бағалау кiрiсiн сақтандырушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтанушы айқындайды. Келiсiмге келмеген жағдайда бағалау кiрiсiн бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) айқындайды. Тараптар бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, өзгеше дәлелдеуге құқылы.
      Егiстер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кiрiсiн айқындауды жүргiзбейдi.
      5. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi iшiнара ысырап болған жағдайда сақтандыру төлемi өнiм жинау аяқталған күннен бастап кемiнде бiр айдан соң, бiрақ үш айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
      Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:
      1) егер алынған өнiм сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес;
      2) егер алынған өнiм сатылмаса, осы баптың 4-тармағына сәйкес;
      3) егер алынған өнiм iшiнара сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес, ал өнiмнiң сатылмаған бөлiгiне кiрiс осы баптың 4-тармағына сәйкес есептеледi.
      6. Егiстер толық жойылған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттi.
      7. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 179 Заңымен.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы


               шарттары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерi туралы талапты сақтандырушы жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.


      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:
      мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;
      егiстiк жерлердi орналастыру картасының (схемасының) көшiрмесi;
      гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды белгiлеу жөнiнде комиссия құру туралы өтiнiштi қабылдау туралы белгiсi бар, сақтанушы өтiнiшiнiң көшiрмесi;
      тiзбесi мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн, нақты кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) егiстер iшiнара жойылған кезде кiрiстi бағалау жөнiндегi есебi қоса тiркеледi.
      Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуiне жол берiлмейдi.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi. Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 179, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      11-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге


               асырудан босатудың негiздерi

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:


      қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
      сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн, сондай-ақ мыналар:
      сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлауы;
      сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту жөнiндегi шараларды қасақана қабылдамауы;
      сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтiрiлген залалдың мөлшерiн белгiлеуге кедергi жасауы;
      егер сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғанын уақтылы бiлгенi не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпегенi дәлелденбеген жағдайда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;
      осы Заңның 15-бабы 2-тармағының алтыншы абзацында белгiленген мерзiмдердi бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн анықтау жөнiндегi комиссияны құру туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш беруi;
      Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
      3. Сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде сақтанушыға бас тарту себептерiн жазбаша нысанда дәлелдi негiздеме келтiре отырып, хабарлайды.
      4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағым жасауы мүмкiн.

      12-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды


               мемлекеттiк қолдау

      1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау сақтандырушыларға және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң елу процентiн өтеу және агент көрсететiн қызметтерге ақы төлеу үшiн өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.


      Агент көрсететiн қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен агент арасында жасалатын шартқа сәйкес агенттiң екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотына аударылуы мүмкiн.
      2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган беретiн қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) ағымдағы шот ашылады.
      Уақытша бос қаражат Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттан Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкiн.
      Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың кiрiс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган шарт негiзiнде беретiн бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырудан түсетiн кiрiстердiң есебiнен құралады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың шығыс бөлiгi Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға және қоғамдарға төленетiн сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
      Қаржы жылының аяғында Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 179, өзгерту енгiзiлдi - 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      13-бап. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн


               өтеу туралы талап қою тәртiбi

      1. Агентке жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу туралы қойылатын талапты сақтандырушы немесе қоғам осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша өтiнiш нысанында ұсынады.


      2. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;
      жүргiзiлген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлемдiк тапсырма - түпнұсқа, сақтандырушының немесе қоғамның мөрiмен расталған шығыс ордерiнiң көшiрмесi немесе инкассалық өкiмнiң түпнұсқасы);
      сот шешiмi бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайда соттың күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесi;
      егiстер iшiнара жойылған жағдайда сақтандырушы немесе қоғам растаған бағалау кiрiсiн бағалау туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
      Осы баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көзделген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, аталған құжаттар сақтандырушыға немесе қоғамға ескертпелердi жою үшiн қайтарылады. Бұл ретте сақтандырушыға немесе қоғамға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу мерзiмi құжаттарды қайта алған кезден бастап есептеледi, ол бiрақ жетi жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      2-1. Агент жүргiзiлген сақтандыру төлемiн өтеудi осы Заңға сәйкес сақтандырушымен жасалған сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарт негiзiнде жүзеге асырады.
      3. Сақтандырушы агентке көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агенттiң сақтандырушыға немесе қоғамға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуден бас тартуға құқығы бар.
      4. Сақтандырушы немесе қоғам сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындаудың дұрыстығы үшiн жауапты болады.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 179, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi



      1. Сақтандырушы:
      сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушымен және бағалаушымен (тәуелсiз сарапшымен) бiрлесе отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң нақтылы және (немесе) бағалау кiрiсiн белгiлеу жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;
      құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;
      сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау үшiн қатыстырылған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) есеп-қисаптарын пайдалануға;
      агенттен сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн бюджет қаражатынан алуға;
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды агентке енгiзуге;
      бағалау кiрiсiн дербес немесе бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) қатыстыра отырып айқындауға;
      сақтанушы мiндеттi сақтандыру шартын жасасудың осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзiмiн бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.
      2. Сақтандырушы:
      сақтанушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге;
      салдары сақтанушыға залал келтiрудi туындатқан сақтандыру жағдайының басталуы кезiнде сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша осы Заңда және мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
      сақтанушымен осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзiмде мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алу үшiн агентпен сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi, талаптары және мерзiмдерi туралы шарт жасасуға;
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды өткiзу жөнiндегi деректердi жүргiзу мен жинақтауға және оны агентке оның талабы бойынша ұсынуға;
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың өзi әзiрлеген ережелерiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсуге;
      күшiне енген мiндеттi сақтандыру шарттары туралы ақпаратты мiндеттi сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей, сақтанушы мен агенттiң арасында жасалған үлгi шартта көзделген тәртiппен агентке ұсынуға;
      сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың ережелерiмен таныстыруға;
      сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
      өзi қатыстырып отырған бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге;
      жүргiзiлген сақтандыру төлемi мен оның мөлшерiне қатысты барлық сот шешiмдерi және (немесе) ұйғарымдары туралы агентке солар шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде хабарлауға;
      қолайсыз табиғат құбылысы туындаған кезде сақтанушының өтiнiшi бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды айқындау жөнiнде зерттеу жүргiзу үшiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкiлiн жiберуге мiндеттi.
      2-1. Сақтандырушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу агротехнологиясын сақтау жөнiнде талаптар қоюға құқылы емес.
      3. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге құқықтары мен мiндеттерi де бар.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi



      1. Сақтанушы:
      мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
      сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мiндеттi сақтандыру талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
      шеккен залал туралы жасалған бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;
      сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен дау айтуға;
      қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiс алқабында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақтылы немесе бағалау кiрiсiн бағалаудың нәтижесiмен келiспеген жағдайда, сотқа жүгiнуге;
      мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сомасын есептеп шығару үшiн осы Заңның 7-бабында көрсетiлген шығындар нормативi түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы.
      2. Сақтанушы:
      осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;
      сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;
      дереу, бiрақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сақтандырушыға бұл жөнiнде қолжетiмдi тәсiлмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша расталуға тиiс. Егер сақтанушының дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиiс;
      агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың} жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде комиссия құру туралы:
      қысқа мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;
      ұзақ мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыреттерiне сәйкес осындай құбылыс фактiсiн растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егiстерге әсерi анықталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш беруге;
      әрбiр жекелеген ауыспалы егiс жерлерiнде өзiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруға;
      сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;
      осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.
      3. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179 Заңымен.

      16-бап. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Агенттiң:
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәжiрибесiн қорытуға;
      өзiнiң құқықтары мен өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн мiндеттi сақтандыруға қатысушылардан қажеттi ақпаратты, соңын iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
      2. Агент:
      сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың бекiтiлген нормативтерi туралы ақпаратты жеткiзуге;
      қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органын құрған комиссияның құрамында қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлетiн алқаптардың мөлшерiн анықтау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;
      осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды алған кезден бастап, он жұмыс күнi iшiнде өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн сақтандырушыға, қоғамға осы Заңда белгiленген мөлшерде өтеуге;
      қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн үлгi нысанның негiзiнде сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы сақтандырушымен, қоғаммен шарт жасасуға мiндеттi.
      3. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.
      4. Агент сақтандырушыларға, қоғамдарға ақшаны осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде, сақтандырушы, қоғам сақтандыру төлемi бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушының, қоғамның агентпен шартының талаптарын мiндеттi түрде сақтау шартымен бөледi.
      5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

     16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және


                (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы
                төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi
                мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi

      1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманы дайындау кезiнде қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргiзуге құқығы бар.


      2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган қолайсыз табиғат құбылысының фактiсiн растайтын немесе растамайтын анықтаманы:
      1) сақтанушыға - тегiн, екi дана етiп, қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк үш күн iшiнде, ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк бес күн iшiнде;
      2) өзге де мүдделi тұлғаларға - белгiленген тәртiппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге мiндеттi.
      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 179 Заңымен.

      17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты

      1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Мiндеттi сақтандыру шарты кемiнде бес ай және он екi айдан аспайтын мерзiмге екi дана етiп жазбаша нысанда жасалады.
      Мазмұнына қойылатын талаптар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
      3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi егiс аяқталғаннан кейiн осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы айқындаған егiс мерзiмi аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмейдi.
      4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
      1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;
      2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      6. Сақтанушы немесе шарт өзiнiң пайдасына жасалған өзге тұлға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 179, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Дауларды қараудың тәртiбi

      Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

      19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк


               шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы
               заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет