Саусақ моторикасын дамытатын жаттығулар жиынтығы
№1. Екі қол
Қолжуғыштың қасына, (алға қарай жүреміз) Келе қалды балақан. Ысқылады асыға, (екі қолдың алақандарын қосып үйкейміз) Алақанды алақан. Қарады да сосын ол: (екі қолдың алақандарын ашып, қуанады) «Тап - таза» деп қуанды. Қандай жақсы, екі қол, (екі қолын көрсетеді) Бірін – бірі жуады. (денемізді оңға бұрып, екі алақанды, үйкейміз солға бұрып үйкейміз)
М. Жаманбалиев
№2. Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де, (сұқ саусақты ашып жұмамыз)
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті, (бас бармақ пен сұқ саусақты қосамыз)
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды, (бас бармақ пен сұқ саусақты және ортанғыны
қосып қимыл жасаймыз)
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ! (он саусақты көрсетеміз)
Қала салсақ, жол салсақ. (қолымызды алдыға қарай созамыз)
М. Әлімбаев
№3.Жылыну
Егер тоңса қолымыз, Жылыта оны бастаймыз. Қолымызды пешке Тез жылыта аламыз, Алдымен алақанды. Уқалаймыз қаттырақ Сосын бақа секілді, Сосын жастық секілді, Алақаным мінекей Шынындада жылынды. От секілді қызып тұрмын, Ұстап қане көріңдер.
№4. Жауын
Жауын жауын жау-жау. Егін басын бау-бау. Жауын жауып. Біз тығылайық қоя тұр. Жауын – жауын жау-жау. Жаумай енді қоя тұр. Балалардың олды көбі су.
№5. Жел
Шөпті қозғап жел еседі. Шөптер дыбыс береді, Ш-ш-ш-ш Жел ақырын басылды Шөптер де дем алды.
№6. Қолғап
Қыс та енді басталар Не істейміз сонда балалар Бір – біріне киінуге Көмектесер біздің қолдар. Үлкен тонды киіп ал, Болады саған жақсылар Ағалардың ізімен бір, екі, үш Сиысып қәне көрші Орналасып саусақтар Шықты міне қолғап
№7. Күн
Күн шығады жарқырап Көк аспаннан қызарып, Күн қайтқанда аспанға Түн болады – сен қал ұйықтап Мен сенімен боламын Тәтті ұйықта балдырап Таң тағы да болады.
№8. Тышқандар
Екі тышқан бір күні Сыбырласып ақырын Қалай жүреді тышқандар Бірде қатты Бірде ақырын Жүргенде енді осылай Мысықты да оятты.
№9. Қорқақ қоян.
Оянды қоян керіліп Құлақтарын көтерді. Секіріп секіріп Қеле жатты ақырын Ойлады бір кез дірілдеп: -Құтыламын мен. Апам қайда екен? Қалдым оны сағынып. Айдос: -Не болды қоянға? –деп айтады. –Қорықпа қоян, сабыр ет, тыныш жата кет. Болма ондай қорқақ, апаң сенің келді. Сәбіз саған әкелді.
№10. «Саусақ гимнастикасы» Мақсаты: қолдың саусақтарының қозғалысын дамыту. Барысы: Балалар тәрбиешінің алдында орындықта отырады. Тәрбиеші оларға өлең оқыған да саусақтарын бүгіп отырады. -Бас бармақ сен қайда болдың? -Мен тамақ пісірдім. -Балан үйрек сен қайда болдың? -Мен қуыршақпен ойнадым. -Ортан терек сен қайда болдың? -Мен суға бардым. -Шылдыр шүмек сен қайда болдың? -Мен бауға бардым. -Кішкетай бөбек сен қайда болдың? -Бауырларыма мен ән салдым.
№11. Саусақтардың ұсақ қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: |