Ежелгі дәуір тіл білімі
Тіл білімінің тарихы. Көне заман лингвистикасы. Ежелгі Үндістан тіл білімі.
Жоспар.
1. Тіл білімінің тарихы жайлы
2. Көне заман лингвистикасы жайлы түсінік.
3. Ежелгі Үндістан тіл білімі.
Тірек сөздер. Лингвистика, тіл, түбір, аффикс, санскрит тілі, қосымша, сөз таптары.
Ғылым салаларының өзіне тән дүниеге келу, бірте-бірте даму тарихы болады. Сондай тарих тіл туралы ғылымда да бар. Ғылым тарихы өткенді білу үшін ғана емес, оның қазіргі күйін дәл, дұрыс танып, болашағын қатесіз бағдарлау үшін де қажет. Ғылым, соның ішінде тіл туралы ғылым да бірден жетілмейді, біртіндеп дамиды, кейінгісі алдыңғының негізінде туып, соның өзгерген, жаңа сатыға көтерілген табиғи жалғасы ретінде желі болып тартыла береді.
Тіл білімі тарихының тәрбиелік те, танымдық та мәні зор. Өйткені, ол қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Тіл туралы ғылым белгілі шамада болса да жазу тілі, жазба ескерткіштері бар жерде ғана туып, қалыптаса алады. Көне заманнан біздің дәуірге жеткен зерттеулер тіл туралы алғашқы толғаныстардың жазба ескерткіштерді филологиялық тұрғыдан қарау, оның тілін сөйлеу тілімен салыстыру нәтижесінде туғандыған байқатады.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ, египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, бізідің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөлушілік бар. Бірақ онда бірізділік жоқ. Дегенмен, шартты түрде болса да, төмендегідей жіктеуді ұсынуға болады. Олар:
1.Ежелгі заман лингвистикасы
2. Орта ғасыр лингвистикасы
3. Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы
4. XІX ғасыр лингвистикасы
5. XX ғасыр лингвистикасы
Бұлардың әр қайсысы-өз ішінен тағы да түрлі кезеңдерге бөліне алатын күрделі дәуірлер.
Орыс тілінде басылған кейбір әдебиеттерде, солардың ішінде И.В.Кодухов жазған «Жалпы тіл білімі» атты оқулықта да, тіл білімінің даму тарихы бес дәуірге бөлінген. Олар:
1. Көне заман лингвисткасынан XVІІІ ғасырға дейінгі дәуір
2. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен тіл философиясы қалыптасқан дәуір
3. Логиклық және психологиялық тіл білімі дәуірі (XІX ғасыр ортасы)
4. Неограмматизм мен тіл социлогиясы (XІX ғасырдың 3-бөлігі мен XX ғасырдың 3-бөлегі мен XX ғасырдың басы)
5. Қазіргі заман тіл білімі және структурализм (XX ғасырдың 30-60-жылдары). Бұл бөліс, негізінде, тіл білімі дамуында дүниеге келген жаңа бағытық көзқарастарға негізделген.
Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санаумыздың бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және казірде де солай санаушылық бар көрінеді. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу, б) грамматикасын зерттеу, в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын, яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Паннидің біздің дәуірге дейінгі ІV ғасыр шамасында жазған «Аштадхьян» (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлмі» деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Панини еңбегі-тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика.
Ежелгі Үндістан лингвистикасында грамматикадан кейігі мол зерттелген мәселе-фонетика. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесінде, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс аламасуына байланысты қарастырылған.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тіл білімін дәуірлеу қандай?
2. Көне заман лингвистикасы жөнінде не білесің?
3. Ежелгі Үндістан тіл білімінің негізін салған кім?
4. Панини еңбегі-тіл білімі тарихындағы тұңғыш сипаттама грамматика.
Пайдаланылған негiзгi әдебиеттер мен оқу қолданбалар тiзiмi
Хасенов Ә. Тiл бiлiмi. Алматы, 1996
Қордабаев Т. Жалпы тiл бiлiмi. Алматы, 1999
Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы, 2002
Достарыңызбен бөлісу: |