Egov kz "электрондық үкімет" порталының басты бетінде қашықтықтан эцқ алу



Дата19.04.2023
өлшемі3.05 Mb.
#472414
instrukciya ecp fl kaz


ХҚКО-ға бармай, қашықтан сәйкестендіру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ЭЦҚ кілттерін алу үшін жеке тұлғаның нұсқаулығы
Қашықтықтан ЭЦҚ алу үшін:

  1. Egov.kz "электрондық үкімет" порталының басты бетінде қашықтықтан ЭЦҚ алу батырмасын басыңыз;

  2. Жүйе жеке компьютеріңізде орнатылған веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" батырмасын басу қажет



  1. Кейін Сізді МАБ-да тіркеуді тексеру үшін ЖСН-ді көрсету қажет




  1. Тексеру сәтті өткен жағдайда, бір реттік парольді (1414 нөмірінен келіп түскен SMS-код) енгізу қажет)


* Егер сіз МАБ-да тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады. Ол үшін Сіз:

  1. Беттің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Kenes виртуалды көмекшісін басыңыз және қалаған тілді таңдаңыз




  1. Ассистенттің төменгі панеліндегі белгішеге және "Мобильді азаматтар базасында тіркелу" мәтінінің астындағы "бейне қоңырау" батырмасын басыңыз



  1. Оператор бейне қоңырауды қабылдағаннан кейін жеке куәлігіңізді көрсетіңіз, ЖСН-ді, телефон нөмірін және бір реттік парольді айтыңыз

  2. МАБ-да сәтті тіркелгеннен кейін Портал бетін жаңартыңыз және 2,3-тармақтарда көрсетілген қадамдарға сәйкес ЖСН-ді, сондай-ақ бір реттік парольді қайта енгізіңіз

  3. Жүйе Сіздің дербес компьютеріңізде орнатылған / іске қосылған NCALayer БҚ бар болуын тексереді

*Орнатылған БҚ болмаған жағдайда, жүйе NCALayer БҚ орнату файлын жүктеуді ұсынады. Пайдаланушының NCALayer БҚ орнату жөніндегі нұсқаулығы http://www.pki.gov.kz/nl_ru сілтемесі бойынша ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында қолжетімді



  1. NCALayer БҚ сәтті орнатылғаннан кейін "ЭЦҚ алуға көшу" батырмасын басыңыз



  1. Сізге қашықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-да тіркелген телефон нөмірін енгізу қажет болады.



  1. SMS-тен кодты енгізіңіз. Хабарлама 2 минут ішінде келеді, егер сіз SMS алмаған болсаңыз, "Қайта жіберу" сілтемесін басыңыз.



  1. ЖСН енгізіңіз. ЖСН 12 цифрдан тұрады. Тек өзіңіздің ЖСН енгізіңіз және жөнелту алдында сіз енгізген ЖСН-нің дұрыстығына көз жеткізіңіз.




  1. Бейне тексеруден өтіңіз. Бетіңіз жақсы көрінетін болсын. Бейне тестінің нұсқауларын орындаңыз.




  • Егер бейне сәйкестендіру бірінші рет болмаса, іс-әрекетті қайталаңыз.

  • Егер, бейне-тексеру кезінде сіздің тексеру фотосуретіңіз бейнеде көрсетілгенмен сәйкес болмаса, онда сіздің Digital ID-іңіз автоматты түрде модераторға тексеруге жіберіледі, жүйе операторының сіздің аккаунтыңызды тексеруін күтіңіз. Тексеру уақыты операторлардың жұмыс жүктемесіне байланысты. Бірақ, алаңдамаңыз, біз Сізге тексеру нәтижелері туралы SMS-хабарлама жібереміз.

Назар аударыңыз: бетіңіз жақсы көрінуі тіис. Қосымша жарықты қосыңыз, бетіңіз белгіленген ортад болсын. Кадрға басқа адамдардың түспеуін тексеріңіз. Дайын болғаныңызда "Бастау" батырмасын басыңыз

  1. Қалқымалы терезеде ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сервисіне кіруге рұқсат беру.



  1. Ұлттық куәландыру орталығының беті ашылады. Сізге пайдаланушы келісімімен танысып, "Растау" батырмасын басу қажет




  1. Өтініш нысанында ЭЦҚ туралы түрлі хабарламаларды алу үшін электрондық поштаны көрсетуге болады. Кілт сақтау орнының түрін таңдау өрісінде қажетті параметрді таңдаңыз




  1. Одан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттерді сақтау орнына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және "Ашу" батырмасын басу қажет. "Өтінім беру" батырмасын басыңыз




  1. "Жаңарту" батырмасын басыңыз



  1. "Жаңа пароль" және "Парольді қайталаңыз" өрістерінде тиісті талаптарға сәйкес келетін ЭЦҚ-ға өз пароліңізді тағайындаңыз және "Сертификаттарды жүктеу" батырмасын басуыңыз



  1. ЭЦҚ сәтті орнатылғаны туралы хабарламасы бар терезе ашылады


Құттықтаймыз!!!
Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз 18-қадамда көрсетілген папкада сәтті орнатылды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет