Әй, жарайсың! 4 сыныпқа арналған сайыс Мақсаты



Дата21.06.2016
өлшемі59.67 Kb.
#151597
Нұрбике Бекмұханбетовна Арынова

Павлодар облысы Ақсу қаласының

№4 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі


Әй, жарайсың!

4 сыныпқа арналған сайыс



Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан туралы алған білімдері арқылы оқушылардың таным дүниесін кеңейту, ізденпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімінарттыру.
Жүргізуші: Қазақстан – жүз ұлттың Отаны де,

Боздамайды бозінген боталы де.

Тілі, діні, салты бар, дәстүрі бар,

Еңбек сүйген ұлдары жоталы ел.


Сәлеметсіздер ме, оқушылар, мұғалімдер, қонақтар. 1991 жылы 25 қазаны күні Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Осы жылы, яғни 2014 жылы еліміздің тәуелсіз Республика болғанына 22 жыл толып отыр. Осы келе жатқан Тәуелсіз күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіз күніне арналған сайысымызды еліміздің әнұранымен бастайық.


(Әнұран орындалады.)
Жүргізуші: Республика күніне арналған 4 сыныптар арасындағы «Әй, жарайсың» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ертеңгі елдің тірегі –

Бүгінгі жас ұландар.

Күндей аппақ жүрегі,

Келеді өсіп қырандар.


Сахнаға сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз.

4 «А» сынып командасы, 4 «Б» сынып командасы, 4 «В» сынып командасы.

Әр жарыста бас тұлға,

Олар келмей бастама,

Әділ баға беретін,

Қазылар бар ортада.


Әділ-қазы алқасының мүшелерімен таныстыру

Командаларға сәттілік тілеп сайысқа дайындалуға сахна сыртына ду қол шапалақпен шығарып салайық.


Сәлем анам – алтын күн!

Сәлем қартым халқымның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым.


Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз!


Бірінші сайысымыз «Сәлемдесу» сайысын бастайық.
Сахнаға 4 «А» сынып командасын шақырамыз:

Бірінші команда:

Команда: «Отаншыл»

Ұраны: «Еңбегі шежіре,

Ерлігі дастан,

Отаным – осы

Мерейі асқан.


Әйнегі – күн, шатыры – аспан.

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан.

Қазақстан – Республикам менің,

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте, досым, қазақ жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған.

Қазақстан – Республикам менің.


Жүргізуші: Жақсы, «Отаншыл» командасы, сіздерге келесі сайысқа барып дайындалуға болады.

Сахнаға 4 «Б» сынып командасын шақырамыз.


Екінші команда:

Команда: «Бірлік»

Ұраны: «Бірлік бар жерде, тірлік бар,

Бірлік болмай тірлік болмас».


Білгім, білгім келеді

Көп нәрсені дүниеде.

Сол себепті тілдерді,

Жақсы білгім келеді.



Жүргізуші: Сахнаға 4 «В» сынып командасын шақырамыз.
Үшінші команда:

Команда: «Талапкер» .


Ұраны: «Талап – тұлпар,

Білім – сұңқар»


Отан – атам,

Отан - әкем,

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса, неге біздер,

Дейміз оны Атамекен.
Біздің Отан кең байтақ,

Көп ұлттың мекені.

Біз құшақты кең жайсақ,

Әлем сыйып кетеді.

Тату елміз табысқан,

Қазақстан бақстан!


Жүргізуші:

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұллтай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.
Екінші сайысымыз «Сұрақ – жауап» сайысы.

Барлық командаларды сахнаға шақырамыз.

«Отаншыл» командасы, «Бірлік» командасы, «Талапкер» командасы.
«Сұрақ – жауап» сайысында әр оқушы қоржыннан асық алып, нөмірін айтады. Сол нөмірлі сұраққа жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:


  1. Қазақстан қандай мемлекет?

  2. Қазақстанның президенті кім?

  3. Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?

  4. Қазақстанның астанасы қай қала?

  5. Қазақстанда неше облыс бар?

  6. Сен қай облыста тұрасың?

  7. Қазақстан Республикасында неше астана болды?

  8. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала болды?

  9. Қазақстанның екінші астанасы қай қала болды?

  10. Қазақстанның үшінші астанасы қай қала болды?

  11. Қазақстанның төртінші астанасы қай қала?

  12. Қазақстанның рәміздері қандай?

  13. Облыс орталығы қай қала?

  14. Сен қай республикада тұрасың?

  15. Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы болды?

  16. Қазақстанның үлкен қалалары қандай?

  17. Астана қандай қала?

  18. Павлодар облысында неше қала бар?

Командалар, сіздер сахнаның артына барып, келесі сайысқа дайындалыңыздар.


Құрметті әділ-қазылар алқасы, қазір ән шашу болады, содан кейін сіздерден осы өткен екі сайыстың қорытындыларын жариялауларыңызды сұраймыз.
Жүнісова Айнұрдың орындауында «Балбырауын» күйі.
Жүргізуші: Алқа қотан той-думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық!


Жиналған халық таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық.


Үшінші сайысымыз «Шығармашылық» сайысы, Бұл сайыста командалар өз өнерлерін көрсетеді.


  1. «Отаншыл» командасын шақырамыз:


Бірінші команда:

Өлең: «Отан»


Отан сенің ата-анаң,

Отан досың, бауырың.

Отан өлкем Астанам.

Отан аудан, ауылың.

Отан тарих, отан тіл.

Жасаған елім, ер халқының

Отан өлең, отан жыр.

Көтерген көкке ел даңқын.


Күй: «Жастар биі»


  1. «Бірлік» командасын шақырамыз:


Екінші команда:

Өлең: «Туған өлкем». Тұрмажанов.


Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей даласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Тілегі өскен алуан-алуан,

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып тасқан,

Ел үнінде бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.


Ән: «Күн дидарлы Қазақстан».




  1. «Талапкер» командасын шақырамыз:


Үшінші команда:

Өлең: «Қазақстан»


Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп уанғам,

Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Ән: «Түркістан»
Жүргізуші: Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» - деп. Басқа да батыр ағаларымыз, бабаларымыз Отан деп жырлаған, оны қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен. Біз де осы апа-аталарымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек, Отан үшін еңбек етуіміз керек.

Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті болғандарың.

Келесі сайысымыз команда капитандарының сайысы. Командалардың капитандарының Отан туралы қандай мақалдар білетінін тексеріп көрейік.
Капитандарды ортаға шақырамыз.

Капитандар кезектесіп мақал жартылай жазылған қағаздарды алып. Отан туралы мақалдарды толықтырып айтулары керек.


Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Осымен сайыстарымыз аяқталды. Сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. (грамоталарды марапаттау)
Келгендеріңізге рақмет, осымен «Әй, жарайсың» сайысымыз аяқталды. Қош-сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет