Үзінді
Дауыл толқытқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап соғылған алақандар дауылы бес минут бойы дүрілдеп тұрды. Ал Ривераға ешкім назар да салмапты. Тіпті ешкім оның осы жерде бар-жоғын білмейтін, білгісі де келмейтін тәрізді. Зал тағы да ду қол соқты. Дэнни қарсыласына карай беттеген еді. Ол еңкейіп, Ривераның оң қолын екі қолымен алып, зілдене, жай сілкіді. Содан соң бетін Ривераның бетіне тақай қүлімсіреді. Оның осы бір қалпы көрермендерді таңғалдырып, таңдайларын қақтырды. Ол дәл қазір қарсыласымен емес, туған інісімен кездесіп тұрғандай еді. Көпшілік солай ұғынды. Дэннидің қимылдаған ерiндерiнең оның сөйлеп тұрғанын байқап, не деп тұрғанын есітпесе де, әйтеуір бір ыстық лебіз білдіріп жатқан шығар деп жорыған көрермендер тағы да дабырласып, өздерінше дән риза болысып жатыр. Дэннидің сабырың тек Ривера ғана айқын есітті.
— Әй, Мексика жігіті, — деді ол езуіне мысқыл күлкі үйірген қалпы, ысылдай сыбырлап, — қазір сенің кеудеңнен жаныңды суырып аламын!
Әңгіме үздік-создық естілді. Сыбыр шыққан бұрышқа жақындады.
— Солай болары сөзсіз. — Ол Майкл Келлидің дауысын естіді. Роберт мақұлдай бас изедi. — Дэннидің жеңуі тиіс… Мен көп ақша ұтқызамын…. бала сені тыңдайды. Бір амалын жасау керек…
3.Осы сәттен кейін Ривераны еш нәрсе алаңдатпады. Дэнниді тағы ұрып құлатты. Вуындарын босатып ентіге дем алып тұр. Роберт орнынан тұрды.
— Бітті, — деді ол. — Өзіңнің бұрышыңа тарт. — Ол жаттығу кезіндегідей бұйыра сөйледі. Ривера оған ызаға толы жанарымен жалт қарады да, еш нәрсе естімеген адамдай Дэннидің көтерілуін күтіп тұра берді. Келесі үзілісте Келли Ривераның бұрышына келді.
— Шайтан алғыр. мына қалжыңыңды доғар! Жеңіл, Ривера, болашағын үшін мені тыңда! Сені байлыққа кенелтемін… келесі жолы Дэнниді жеңуіңе мүмкіншілік жасаймын. Бүгін сен жеңілуге тиістісің!
Ривера көзқарасымен оны естігенін танытты, бірақ келісімге де, қарсылыққа да белгі бермеді
Достарыңызбен бөлісу: |